Главная страница
Навигация по странице:

  • Болуы мүмкін асқыныстар

  • 5.1.4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру

  • Педикулезге қарсы жиынтыққа кіретін заттар

  • Шат педикулезі (фтириаз)

  • Шат битінен құтылу әдістері

  • 5.2 Халі ауыр науқастар күтімі принцптері

  • С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


    Скачать 5.78 Mb.
    НазваниеС. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
    Дата04.02.2022
    Размер5.78 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2_5319030238309518777.docx
    ТипДокументы
    #351279
    страница22 из 27
    1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

    Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда

    мейірбикенің көмегі


    Ваннаны алдын-ала дезинфицирленген ерітіндімен залалсыз-дандырады, сосын сабын қосып щеткамен жуады және ыстық сумен шаяды. Әрі қарай ваннаны суға толтырады (алдымен суық, сосын ыстық), судың температурасы 35-37°С шамасында болуы керек. Басқа біреудің көмегін қажет ететін науқастарды ваннаға жайма арқылы немесе орындыққа отырғызып, душтың көмегімен жуындырады (сур. 56).

    Науқасты келесі ретпен жуындырады: басы, денесі және қолдары, шап аралықтары, белі, іші және аяқтары. Гигиеналық ваннаны қабылдау ұзақтығы 30 мин. аспау қажет.Үйінен таза болып түскен науқастар, тек киімдерін ауруханалық киімге ауыстырады [6, 29].

    Гигиеналық ваннаны ауыр ауруларымен (гипертониялық криз, жедел миокард инфаркті, жедел ми-қанайналым бұзылысы, айқын қанайналым жеткіліксіздігі, активті фазадағы туберкулез және басқ.), бірқатар тері аурулары, жедел хирургиялық араласуларды қажет ететін аурулар, босанатын науқастарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Бұндай жағдайда науқастың тері жамылғысын алдымен сабынды жылы суға малынған тампонмен, сосын таза сумен сүртеді және құрғатады. Сүрту үшін одеколон немесе спирт қосылған жылы суды да қолдануға болады. Науқастың тырнағы қысқа болуы керек. 

    Болуы мүмкін асқыныстар:жағдайының нашарлауы: жүрегі ауыру, жүрегі қағу, бас айналу, тері түсінің өзгеруі. Осындай белгілер байқалған жағдайда, ваннаны қабылдауды тоқтату, науқасты каталкамен палатасына тасымалдау және қажетті көмек көрсету.

    5.1.2 Шашты қысқарту

    Қажетті заттар:

    •   Қайшы, шашты қысқартатын машинка.

    •   Шашты өртейтін леген, сіріңке.

    •   Спирт (70%).

    Шараның орындалуы:

    1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау.

    2. Орындыққа (кушетка) клеенканы төсеу, оған науқасты отырғызу және иығын полиэтиленді жаялықпен жабу.

    3. Шашты қысқартатын машинкамен шашын алу, бастың шашында тері аурулары болатын болса-дайындаған легенге шашын қию

    4.  Шашты өртеу.

    5. Қайшыны, ұстараны спиртпен өңдеу.

    1.3 Қыру [6]

    Қажетті заттар:

    •   Резиналы қолғап.

    •  Ұстара, сақалға сабын жаққыш және қырынуға арналған крем.

    •   Майлық, орамал, суға арналған ыдыс.

    Шараның орындалуы:

    1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау, қолғап кию.

    2. Суды жылыту (40–45°С дейін), майлықты сулап, сығып, науқастың бетіне қою.

    3. Салфетканы алып, сақалға сабын жаққышпен қырынуға арналған крем жағады.

    4. Ұстара қозғалысына қарама-қарсы бағыттағы теріні екінші қолымен тартып, науқасты қырындырады.

    5. Бетті алдымен ылғалды майлықпен сулайды, сосын құрғақ майлықпен сүртеді.

    6. Ұстараны спиртпен өңдейді.

    7. Қолғапты шешіп, қолды жуады.

    Аурухананың қабылдау бөлімінде барлық түскендерді педикулезге тексереді.

    5.1.4 Педикулезге қарсы шараларды ұйымдастыру

    Педикулёз ( лат. pediculus, «бит») – терінің және шаш туындысының паразитарлы ауруы. Биттер бөртпе және қайталамалы сүзек ауруларының тасымалдаушысы, оның қоздырғыштары терінің қасыған жерлері арқылы енуі мүмкін. Адамдарда педикулез тудыратын биттердің үш түрі болады-бас, шат және киім биттері.

    Бастың биті бастың шаш жамылғысын зақымдайды. Шашы кір, өңсіз, таралмаған болып көрінеді, шаштың түбіне қарай көптеген ақ муфталар- жұмыртқалары көрінеді, олар тарағанда түспейтіндіктен, науқастың шашын тақырлап қыру қажет. Киім биті киімдердің тігісінде өмір сүреді, ол да терінің зақымдалуына және көптеген тырналған орындарды тудыратындықтан, бұл киімдерді жою қажет. Шат биті дененің шаш бөлімін зақымдайды: шат аймағы, кейде сақалы, мұрты, қасы, қолтық асты шұңқыры.

    Бит табылғанда медициналық қызметкер педикулезге қарсы шараларды дезинсекцияны – биттерді жоюды (зиянды жәндіктерді) жасайды. Биттер мен олардың жұмыртқаларын жою үшін жасалатын дезинсекциялық шаралар келесі әдістерден тұрады:

    1) механикалық әдіс;

    2) физикалық әдіс;

    3) химиялық әдіс.

    Педикулез табылғанда келесі шараларды жүргізеді:

    • жұқпалы ауруды есепке алу журналына науқасты тіркеу – ф. №060/у;

    • педикулез туралы жедел хабарлама береді (ф. № 058/у);

    • ауру тарихының басты бетіне педикулезді тіркеу;

    • науқасты санитарлық өңдеу, науқас болған бөлмені және қолданған заттарына дезинсекция және дезинфекция жасау.

    Педикулезге қарсы өңдеуді анықталған жерде арнайы жиынтықтың ішіндегіні қолданып жасайды. Науқастың киімі қайнатуға немесе камералық өңдеуге жіберіледі. Науқастың шашын 7 күннен кейін қайта қарайды. Қажет болған жағдайда қайта санитарлық өңдеуді өткізеді [6, 15, 32].

    Механикалық әдіс

    • Битті және оның жұмыртқаларын тарақпен тарау арқылы, шашын қию немесе қыру арқылы жояды. Шашты жинау үшін клеенка немесе қағазды астына төсейді, шашты және жәндіктерді қағазбен бірге жағады. Жұмыртқаларын түсіру үшін шашты тарамас бұрын алдымен жуады, сірке қышқылының жылы ерітіндісімен немесе жылы асхана сірке суымен шаяды. Сірке суға малынған тарақтың тісшелеріне мақта жіпшелерін немесе жіпті өткізеді, содан соң жұмыртқаларды жиі тісті тарақпен тарайды [7].

    • Сабындалған ысқышпен және ыстық сумен денесін жуады, іш киімдерін ауыстырады.

    Физикалық әдіс

    • Киімдерді қайнату

    • Қайнатуға келмейтін киімдердің белдігін, қатпарын, тігісін ыстық өтекпен үтіктеу

    Орташа және үлкен зақымдалуда (он экземплярдан көп) педикулезді инсектицидтерді қолдануды ұсынады. Педикулицидтерді бес жасқа дейінгі балаларға, емізетін аналарға, жүкті әйелдерге, терісі зақымдалған адамдарға (микротравмалар, дерматиттер, экземалар) қолданылмайды.

    Химиялық әдіс

    Химиялық заттарды қолдану арқылы биттерді жою.

    Кәзіргі уақытта педикулезбен күресетін улы емес, шашты қиюды қажет етпейтін арнайы заттар өте көп. Затты шашқа жағады және үстіне балауыз қағазды жабады, басына бас киім немесе орамал тағып, кейін басын арнайы сусабынмен жуады. 

    Шашты немесе шат түктерін өңдеу үшін:

    • 10% сабын-керосинді сулы эмульсия - 10-50 мг   "Нитифор" лосьоні 50-80 мг

    • "Антибит"лосьоні - 50-80 мг

    • Эктоцид 1:1000 - 100 мл

    • Тамырдәрінің суы - 100 мл

    • "Педилин" сусабыны- 10-30 г

    Киімді, бөлмені, заттарды өңдеу үшін:

    • 20% сабын-керосинді сулы эмульсия - 350-400 мл

    • Пиретрум (ұнтақ) - 250 грамм

    • Эктоцид 1:3000   (белсенділігі 30-40 күндей)            

    Педикулезге қарсы жиынтыққа кіретін заттар

    1) науқастың киімін жинауға арналған клеенкадан немесе мақтадан істелген қаптар;

    2) шашты өртеуге немесе залалсыздандыруға арналған астауша немесе мырыштан істелген шелек;

    3) клеенкалы жамылғы;

    4) резиналы қолғап;

    5) қайшылар;

    6) тісі жиі тарақ (темірден істелген);

    7) шашты қысқартатын машинка;

    8) спиртпен жанатын шам;

    9) орамал;

    10) мақта;

    11) асханалықсірке суынемесе 5-10% сірке қышқыл;

    12)биттерді жоюға арналған препарат;

    13) киімдерді дезинсекцялауға арналған препарат;

    14) бөлмені дезинсекцялауға арналған препарат;

    15) үлкейткіш әйнек.

    Шараның орындалуы:

    1. Науқасқа педикулез бар екенін айту, өңдеуге келісімін алу.

    2. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау және қорғаныс киімін кию.

    3. Орындыққа (кушетка) клеенканы төсеу, оған науқасты отырғызу және иығын полиэтиленді жаялықпен жабу.

    4. Қажет болса, дайындаған легенге шашын қию.

    5. Шашын дезинсектицид ерітіндісімен өңдеу, басын полиэтиленді орамалмен, оның үстіне сүлгі жауып, біраз уақытқа қалдырады.

    6. Басындағы орамалды шешіп, алдымен жылы ағынды сумен, сосын сусабынмен жуады.

    7. Сүлгімен шашын құрғатқан соң, жылытылған 6% уксус қышқылы ерітіндісімен өңдейді.

    8. Қайтадан басын полиэтиленді орамалмен, үстінен сүлгімен жауып, 20 минутқа қалдырады.

    9. Басындағы орамалды шешеді және жылы ағынды сумен шайып, сүлгімен құрғатады.

    10. Науқастың басын ақ қағаздың үстіне еңкейтеді және жиі тісті тарақпен шашын тарап, қайтадан науқастың шашын тексереді.

    11. Қиылған шаштар мен қағазды легенге өртейді.

    12. Науқастың киімін және мейірбикенің қорғаныс киімдерін кленкалы қапқа салып, дезинфекциялық камераға жібереді. Тарақ пен қайшыны 70% спиртпен, бөлмені- дезинсектицид ерітіндісімен өңдеу.

    Педикулезді алдын-алу

    • Жеке және жалпы гигиенаны сақтау: денесін үнемі жуу (аптасына 2 рет), іш киімдерді және төсек-орынды ауыстырып отыру; төсек-орынды жоғары температурада жуу, ыстық өтекпен киімдерді, әсіресе тігістерді үтіктеу, өйткені ол жерлерге биттер жұмыртқасын салады.

    • Жеке тарақты басқа адамдарға бермеу.

    • Бит пайда болмас үшін шүйде аймағына және құлағының артына лаванда және шай ағашының сұйықтығын жағу.

    • Педикулезбен қайта зақымдалмау мақсатында қолданылған киімдерді қайнату (көбінесе сүлгілерді, бас киімдерді, төсек-орынды, капюшон мен жағасы бар киімдерді, жұмсақ ойыншықтарды).

    1. Биттің бар-жоғын тексеру үшін, басты ақшыл матаның үстіне тарап көру қажет.

    • Түнде басты сүлгімен орамай, шашты жақсылап фенмен кептіру қажет.

    Шат педикулезі (фтириаз) - гениталидың (шат, ұма, шап аралық)шаш бөлігін, анальды тесік жандарын, қолтық астындағы шаштарды зақымдайтын терінің паразитарлы ауруы.

    Қатерлі топқа: қарулы шиеленіс аймақтарында үйсіз, қашып жүрген адамдар, бас бостандығынан айырылған мекемелерде айыбын өтеушілер, казармада тұратын әскери адамдар, монша және кір жуатын жердің қызметкерлері, сексуалды қызмет көрсететіндер және басқалары.

    Шат битімен зақымдалу жолдары: шат педикулезімен ауыратын адаммен жыныстық қатынас, науқастың терісімен жақын жанасуда, бөтен адамның киімін кию, жалпы монша, сауна немесе душтық бөлмеге барғанда.

    Шат битінен құтылу әдістері

    • механикалық-биттерден шашты қыру арқылы құтылу

    • химиялық-күшті инсектицидті препараттар (Педиллин, Медифокс және басқ.) көмегімен биттерге әсер ету. Бұл әдіспен 1 сағат ішінде бір рет өңдеген соң, паразиттерді толық жоюға болады.

    Фтириаздың алдын-алу: жеке гигиена ережелерін орындау, бөтен адамның киімін, төсегін, заттарын қолданбау, ретсіз сексуалды қатынастан қашу, үнемі төсегін жуып, үтікпен өтектеу.


    5.2 Халі ауыр науқастар күтімі принцптері
    Науқас күтімі – емдік үдерістің бөлінбейтін бөлігі, ол науқас зардабын азайтуға бағытталған және емге басым жағдайды жасайтын іс-шаралар кешені. Дұрыс ұйымдастырылған күтім емнің, ауру болжамының тиімділігін анықтайды, сондықтан «ем» және «күтім» түсініктерін шектемеу керек.

    Күтім - науқастың түрлі қажеттіліктерін қанағаттануына көмектесу: тағамда, сусында, жуынуында, қозғалысында, физиологиялық қажеттіліктерінде. Күтім сапасы емнің және ауру болжамының тиімділігінің көзі болып табылады. Науқас күтімі емнің негізгі тиімді бөлігі болып табылады.

    Күтім бойынша іс-шаралар көлемі ауру ағымынан, ауырлығынан, науқастың жастық-жыныстық айырмашылығынан, психикасынан және басқада факторларға байланысты болады, сонымен қатар күтімді орындау тәсілдері нақты науқасқа ғана арналуы қажет.

    Күтім шарттары:

    • Қауіпсіздік (науқас жарақатының алдын алу)

    • Құпиялылық

    • Науқас сезім абыройын сыйлау (науқас келісімі, оңашалануды қамтамасыз ету)

    • Науқаспен және оның отбасы туыстарымен тиімді қатынасу

    • Науқас дербестігін мадақтау

    • Жұқпалы аурулар қауіпсіздігі

    Ауруханада науқас күтімін мейірбике жүзеге асырады, кейбір жағдайда кіші медициналық қызметкер немесе науқас туысыда қатысады. Науқас денсаулығына жауапты ретінде дәрігер күтімнің бар қыр-сырын білуі тиіс.

    Науқас күтімінің негізгі екі бағытын анықтайды: жалпы күтім және арнайы күтім.

    Жалпы күтім ауру түріне байланысты емес және қорғау режиміне, науқас психикасын қорғау, аяу шарттарына сәйкес құралады. Оған бөлменің санитарлы тәртібін сақтауды, науқасқа ыңғайлы жағдай жасауды (жайлы төсек), гигиеналық тазалықты орындауды (науқас киімімен, төсек жаймасын ауыстыруға, туалетті жүзеге асыруға, термометрияда, тамақтануда, физиологиялық қажеттіліктерін атқаруда көмектесу және т.б.), науқас жағдайының өзгерістерін бақылауды, сонымен қатар, асқыныстардың алдын алу іс-шараларын жүргізуді талап етеді.

    Арнайы күтім – тек нақты бір ауруларда жүргізілетін күтімнің арнайы іс-шаралары – хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы ауруларда және т.б. Мысалы, науқасты урографияға немесе басқа рентгенологиялық зерттеу әдістеріне дайындау.
    1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


    написать администратору сайта