С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
Скачать 5.78 Mb.
|
Сурет 84Жағдайы ауыр науқасты тамақтандыру а www.vozrasta.net – қасықпен, б – шүмекпен су ішкізу Жағдайы ауыр науқасты қасықпен және шүмекпен тамақтандыру Емшараны орындау: Қолды жуу. Науқастың тамақ ішкісі келетінін анықтау, дәрігермен немесе диетологпен келісіп ас мәзірін құру. 15 минут бұрын науқасқа тамақ ішетінін ескерту. Бөлмені желдету, тумбочканы немесе кішкене үстелді жақындату. Науқасты Фаулер қалпында жатқызу. Пациенттің қолын жуу, алдын сүлгімен жабу. Қолды қайта жуу. Тамақты және ішуге сұйықтықты әкелу: ыстық тамақ (60°), суық тамақ бөлме температурсындай. Қолдың алдыңғы бетіне бірнеше тамшы тамақты тамызу арқылы оның температурасын анықтау. Науқастан сұйықтықты ішу үшін бірнеше рет ұрттауын өтіну. Тамақтын түрін атап отырып баяу тамақтандыру. Қасықты тамақпен 2/3 көлемде толтыру. Қасықты науқастың астыңғы еріндеріне жақындату. Пациент аузын ашқанда қасықты тіліне тигізу және бос қасықты алып шығу. Тамақты жұтуға және шайнауға уақыт беру. Тамақты бірнеше рет жұтқаннан кейін шүмектен сұйықтық ішкізу. Еріндерін және иегін сүлгімен сүрту. Соңынан науқастың аузын сумен шаю. Ыдыстарды жинау. Қолды жуу. 6.4.2 Жасанды тамақтандыру Науқасты табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса міндетті түрде жасанды тамақтандыруды ұйымдастыру қажет. Жасанды тамақтандыру науқастың дене салмағын жоғалтуының, тапшылық жағдайлардың (микроэлементтер, дәрумендер) алдын-алады, ақуыз синтезін төмендетеді және қарқынды емдеу әдісіне жатады. Жасанды тамақтандыру асқазанға ауыз немесе мұрын арқылы енгізілген зондтың немесе гастростома арқылы (асқазанның операциялық жыланкөзі) немесе илеостома (ащы ішектің опреациялық жыланкөзі) көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұл жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса қоректік заттар және сұйықтықтар парентеральды – асқазан ішек жолдарынан тыс (көктамырға тамшылап) енгізіледі [6, 7, 29, 30, 32]. Энтеральды (зондпен) тамақтандыру Зондпен тамақтандыру – ауыз арқылы тамақтану қиындық туғызса және мүмкін болмаған жаңдайда ағзаға тамақтық заттарды енгізудің бір әдісі. Зондпен тамақтандыру инсульт, бас сүйек-ми жарақаты кезінде шайнау және жұтыну бұзылғанда ауыз-жұтқыншақ зақымдануда, ми бағанасының ісігінда, жүйке жүйесінің ақауы және т.б. кезде қолданылады. Зондпен тамақтандыруды ес түсі жоқ науқастарға тағайындайды. Зондпен тамақтандыруға қарсы көрсеткіш: ішек парезі немесе ішек инфарктісі, ішек өтімсіздігі [7]. Зонд немесе фистула арқылы тек сұйық тамақ енгізіледі: сүт, сорпа, кілегей, шикі жұмыртқа, ерітілген май, езілген көкөністі көже, сұйық кисель, шырын, шәй, кофе. Бір рет тамақтандыруға 600-800 мл сұйықтық қажет. Энпит деген арнайы препарат құрамында ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар және дәрумендер дұрыс теңестірілген қоректік қоспа болып табылады. Назогастральды зонд арқылы науқасты тамақтандыру Назогастральді зонд – асқазаннан сұйықтықты немесе ауаны шығарып алуға, дәрілік затты енгізуге арналған асқзанға мұрын арқылы енгізілетін зонд (сур. 85). Жабдықтар: зонд, 200 мл көлемді оймақ немесе Жане шприці, қоректік қоспа, вазелин майы (немесе глицерин), фонендоскоп, астау, салфеткалар, қысқыш, 100 мл ыстық су бар ыдыс, қолғап. Сурет 85 Науқасты назогастральды зондпен тамақтандыру Емшараны орындау: Қолғап кию. Зондтың енгізілетін ұзындығын анықтап оған белгі салу: зондпен мұрын ұшымен құлақ сырғалығы арасын өлшеп оған төстің төменгі бөлігі мен (семсер тәрізді өсіндіге дейін) кіндік аралығын қосу(немесе басқа әдіс бойынан 100 см алып тастау). Пациентті Фаулер қалпына жатқызып мұрын тесігі арқылы жіңішке асқазан зондын 15-18 мм тереңдікке енгізіп пациенттен жұтынуын өтіну. Фонендоскопты іштің іштің алдыңғы қабырғасына қойып тыңдау (зонд ішке түскенде іштен бүлкілдеген дыбыс естіледі). Зондты бекіту (бинт немесе лейкопластырьмен). Зондты қысқышпен қысу, зондтың бос бөлігін астауға салу. Жане шприціне дайын тамақты сору немесе зондтың бос ұшына оймақты жалғау. Зондтағы қысқышты босату және асқазанға қоспаны баяу енгізу. Тамақтандырып болған соң басқа шприцпен зондты жуу. Зондты қысқышпен қысып зондтың бос ұшын салфеткамен орап келесі тамақтандыруға. Құралдарды өңдеу. Қолғапты шешу, қолды жуу. Гастростома, илеостома арқылы науқасты тамақтандыру Гастростома –асқазанды сыртқы ортамен жалғастыратын іштің алдыңғы қабырғасынан шығып тұратын жасанды тесік жасау (оперативті жолмен орындалады). Гастростома өңештің өзегі ісікпен немесе күйікпен тарылғанда, яғни өңеш өткізгіштігі бұзылғанда науқастың өмірін сақтау мақсатында салынады (сур. 86 а, б, в). Сурет 86 Науқасты тамақтандыру а, б, в – гастростома арқылы, г – илестома арқылы Илеостомия – мықын ішекке (ащы ішекке) салынатын хирургиялық стома (сур. 86 г). Жабдықтар: зарарсыздандырылған шыны оймақ, зарарсыздандырылған салфеткалар, қысқыш, тамақ қоспасы, қолғап, Б тобының қалдықтарын салуға арналған ыдыс. Емшараны орындау: Пациентті жоғарғы Фаулер қалпына жатқызу Қолды жуу, қолғап кию. Тамақты дайындау. Қысқышты резеңкелі түтіктен шешу Резеңкелі түтікшенің тесігіне шыны оймақты жалғау. Оймаққа тамақты құйып науқасты тамақтандыру. Аз мөлшерден үгітілген тамақты немесе арнайы қоспаны асқазанға енгізу. Тамақты енгізіп болған соң судың шамалы мөлшерін енгізу. Зондтың дистальды ұшына қысқышты салу және оны пациенттің киіміне бекіту. Оймақты шешу және оны залалсыздандыру. Ауызды шаю үшін ыдыспен су және астауша беру. Қолғапты шешіп, қолды жуу. Парентеральды тамақтандыру Парентеральды тамақтандыру – асқазан –ішек жолдарынан тыс көктамырға тамшылап енгізу арқылы ағзаға қоректік заттарды енгізу әдісі (сурет 87). Сурет 87 Парентеральды тамақтандыру Парентеральды тамақтандыру ауыз арқылы тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Парентеральды тамақтандыру ісік үдерісінен асқорыту жолдарының өтімсіздігі, өңешке, асқазанға, ішекке жасалған операциядан кейін, қатты жүдеуде, кома жағдайында тағайындалады Ағзада қоректік заттармен қоректендірудің кез келген парентеральды түрі бірнеше принцптерге сәйкес келуі тиіс: парентеральды тамақтандыруды өз уақытында бастау қажет. парентеральды тамақтандыру үздіксіз, тіпті трофикалық қызметтің өздігінен толық қалыпына келгенге дейін жүзеге асырылуы тиіс. барлық компоненттердің көлемі бойынша, энергиялық құндылығы бойынша сәйкес келуі тиіс. Парентеральды тамақтандырудың 3 түрі белгілі: Толық парентеральды тамақтандыру кезінде барлық қоректік заттар ағзаға қажетті мөлшерде тамыр жүйесіне енеді (науқас тіпті су да ішпейді); Жартылай (толық емес) парентеральды тамақтандыру кезінде негізгі қоректік заттар (мысалы, ақуыздар және көмірсулар) зат алмасудың уақытша бұзылыстарына байланысты мәселелер кезінде енгізіледі, бұл жағдайда энтеральды тамақтандыру жартылай сақталынады. Қосымша парентеральды тамақтандыру энтеральды тамақтандыру жеткіліксіз болған жағдайда қосымша ретінде беріледі. Парентеральды тамақтандыруға қоректік заттар жасушаға адекватты метаболитті мүмкіндік түрінде беріледі: ақуыздар аминқышқылдары қоспасы ретінде (ақуыз гидролизаты, Аминоплазмаль Е, Вамин, Полиамин, Альвезин және т.б.), майлар жіңішке тұрақты эмульсия ретінде (Липофундин, Интралипид, Липовеноз), көмірсулар моносахаридтер түрінде (глюкоза 10%, 20%, 40%). Парентеральды тамақтандыру қолдың кез келген шеткері тамырлары арқылы енгізіледі. Дегенмен, бұғана асты көктамырына енгізілген катетер арқылы жіберген ыңғайлы, себебі асқыныстардың даму мүмкіндігін алдын-алады (флебит және тромбофлебиттер). Егер көктамырға трансфузия жүргузе мүмкін болмаса қоректік заттарды сүйек ішіне (мықын, табан) енгізуге болады. Қоректік заттарды енгізуді инсулин қосылған глюкоза ерітіндісінен бастаған дұрыс (глюкозаның 4-5 г құрғақ ұнтағына1 ед.инсулин). 200-300 мл глюкоза инфузиясынан кейін амин қышқылы препарараттарын немесе ақуызды гидролизат енгізіледі. Одан әрі аминқышқылы қоспасы немесе ақуыз гидролизаты және 30% глюкоза минутына 40 тамшы жылдамдықпен енгізіледі. Май эмульсияларын аминқышқылдары және гидролизатпен бірге құюға рұқсат етіледі. Оларды электролиттермен бірге құюға болмайды, себебі май эмболиясының даму қаупін тудырады және май бөлшектері үлкейеді. Май эмболиясын енгізу жылдамдығы алғашқыда минутына 10 тамшыдан аспауы тиіс. Реакция байқалмаған жағдайда жылдамдықты минутына 20-30 тамшыға жоғарлатуға болады. Әрбір 500 мл май эмульсиясына 5000 ЕД гепарин қосылады. Парентеральды тамақтандыруды уақытында реттеу үшін тиімді тамақтандыруды бағалаудың клиникалық әдісі қолданылады: 1) дене салмағы (өлшену); 2) орталық вена қысымы; 3) сағаттық диурез; 4) қан қысымы, пульс; 5) науқастың жалпы жағдайы. Парентеральды тамақтандыруға қарсы көрсеткіш бүйрек жеткіліксіздігі, жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, тромбоэмболиялар, ағзаның гипергидротациясы, қан айналым жеткіліксіздігі. Парентеральды тамақтандыруды жағдайы ауыр науқастарға дұрыс жүргізу- ақуыз, көмірсу, май, су-электролит, дәрумен алмасуды және қышқыл-сілті тепе-теңдігіне қатысатын ағзаны тамақтық заттармен қоректендірудің бір ғана жолы. ҚОРТЫНДЫ 2006 жылдан бастап «Клиникаға кіріспе» пәнін беру арқылы жинаған тәжірибені тұжырымдай келсек, бұл пәнді оқыту студенттерде ерте клиникалық ойлауды қалыптастыруға үлкен мағына береді. 1-2 курстарда оқытылатын базалық пәндердің арасында, бұл пән студенттердің күдіксіз қызығушылығын тудырып, ерекше орынға ие. Студенттер клиникаға бірінші рет сырт адамдар немесе науқастар ретінде кірмей, керсінше шынайы науқастармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Бұл үшін пән бойынша негізгі әдебиетті оқу арқылы жеткілікті арнайы білім деңгейі қажет. Бірақ, осы уақытқа дейін ондай оқулық болмады. Сондықтан, студенттер біріншіден мейірбикелерге арналуына, екішіден пәннің оқу бағдарламасына сәйкес емес ақпараттардың болуына байланысты, әртүрлі әдебиеттер көзін қолдануға тура келеді. Түрлі әдебиеттер көздері студенттердің ақпараттануының әртүрлі дайындық деңгейін көрсетіп, сабақ өткізу сапасын төмендетеді. Сабаққа дайындалу кезінде шет ел студенттері қиындықтарды кездестіреді, бұл жағдай орыс тіліндегі әдебиеттерді қолдана алмауымен және ақпараттарды ғаламтор жүйесінен іздеу арқылы дайындықтарына әкеледі. Кредиттік технологияны енгізу шарттарында студенттердің сабақ тақырыбы бойынша ақпарат іздеудің орнына, бағдарламаны өзіндік дайындық жұмыстары арқылы меңгеруге негізгі мән берілу арқылы шығармашылық ізденіске және білімді тереңдетуге жағдай жасалуы қажет. Пән бойынша негізгі материалды меңгеру студенттің өзіндік жұмысын өткізу қалыптарын белсенді оқыту әдістерін және қашықтық оқыту технологиясын қолдану арқылы түрлендіру жүргізіледі. Осы аталған жағдайларға байланысты кітап басып шығару негіз болды. Оқулықта тақырыттық жоспарға сәйкес пәнді оқу бойынша ақпараттар жүйеленіп, жинақталған. Алғаш рет медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі ҚР заң шығару базалары ұсынылды. Көп жылдық жұмыс тәжірибесі негізінде ЕАМ-нің санитарлы-эпидемияға қарсы режимінің сұрақтары бойынша төмен мәлімет берілу байқалды. Дезинфекция, стерилизация, медициналық қоқыстар жөніндегі мәліметтер түрлі әдебиеттерде бірнеше мағынада беріліп, студентке сұрақ бойынша бағдар жасау бәршама қиындықтарды туғызады. Науқастардың функциональді жағдайын бағалау, күтім шарттарын білу, науқастарды тамақтандыру сұрақтары бойынша білім көрсеткіштері профильді клиникалық пәндерде оқу кезінде негізгі базалық білім алуға жағдай жасайды. Біздің жинаған тәжірибе негізіне жүгінсек, вертикаль бойынша кафедралардың өзара қатынасу дәрежесінен және тиімділігінен оқыту сапасы тәуелді екенін көрсетеді. Осыған байланысты медициналық оқу орнында оқуының алғашқы жылынан бастап, кәсіби бағдарланған маман иесін дайындау студенттерде болашақ мамандықты таңдау жолында жауапкершілікті дамытады. Бұл баспа жеткілікті ақпарат көзі ретінде таласқа түспейді. Барлық сын ескертпелерін алғыс ретінде қабылдаймын. ӘДЕБИЕТТЕР ҚР 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудағы «Саламаты Казахстан» мемлекеттік жоспары. Еспенбетова М.Ж., Жуманбаева Ж.М. «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік жоспары контектстіндегі отбасылық медицинаны дамыту. // Наука и здравоохранение. – 2011. - №1. – Б. 16-17. 2009 ж 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі. Молотов-Лучанский В.Б. Введение в клинику. Оқу құралы. – Қарағанды, 2008. – 75 б. Мұратбекова С.К. Мейірбике ісінің негіздері.-Астана, 2007жыл.- 412 б. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела. ГЭОТАР-Медия, 2013. – 368 б Ослопов В.Н., Богоявленская О.В. Общий уход за больными в терапевтической клинике. Оқу құралы. М.: Баспа: ГЭОТАР-Мед. - 24 б. Пожилой человек. Сестринский уход. Мейірбикелерге арналған құрал. / ред. В.Н. Петрова – М.-СПб.: Баспа «Диля». – 2006. – 416 б. 2010 ж 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». «Қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурулар және әлеуметтік маңызды аурулардың тізімін бекіту туралы» 2009 ж 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №19 қаулысы «Кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек көрсету тізімін бекіту туралы» 2009 ж 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Стационарлық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2011 ж. 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1464 қаулысы 2012 ж 12 қаңтардағы №33 қаулы «Жұқпалы ауруларды алдын-алу бойынша санитарлы-эпидемиологиялық (алдын-алу) Шараларды жүргізу және ұйымдастыруға санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16 сәуір 2013 жылғы № 364 қаулысы «Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны жүргізу және ұйымдастыруға санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а 2002 ж 8 сәуірдегі № 343 бұйрығы «Емдеу алдын-алу мекемелеріндегі емдік тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2004 ж 12 наурыздағы № 243 бұйрығы «Мамандықтың зиянды өндірістік факторлары Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2004 ж 12 қарашадағы № 699 бұйрығы«медицина және фармация мамандығының біліктілік сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а 2009 ж 26 қарашадағы № 791 бұйрығы « Денсаулық сақтау қызметкерлері міндетінің Біліктілік сипатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің 2010 ж 7 сәуірдегі № 238 бұйрығы«Денсаулық сақтау мекемелерінің штаттық нормативтері және типтік штаттары». Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а 2013 жылғы 13 тамыздағы № 479бұйрығы «Амбулаторлы-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы бойынша ережелерді бекіту туралы» Орта медицина қызметкерлеріне арналған нұсқау / ред. Ю.П. Никитин, В.М. Чернышев. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 992 б. Санитарлы ережелер «Денсаулық сақтау объектілеріне санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». 2012 ж 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Санитарлы ережелер «Дәрілік заттарды, медициналық тағайындау құралдары және медициналық техника саласындағы объектілерге санитарлы-эпидемиологиялық талаптар». 2010 ж 16 тамызда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі м.а бұйрығымен бекітілген. Скворцов В.В. Основы сестринского дела. Оқу құралы. – Ростов-на Дону: «Феникс», 2008. – 359 б. Смолева Э.В. Сестринское дело в терапии с курсом первичной медицинской помощи. Оқу құралы – 5-ші баспа – Ростов-на-Дону: Феникс, 2007. – 473 б. Сопина З.Е., Фомушкина И.А, Костюкова Э.О. Современная методология сестринского дела. Оқу құралы. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 256 б. Справочник врача общей практики 2 томды. / ред. Воробьева Н.С. – М.: Изд-во Эксмо, 2005. - 26 б. Туркина Н.В., Филенко А.Б. Общий уход за больными. Оқулық. – М.: КМК ғылыми баспа жолдастығы, 2007. – 550 б. Фомина И.Г. Общий уход за больными. Оқулық. – М.: Медицина, 2000. – 304 б. Хасенова А.Ж. Кластерный подход к интеграции клинико-диагностических служб медицинских организаций. //Медицина, 2013. - №10. - С 9-11. Яромич И.В. Сестринское дело. Оқу құралы. - 5-ші баспа. М.: «Оникс 21 век», 2005. – 463б. |