Главная страница
Навигация по странице:

  • Бас жағы Аяқ жағы

  • Орындық-арбаға науқасты отырғызу реттілігі

  • 3.6.7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері

  • 3.6.8 Науқас өз бетінше қозғалғанда көмектесу

  • ТАРАУ IV ФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ

  • 4.1 Адамның негізгі қажеттіліктерінің сипаттамасы

  • Адамның бірінші деңгейдегі қажеттіліктері – физиологиялық қажеттіліктер

  • Екінші деңгей– сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі

  • Үшіншідеңгей – әлеуметтікқажеттілігі

  • Төртіншідеңгей – сыйлау және өзіңді сыйлау қажеттілігі

  • Бесінші деңгей – өз ойын білдіру қажеттілігі

  • Өмір сүру заттарын шығару қажеттілігі .

  • Ұйықтау және демалу қажеттілігі

  • Жыныстық қажеттілік.

  • Қауіпсіздік қажеттілігі.

  • Сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі.

  • Өз ойын білдіру қажеттілігі

  • 4.2 Науқастың жалпы жағдайы

  • Жалпы жағдайы қанағаттанарлық

  • Орта дәрежелі ауырлық жағдайы

  • Аса ауыр жағдай (агонияалды)

  • Терминалды (агоналды) жағдай

  • С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


    Скачать 5.78 Mb.
    НазваниеС. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
    Дата04.02.2022
    Размер5.78 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2_5319030238309518777.docx
    ТипДокументы
    #351279
    страница12 из 27
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

    Басы

    Басы

    Аяғы

    Аяғы



    Кереует

    Кереует



    Бас жағы

    Аяқ жағы



    www.medchitalka.ru

    Бас жағы

    Аяқ жағы


    Сурет 18.

    Науқасты каталкадан кереуетке бұрышпен ауыстыру

    3.6.6 Орындық - арбамен тасымалдау

    Кейбір жағдайда науқасты бөлімге орындық-арбамен тасымалдау пайдалы. Науқасты бұл әдіспен тасымалдау  – жайлы және ыңғайлы [29, 32].

    Көбіне арнайы орындық-арбамен әлсіреген науқастарды, егде және қария жастағы науқастарды тасымалдайды. Мысалы, науқасты жатқан қалпында тасымалдау және өз бетінше жүру қарсы көрсеткіш болып табылса тасымалдауды орындық-арбамен жүзеге асырады (бронх демікпесі, өкпе ісінуі) (сурет 19).





    reton-n.ru


    Сурет 19.
    Науқастарды тасымалдауға арналған орындық-арба
    Қауіпсіздік мақсатында орындық-арбаның дұрыстығын тексеріп, науқасқа орындық-арбаға отырудың тәсілін түсіндіру керек.

    Орындық-арбаға науқасты отырғызу реттілігі

    Кереуетте науқасты отыруына көмектесу қажет. Науқастың халатын, шәркейін дайындап, киінуіне көмектесу.

    • Орындық-арбаны науқастың физикалық күшінің көптеу жағына кереуетке аздаған бұрышпен қойяды. Орындық-арбаның шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін алып тастап, тежеуіштерді бекіту керек.

    • Науқас тасымалдауға дайын болғанда, оның бөксесі кереует жиегіне таянуы керек, себебі ауыстырғанды тепе-теңдікті сақтау мақсатында. Науқас аяқтары еденде тұрып, өкшелері қозғалыс жағына қарай бағытталуы керек. Бұл отыруға ыңғайланған науқас денесін бұрған кезде аяқтарының шатаспауына әкеледі.

    • Медқызметкер орындықтан алыс тұрған аяғын науқас тізелері арасына, ал екіншісін қозғалыс бағыты бойынша қояды. Құрсақ және бөксе бұлшықеттерін күштеп, тізелерін бүгіп, арқаны тік ұстауы керек.

    • Науқасқа жақын тұру қажет. Науқасты «3» реттік саны айтылғанда тұруы керектігін ескертеміз. Әрбір реттік санда науқас алдыға немесе артқа шайқалып тұруға серпін алады, «3» реттік саны айтылғанда тасымалдаушы науқасты өзіне қысып және арқасын тік ұстап науқасты көтеруі керек (сурет 20).



    С

    урет 20.


    Науқасты кереуеттен орындық-арбаға отырғызу

    • Әрі қарай медқызметкер науқас денесімен бірге бұрылып, науқас санының артқы беткейі орындық жиегін сезінгенше ұстайды.

    • Абайлап науқасты орындыққа отырғызады. Бұл үшін тізелерді бүгіп, арқаны тік ұстау керек. Науқас орындыққа отырған соң шынтақ таянышын және аяқ тіреуішін орнына қойып, науқас аяқтарын аяқ тіреуішке орналастырады.

    • Тасымалдауды жүзеге асырамыз.

    Егер науқас қозғала алмаса, ауыстыруға екі немесе одан көп адам қатысады

    3.6.7 Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері


    М едициналық мекемелерде науқасты тасымалдауды жеңілдету үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады: балдақтар, ит арба, таяқ және қолдаушы белдемелер (сур. 21).




    а б

    Сурет 21.

    Ит арба көмегімен қозғалу

    а – дөңгелейтін, б – қозғайтын
    Ит арба қозғалыс координациясын жақсартады, тепе-теңдікті сақтайды және аяқтарына жүктемені азайтады. Ит арбаның адымдаушы және адымдаушысыз моделдері бар. Адымдаушысыз модель - қатты конструкция болып келеді, бір бүтін әсер етеді. Адымдаушы моделдер түтікті, яғни ит арбаның оң жағымен сол жағын бекітеді, шарнирлері бар, ол арқылы науқас алдыға қарай қозғалғанда сүйенеді.

    Ит арбаның биіктігі науқас бойымен түзетіледі. Науқас қолдары, ит арбаның ұстағышында жатады, шынтақ 20 дан 30°- қа дейін бүгіледі. Науқастар тұрақты, жақсы таңдалған аяқ киім киюі керек. Барлық ит арбалар сатымен көтеріліп немесе түскенде қауіпсіз емес. Сонымен қатар, ол абажадай және қолайсыз, есіктерге сыймай тіреліп қалуы мүмкін.

    Қозғалыстағы әлсіреген немесе координациясы бұзылған науқастарды құлап қалудан сақтау үшін сенімді бекіту мақсатында көмекші жалпақ мықты белдемені қолдана алады, ол науқасқа киім сыртынан киіледі және құлыппен бекітіледі (сурет 22).






    Сурет 22.

    Қолдаушы белдемелер
    Науқас қозғалғанда бір қолымен көмекшінің мойынынан ұстайды, ал көмекші науқасты бір немесе екі қолымен белдемеден ұстайды. Мұндай белдеме көмекшіге науқасты қозғалтқанда аз күш жұмсауға және дұрыс бақылауды жүзеге асырауға әсер етеді.

    Науқастарды тасымалдайтын заттар болмаса, басқа да әдістерді қоладнуға болады. Науқасты тасымалдайтын әдіс жарақат сипатына және ауырлығына, зардап шегушінің салмағына, көмек көрсетуші адамдардың санына және олардың физикалық қабілеттіліктеріне, қолда бар заттардың барлығына сәйкес болады. Маман емес адамдардың зардап шегушілерді тасымалдауы, тек дәрігерлер мен құтқарушылардың келген уақытына дейін науқасқа төніп тұрған қауіпті алдын алу кезінде қолданылады.

    Алыс қашықтыққа науқастарды тасымалдауы иықбау қолдану арқылы жеңілдетіледі, бұл қол басына жүктемені азайтады.

    Науқасты иықбау көмегімен тасымалдау

    Бір тасымалдаушы иықбау арқылы науқасты тасымалдай алады, иықбау сегіздік немесе соңымен қосылады (сурет 23).





    Сурет 23.

    Иықбау көмегімен науқасты тасымалдау:

    а - иықбауды дайындау; б - иықбауды кию; в - иықбаудың және алдыңғы тасымалдаушының қолының қалпы; г - иықбаудың және артқы тасымалдаушының қолының қалпы; д - бір тасымалдаушының тасымалдауы; е - екі тасымалдаушымен тасымалдау.
    Тасымалдаушы иықбауды өз бойымен өлшеп, науқас аяғына кигізеді де оны сау бүйіріне жатқызады, науқасқа арқасымен тығыз қысып ұстайды да иықбауды өзіне кигізеді, иықбау кеуде қуысына айқасып келуі керек. Осыдан кейін төрт аяқтап тұрып, бірінші бір тізесін содан кейін бар бойына баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушының иығынан ұстайды. Доға болып бүктелген иықбауды өз бойына шақтау қажет. Иықбауды екі қолының бас бармағына іліп алып, шынтақ буынын тік бұрышпен бүгеміз.

    Науқас иықбауын дұрыстап, сау бүйіріне жатқызады, тасымалдаушы иықбаусоңымен қосылып, бір жақ жартысы бөксе астына, ал екінші жартысы қолтық астына беріледі - арқада; иықбаудың бос ұшы жерде жатуы қажет. Осылайша науқас бүйірлеріне тұзақ құрылып, оған тасымалдаушы өз қолдарын өткізеді де иықбауды өз иығына тартады, содан кейін науқасты арқасына салып баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушыға тартылған иықбауда отырады.

    Екі тасымалдаушы болғанда науқасты иықбауды сегіздік ретінде қолданып тасымалдайды. Иықбауды айқастыра тағып, оның деңгейі жамбас-сан буынына сәйкес келуі керек, ал иықбау ұштары тұзақ ретінде біреуінің оң жақ, екіншінің сол жақ иығы арқылы өтуі керек. Тасымалдаушылар науқасқа артқы жағынан келіп, бір – біріне бетімен қарап бір тізелеріне отырады (біреуі оң жағына, екіншісі сол жағына), науқасты көтеріп, қосылған тізелеріне отырғызады да иықбауды науқас бөксе астына өткізіп, аяқтарына көтеріледі.

    Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау иықпен, қолмен немесе арқамен жүзеге асырылады (сурет 24 а).





    Сурет24.

    Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау:

    а — қолмен; б — арқада; в — иықта.

    Алыс емес қашықтыққа науқасты тасымалдау үшін тасымалдаушы бір тізесіне отырып, бір қолымен науқастыңбөксе астынан, келесі қолымен жауырын астынан ұстайды; науқас тасымалдаушы мойынынан ұстап алады. Тасымалдаушы тұрып, тасымалдайды. Бұл жағдайда күш қолға және кеуде қуысына түседі.

    Алыс қашықтыққа науқасты тасымалдау арқаға салу арқылы жүргізіледі. Науқас биіктеу жерге орналасып, тасымалдаушы бір тізеге төмендеп арқасымен науқас аяқтарының арасына қарап тұрады да сандарынан ұстап көтеріледі, науқас тасымалдаушының кеудесінен ұстайды (сурет 24 б).

    Ессіз жатқан науқасты қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда иыққа салу арқылы тасымалдайды (сурет 24 в).

    Науқасты екі тасымалдаушының қолдары арқылы тасымалдауы

    Тасымалдау екі әдіспен жүзеге асады: 

      1. Бір тасымалдаушы науқастың кеуде жағын көтеріп, білегін шынтақта бүгіп оның денесін құшақтап білектерінен «маймыл тәсілмен» ұстайды, ал екіншісі науқас аяқтарының арасына арқасымен тұрып тізе буынынан төмен көтереді. Осыдан кейін екеуі де тіктеліп науқасты тасымалдайды. (сурет 25 а). 





    dic.academic.ru


    а б в

    Сурет 25

    Науқасты екі тасымалдаушымен тасымалдауы

    а — «бірінің артынан бірі» әдісі; б — үш қолдан «құлып» әдісі;

    в — төрт қолдан «құлып» әдісі

    Аяқ-қол сынықтарында және омыртқа зақымдалғанда бұл амалды қолданбайды.

      1. Тасымалдаудың ең тиімді әдісі «қол құлпы» болып саналады. Бұл әдіс науқастың есі бар және құтқарушылар мойнынан ұстай алатын жағдайында қолданылады. Бос қолдарымен науқасты ұстай отырып тасымалдаушылар қозғала алады (сурет 26 б).

    “Құлыппен”- тасымалдау екі қолдан орындық жасау арқылы жүзеге асырылады (сурет 26).
















    pda.mchsmedia.ru



    Сурет 26.

    «Қол құлпы»:

    1 — үш қолдан «құлып» әдісі; 2 — төрт қолдан «құлып» әдісі

    ”Құлыпты” төрт қолды байланыстыру арқылы жасайды; ол үшін ір тасымалдаушы оң қолдарымен қздерінің сол қолдарын ұстайды (қол басынан), ал сол қолымен – келесі тасымалдаушының оң қолын ұстайды (қол басынан). Егер науқас аз салмақта немесе тасымалдауда қолдау қажет болса, онда “құлып” екі қолмен жасалады (бір қол біріншінің, екіншісі екіншінің) немесе үш қолдан (тасымалдаушының екі қолы және келесе тасымалдаушының бір қолы).

    Науқасты «бір қырымен жату» қалпымен және

    «аяқтарын салбыратып отыру» қалпымен тасымалдау

    (бір мейірбикемен орындалады)

    Іс-шараның орындалуы:

    • Науқасқа қарама-қарсы тұру: сол қолын иық астына жіберу, оң қолын – тізе астына, жоғарыдан ұстау арқылы. Аяқтарын тізеде бүгу. Еңкеймеу керек!

    • Науқастыкөтеру, аяқтарын төменге түсіру және бір уақытта 90°горизонатальді қалыпта төсегінде аудару.

    • Науқасты бір қолымен иығынан ұстап, келесімен денесінен ұстап отырғызу.

    • Науқастың тұрақты және сенімді отырғандығына көз жеткізу. Арқасына тірек қою.

    • Науқасқа шәркей кигізу, егер оның аяғы еденге тиіп тұрса немесе еденге жетпесе аяқ астына орындық қою (сурет 27).




    healthworker.ru


    Сурет 27.

    Науқасты «бір қырымен жату»қалпымен және

    «аяқтарын салбыратып отыру» қалпымен тасымалдау [6]
    «Иықпен көтеру» әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа отырғызу арқылы тасымалдау (екі адам қатысуымен орындалады)

    Іс-шараның орындалуы:

    • Орындықты кереуеттің қасына қояды.

    • Науқасты ауыстырып, аяқтарын бос салбыратып отырғызады.

    • Науқастың екі жағынан бетіне қарап тұру.

    • Науқасқа жақын қолдарын сан астына жіберу.

    • Сандарынан бөксеге қарай науқасты қолдап ұстау.

    • Науқас қолтық астына иықтарын қою, ал науқас қолдарын медқызметкерлер арқасына салады.

    • Бос қолды шынтақта бүгіп, кереуетке тіреу ретінде қолданып науқастың бөксе артынан көтеру.

    • «3» саны реттігінде мейірбикелер тік тұрғанша тізе мен шынтақты тіктеу.

    • Науқасты бос қолымен арқасынан қолдай отырып орындыққа отырғызу.

    • Тіреуші орындық отырғышына және шынтақ асты тіреуішіне қолдықояды.

    • Тізе мен шынтақты бүкпей науқасты орындыққа отырғызу (сурет 28).







    Сурет 28

    «Иықпен көтеру» әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа отырғызу арқылы тасымалдау [6, 7]

    Кереуеттен «иықпен көтеру» әдісі (австралиялық көтеру)

    (екі адам қатысуымен орындалады) (сурет 29).

    Іс-шараның орындалуы:

    • Науқасқа отыруға көмектесу: бір мейірбике науқасты қолдап, келесі – бас жағына жастық қояды (немесе кереует бас жағын көтереді).

    • Екі жағынан бір-біріне бетімен қарап науқас кереуетіне жақын тұрады.

    • Мейірбикелер иықтары науқас арқасының деңгейінде, аяқтары алшақ, арқаларын тік ұстайды, аяқтарын тізе буынында бүккен, қозғалыс бағытына қарай бас жағындағы аяқтары бұрылған.

    • Науқас қолтық астына және кеудесіне иықтарын қояды. Қол басы науқас санының астына енгізеді. Науқас қолдарын мейірбикелер иығына салады.

    • Бір қолымен кереует бас жағына тіреліп (шынтақ бүгілген), келесі сан астындағы қолы көмекшінің білезігінен ұстайды («екі реттік білезіктік ұстау»).





    Сурет 29

    Кереуеттен «иықпен көтеру» әдісі [6, 7]


    • Науқас қасындағы аяғын тіктеу, дене салмағын келесі аяққа ауыстыру, науөасты көтеру. Треуші шынтақты жазу.

    • Науқасты төсегінен толық тұрғызу, аз арақашықтыққа ауыстыру және тағы да науқасты төсегіне аяқтарын бүгіп тұрып отырғызу.

    Науқасты керек қашықтыққа ауыстыру

    3.6.8 Науқас өз бетінше қозғалғанда көмектесу

    Науқастың қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда, яғни жеңіл жарақаттарда өз бетімен көмекшінің қолына тірелу арқылы қозғала алады.

    «Қолдары арқылы ұстау» әдісі (сурет 30)

    Іс-шараның орындалуы:

    • Науқас қолдарын айқастыруын өтініп, оларды кеудеге қысу (егер бір қолы әлсіз болса науқас күштірек қолымен оны ұстайды).

    • Науқастың арқа жағынан келеді (отырған орындық немесе кресло артынан).

    • Өз қолдарын артынан қолтық асты аймағына өткізу, науқасты қолдарының білезігінен ұстау

    • Науқасты тасымалдау

    Сурет 30

    Қолдары арқылы ұстау
    Науқас жүрісі кезінде қолдау (сурет 31)

    І с-шараның орындалуы:

    • Науқастың қасына тұру

    • «Бас бармақпен алақанды ұстау»әдісін қолдану: науқастың оң қолын өзінің оң қолымен ұстайды (немесе сол қолымен сол қолын), науқас қолы тік, алақанымен мейірбике алақанына тіреледі

    • Басқа қолымен науқасты шынтақтан немесе қолтық астынан, белінен ұстап қолдау.

    • Науқасқа жақын тұру, оның тізелерін оң жақ аяғымен қолдау (егер мейірбике оң жағында тұрса)

    • Науқаспен қатар қозғалу.


    Сурет 31.

    Науқас жүрісі кезінде қолдау

    «Көтерілген шынтақты қапсыра ұстау»

    әдісі арқылы науқасты ұстау(сурет 32).

    Іс-шараның орындалуы:

    • Орындықта (төмен кереуетте) отырған науқасқа бүйірінен бетімен қарап тұру

    • Бір аяғын орындықтың жанына қою, келесісін өкшені жеңіл бұрып науқас аяғының алдына қою, оның тізелерін өз аяғымен бекіте отырып

    • Науқасты алдыға қарай саны арқылы еңкеюін (немесе оған көмектесуін) сұрау және оның иығы сіздің кеудеңізге тығыз орналасуы қажет.

    • Науқас арқасы арқылы алдыға қарай еңкейіп және оның шынтақтарынан қатты ұстаймыз да төменнен тірейміз.

    • Науқас иығы сіздің қолыңызға тіреу ретінде қолдану мақсатында өз иығыңызды ыңғайлы қоясыз.

    • Науқасты қажет жеріне ауыстырамыз.

    Сурет 32

    Көтерілген шынтақты

    қапсыра ұстау

    «Қолтық астынан қапсыра ұстау»

    әдісі арқылы науқасты ұстау (сурет 33)

    Іс-шараның орындалуы:

    • Орындықта (төмен кереуетте) отырған науқасқа бүйірінен бетімен қарап тұру

    • Бір аяғын орындықтың жанына қою, келесісін өкшені жеңіл бұрып науқас аяғының алдына қою, оның тізелерін өз аяғымен бекітеді.



    Сурет 33.

    Қолтық астынан қапсыра ұстау



    • Науқас қолтық астына қол басын енгізу: бір қол басын алдынан артқа қарай бағыттау, алақанды жоғары қарату, бас бармақ қолтық астына енбейді, келесісін –артынан алдыға қарай бағыттау, алақанды жоғары қарту, бас бармақ сыртта қолтық астына енбейді.

    • Науқасты алдыға қарай саны арқылы еңкеюін (немесе оған көмектесуін) сұрау және оның иығы сіздің кеудеңізге тығыз орналасуы қажет.

    • Науқасты қажет жеріне ауыстырамыз.



    Науқасты тасымалдаудың кез-келген әдісін қолданбас бұрын қызметкер іс-шараға алдын-ала дайындалуы керек. Ол үшін науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатып, науқасқа әс-шараның мақсатын және жолын түсіндіріп, келісімін алу қажет. Тасымалдау әдісін, қосымша көмектің керектігін таңдау үшін науқастың жіне қоршаған ортаның жағдайын бағалау маңызды (еден ылғалдылығы, денде бөгде заттың болуы, кереует биіктігі және т.б.). Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қолқап киген тиімді.

    Науқасты тасымалдамас немесе тұрғызбас бұрын оны ыңғайлы жатқызып немесе отырғызып дене биомеханикасын есепке аламыз. Сондықтан, тасымалдау, ауыстыру немесе қозғалту кезінде мед.қызметкердің омыртқалары мен кеудесіне түсетін қысымды азайту үшін қолданылатын әдістерді пайдалануды білу аса қажет [6, 7].

    .

    ТАРАУ IV
    ФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ
    Ауруханадағы науқастың функционалды жағдайын бақылау үшін келесі көрсеткіштерді анықтау қажет:

    • Қажеттіліктің бұзылуы

    • Жалпы жағдайы

    • Есінің жағдайы

    • Төсектегі қалпы

    • Антропометриялық мәліметтер

    • Дене температурасы

    • Тері жамылғысының жағдайы

    • Тынысы

    • Пульс

    • Қан қысымы

    • Су балансы


    4.1 Адамның негізгі қажеттіліктерініңсипаттамасы

    1943 жылы орыс тегінен шыққан американдық психофизиолог А. Маслоу ұсынған қажеттіліктің иерархия теориясы кең таралды.Маслоу адамның 14 негізгі қажеттіліктерін көрсетіп, оны бес сатыға бөлді.Пирамиданың негізін фундаментті қажеттілік құрайды (сурет 34).




    Әлеуметтік



    www.dekanblog.ru


    Сурет13.

    Маслоудың қажеттілік пирамидасы

    Бұл теорияға сәйкес адамның қажетттілігі төменнен жоғары қарай дамиды, адам алдымен төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, одан соң жоғары деңгейдегі қажеттіліктер туындайды [22, ].

    Адамның бірінші деңгейдегі қажеттіліктері – физиологиялық қажеттіліктер:

    1. тыныс алу

    2. жеу

    3. ішу

    4. шығару

    5. ұйықтау, дем алу

    Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүруге қажет және оған тамақ, су, тұратын жер, дем алу және жыныстық қажеттіліктер жатады.

    Екінші деңгей– сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі:

    6. таза болу

    7. киіну, шешіну

    8. температураны ұстап тұру

    9. дені сау болу

    10. қатерден, аурудан, күйзелістен қашу

    11. қозғалу

    Сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі болашақта сыртқы ортадан келетін қатерден физикалық және моралды қорғау қажеттілігін туындатады және болашақта физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратынына сенеді.

    Үшіншідеңгей – әлеуметтікқажеттілігі:

    12. сөйлесу

    Әлеуметтік қажеттілікке біреуге тәуелді болу немесе басқалардың сені қабылдау сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас сезімі, бауыр басу және қолдау сезімдері кіреді.

    Төртіншідеңгей – сыйлау және өзіңді сыйлау қажеттілігі:

    13. жеңіске жету

    Сыйлау қажеттілігіне өзіңді сыйлау, жеке жетістіктері, біліктілігі, қоршаған ортаның сені сыйлауы, мойындауы жатады.

    Бесінші деңгей – өз ойын білдіру қажеттілігі

    14. ойнау, оқу, жұмыс істеу.

    Өз ойын білдіру қажеттілігі - алға қойған мақсаттарын іске асыру және тұлға ретінде өсу қажеттілігі.

    Оттегі қажеттілігі – дұрыс дем алу адамның ең негізі физиологиялық қажеттілігі. Оттегі жетіспегенде тыныс жиі және беткей болады, ентігу мен жөтел пайда болады. Ұзақ уақыт болған гипоксия көгеруге әкеледі, терісі және көрінетін шырышты қабаттары көгереді. Бұл қажеттілікті ұстап тұру мейірбикеге басты мақсат болып табылады. Адам осы қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өміріне қажетті қандағы газ құрамын қалыпты деңгейде ұстайды.

    Тамақ қажеттілігіденсаулықты сақтауға және көңіл-күйдің жақсы болуына аса маңызы бар. Дұрыс және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмектеседі. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы мал майына және холестеринге байтағамдарды үнемі қабылдағанда пайда болады. Жарма және өсімдік жасұнығына бай тағамдар тоқ ішектің қатерлі ісігі дамуы каупін төмендетеді. Тағамда ақуыздың көп болуы жараның тез жазылуына көмектеседі.

    Бұл қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, мейірбике науқасқа дұрыс және адекватты тамақтану туралы кеңес беру және үйрету. Науқасқа күнде жемістер мен көкөністер, ботқалар, сүт тағамдары, майсыз ет, балық, құстарды жеу ұсынылады, аздап сары май және кілегей, бірақ жұмыртқаның сарысын, қантты, тәтті тамақтарды, тұзды, спиртті ішімдіктерді шектеу қажет.

    Тамақты қайнатып, пісіру қажет, бірақ қуыруға болмайды.Тамақ қажеттілігі қанағаттандырылмағанда адам денсаулығы бұзылуы мүмкін.

       Сұйықтық қажеттілігі - бұл күнде 1,5-2 л сұйықтықты қолдану: су, тәтті сусын, бірінші тамақтар, жемістер, көкөністер. Осы көлемдегі сұйықтық несеппен, нәжіспен, термен, тыныс алғандағы бумен бөлінетін шығынның орнын толтырады. Су тепе-теңдігін сақтау үшін, адам шыққан сұйықтықтан артық мөлшерде суды қолдану керек, өйткені сусыздану белгілері пайда болуы мүмкін, жүйелер мен мүшелердің қызметі бұзылмас үшін, 2 литрден артық сұйықтық ішуге болмайды. Науқастың денсаулығы мейірбикенің сусыздану мен ісінулердің пайда болу қаупін болжай білуіне тікелей байланысты.

       Өмір сүру заттарын шығару қажеттілігі. Бірқатар қажеттіліктерді қанағатандыруды кейінге қалдыруға болады, бірақ өмір сүру заттарын шығару қажеттілігін ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. Көптеген науқастар бұл істі тек өзіме қатысты деп есептейді және медициналық қызметкерге айтқысы келмейді. Бұзылған қажеттілікті қанағатандыруда мейірбике оны жалғыз қалдыруға болмайды, науқастың құқығын сыйлауға және құпияны сақтауды қамтамасыз етуі қажет.

       Ұйықтау және демалу қажеттілігі – ұйқы қанбағанда қандағы қанттың деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі бұзылады және ойлау процестері баяулайды, көңіл бөлуі бұзылады, есте сақтау бұзылады. Түннің жартысына дейін ұйықтамаған адамда, фагоцитоз, иммунды қорғанысқа жауап беретін қандағы клеткалардың саны екі есеге азаяды.

       Ауру адамға ұйқы өте қажет, өйткені оның көңіл-күйін жақсартуға көмектеседі. Адам ұйықтап жатқанда сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау төмен болғанымен, бұл белсенді жағдай болып табылады. Адамның ұйқысына көптеген факторлар әсер етуі мүмкін: физикалық шаршау, дәрілер, наркотиктер, өмір салты, эмоционалды күйзеліс, қоршаған орта және физикалық күш. Ауырсынумен, физикалық шаршаумен, қорқу және депрессиямен қосарланған кез-келген ауру ұйқының бұзылуына әкеледі. Мейірбике тағайындалған дәрілік заттардың әсер етуі мен ұйқыға әсерін науқасқа түсіндіру қажет.

       Дем алу – физикалық және психи­калық белсенділіктің төмендеген жағдайы. Ұзақ уақыт қыдырып жүргенде, кітап оқығанда немесе арнайы босаңсыту жаттығуларын жасау кезінде дем алуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық шам, басқа адамдардың болуы дем алуғакедергі келтіреді.

       Адамның өмір сүруіне дем алу және ұйқы қажет, ол ұйқыда жатқанда қажеттілігін қанағаттандыруға қол жеткізеді және мейірбикеге көмек көрсете алуы мүмкін.

       Қозғалыс қажеттілігі. Қозғалыстың шектелуі немесе қозғала алмау адамға көптеген мәселелерді туындатады. Бұндай жағдай ұзақ және үнемі болуы мүмкін. Ол шина салынған жарақаттан кейін, арнайы аспапты қолдану арқылы аяқтарды созу, созылмалы аурулары кезінде ауырсыну, ми-қан айналым бұзылыстарынан кейінгі көріністердің (инсульт) салдарынан болуы мүмкін.

       Қозғала алмау – ойық жараның пайда болуы, тірек-қимыл мүшелері, жүрек, өкпе жұмыс қызметі бұзылуының қатерлі факторының бірі. Ұзақ уақыт қозғалмағанда асқорыту жүйесінде өзгерістер байқалады: диспепсия, метеоризм (іштің кебуі), анорексия (тәбеттің төмендеуі), іш өтунемесеіш қату. Үлкен дәретке отырғанда қатты күшену көтен ішекке, миокард инфарктіне, өкпе артериясының тромбоэмболиясына, жүректің тоқтауына әкелуі мүмкін. Әсіресе жатқан қалыпта қозғала алмау, несептің шығуын бұзады және қуықта, астаушаларда қабынудың, бүйрек пен қуықта тастың пайда болуына әкеледі.

       Қозғалмаудың ең басты мәселесі науқас қоршаған ортамен араласа алмағандықтан, тұлғаның қалыптасуына біршама әсер етеді. Науқастың қозғалмауының ұзақтығы мен дәрежесіне байланысты психоәлеуметтік өрісінде мәселелер туындауы мүмкін; оқуға ынтасы, уәждемесі (мотивация)төмендейді, сезу мен эмоциясы кемиді.

       Мейірбике қозғалысты бар мүмкіндігінше қалпына келтіруге, балдақты, таяқты, протезді қолдана отырып, өз бетінше қозғалуға науқасты бағыттаса, науқастың өмір сүру сапасын жақсартуда үлкен маңызы бар.

       Жыныстық қажеттілік. Ол ауырсада немесе жасы ұлғайсада бітпейді. Адамның сексуалды денсаулығына ауру, даму ақаулары әсер етуі мүмкін. Көп адамдар шындап сексуалды мәселесі болса да, бұл тақырыпта ашық айта алмайды. Науқаста бар және потенциалды сексуалды мәселені шешуге көмектесу, денсаулық аспектілерінің барлық жағынан үйлесім табуына қол жеткізеді. Науқаспен әңгімелескенде қалыпты сексуалды түсінік және ең көп таралған бұзылыстары туралы нақты негізгі білім болуы керек; адамның бағыты, мәдениеті, религиозды пікірі сексуалдықажеттілікке әсерін түсіну керек; мейірбике құзіреті шегінен шыққан мәселені анықтауды үйрену және науқасқа маманның кеңесіне жүгінуді ұсыну (сексолог дәрігері, сексопатолог, андролог).

       Қауіпсіздік қажеттілігі. Көп адамдарғақауіпсіздік деген беріктік және жайлылықты көрсетеді. Әрқайсымыз үй, киім, біреудің көмегін қажетсінеміз. Науқас өзін қауіпсіз жағдайда сезінеді, егер де керует, кресло немесе каталка бекітілген болса, палатада және дәлізде еден құрғақ және басқа заттар болмаса, қараңғы мезгілде бөлме жарық болса, көзі көрмегенде көзілдірігі болса. Науқас ауа-райына байланысты киінуі керек, тұратын жері жылы болуы керек, қажет жағдайда көмек көрсетілуі керек. Науқас өз қауіпсіздігін қамтамасыз еткендігіне және айналадағыларға зиян келтірмейтініне сенімді болуы керек. Күйзеліс жағдайын ушықтырмауы керек.

       Әлеуметтік қажеттілік – бұл отбасына, достарына қажеттілік, олардың қарым-қатынасы, бірін-бірі қолдауы, бауыр басу, жақсы көру. Адамдар өзін жақсы көруін, түсінуін қалайды. Ешкім өзін тастап кетуін, сүйкімсіз және жалғыз қалуды қаламайды. Егер осылай болса, онда адамның әлеуметтік қажеттілігі қанағаттандырылмаған.

       Ауыр ауруларда, жұмысқа қабілетсіздікте немесе жасы ұлғайғанда босқуыс (вакуум) пайда болады, әлеуметтік жалғасулар жоғалады. Осы жағдайларда әсіресе қарт және жалғыз адамдарда сөйлесу қажеттілігі қанағаттандырылмайды. Адам бұл туралы айтқысы келмесе де, әлеуметтік қажеттілікті әрқашан есте сақтау қажет. Науқастың әлеуметтік мәселесін шеше отырып, оның өмір сүру сапасын біршама жақсартуға болады.

       Сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі. Адамдармен әңгімелескенде, өзіңнің жеңісін туралы айналадағылардың бағалауына немқұрайлы қарай алмаймыз. Адамда сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі пайда болады. Еңбек қанағат әкелуі керек, ал демалыс –қанықты және қызықты болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық деңгейі неғұрлым жоғары болса, өзін сыйлау қажеттілігі қанағаттандырылады. Еңбекке жарамсыз және қарт адамдарда бұл сезім жоғалады, өйткені олардың жетістігіне ешкім қуанбайды, қызықпайды, оларда сыйлау қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіншілік жоқ.

       Өз ойын білдіру қажеттілігі – адам қажеттілігінің ең жоғарғы деңгейі. Өз ойын білдіру қажеттілігін қанағаттандыра отырып, әрқайсысы басқалардан да артық жасадым деп сенеді. Біреулері үшін өз ойын білдіру – бұл кітап жазу, басқалары үшін–бақ өсіру, үшіншісіне – балаларды тәрбиелеу.

    Мейірбике науқасты күту жоспарын құрғанда, өз біліктілігі аясында көмектесуі қажет.

    4.2 Науқастың жалпы жағдайы

    Науқастың жалпы жағдайын бағалау (жағдайының ауырлық дәрежесі) объективті және субъективті зерттеу әдістері негізінде іске асады. Жалпы жағдайының ауырлығы ағзаның өмірге қажетті қызметтері декомпенсациясының бар болуына және дәреже айқындылығына байланысты анықталады. Дәрігер жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты диагностикалық және емдік шаралардың көлемін және шұғыл жасалу сұрақтарын шешеді, ауруханаға жатқызу көрсеткішін анықтайды, науқасты тасымалдау және аурудың соңы (болжау) туралы айтады.

    Клиникалық тәжірибеде жалпы жағдайдың бірнеше өрбулерін ажыратады [29]:

    • Қанағаттанарлық

    • Орта дәрежесі

    • Ауыр

    • Өте ауыр (агония алды)

    • Терминалды (агония)

    • Клиникалық өлім жағдайы

    Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, егер ағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылмаса, аурудың көптеген симптомдары болуы мүмкін, бірақ олар әлсіз айқындалған және науқастың белсенділігіне кедергі келтірмейді. Есі анық, төсектегі қалпы белсенді, тамақтануы бұзылмаған, дене температурасы қалыпты немесе субфебрилді. Науқас өзін-өзі күте алады. Қанағаттанарлық жағдай аурудың жеңіл түрі ағымында немесе реконвалесценция кезеңінде болады (жазылу).

    Орта дәрежелі ауырлық жағдайы ағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылған, бірақ науқастың өміріне қауіп төндірмейді. Есі анық, бірақ бел-әлпеті ауырған адамның түрі. Негізгі аурудың симптомдарының аздап айқындығы көрінеді: әр жерінің ауыруы, әлсіздік, қызба, ентігу және басқалары. Науқастың қозғалыс белсенділігі шектелген. Науқастың белсенділігіжалпы әлсіздікті және ауырсыну симптомдарын үдетеді, бірақ науқас өзін-өзі күте алады.

    Ауыр дәрежелі ауырлық ағзаның өміріне қажетті қызметінің декомпенсациясы науқастың өміріне қауіп төндіреді, немесе мүгедектікке алып келеді.Науқастың төсектегі қалпы пассивті немесе мәжбүрлі, науқастың есін әртүрлі дәрежеде ауырлатуы мүмкін. Аурудың шағымы мен симптомдары біршама айқын: шыдатпайтын ауырсыну, қайта-қайта құсу, тыныштықта ентігу және басқа. Кейде науқас айқайлайды, көмекке шақырады, бет-әлпеті қайғылы түрде. Барлық ауыр жағдайдағы науқастар жедел түрде ауруханаға жатқызылады.

    Аса ауыр жағдай (агонияалды) ағзаның өміріне қажетті қызметінің бірден бұзылуымен сипатталады және тез арада қарқынды ем шаралары жүргізілмесе, науқас бірнеше сағатта немесе минуттарда қайтыс болуы мүмкін. Науқастың есі комаға түсуі мүмкін. Қалпы пассивті. Тыныс-алу, жүрек-тамыр және басқа жүйелер мен мүшелердің зақымдалу симптомдары айқындалған: тыныс алудың ақаулы түрі, ұйқы артериясында пульс әлсіз, әзер байқалады, тырысу және басқ. Реанимациялық бөлім жағдайында ем жүргізіледі.

    Терминалды (агоналды) жағдайестің толық болмауы байқалады, бұлшық еттер босаңсыған, рефлекстері болмайды. Көздің қасаң қабығы мөлдір емес, төменгі жағы түсіп кетеді. Ұйқы артериясында пульсібайқалынбайды, қан қысымы анықталмайды, жүрек тондары естілмейді, бірақ электрокардиограммада миокардтың электрлік белсенділігі тіркеледі. Әр кезде кезеңді түрде тыныс алу қозғалысы - Биот типті тыныс байқалады. Агония бірнеше сағатқа немесе минутқа созылады.

    Электрокардиограммада фибрилляция толқыны немесе изоэлектрлік сызықтың пайда болуы және тыныстың тоқтауы, клиникалық өлімнің болғанын көрсетеді. Өлер алдында науқаста тырысу, еріксіз несептің және нәжістің шығуы дамиды. Клиникалық өлімнің ұзақтығы бірнеше минутқа созылады, дер уақытында жасалған реанимациялық шаралар адамды аман сақтап қалуы мүмкін.

      1. 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27


    написать администратору сайта