С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
Скачать 5.78 Mb.
|
Артериалды қысымның санын жазуға негізделген әдіс. Өлшеу арнайы құрылғымен жүргізіледі, ол манжеттен, миникопрессордан, есептейтін және жазатын қондырғыдан, есте сақтау блоктан тұрады.Аппарат белге бекітіледі немесе иыққа асылады. Манжет «жұмыс істейтін» қолдың иығына кигізіледі. Солақайларға- сол қолға, оң қолмен істейтіндерге-оң қолға. Х аттамаға аппаратты қою және қосқан уақытын тіркейді. Аппарат 3, 5, 10 және 15 минут сайын аралықта АҚ көрсеткішін тіркейді және өлшеген уақытын қоса есте сақтау блогына жазып алады.Аппарат қосылып тұрса да, адам жүре алады және күнделікті істерімен айналысуына да болады. Келесі күні аппаратты медициналық қызметкер шешеді. Есте сақтау блогындағы мәліметтер санды-әріп жазба түрінде шығады және дәрігер қорытынды жасайды.Сурет 53АҚТМ қолдану техникасыҚарқынды емдеу бөлімдерінде ұзақ уақыт бойы физиологиялық пкөрсеткіштерді бақылайтын кардиомониторларды қолданады: АҚҚ деңгейі, жүрек жиырылысының жиілігі, пульс жиілігі [32]. 4.11 Су тепе-теңдігін анықтауСу тепе-теңдігі – бұл ағзаға түскен сұйықтықпен (ішкен сұйықтық, инфузиялар) және тәулігіне шыққан несеп санының айырмашылығы.Тәуліктік диурез (тәулігіне бөлінген зәр көлемі) үлкен адамдарда жасына, температураға және қоршаған ортаның ылғалдылығы, тамақтану жағдайы, физикалық күшке және басқа факторларға байланысты 800 мл-ден 2 л-ге дейін аралықта өзгеріп тұрады. Қалыпты жағдайда барлық түскен сұйықтықтың 68-80% зәрмен шығады, ал қалғандары термен, тыныспен және үлкен дәретпен шығады. Тәуліктік диурезді анықтау науқастарда жасырын ісікті анықтау, зәр айдайтын дәрілердің әсерін бақылау мақсатында жүргізіледі. Науқас 3 күн зәр айдайтын дәрілерді қабылдамауы қажет. Науқасқа тамақтардағы сұйықтықтың пайыздық мөлшерін түсіндіру [7, 26].Шараның орындалуы:1. Науқас таңертеңгі сағат 6-да унитазға кіші дәретке отырады.2. Кіші дәретке әр отырған сайын арнайы ыдысқа зәрін жинайды және диурезді өлшейді.3. Келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрін жинайды.4. Есепке алу қағазына шыққан зәрдің мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).5. Есепке алу қағазына ағзаға түскен сұйықтық мөлшерін тіркеу (уақытын көрсету).6. Есепке алу қағазындағы мәліметтерді формула бойынша су тепе-теңдігін есептеуді жүргізу: шыққан зәр мөлшері*0,8 (80%) = қалыпты жағдайда бөлінуге тиіс зәрдің мөлшері.Мысалы: енгізілген сұйықтық – 1350 мл, шыққаны – 1250 мл.1250*100 / 1350 = 91%.Теріс тепе-теңдік (<70%) ағзада сұйықтықтың жиналуын көрсетеді: зәр айдайтын дәрілердің әсерінің болмауы немесе жасырын ісіктер.Оң тепе-теңдік (>90%) – зәр айдайтын дәрілердің әсер етуі.Әртүрлі ақаулар кезінде шығаратын несептің көлемі өзгеріп отырады:полиурия-қалыпты су режимінде тәуліктік диурездің 3000 мл дейін көбеюіолигурия- тәуліктік несеп көлемінің 500 мл дейін азаюыанурия- тәуліктік диурез 50 мл –ден аспайды.Адам қалыпты жағдайда күндіз 2/3 және түнде 1/3 несептің тәуліктік көлемін шығарады. Түнгі диурездің күндізгіден артық болуы –никтурия деп аталады.ТАРАУ V ПАЦИЕНТТІҢ ЖЕКЕ ГИГИЕНАСЫ 5.1 Қабылдау бөлімінде пациентті санитарлық өңдеу Ауруханаға түскен барлық науқастар санитарлы-гигиеналық өңдеуден өтеді. Санитарлық өңдеудің көлемі және әдіс сұрақтарын дәрігер шешеді, оны мейірбике бақылауымен кіші медициналық қызметкер жасайды. Қабылдау бөлімінде науқасқа жасалатын санитарлық өңдеу шараларына мыналар жатады: гигиеналық ванна, душ немесе денесін сүрту, шашын, тырнағын қысқарту, қырындыру (қажет болғанда); дезинсекция – биттерді жою (табылған жағдайда); науқасқа аурухананың таза киімін кигізу. Санитарлық өңдеудің толық және толық емес түрін ажыратады. Толық санитарлық өңдеу үш құрамдас шарадан тұрады: адамдарды жуу; киімдері мен жеке заттарын дезинфекциялау (дезинсекция); адамдарды уақытша немесе үнемі жатқызуға арналған бөлмелерді дезинфекциялау (дезинсекция). Толық емес санитарлық өңдеу - терінің ашық жерлерін, киімнің, аяқ киімнің сыртын, жеке қорғаныс заттарын механикалық тазалау және өңдеу, немесе жеке химияға қарсы пакеттермен сүрту, бетін, мойнын, қолын таза сумен жуу, респиратор немесе газқағарды (противогаз) уақытша шешкеннен кейін, тамағын және аузын шаю. Бұл зақымдалу ошағында авария-құтқару және басқа жедел жұмысы кезінде жасалынады және уақытша шара болып табылады. 5.1.1 Гигиеналық ваннаны немесе душты қабылдау Науқас ауруханаға түскенде жағдайына байланысты терінің кірлеген аймақтарын сүрту, гигиеналық ванна немесе душ тағайындалады. Гигиеналық ванна немесе душты қабылдау бөлімінің жуынатын бөлмесінде жүргізеді (сур. 54-55). Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56 |