С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
Скачать 5.78 Mb.
|
Семіздіктің 3 түрі бар:- әйелдерге тән түрі (гиноидты семіздік) – тері асты май сан және жамбас аймағына жиналады (сурет 40 а);- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);- аралас түр. Сурет 40 Семіздік түрі а – әйелдерге тән, б – еркектерге тән Дене салмағының индексін анықтау дене салмағы артық адамдарда семіздікті ерте диагностикалауға және жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін болжауға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл әдістің жеткіліксіздігі де бар. Адамның тамақтану жағдайын анықтаудың тура әдісі оның бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасын анықтау. Бел айналымын өлшеу Бел айналымы сантиметрлі лентамен қабырға асты аймақ пен жамбас сүйектері арасынан өлшенеді (ең жіңішке бөліктен) тыныс шығаруда. Бел айналымының қалыпты көрсеткіші: әйелдерде 80 см кем, ал еркектерде 94 см кем. Сан айналымын өлшеу Сан айналымы жамбастың ең шығыңқы бөлігінен өлшенеді, сантиметлі лента шап аралығы деңгейіне жақын көлденең қойылады. Май қабатының жиналу сипаты бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасымен анықталады, қалыпты жағдайда әйелдерде <0,85; еркектерде <1,0. Қалыпты жағдайда – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан көп, семіздікте – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан кем (сурет 41). www.telenir.net/zdorove Сурет 41. Бел айналымының сан айналымына қатынасы 4.6 Термометрия Адамның дене температурасы ағзаның жылу жағдайының, ағзадағы энергия алмасу көрсеткіші болып табылады және салыстырмалы тұрақты болады. Температураны үнемі бір қалыпта ұстап тұру бір-бірімен байланысқан процестер арқылы, ол жылудың пайда болуы мен ағзадан сыртқы ортаға шығуы арқылы іске асады. Егер жылудың пайда болуы жылудың бөлінуіне тең болса, дене температурасы тұрақты болады. Егер жылудың пайда болуы жылудың бөлінуінен басым болса, онда ағзаның ысып кетуі, не жылулық соққы болуы мүмкін. Егер жылудың бөлінуі жылудың пайда болуынан басым болса, ағзаның тоңазуы болады. Термореттеуде нервтік және гуморалды механизм қатысады. Қоршаған ортаның температуралық құбылуы терморецепторларға әсер етіп, бас миына импульстар түседі және гипоталамуста орналасқан термореттеуші орталықты белсендіреді. Бұл орталықты белсендіру жылудың пайда болуын және жылудың бөлінуін өзгертеді, дене температурасы қалыпты болады.Жаңа туған және төс еметін балаларда термореттеу толық қалыптаспаған (жылудың бөлінуі жылудың пайда болуынан басым). Адам денесінің әр жерінің температурасы әртүрлі болады. Ең төмен тері температурасы қол саусақтары мен табанда болады, ең жоғары - қолтық астында, оны сол жерде өлшейді. Дені сау адамның температурасы 36,2-36,9°С тең. Тік ішекте температураны өлшегенде 37,5°С дейін қалыпты деп есептеуге болады. Тәулік ішінде адамның дене температурасы тәуліктік биоырғаққа сай аздап көтеріліп немесе түседі: ең төменгі температура түнде сағат 2-4-де , максималды - сағат 16-19 аралығында байқалады [6, 7, 29, 32]. Дене температурасын өлшеу нәтижелерін бағалау: Гипотермия - 36 °С төмен Қалыпты - 36,0 - 36,9°С Субфебрилді - 37,1 -ден 37,9°С-ға дейін Фебрилді - 38,0-ден 39,0°С-ға дейін Пиретикалық (жоғары) - 39,1-ден 40,9°С-ға дейін Гиперпиретикалық (өте жоғары) - 41°С-ден жоғары. Леталды ең жоғарғы температура (өлім болатын температура) 43°С құрайды. Леталды ең төмен температура - 15-23%. Термореттеудің бұзылуы қабыну және жұқпалы аурумен бірге болатын қызба кезінде, қан-айналымның бұзылуы (қарт адамдар жылы күні әсіресе аяғы мен бел аймағының тоңуына шағымданады) эндокриндік жүйенің жасқа сай өзгеруі (көп әйелдерде климакс кезеңінде ысу сезімі болады), ішімдіктер қолдану кездерінде байқалады. Температураның жоғарылауы (гипертермия, ысып кету) – қызба белгілері болып табылатын ағзаның жылу балансының бұзылуымен және жылуды ұстаудың жоғарылауымен сипатталатын жағдай. Қызба – пирогенді факторлардың әсерінен (микроорганизмдер, бөтен ақуыздар) термореттеуші орталық қызметінің белсенді қайта құруы негізінде жатқан ақаулы процесс. Қызба және гипертермия – бұл дене температурасының жоғарылауы жалпы белгісі болып табылатын ақаулы процесс. Олардың басты ерекшелігі қызба кезінде дене температурасының деңгейі сыртқы ортаның температурасына байланысты емес. Гипертермия кезінде тікелей байланыс болады. Өзінің биологиялық маңызы бойынша қызба - бұл қорғаныс-бейімделу реакциясы, ал гипертермия – термореттеудің бұзылу сынығы, осыған байланысты науқасты жүргізу тәсілі әртүрлі. Қызбаның тәуліктік температурасының тербелісіне байланысты бірнеше типтерін ажыратады (сурет 42). С vmede.org урет 42. Т vmede.org емпературалық қисық типтері 1. Үнемі қызбада (febris continua) дене температурасы жоғары, 39°С шамасында, бірнеше күн немесе аптаға дейін 1°С аралық айырмашылықта тербеліп, ұстап тұрады. Жедел жұқпалы ауруларда кездеседі: бөртпелі сүзек, крупозды пневмония және басқ. 2. Босаңсу немесе ремиттирленген қызба (febris remittens) дене температурасының айқын тәуліктік тербелісімен сипатталады (2°С дейін және одан жоғары), іріңді аурулар кезінде кездеседі. 3. Ұстамалы немесе интермиттирленген қызба (febris intermittens) дене температурасы бірден 39—40°С дейін және одан жоғарыға көтеріліп, қысқа уақыт ішінде қалыпты және субқалыпты сандарға түсумен сипатталады; 1-2-3 күннен кейін көтерілу мен түсу тағы қайталанады. Малярияға тән. 4. Гектикалық немесе әлсірететін (қажытатын) қызба (febris hectica) дене температурасы үлкен тәуліктік тербелісімен сипатталады (3°С жоғары) және қалыпты, не субқалыпты сандарға бірден түсуімен сипатталады, ремиттирленген қызбаға қарағанда температураның тербелісі жоғары; септистік жағдайларда және туберкулездің ауыр формасында кездеседі. 5. Бұзылған қызба (febris inversa). Таңертеңгі температурасы кешкіден де жоғары болады, туберкулезде, созылған сепсисте кездеседі, болжамы қолайсыз. 6. Атипиялық (дұрыс емес) қызба (febris athypica) ең көп кездеседі. Дене температурасының тәуліктік тербелісі әртүрлі, ұзақтығы анықталмайды. Ревматизм, пневмония, дизентерия, тұмауда кездеседі. 7. Қайтымды қызба (febris recurrens). Дене температурасы бірден жоғары сандарға дейін көтеріледі, осы сандарда бірнеше күнге дейін ұстап тұрады, сосын қалыпты сандарға дейін төмендейді. Бірнеше уақыттан кейін қайтадан қызба және ремиссия ауысып отырады (қызба ұстамасы бірнеше рет болады, 4-5 дейін). Бұндай қызба типі спирохетоздарға тән (қайталамалы сүзек және басқ.). 8. Толқын тәрізді қызба (febris undulans). Температурасы біртіндеп көтеріліп, біртіндеп түседі. Температураның көтерілу және түсудің бірнеше толқындары болуы мүмкін, қайтымды қызбадан айырмашылығы температура біртіндеп көтеріледі және біртіндеп түседі. Бруцеллезде және басқа ауруларда кездеседі. Дене температурасын медициналық термометрмен өлшейді (қызу өлшегіш). Термометрдің келесі түрлерін ажыратады: сынапты, электронды немесе сандық, инфрақызыл [29]. |