С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
Скачать 5.78 Mb.
|
Құлық тығындарын алуҚұлық есту мүшесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет, ол құлаққа бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар енгуінен қорғайды, өлген эпителийді сыртқа шағарады. Қалыпта жағдайда құлақ құлығы жиналған кірмен қоса шайнау, жұтыну кезінде өздігінен шағарылады. Құлақ жиналған кезде құлық тығындары пайда болады [30, 32]. Құлқтың тығындалу себептері болуы мүмкін: Бездердің күшті жұмыс істеуінен құлық көп мөлшерде бөлінеді. Құлақ түтігінің құрылысы – тар немесе иілген. Мақталы таяқша, есту аппараттары, құлаққа киетін құрылғылардан ішкі есту түтігінің терісінің зақымдалуы. Басынан кешкен аурулар – отит, синуситтер. Үнемі шаңдатылған орындарда болу. Егер құлық тығындысы есту түтіген толық жауып қалмаса адам оны сезбейді. Есту түтігі және барабанды жарғақ 70%-дан төмен кішірейсе құлақтың бітелу сезімі аутофония (құлағынан өзінің дауысын есту), естуінің нашарлауы байқалады. Құлық тығындары барабанды жарғақты қысқанда құлақтан шу естіледі, рефлекторлы жөтел пайда болады, кей жағдайда басының айналуы, құлақта ауырсыну сезімі байқалады. Есту жолдарын жуу Құлық тығындарын алу үшін алдымен құлаққа 3% сутегінің асқын тотығын тамызып тығында жұмсарту керек. Емшара кешке жатарда орындалады, ұйықтағанда құлық жақсы жұмсарады және жеңіл алынады (сур. 77). Жабдықтар: пипетка, мақта тампоны, сутегінің асын тотығы. aniramia.ru Сурет 77 Құлақ тығынын алу Емшараны орындау: Пациенттің басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы бұру. Құлақ қалқанын артық және жоғары тарту (сыртқы есту жолы түзуленеді). Сыртқы есту жолына бірнеше тамшы 3% сутегінің асқын отығын тамызу және есту түтігін мақтамен тығындау. Таңертең құлақтағы құлық жұмсарғаннан кейін Жане шпирціне жиналған жылы сумен құлақты жуу жүргізіледі (су құлаққа қатты ағынмен енгізіледі) Егер құлық толық шықпаса екі күннен кейін қайталауға болады. 5.2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек Өзін күте алатын науқастар жылы сабынды сумен таңертең және кешке өздері дәрет алады. Жағдай ауыр және ұзақ уақыт төсекте жатқан гигеналық тазалық жүргізе алмайтын науқастарды тәулігіне 2 рет жуындыру керек. Зәрін және үлкен дәретін ұстай алмайтын науқастарды тері ойылуларының және теріге инфекцияның түсуін алдын-алу мақсатында кіші және үлкен дәретке отырған сайын жуындыру керек. Семіз адамдардың тері қатпарлары қажалғанда теріге сеппе себеді, ал құрғаған жағдайда ылғалдандыратын жақпалар жағады [6, 7]. Шат аралығын және жыныс мүшелерін күту емшарасын науқас палатасында ыңғайлы жағдайда жүргізіледі, ол үшін емшараны орындау кезінде палатадағы басқа науқастардың шығып тұруын өтінеді немесе ширма қойылады. Медициналық құрылғылардан Эсмарх түтігі қолданылады (сурет 78). Сурет 78 Эсмарх түтігі Эсмарх түтігі бірден екі литр көлемде сұйықтық құйылатын жұмсақ түтікшесі және қысқышы бар резеңкелі түтік. Оның құрамына ұштықтар (жұмсақ және қатты) және реттеуге қажетті бұрғы кіреді. Бір рет қолданатын Эсмарх түтікшесінде салынатын ұштықтар болмайды, оның қызметін силиконмен майланған түтікшенің дөңгеленген дистальды ұшы атқарады, ол қажетті тереңдікке ауырсынусыз және жеңіл енуді қамтамасыз етеді. Судно және зәр қабылдағышты қолдану Жағдайы ауыр және операциядан кейінгі пациенттер физиологиялық қажеттіліктерді жатқан қалпында жүзеге асырады. Ішекті босату мақсатында төсекте судно, ал зәр шығару кезінде зәр қабылдағыш беріледі. Әйелдерге зәр шығару кезінде судно, ал ер адамдарға үйрек тәрізді шыны ыдыс беріледі. Зәр қабылдағыш және судно науқасқа жылы күйінде беріледі, дәретке отырғаннан кейін оларды босатып тазартады. Медициналық судно әртүрлі материалдардан жасалынады: эмальмен қапталған металлдан, фаянстан, резеңкеден, пластикадан. Пішіні бойынша барлық судналар бір-біріне ұқсас- тегістелген домалақ пішінді, биіктігі шамалы, ортасында сопақ тесігі бар, қақпағы жабылатын, бүйірінде ішіндегісін төгуге арналған ойығы бар [6, 29]. Металлды суднаның көлемі үлкен, ұзақ мерзімге қолдануға жарамды және залалсыздандыруға қолайлы (сур. 79 а). Үрлемелі резеңкелі судноның сипаты: көлемі кішірек, көп қолданғанда өзінің беріктік қасиетін жоғалтады, пациенттің астынан алып шыққанда ішіндегі зәр төгіліп қалуы мүмкін. Дегенмен ұзақ жылдар бойы жағдайы ауыр науқастарда тері ойылуының алдын-алу мақсатында қолданылды (сур. 79 б). Соңғы жылдары пластикті судна қолданылады, олар өте жеңіл, залалсыздандыруға ыңғайлы және «жылы материал» әсері бар, яғни пациенттің терісіне тигенде тез жылынады (сур. 79 в). а б в Сурет 79. Науқастарға арналған судналар а – металлды, б – резеңкелі, в – пластикті Зәр қабылдағыштар сопақ пішінді, созыңқы тесігі бар металл және шыныдан жасалған түтік тәрізді ыдыс. Түтіктің пішіні арқылы әйелдерге және еркектерге арналған болып ерекшеленеді (сур. 80 а, б). Соңғы жылдары бір рет қолданатын зәр қабылдағыштар жиі қолданылады (сур. 80 в). а б в Сурет 80. Зәр қабылдағыштар а – еркектерге арналған, б – әйелдерге арналған, в – бір рет қолданылатын Шап аралығын және жыныс мүшелерін күту Санитарлы емшараны орындауды бастау алдында науқастың кереуетін ширмамен жабады [32]. Судно және зәрқабылдағышпен барлық емшараны қолғап киіп орындайды (сур. 81). dic.academic.ru Сурет 81 Науқасқа судно беру Емшараны орындау: Науқастың жамбасының астына жайма төсейді. Суднаны жылы сумен шайып, онда шамалы су қалдырады. Науқастың сегізкөзінің астына абайлап қолды бағыттап баяу жамбасын көтереді, бұл кезде пациенттің аяғы тізе буынына бүгіледі. Судноның жіңішке бөлігі сегізкөздің астына, шат аралығы судно тесігінің үстіне қаратып қойылады. Пациентің үстіне көрпе жабу. 6. Дәретке отырғаннан кейін науқастың шат аралығын жуу. 7. Судноны және жайманы алу. 8. Судноны төгіп, залалсыздандыру. Зәрқабылдағышты беру емшарасы осылай жүргізіледі, он пациенттің аяқтарының арасына қойып ұшын зәр шығару түтігіне жалғайды (еркектердің жаныс мүшесіне түтікше кигізіледі). Зәрін ұстай алмайтын еркектерге катетер және зәр жинайтын қап қолданған ыңғайлы (сур. 82). Ж абдықтар: зәрқабылдағыш, зәрге арналған контейнер, жалғайтын түтікше, қолғап, салфеткалар, антисептикалық ерітінді, клеенка, жайма. palliativ.ru Сурет 82 Зәрқабылдағышты қолдану техникасы Емшараны орындау: Пациенттен жамбасын көтеруді өтіну және жамбасының астына жайма және клеенка төсеу. Пациенттен тізе буынын бүгіп аяғының арасын ашуды өтіну. Пациентті жуындыру. Зәрқабылдағыштың қорабын ашу. Сол қолмен жыныс мүшесін ұстап, оң қолмен зәрқабылдағыштың қатты бөлігінен ұстау. Зәрқабылдағышты жыныс мүшесінің басына кигізу. Зәрқабылдағышты жазу және оны жыныс мүшесіне бекіту. Зәрқабылдағышқа түтікшені енгізу, оның ұшын зәр жинауға арналған контейнерге жалғау. Контейнерді кереуетке немесе пациенттің аяғына бекіту. Заманауй зәрқабылдағыштар қоршаған ортаға еш байқалмайтындай етіп жасалынған. Олардың пішіні жалпақ, олар иісті өткізбейді, сықырламайды және тіпті киімнің астынан көрінбейді. Қажет болған жағдайда шешілетін зәрқабылдағышты пациенттің беліне бекітуге немесе киімнің ішкі жағындағы үлкен қалтаға салып қоюға болады. Пациентті жуындыру алгоритмі [6, 7] Жабдықтар: залалсыздандырылған астауша, корнцанг, зарарсыздандырылған мақта тампондары, клеенка, судно, таза жаймалар, суқұйғыш (жылы 30-35°С сабынды ерітіндімен), жылы су немесе антисептик толтырылған Эсмарх түтікшесі (фурациллин ерітіндісі 1:5000), қолғап, клеенкалы алжапқыш, жойылатын қап. Кереуетте ер адамды жуындыру (сурет 83 а, б) boombob.ru Сурет 83 Науқасты жуындыру Емшараны орындау: Пациентті шалқасынан жатқызу, аяғын тізе буынында бүгіп, жамбас сан буынының арасын ашуды өтіну. Клеенканы төсеп үстіне суднаны қою, жамбасының астына төсеу. Алжапқыш, қолғап кию. Пациенттің оң жағынан тұрып, сол қолға сабынды суы бар суқұйғышты алу, ал оң қолға корнцангпен мақта тампонын ұстау. Жыныс мүшесінің ұшын абайлап кері тартып ұшын шығару. Сабынды сумен суланған мақта тампондарымен жыныс мүшесін және шап аралығын былғанған мақтаны ауыстыра отырып мұқият жуу. Жууды сыртқы жыныс мүшесінен тік ішекке қарай бағыттау керек, анус аймағындағы инфекцияны таратпау үшін келесі реттілікті сақтау қажет: жыныс мүшесінің басы, жыныс мүшесінің терісі, шап аралық, ұма және артқы тесік аймағы. Эсмарх түтікшесінен аққан ағынды сумен осы реттілікпен шаяды Шаю жүргізілген бағытпен құрғақ мақта тампондарымен жыныс мүшесінің терісін және шап аралығын құрғатып сүртеді. Судно және клеенканы жинау. Пациентті ыңғайлы етіп жатқызу. Судно және клеенканы дезинфекциялық ерітіндіге салу, мақта тампондарын утилизацияланатын қапқа салу. Алжапқыш және қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге батыру. Қолды жуу. Кереуетте әйел адамдарлы жуындыру (сурет 83 в, г, д) Емшараны орындау: Пациентті шалқасынан жатқызу, аяғын тізе буынында бүгіп, жамбас сан буынының арасын ашуды өтіну. Клеенканы төсеп үстіне суднаны қою, жамбасының астына төсеу. Алжапқыш, қолғап кию. Пациенттің оң жағынан тұрып, сол қолға сабынды суы бар суқұйғышты алу, ал оң қолға корнцангпен мақта тампонын ұстау. Сабынды сумен суланған мақта тампондарымен жыныс мүшесін және шап аралығын былғанған мақтаны ауыстыра отырып мұқият жуу. Жууды сыртқы жыныс мүшелерінен анусқа қарай бағыттайды, анус аймағындағы инфекцияны таратпау үшін келесі реттілікті сақтау қажет: кіші жыныс еріндері, үлкен жыныс еріндері, шап аймағы, аралық, артқы тесік аймағы. Эсмарх түтікшесінен аққан ағынды сумен осы реттілікпен шаяды Шаю жүргізілген бағытпен құрғақ мақта тампондарымен жыныс мүшесінің терісін және шап аралығын құрғатып сүртеді. Судно және клеенканы жинау. Пациентті ыңғайлы етіп жатқызу. Судно және клеенканы дезинфекциялық ерітіндіге салу, мақта тампондарын утилизацияланатын қапқа салу. Алжапқыш және қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге батыру. Қолды жуу. Заманауй технология дымқыл антибактериальды немесе дезинфекциялық ерітінді сіңірілген салфеткаларды қолдануды ұсынады. Салфеткалық өңдеуді толық жүргізеді: тазартады, ылғалдандырады, теріге жағымды иіс береді, сонымен қатар жуғаннан кейін шаюды қажет етпейді. Науқасқа дұрыс күтім жүргізу оның жазылу үдерісін жылдамдатып қана қоймай сонымен қатар ауыр жағдайларда пайда болатын асқыныстардың алдын-алады. Ал керісінше күтімді дұрыс ұйымдастырмау, дәрігердің тағайындауын дұрыс орындамау науқастың жазылу үдерісін баяулатады, тіпті жағдайын нашарлатуы да мүмкін. Науқасты күтуді дұрыс ұйымдастыру үшін күтетін адам арнайы білім мен тәжірибемен қатар нақты моральды-психологиялық сапаны меңгеру қажет, себебі науқастың көңіл-күйі және тілегі жазылу үдерісіне маңызды әсерін тигізеді. Дегенмен, жақсы көңіл-күй және және оптимизм жақсы өмірге қарағанда сырқаттану кезінде оңайға соқпайды, сондықтан күтуші адам барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып тыныш атмосфераны орната білуі керек. Комфорт атмосферасын туғызуда науқастың айналасындағы барлық заттар қатысады: жиһаздар, жарық, төсек жаймасы, гигиена құралдары (клеенка, судно, жайма және памперстер). Науқастың жазылуына өзі жатқан орынның гигиеналық жағдайы, күн тәртібі маңызды әсер етеді және олардың барлығын ұйымдастыру күтушінің міндетіне кіреді. Сонымен қатар ұсынылған диетаны сақтап тамақтандыру және дәрігер тағайындаған тамақтану ерекшелігі де жатады. ТАРАУ VI НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ Тамақтану – адам ағзасына қажетті физиологиялыық қажеттіліктердің бірі. Тамақтану рациональды болғаны маңызды. Тамақтың негізгі ингредиенттері; ақуыз, май, көмірсулар, минеральды заттар, дәрумендер және су. Ақуыз, май және көмірсулар тіндер мен жасушалардың жұмыс істеуіне қажетті «құрылыс материалдары» болып табылады.Теңдестірілген тамақтану формуласы – бұл ақуыз, май және көмірсулардың науқас рационындағы қатынасы 1:1:4 [6, 7, 32]. Негізгі тағам ингредиенттері Ақуыз – тірі жасуша және жасуша аралық заттардың негізі, жасушалардың, тіндер мен мүшелердің, ферменттердің, гормондар мен гемоглобиннің, иммунды денелердің түзілуіне қажетті материал. Ақуыз зат алмасудың дамуын, өсуін қамтамасыз етеді, генетикалық ақпарат беруге қатысады, жасушаның тыныс алуын, бұлшық еттердің жиырылуын, тіндерге оттегіні тасымалдауды, иммундық жауапты қамтамасыз етеді. Ағзада ақуыз қоры болмайды, сондықтан ақуыз тамақпен қажетті мөлшерде түсіп тұруы қажет. Ересек адамдарда ақуызды қолдану мөлшері 1 кг дене салмағына тәулігіне 0,7-1,5 г құрайды, сондықтан оның 1/3 бөлігі толық жануар текті ақуыз болу керек, ал 2/3 бөлігі – өсімдік текті. Ақуызға жануар текті тағамдар (ет, балық, сүт, ірімшік, йогурт), және өсімдің текті тағамдар бай (нан, жармалар, жұмыртқа, жаңғақ). Ақуыздың ағзадағы жеткіліксіздігі жалпы жағдайдың нашарлауына әкеледі: иммунитеттің төмендеуіне, бауыр, ұйқы безі, бүйрек, жүрек, қан жүйесі және жүйке жүйесінің қызметін төмендетеді. Ақуыз мөлшерінің жоғарлауынан бауырда артық майдың жиналуы, ішекте тағамның шіруі байқалып, дәрумен алмасу бұзылады. Майлар организмдегі негізгі энергия көзі болып табылады. Майлар ағзада пластикалық үдерістерге қатысады (жасуша мембранасының құрамына кіреді), майда еритін дәрумендердің көзі болып табылады (A, D, E, K) және май алмасуды және қандағы холестерин мөлшерін реттейтін және орын толтырмайтын полиқанықпаған май қышқылдары (арахидон, линоль, линолен) болып табылады. Майлар шығу тегіне байланысты жануар және өсімдік текті болып бөлінеді, олардың тамақ рационындағы оптимальды қатынасы 2:1 құрайды. Май көзі болып табылатын майлар (өсімдік, сары және тұшытылған майлар), маргариндер, кулинарлы майлар, шпик, шошқа майы, грек жаңғағы, ыспен ысталған шұжық. Қаймақ, ірімшік массасы, голланд ірімшігі, шошқа етінде, үйрек, қаз еттерінде шұжықтарда, шпротта (консерві), шоколадта, халвада майдың құрамы өте көп. Рационда тәулігіне жануар текті май 70% , ал өсімдік текті майлар 30% болу қажет. Тамақтануда майдың шамадан тыс мөлшері - бауыр, ұйқы безінің зақымдалу қаупін, семіздік, атеросклероз, өт тас ауруын, онкологиялық аурулардың дамуын туғызады. Тамақ құрамында майдың жеткіліксіз болуы ағзаның дамуын және өсуін тежейді, репродуктивті қызметті тежейді, холестерин алмасуды тежейді, жүйке жұмысының жұмысына және миға негативті әсер тигізеді. Сондықтан майды қажетті мөлшерде қолданған маңызды. Көмірсулар ағзадағы негізгі энергия көзі болып табылады. Көмірсулар ішектің және ішек флорасының қызметін қалыпқа келтіруге және холестерин мен өттің бөлінуіне қажетті. Олар бұлшықеттің, жүйке жұмысының, жүректің жұмысына маңызды. Ересек адамдарла тәуліктік қажеттілігі – 400-500 г. Көмірсулар өсімдік текті тағамдардың құрамында болады.: көкөністер, жемістер, тәтті өнімдерде, балда, нанда, жармада, саңырауқұлақта, жаңғақта, тәтті шырындарда. Көмірсулардың жеткіліксіздігі май және ақуыз алмасудың бұзылуына әкеледі: ағза энергия көзі ретінде тағамдағы ақуыздар мен майларды және бұлшықет тініндегі майларды қолданады. Қанда май қышқылдарының қалдық өнімдері және кейбір амин қышқылдары кетондар жиналады. Кетондардың шамадан тыс жиналуы ағзаның ішкі ортасын қышқыл жаққа бағыттап ми тіндерін уландырып, есін жоғалтып, ацидозды кома тудыруы мүмкін. Көмірсулардың шамадан тыс мөлшерде болуы семіздікке, қантты диабеттің дамуына әкеп соқтырады. Су дене салмағының 60% құрайды. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Суға тәуліктік қажеттілік 2,5 литрге жуық. Егер тамақсыз 50 күн өмір сүруге болса, сусыз бір апта да өмір сүру мүмкін емес, адам 5 күннен кейін өледі. 1-2% су жоғалтқанда адам шөлдейді, 10% - галлюцинация басталады, 12% адам арнайы медициналық көмексіз қалыпқа келмейді, ал 20% өлім туады. Су тағамды энергияға айналдыруда маңызды роль атқарады, тағамның ағзаға сіңірілуін жүзеге асырады, оттегіні тыныс алуға ылғалдандырады, дене температурасын реттейді, зат алмасуда басты рөл атқарады, буындарды құрғатпайды, ағзадан қалдық заттарды шығарады. Ересек адамдарда суға тәуліктік қажеттілік 1 кг салмаққа 30-40 грамм. Су жетіспегенде ағза сусызданады, белгілері терінің құрғауы, назар аударудың төмендеуі, бастың ауырсынуы, қан қысымының көтерілуі, бүйрек жұмысының төмендеуі, құрғақ жөтел, арқада және буындарда ауырсыну байқалады. Суды шамадан тыс қолданғанда айналымдағы қанның көлемі көбейеді, ол жүрекке күш түсіреді, ісіктер пайда болады. Минералды заттар барлық мүшелер мен жүйелердің қалыпты өмір сүруіне қажетті адам тамағының негізгі компоненті болып табылады. Менделеевтің периодты жүйесінің 106 элементінен адам ағзасында үнемі болатын 62 түрі анықталды, оның ішінен 25-і қалыпты өмір сүруге қажетті, 18 - абсолютті түрде қажетті, ал 7-і пайдалы. Минералды заттар макроэлементтер және микроэлементтер болып екіге бөлінеді. Макроэлементтер тіннің құрылуына қатысады, ағзаның қышқыл-негіз жағдайын және су-тұз алмасуды реттейді. Микроэлементтер ферменттер, гормондар, дәрумендердің әсерін белсендендіреді және алмасу үдерістеріне қатысады. Макроэлементтерге кальций, фосфор, калий, магний, натрий, хлор, күкірт кіреді. Микроэлементтерге темір, мыс, марганец, цинк, кобальт, йод, фтор, хром, молибден, ванадий, никель, олово, кремний, селен жатады. Көптеген минералды заттардың ішінен тәуліктік рационда 6 элемент қарастырылған: Ca, P, Mg, Fe, Zn, I. Кальций сүйек, бұлшықет тінінің құрамына кіреді, қанның ұюына, жүйке импульстарының өткізгіштігін, бұшықеттердің жиырылуын қамтамасыз етеді, тамыр қабырғасының өткізгіштігін төмендетеді. Ересек адамдарда кальцийге қажеттілік тәулігіне 800 мг құрайды. Жүктілік кезінде – 1200 мг, ал әйелдерде 50 жастан кейін, ер адамдарда 60 жастан кейін тәулігіне 1000 мг құрайды. Кальцийдің негізгі көзі – сүт және сүт өнімдері, кальцийдің көп мөлшері жемістер мен көкөністерде: қырыққабат, сәбіз, көк шөпте, қауында, алмада, алмұртта, цитрустарда бар. Кальцийдің жеткіліксіздігі ас қорыту жүйесінің ауруларында байқалады (энтерит, панкреатит, өт жолдарының аурулары), гармондарды ұзақ уақыт қолданғанда байқалады. Кальций жетіспесе парестезия, бұлшықеттің тартылулары, остеоартроз дамиды. Кальций шамадан тыс көп болса кальций ішкі мүшелерде (әсіресе бүйректе), бұлшықеттерде, тамырларда жиналады. Фосфор сүйек тінін түзуге, бұлшықет тінінің, бауыр және бүйрек зат алмасуына қатысады, жүйке импульсінің өткізгіштігіне, гормондардың түзілуіне, қышқыл-сілті тепе-теңдігінде рөл атқарады. Ересек адамдарда фосфорды қолдану деңгейі тәулігіне 1200 мг, ал жүкті әйелдер мен жасөспірімдерде - 1800 мг құрады, сондықтан бұл элементтің жеткіліксіздігі сау адамдарда кездеспейді. Фосфор ірімшікте, сүзбеде, жұмыртқада, етте, балықта, уылдырықта көп кездеседі. Фосфор жеткіліксіздігінде бұлшықетте, сүйектерде ауырсыну, жиі суық тию, бауыр жұмысының бұзылуы, зат алмасуда күрделі өзгерістер, қан құйылулар, жүректе ақаулы өзгерістер, остеопороз, иммунитеттің төмендеуі байқалады. Фосфордың көп мөлшерде болуы сүйектен кальцийдің шығарылуын үдетеді, ал бүйректе, сіңірлерде, жүрек бұлшықетінде және қолқада кальцийдің жиналуын тудырады. Магний фосфор-кальций алмасуға қатысады, сүйектің және жұмсақ тіндердің құрамына кіреді, көмірсу алмасуын реттейді, ішектің қозғалыс қызметін күшейетеді, тартылуға қарсы әсер береді. Тәуліктік қажеттілік - 400 мг. Магний қажетті мөлшерде өсімдік текті тағамдарда, нанда, бұршақта, бидайда, кептірілген жемістерде болады. Магний жеткіліксіздігінде бұлшықеттің тартылулары тахикардия, есту галлюцинациясы байқалуы мүмкін. Магний көп мөлшерде орталық жүйке жүйесінің тежелу үдерістерінің күшеюі, остеопороз, қан қысымының төмендеуі, парестезия байқалады. Темір қан түзуді және ағзадағы тіннің тыныс алуын қамтамасыз етеді, бұлшықеттегі миоглобиннің құрамына кіреді. Ағзадағы темірдің 60% -і гемоглобиннің құрамында болады. Сонымен қатар темір ферменттердің құрамында болады. Темірге тәуліктік қажеттілік әйелдерде - 18 мг, ал еректерде - 10 мг. Жүктілік және бала емізу кезінде бұл қажеттілік жоғарлайды. Темір көзі ет тағамдарында, жармада, нанда, жұмыртқада, аз түрде көкөністерде болады. Темір жеткіліксіздігінде анемия (қаназдық) дамиды. Темірдің құрамы рационда 25 мг-нан жоғарлағанда ішекте басқа элементтердің сіңірілуі нашарлайды, әсіресе фосфор және цинктің. Цинк ағзадағы бірқатар биологиялық қызметті атқарады: 200-ден ас ферменттің түзілуіне қатысады, генетикалық аппараттың қызметіне әсер етеді, қалыпты өсу, жыныстық жетілу және жыныс мүшелерінің қызметіне, қан түзуге, иіс сезу және дәм сезудің қалыптасуына әсер етеді. Zn-тің тәуліктік қажеттілігі ересек адамдарда және егде жастағы адамдарда 15 мг құрайды. Цинк көзі сиыр, қой, құс етінен жасалған тағамдарда, жұмыртқада, саңырауқұлақта, жармада кездеседі. Цинк жеткіліксіздігінде көптеген бұзылыстар және аурулар пайда болады: өсудің тоқтауы, терінің зақымдалуы, жүйке және психикалық бұзылыстар, анемия, иммунитеттің төмендеуі байқалады. Цинк көп мөлшерде болса бауыр, ұйқы безі және аталық без қызметінің бұзылыстары дамиды. Калий және натрий ағзаның өмір сүруінде маңызды рөл атқарады. Бұл элементтердің негізгі рөлі – қышқыл-сілті тепе-теңдігін ұстап тұру. Калий ағзадан сұйықтықтың шығуын ал натрий судың ұсталуына әсерін тигізеді. Калий жүрек бұлшықетінің жиырылуын реттейді. Сонымен қатар ақуыз синтезіне, жүйке импульстарының өткізілуіне қатысады, бауыр, бүйрек және ішектің қалыпты қызмет істеуін қамтамасыз етеді. Калийге тәуліктік қажеттілік 2-3 г. Теңестірілген тамақтануда оның мөлшері жеткілікті. Адам калийді негізінен өсімдік текті тағамдардан алады: бұршақ, фасоль, картоп, мейіз, шабдалы, теңіз қырыққабаты, банан, қызнақ, ананаста және т.б. Калий жеткіліксіздігінде бұлшықеттерде әлсіздік пайда болып, бүйрек үсті безінің қызметі төмендейді, кіші дәреттің жиілеуі, қан қысымының жоғарлауы, жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, психикалық күйзелу және т.б. байқалады. Калий көп мөлшерде болса (адам үшін токсикалық дозасы 6 г, өлім туғызатын дозасы – 14 г) жүйке-бұлшықеттерде бұзылыстар, тіпті қаңқа бұлшықеттерінде салдану дамиды, жүрек ырғағы, ішек жұмысы бұзылады, диабеттің дамуына қауіп туады. Натрий. Ағзада су балансын реттеуден басқа натрий жүйке импульстарының өткізгіштігін жақсартады, қанның құрамына кіре отырып қан көлемін реттейді, қан қысымын қалыптандырады, асқорытуды жақсартады. Натрий тағамдарда аз мөлшерде кездеседі. Негізінен ағзаға ас тұзымен түседі. Натрийге қажеттілік – 6 г, ал ас тұзына тәуліктік қажеттілік 5–6 г. Натрий жеткіліксіздігінде сусыздану белгілері байқалады (салмақтың төмендеуі, құсу, шөлдеу, терінің серпімділігінің төмендеуі), жүйке жұмысының қызметі бұзылады (апатия, кома, психиканың бұзылуы, есінің шатасуы), жүректе (тахикардия, артериалды гипотензия), бүйректе (олигурия, анурия, азотемияның күшеюі).Натрийдің шамадан тыс көп мөлшерде болуы ісіктерді туғызады, қан қысымын жоғарлатады, жүрек және бүйрекке күш түсіреді. Дәрумендер (от лат. vita – өмір) – олар ағзада синтезделмейтін (немесе аз синтезделетін) тамақпен түсетін төменгі молекулалы органикалық қосылыстар. Дәрумендер алмасу үдерісіндегі реттеуші болып табылады және адам ағзасының барлық өмір сүру үдерісіне қатысады. Дәруменнің бір түрінің ағзаға аз мөлшерде түсуі гиповитаминоз тудырады, ал бірнеше түрінің аз түсуі полигиповитаминоз, ағзада дәрумен ресурсының толық жойылуы –авитаминоз, ал керісінше дәрумендердің көп мөлшерде болуы – гипервитаминоз тудырады. Дәрумендер 3 топқа бөлінеді: Суда еритін (С, В1, В2, В6, РР (никотин қышқылы), Р, В12, В3, фолий қышқылы, биотин). Майда еритін (A, D, E, K). Дәрумен тәрізді қосылыстар (холин, инозит, U дәрумен, липой қышқылы, оротат қышқылы, В15дәрумені). С дәрумені (аскорбин қышқылы) қан түзуді, орталық жүйке жүйесінің жұмысын және иммунитетті реттейді.Тәуліктік қажеттілік 70 мг. С дәруменінің жеткіліксіздігі тез шаршағыштық, ал иммунитеттің төмендеуінен жиі сырқаттану байқалады. С дәруменінің нағыз көзі – бақша жасылы, жаңа піскен шикі көкөністер, жемістер және жидектер. Әсіресе итмұрын және қарақатта. B1 дәрумені (тиамин) жүйке жұмысының (орталық және шеткері) дұрыс қызмет атқаруына маңызды көмірсу және амин қышқылы алмасуын реттейді, В дәруменің жеткіліксіз болуы тітіркендіргіштікті жоғарлатады, жүрек-қан тамыр бұзылыстарын тудырады, асқорытуды бұзады және ұйқысыздық пайда болады. В дәруменінің тәуліктік қажеттілігі 1,8 мг. В дәруменінің ең бағалы көзі — құрғақ сыра ашытқысы, шошқа етінде, бидайда, нанда. В2 дәрумені (рибофлавин) ақуыз, май алмасу және тіндердегі қышқылдану үдерісін реттейді, көрудің жарыққа өткірлігін жақсартады, жүйке жүйесінің қызметіне жақсы әсер етеді, тері, бауыр қызметін жақсартады, қан түзуге қатысады. В2 дәруменінің тапшылығы шырышты қабаттарда қабыну өзгерістерін тудырып, шаштың түсуін күшейтеді. Тәуліктік қажеттілік - 2 мг. Рибофлавин етте (бауырда), балықта, жұмыртқада, құста, нанда, қарақұмық жармасында және сүт өнімдерінде болады. В6 дәрумені(пиридоксин) ағзадағы көптеген алмасу үдерістеріне қатысады, жүйке жүйесінің, бауыр, қан түзу қызметіне әсер етеді. Тәуліктік қажеттілік - 2 мг. Дәруменнің жеткіліксіздігі жүйке бұзылыстарына, терінің тітіркенуіне әкеледі. В6 дәруменінің көзі – ет, балық, жұмыртқа, картоп. В12 дәрумені(цианкоболамин) қан түзуге қажетті, жүйке жүйесінің жағдайына әсер етеді, бауырдағы май алмауға қатысады. Тәуліктік қажеттілік – 2-3 мкг. В12 дәруменінің жеткіліксіздігі кезінде жалпы әлсіздік, бас айналу, тәбетінің төмендеуі, тыныс алудың қиындауы, көрудің нашарлауы байқалады. Бұл дәрумен жануар текті тағамдарда әсіресе бауырда кездеседі. Өсімдік текті тағамдарда бұл дәрумен тіпті болмайды. РР дәрумені(никотин қышқылы) жасушаның тыныс алуына қатысады, жоғарғы жүйке, асқорыту, қан түзу мүшелерінің қызметін реттейді, жүрек-қан тамыр жүйесіне, холестерин алмасуға әсер етеді. Тәуліктік қажеттілік – 20 мкг. Жеткіліксіздік кезінде – депрессия, бастың ауырсынуы, аяқ-қолдың ауырсынуы, теріде жарылуылар байқалады. Етте және балықта болады. А дәрумені ағзаның өсуіне және көруге жауап береді, тіндік тыныс алуға эндокринді бездердің қызметіне әсер етеді. Тәуліктік қажеттілік - 1 мг. Дәрумен жеткіліксіздік кезінде көру нашарлайды («соқыр тауық»). Көп мөлшерде мына тағамдарда болады: сәбіз, сиыр бауыры, балық майы, қызанақ, жасыл жуа, қызыл бұрыш, сары май. D дәрумені кальций және фосфор алмасуды реттейді, олардың ішектен сіңіріліп сүйекке өтуі жүзеге асырады. Тәуліктік қажеттілік ерексектерде – 2,5 мг. Ана сүтін еметін балаларда дәрумен жеткіліксіз болса рахит ауруын тудырады. D дәруменінің көзі балық майы, балық уылдырығы, жұмыртқа сарысы, сары май, ірімшік, сүт, шамалы мөлшерде саңырауқұлақта. Е дәрумені жыныс жүйесінің қалыпты қызметін реттейді, бұлшықеттің жұмысын нығайтады, ақуыз және көмірсу алмасуға қатысады, А және D дәрумендерінің, майдың сіңірілуін жақсартады. Тәуліктік қажеттілік 10 мг. Е дәрумені жеткіліксіз болса бұлшықетте әлсіздік, жүйке жүйесінің күйзелуі, теріде өзгерістер болады. Е дәрумені жеткілікті мөлшерде салат жапырағында, бидайда, мақта майында, барлық жасыл көкөністерде, жұмыртқа және жануар майында, ең көп мөлшерде өсімдік майында кездеседі. К дәрумені қан түзуді реттейді. Тәуліктік қажеттілік - 60-140 мкг. Дәрумен жеткіліксіз болса қан кетулер, қызыл иектен қан кету, анемия байқалады. Мына тағамдарда болады: шпинат, қырыққабат, асқабақ, қызамық, бауыр. Сондықтан науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде ас өнімдеріндегі ингредиенттердің құрамын және олардың адам ағзасына қатынасын, әсерін ескеру қажет. 6.2 Тамақтану режимі Тамақтану режимі бір күндегі тамақтану санын көрсетеді; әрбір тамақтану арасындағы тәуліктік рационның бөлінуі; тамақтану уақыты және тамақтану аралығындағы интервал; тамақтану кезіндегі адамның өзін ұстауы. Тамақтану ретті, ырғақты және аз мөлшерде болуы қажет. Күнделікті белгілі бір уақытта тамақтану асқазан сөлінің бөлінуіне шартты рефлекстің пайда болуына әсерін тигізеді. Тамақтандыру ережесін ұйымдастыру асқорыту мүшелерінің қызметін реттейтін және қолдайтын фактор болып табылады, тамақтың ағзаға сіңірілуге ең ыңғайлы кезде түсуін қамтамасыз етеді. Ретсіз және мерзімсіз тамақтану асқорыту аппаратының физиологиялық ырғағын және асқорыту бездерінің қызметін бұзады, тағамның сіңірілуін төмендетеді, әртүрлі ауруларды тудырады[7, 30]. Ересек адам үшін ең ыңғайлы рационалды тамақтану тамақты 4 мезгіл қабылдау, бірақ 3-ке дейін шектеуге болады. Тамақты қабылдау санын қысқарту кезінде ағзадағы ақуыздар қолданылады, адам өзін нашар сезінеді. Егде жастағы және семіздікке бейім адамдарға тәулігіне тамақты 5-6 рет ішу ұсынылады. Тамақты қабылдау арасындағы уақыт жалпы күн тәртібіне байланысты. Тәуліктік рационды келесіде бөлген ыңғайлы: - тамақты бірінші қабылдау (таңғы ас) жұмысқа шығар алдында дұрыс толық тамақтану қажет және тәуліктік калорияның 30% -ын құрайды; - екінші таңғы ас (жұмыста) – 15-20%; - түскі ас – шамамен 35-40%; - кешкі ас – 10-15%. Тәуліктік рацион осылай таралғанда таңертең ағза ас қорыту мүшелеріне күш түсірмей энергияның және пластикалық материалдың жақсы қорын алады. Екінші таңғы ас өте аз мөлшерде болуы тамақтың жақсы қорытылуына және бірінші таңғы ас пен түскі астың арасындағы интервалды ұлғайтады. Түскі ас жұмыс жасау кезіндегі ағзадағы энергияның орнын толтыру қажет. Кешкі асты ұйықтар алдында 1,5-2 сағат бұрын қабылдау дұрыс. Бұл уақыт аралығында асқазандағы ас ішекке түсіп үлгереді, сондықтан адам тыныш ұйықтайды, себебі ішектегі ас асқазандағы асқа қарағанда орталық жүйке жүйесін аз тітіркендіреді. Сондықтан тамақтану режимін дұрыс сақтау салауатты өмір сүрудің және рационалды тамақтанудың маңызды себебі болып табылады. 6.3 Емдік тамақтандыру Емдік тамақтандыру әртүрлі аурулардың комплексті емінің құрамына міндетті түрде кіреді. Емдік тамақтандыру (диетотерапия) – емдік әсер беретін және ингредиенттердің сандық және сапалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын тамақтану [6, 7, 16, 29]. Науқасты тамақтандырудың келесі түрлері бар: Пероральды (кәдімгі) тамақтану. Энтеральды (зондпен) – зонд арқылы, асқазанға енгізу. Парентеральды – қоректік заттарды тамырға енгізу. Диета – сырқаттану кезінде және аурудың алдын-алу мақсатында пациентке арналған тамақ рационы (тағамның тәуліктік мөлшері). Диетаны құру үшін тамақ құрамын, оның калориясын, тәуліктік рационды (тағамның жалпы мөлшерін) және ингредиенттің санын: ақуыз, май, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер және судың мөлшерін білу қажет. Диетаны тағайындау кезінде аурудың даму механизмі, зат алмасу жағдайы, тамақтың сіңірілуі ескеріледі. Диетаның қажеттілігі және оны қолдану мерзімін дәрігер анықтайды, палаталық мейірбике парционник құрайды, онда әртүрлі диеталық үстелдің нөмірі және жеңілдетілген диетаның түрі көрсетіледі. Мәзірді құру, тамақтың сапасын бақылауды дәрігер-диетолог немесе диеталық мейірбике жүзеге асырады [25, 26, 32]. Қазақстан Республикасының емдеу тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік диетаның нөмірлік жүйесі қолданылады, бұл жүйе әртүрлі сырқаты бар науқастардың диетотерапиясын арнайы және жеке тұрғыда қамтамасыз етеді. М.И. Певзнер бойынша емдік үстелдің (диетаның) сипаттамасы Көрсеткіш: Қатты тағамды қолдау мүмкін болмаса және қиындаған жағдайда қолданады. Бұндай жағдай асқазан-ішек жолдарына операция жасалғаннан кейін, есі бұзылғанда, мысалы инфекциялық ауруларда және қызба кезінде. Жалпы сипаттамасы: диета сұйық, желе тәрізді тамақтан тұрады, қайнатпалар, жеңіл ет сорпасы, кисель және т.б. Тамақтану режимі: тамақты аз мөлшерден жиі береді. Диета бірнеше күнге созылады. Диета №1а . Көрсеткіш: Бұл үстел асқазанға механикалық, химиялық және температуралық агрессияның максимальды түрде шектеу үшін ұсынылады. Бұл диетаны асқазан жарасы, қан кету белгілерімен, жедел гастрит кезінде тағайындайды. Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас тұзының шектелуінен және асқазан және он екі елі ішекті механикалық және химиялық тітіркендіруден сақтайды. Барлық тағамдар суға немесе буға пісірілген, сұйық және ботқа тәрізді консистенциялы. Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді. Диета №1б . Көрсеткіш: бұл үстел №1а үстелге ұқсас, асқазанға механикалық, химиялық және температуралық агрессияның шектеу үшін ұсынылады. Бұл үстел асқазан және он екі елі ішек жарасы ауруының шамалы өршуінде, созылмалы гастрит кезінде қолданылады. Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас тұзының шектелуінен және асқазан және он екі елі ішекті тітіркендіруден сақтайды. Жараның, эрозияның жазылуына әсер етеді, қабыну үдерісін басады. Тамақты пюре түрінде, сүт және сүт өнімдерін көп мөшерде беріледі. Барлық тамақтар суға немесе буға пісірілген түрде дайындалады. Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 6-7 рет береді. Диета №1 Көрсеткіш: Асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының өршу кезеңінің басылу сатысында, ремиссия немесе жазылу кезеңінде (диеталық емнің ұзақтығы 3-5 ай), жедел гастриттің жазылу кезеңі немесе реконвалесценция фазасы, секреторлы жеткіліксіздігі бар созылмалы гастритің өршу сатысы, қалыпты және жоғарғы секрециялы созылмалы гастрит. Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас тұзының (10-12г) шектелуінен және асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабатын шамалы механикалық және химиялық тітіркендіруден сақтайды. Тамақты үгітілген, суға немесе буға пісірілген түрде дайындайды. Балық және жұмсақ етті кішкене кесекпен беруге болады. Суық және ыстық тағамдар берілмейді. Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді. Ұйықтар алдында с.т, кілегей беріледі. Диета №1Р (кеңейтілген). Көрсеткіш: Зат алмасуы бұзылған ауыр ағымды жара ауруы. № 1Р диетасын жазылғанша қолдану керек. |