Главная страница

С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Скачать 5.78 Mb.
НазваниеС. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
Дата04.02.2022
Размер5.78 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла2_5319030238309518777.docx
ТипДокументы
#351279
страница10 из 27
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

3.4.4 Залалсыздандырудың ауалық түрі

Ш ыны, металл, силиконды резеңкеден жасалған заттар үшін қолданылады. Ауалық залалсыздандыру - құрғақ-ыстықты шкабта құрғақ ыстық ауамен өткізеді. Бұл стерилизатор - дөңгелек немесе тікбұрышты формалы электрлік шкаф болып табылады (сурет 8).





www.8a.ru




Сурет 8.

Құрғақ- ыстықты залалсыздандыру


Залалсыздандыратын камерада тор және жаймалар бар, олар залалсыздандыруға ұшырайтын заттар, термометр және арнайы құрылым үшін құрғақ және ыстық ауаны бұлғану барысында қолданылады. Қажет температураны термоэлектрлік реле көмегімен қолдайды. Залалсыздандыруды бастамас бұрын ең алдымен шкафтан толық ылғалды ауаны жояды, кейін шкафтың есігі ашық кезінде тетікті іске қосып, камераны 80°С дейін ысытады. Осыдан соң есікті жауып, 10-15 минуттан кейін шкаф залалсыздандырудың толық дайын режиміне ауысады. Залалсыздандыру арнайы дымқылданбайтын қағазда, ылғалды сақтайтын қағаз қалтада немесе ашық ыдыста жүргізіледі


Зарарсыздандыру режимдері

Бірінші режим (негізгі) - температурасы 180°С, уақыты 60 минут. Шыныдан және металлдан жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Екінші режим (жеңілдетілген) - температурасы 100°С, уақыты 150 минут. Резеңкеден жасалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

3.4.5 Стерилизацияның химиялық әдісі

Полимерлі заттар, резина, шыны, коррозияға –берікметаллдарды залалсыздандыру үшін қолданылады. Залалсыздандыру пластмассадан жасалған жабық сыйымдылықта немесе эмальмен жабулы пластмассада жүргізіледі. Эмальмен жабулы пластмасса еш бұзылыссыз болуы керек. Қазіргі кезде залалсыздандыруға ашпа ретінде 6% сутегінің асқын тотығын және дезоксин-1 пайдаланылады.

Сутегінің асқын тотығыайқын залалсыздандырушы әсерге ие.

1. 6% сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен стерилизациялау режимі:

1) Температурасы 18°С, экспозициясы 360 минут.

2) Температурасы 50°С, экспозиция 180 минут.

Құрал-жабдықтардың экспозиция мерзімі аяқталғаннан кейін екі рет стерильді сумен жуады және стерильді контейнерге салады (стерильдік мерзімі – 3 тәулік).


2. «Дезоксон-1» ерітіндісінің коррозиялық әсері бар, сондықтан барлық заттарды стерилизациялауға келмейді.

«Дезоксон-1» ерітіндісімен зарарсыздандыру режимі:

1% ерітіндіні қолданады (200 мл препараты 8000 мл ағынды сумен араластырады). Дайын ерітіндіге толығымен салып қояды, температурасы 18°С, экспозициясы 45 минут. Стерилді суда жуады, 5 минутқа салып қойып, суды үш қайтара ауыстырады. Стерилді жаймаға салады. Стерилді мерзімі – 3 тәулік.

3.4.6 Стерилизацияның газды әдісі

Газды зарарсыздандыру әдісін термиялық өңдеуден өткізуге болмайтын объектілерді зарарсыздандыру үшін қолданады (сурет 9).


Бұл хирургиялық құрал-жабдықтар, оптикалық және радиоэлектронды құрал-жабдықтар, кескіш және шаншуға арналған құрал-жабдықтар микронды өткірлегішпен, кетгут, бір рет қолдануға арналған заттар және басқа да термиялық өңдеуге жатпайтын синтетикалық пластмасс заттары (зондтар, катетерлер және т.б.), булы, ауалық және химиялық (ерітінділер арқылы) зарарсыздандыруды қолдануға келмейтін заттар. Кейде газды зарарсыздандыруды термотұрақты заттарды зарарсыздандыруға қолданады.




Сурет 9.

Газды зарарсыздандырушы
Газды зарарасыздандырылуда қолданылады:

  • Этилен тотығы мен бромды метанның қосындысы. Стерилизацияны екі қабатты полиэтилен пленкасы жинамасында, жуандығы 0,06—0,2 мм, пергамент, дымқылды өткізбейтін қағаз қапшада жүргізеді. Газ мөлшері 2000 мг/дм3 экспозициясы - 240 сағат. Полиэтилен жинамасында зарарсыздандырылған заттардың сақтау мерзімі бес жылға дейін, крафт-қағазда - 20 тәуілік.

  • 16%-формалин буын оптикалық заттарды, кардиостимуляторларды,шыныдан жасалған заттарды, металлдарды, полимерлі материалдардан жасалған заттарды қауіпсіздендіру үшін қолданады. Стерилизаторды 2/3 көлеміне дейін зарарсыздандыруға дайындаған заттармен толтырады. Картоннан жасалған қораптан газы бар флаконды алады, полиэтиленнен жасалған қапша арқылы, бүтіндігін бұзбайды, тығынын ашады, флаконның ішіндегі затты полиэтиленнен жасалған қапшаға құяды содан кейін зарарсыздандыруға жіберілетін заттың бетіне қояды. Стерилизаторды қақпағымен жауып, бұранда арқылы тығыздап тығындайды. Аппаратты герметизациялаудан кейін ұсталымның басы белгіленеді.

Газды әдіспен зарарсыздандырылған өнімдер тек қана мұқият желдетіп алынғаннан кейін қолданылады. Металл және шыны өнімдер кем дегенде 1 тәулік желдетілуі керек, ал резеңке және полимерлерден жасалған өнімдер 5 тәулік, жаралы жерге ұзақ (30 минуттан ұзағырақ) байланысқа түскен өнімдер 14 тәулік, балаларға арналған өнімдер 21 тәулік желдетілуі керек.

Камералық газды зарарсыздандыру адамға жоғары уландырғыш әсерін тигізетіндіктен сирек қолданылады.

3.4.7 Зарарсыздандыру сапасын бақылау әдістері

Зарарсыздандыру – медициналық құралдарда микроағзалардың барлық түрлерінің, спорларының және токсиндерінің абсолютті болмауы.

Зарарсыздандыруды бақылау үшін 3 негізгі әдісті қолданады:

  • Физикалық

  • Химиялық

  • Бактериологиялық

Физикалық әдіс. Манометрлер, термометрлер, мановакуумметрлер және т.б. құрал-жабдықтарды қолдану температураны, бу қысымы немесе газды, зарарсыздадыру уақытын бақылауға мүмкіндік береді.

Химиялық әдіс зарарсыздандырудың тексерілуі үшін күн сайын қолданылады. Ол кейбір заттардың температураның ықпалынан балқу немесе түсін өзгерту қабілетіне құрылған. Индикатор ретінде бензойқышқылын (t° 122,36°), мочевина (132,7°), тиомочевина (187—182°), аскорбин қышқылын (187—192°) және т.б. қолдануға болады.

Бактериологиялық әдіс ең өзгеше әрі нақты. Стерилизаторға тірі тест-ағзамен флакон немесе бак.тестер қағазды ыдыста орналастырылады, олар зарарсыздандыру нәтижесінде өздерінің тіршілікке бейімділігін жоғалтады, осыған байланысты осы әдісті қолданады. Сонан соң, бұл микроорганизмдердің қоректік ортаға орнатылуы және олардың зарарсыздандырудан кейінгі тіршілікке қабілеттілігі белгіленеді. Бұл әдіс белгілі бір уақытты қажет етеді, бірақ ол стерилизатордың жұмысын әр түрлі режимдерде тексеру қабілетін иеленеді.

Бұл әдістің белгілі кемшіліктері бар: тест-ағзаның зарарсыздан-дырудан кейін қоректік ортаға орынауыстырылуына белгілі бір уақыт және асептикалық жағдайлар қажет [6, 7, 32].
3.5 Медициналық қалдықтар
Медициналық қалдықтар – бұл ауруханаларда, емханаларда, диспансерлерде, хоспистерде, аптекаларда, сотты-медициналық лабораторияларда, жедел көмек пен қан құю станцияларында қолданылып, жиналған байлам материалдары, бір реттік шприцтер және системалар, қолғаптар, халаттар, рентгендік пленкалар, тамақ блоктарында инфицирленген қалдықтар, жұқтырылған қан, тері құрақтары, кесіп алынған мүшелер, мерзімі өткен, бұрмаланған дәрілік заттар және басқа материалдар.

Аурухана қалдықтарында ауру тудыратын микроорганизм-дердің өте көп мөлшерде болуы, аурухана ішілік инфекцияның дамуының жоғары қатерлі қаупін туғызады. Патогенді микрофлорамен зақымдалған медициналық қалдықтары бар қоқыс өртенген кезде, қатерлі жұқпалы ауру қоздырғыштары желмен ұшып, айналадағы аймаққа таралады. Кей жағдайда қалдықтарды жерге көмгенде қауіпті микроорганимдер сумен шайылады, биорганика шіріктерінен бөлінген газ арқылы жер бетіне шығады.

Қазіргі уақытта ҚР барлық аймақтарында медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын ұйымдар бар.

ҚР ДМ №533 бұйрығына сай медициналық қалдықтар эпидемиологиялық, токсикологиялық және радиациялық қауіптілігі дәрежесіне байланысты класстарға бөлінеді. Басшының бұйрығымен ЕСМ әр құрылымдық бөлімшесінде қалдықтарды жинайтын, сақтайтын және оны тасымалдайтын жауапты адам болуы керек. Медициналық қалдықтарды жинайтын арнайы пластикалық және су өткізбейтін қағаз қаптар (пакеттер), матадан жасалған таралар, темір мен пластикалық ыдыстар, қауіпсіз утилизация қораптары, арнайы контейнерлер қолданылады. Қалдықтардың әр классын жинауға арналған қаптардың, контейнерлердің түсі әртүрлі болуы керек; ыдыстар– маркирленген болуы керек. Қауіпті қалдықтарды жинайтын темір мен пластикалық ыдыстар, арнайы контейнерлертығыз бекітілген болуы керек.

Қауіпсіз утилизация қораптары (ҚУҚ) тығыз (тесілмейтін) және су өтпейтін материалдан жасалынған, медициналық қалдықтардың шашылмауын немесе түспеуін қамтамасыз ететін бекіткіш клапаны бар. ҚУҚ тасымалдауға арналған ұстағышы болуы керек. ҚУҚ мөлшері медицинада қолданылатын бір реттік заттардың (шприцтер, инелер, системалар) тәуліктік жиналуынан аспау керек.

Қалдықтары бар қаптарды, пакеттерді, ыдыстарды, контейнерлерді тасымалдау үшін арбаларды қолданады. Арбаларды басқа мақсатта қолдануға болмайды.

Рұқсат етілмейді:

1) қалдықтармен жұмыс істеу кезеңдерінде әртүрлі класты араластыруға болмайды;

2) қалдықтарды қолмен тығындауға болмайды;

3) арнайы киімсіз және қолғапсыз жұмыс істеуге болмайды;

4) қалдықтары бар ыдыстарды электр құралдарының жанына қоюға болмайды.

3.5.1 Медициналық қалдықтардың жіктелуі

Медициналық қалдықтарды 5 классқа іріктейді және жинайды, оның ішінде қауіпті және аса қауіпті қалдықтарды алдын-ала залалсыздандырып, термиялық әдіспен жояды [7, 24, 29].

А классты қалдықтарды құрайды:

1) әкімшілік-шаруашылық бөлмелері;

2) тамақ блогі, буфетте, асханада, палаталарда;

3) азық-түлік қоймалары, көкөніс сақтайтын жер;

4) аурухана айналасы.

А классты қалдықтарды жинау ережелері:

  • Қалдықтарды көп рет қолданылатын ыдыстарға немесе пластикалық қаптарға (пакеттерге) жинау қажет. Көп рет қолданылатын ыдыстардағы қалдықтар мекеменің аймағына қойылған контейнерлерге салынады. Бір реттік қаптар (пакеттер) қалдықтармен бірге контейнерлерге салынады. Көп рет қолданатын ыдыстарды қалдықтан босатқан соң, жуу қажет.

  • Жұқпалы ауруханадан (бөлімше) басқа мекемелердің бөлімшелеріндегі тамақ қалдықтарын (сұйық, қатты) «тамақ қалдықтары үшін» деген маркирі бар темір немесе пластикалық ыдыстарға жинау қажет және малдардың жеміне қолдануға болады. Тамақ қалдықтарына арналған ыдыстар жуылып, залалсыздандырылуы керек.

Б классты қалдықтарды құрайды:

1) емдік-диагностикалық бөлімшелерінде;

2) клиникалық-диагностикалық лабораторияда;

3) 3-4 патогенді микроорганизм топтарымен жұмыс істейтін, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лабораторияларда;

4) патологиялық-анатомиялық бөлімдерінде;

5) сот-медициналық экспертиза мекемелерінде;

6) виварияда.

Б классты қалдықтарды жинау ережелері:

  • Медицинада қолданылатын бір реттік заттарды (катетерлер, зондтар, гинекологиялық айналар, шпателдер) және жұмсақ материалдар (мақта, турунда, тампондар, таңатын материалдар, бұраулар, астына салатын жаялықтар, науқастардың қаны жұққан бір рет қолданатын төсек жабдықтар және арнайы киімдер) бір рет қолданатын пластикалық пакеттерге жинап, қақпағы тығыз жабылатын көп рет қолданатын ыдыстарға (темір, пластмас) немесе ҚУҚ саламыз. Бір рет қолданатын пакеттерге салған соң аузы байлануы керек;

  • Шприцтер, системалар, инелерді бұзбай және залалсыздандырмай бірден ҚУҚ салынуы керек;

  • Биологиялық және патологиялық-анатомиялық қалдықтарды қақпағы тығыз жабылатын темір немесе пластикалық ыдыстарда жинауы қажет;

  • Клиникалық-диагностикалық, микробиологиялық, вирусологиялық (серологиялық), паразитологиялық лаборатория дағыбиологиялық қалдықтар темір (пластикалық) ыдысқа немесебикстерге жинауы қажет;

  • Сот-медициналық экспертиза және вивария мекемелеріндегі биологиялық қалдықтарды пластикалық немесе су өтпейтін қаптарға (пакеттер) жинап, қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарға (темір, пластмас) салынуы қажет;

  • Жұқпалы ауру бөлімшесі қалдықтары жою әдісіне байланысты (жағу, канализацияға лақтыру) қақпағы тығыз жабылатын бір реттік пластикалық пакеттерге немесе темір (пластикалық) ыдыстарға жинау қажет.

В классты қалдықтарды құрайды:

1) аса қауіпті және карантинді инфекциямен ауыратын науқастар бөлімшесі;

2) 1-2 патогенді микроорганизм топтарымен жұмыс істейтінлаборатория;

3) микологиялық клиника (бөлімше);

4) анаэробты инфекциялы науқастар бөлімшесі.

В классты қалдықтарды жинау ережелері:

  • В классты қалдықтарды бір рет қолданатын жұмсақ орамаға жинап, қақпағы тығыз жабылатын көп реттік ыдыстарға (темір, пластикалық) немесе 1-2 патогенді қоздырғыш топтарымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника шараларын қолдана отырып, бір реттік арнайы контейнерге салу. Бір реттік пакеттер төрттен үш бөлігіне толғанда аузы байлануы керек.

  • Микробиологиялық өскіндержәне штамдар, вакциналар бір рет қолданатын тығыз герметикалық орамаға жиналуы қажет.

А, Б, В класс қалдықтары 3-тәуліктен артық сақталмауы керек.

Г классты қалдықтарды құрайды:

1) емдік-диагностикалық бөлімшелері;

2) химиотерапия бөлімшелері;

3) патологиялық-анатомиялық бөлімшелері;

4) аптекалар;

5) қоймалар;

6) лабораториялар.

Г классты қалдықтарды жинау ережелері:

  • Г кластың 2 және 3 класс улы қалдықтарын жинап, тығыз герметикалық ыдысқа, 4 класс – пластикалық қаптарға оралады.

  • Қолданылған люминесцентті лампалар, сынабы бар құралдарды сақтағанда және тасымалдағандасынып қалмас үшін, жабық герметикалық ыдысқа жинау қажет. Люминесцентті лампалар, сынабы барқұралдарды салған ыдыстарды уақытша сақтау үшін мекемеден арнайы бөлінген бөлмеге қою қажет. Қолданылған люминесцентті лампалар, сынабы бар құралдарды қайта өңдеуге өткізу журналына есепке алу керек (демеркуризация)

Д классты қалдықтарды құрайды:

1) диагностикалық лабораторияда (бөлімшеде);

2) радиоизотопты лабораториядажәне рентген кабинеттері.

Д классты қалдықтарды жинау ережелері:

  • Д класс қалдықтарын жинау, сақтау және жою Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен бекітілген №97 31 қаңтар 2003 жыл, №2198 1 наурыз 2003 жылда мемлекеттік тіркеу құқықтық акті реестрінде тіркелген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған санитарлы-гигиеналықталаптар» (№5.01.030.03) санитарлы-гигиеналық ережелері мен талаптарына сай орындалады.

3.5.2 Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережелері

Қалдықтарды тасымалдау және уақытша сақтау талаптары

А класты қалдықтар пайда болғаннан бастап, ЕСМ аймағында орналасқан контейнерге бағытталуы керек және тығыз тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылуы қажет.

  • Б, В, Г, Д класты қалдықтарды уақытша сақтауға, медициналық мекемеден жеке бөлме қарастырылуы қажет.

  • Б және В класты қалдықтардыбөлмеде уақытша сақтау 3 тәуліктен аспау керек. Биологиялыққалдықтар плюс 5°С жоғары емес температурада сақталуы керек.

  • Б және В класты қалдықтардысақтау бөлмесі 2-ден кем болмауы керек: қалдықтарды сақтау, екіншісі - көп рет қолданылатын ыдыстарды жууға және таза ыдысты сақтауға. Қалдықтарды сақтау бөлмесінде болуы керек: желдеткіш, биологиялық және тамақ қалдықтарын сақтауға арналған мұздатқыш, стеллаж, бөлімшеден қалдықтары бар қаптарды (пакеттер) жинауға арналған контейнерлер, ыстық және суық суы бар қол жуғыш.

  • Жууға арналған бөлмеде ыдысты жуатын сыйымды ыдыс, тараны залалсыздандыру, судың ағуына арналған трап, таза ыдыстарды сақтауға арналған стеллаждар болуы керек. Бөлменің едені, қабырғасы, төбесі жуатын және залалсыздандыратын заттарға төзімді материалдан болуы керек. Бөлме қалдықтарды шығаруға ыңғайлы жерде болуы керек. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау бөлмесі корпустан шыға беріс жерге жақын орналасуы керек, ал сатылары бөлмеден қалдықтарды алып шығатын траппен қамтамасыз етілуі керек. Әр елде аурухана қалдықтарының жиналуы 1,3-тен 20 кг/күніне аралықта.

  • Б, В, Г және Д класты қалдықтарды ашық, медициналық бөлімшеден тыс жерлерде сақтауға болмайды.

  • Залалсыздандырылған тығыз биологиялық қалдықтар, қалдықтарды сақтайтын бөлмеге шығарылуы немесе көмуге немесе өртеуге бағытталу керек, сұйық биологиялық қалдықтар-септикке немесе канализацияға құйылады. Медицинада бір реттік қолданылатын заттары бар ҚУҚ қалдықтарды сақтайтын бөлмеге немесе өртеуге бағытталу керек.

  • Г класты қалдықтардыаша алмайтын жағдайда герметикалық контейнерде тасымалдау қажет. Қалдықтардың орамасы бұзылған жағдайда басқа орамаға салу керек, егер де қалдықтар төгіліп, шашылатын болса зақымдалған аймақты залалсыздандырады.

  • Мекеменің аумағында орналасқан контейнерлерді қою алаңының беті су өтпейтін (асфальт, бетон) қатты, автотранспорттың келуіне, артып-түсіру жұмысына ыңғайлы, емдеу корпусынан 25 м және тамақ блогынан 100 м арақашықтықтан кем болмауы керек. Ашық алаңда 5 контейнерден артық болмауы қажет.

  • А, Б, В,класты қалдықтар дымекеменің аумағынан тасымалдайтын осы жұмысты істеуге лицензиясы бар, шартқа отырған мекеменің арнайы транспортымен тасымалданады.

  • Аймақтан қалдықтарды шығару контейнердің үштен екі бөлігі толғанда немесе үш күнде бір рет шығарылуы керек.

  • Медициналық қалдықтар (А, Б, В класты қалдықтар) тығыз тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылып, арнайы қойылған пештерде немесе қондырғыларда залалсыздандырылады немесе өртейді.

Қалдықтармен жұмыс істейтін қызметкердің еңбек жағдайының санитарлы-эпидемиологиялық талаптары

  • Денсаулық сақтау қалдықтарымен, қанмен және биологиялық сұйықтықпен кірленген заттарымен жұмыс істейтін қызметкердің алдын-алу шараларын жақсы білуі керек, оны ақпараттандыру және оқыту, жұмысты дұрыс ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасын сақтау, жеке тазалықты сақтауы керек.

  • Қалдықтардың қауіпсіздік классына сай мекеменің қалдықтарды жинау, залалсыздандыру және тасымалдаумен айналысатын қызметкерлердің арнайы киімі мен жеке қорғаныс заттары (көзілдірік, қолғап, маска, респиратор, қалпақ, етік) болуы керек. Қолы қанмен және биологиялық сұйықтықпен кірленетін жұмыстарды резиналық қолғаппен істеу керек. Жұмыс кезінде қолында зақымдалулар болса, оны резиналы қолғаппен немесе лейкопластырмен жабулы болуы керек. Қан, сарысу немесе басқа биологиялық сұйықтықтың шашырау қаупінде төрт қабатты маскада және қорғаныс көзілдірікте жұмыс істеу керек.

  • Қызметкер жұмысқа алынған кезде және кезеңді түрде медициналық тексеруден өту керек.

  • Қалдықпен жұмыс істеуге жіберілген тұлға жұмысқа қабылданғанда және әр 6 ай сайын қалдықтармен қауіпсіз айналысу инструктажын өтеді, журналға инструктаж өткендігін тіркеп, қолын қою керек. Қызметкер гепатит В қарсы екпе жасату керек.

  • Жұмыс соңында санитарлық киімді жууға өткізу керек. В класты қалдықтарды жинап, залалсыздандырып, тасымалдаумен айналысатын адамның санитарлық киімін жумас бұрын, оны зарарсыздандыру қажет. Санитарлық киімді медициналық мекеменің кір жуатын бөлмесінде жуылуы қажет.

  • Қанмен және биологиялық сұйықтықпен жұмыс істейтін қызметкерарнайы киіммен, аяқ киіммен жұмыс істеуі қажет және арнайы киіммен жұмыс бөлмесінен тыс жерге шығуға болмайды. Үй киімін және арнайы киімді бөлек шкафқа салып, кезеңді түрде залалсыздандырып отыру керек. Қызметкерге жұмыс бөлмесінде тамақ ішіп, темекі тартуға болмайды.

  • Қалдықты жинауға арналған көп қолданылатын ыдысты алдымен залалсыздандырып, сосын жуып-шаюды резина қолғаппен және алжапқышпен жүргізу қажет [7,15].


3.6 Пациент және қызметкер үшін қауіпсіз орта
3.6.1 Емдеу-қорғау режимі

Емдеу-қорғау режимі – бұлберілген емдеу мекемесінде белгіленген нақты тәртіп. Осы режимнің негізінде бөлімшедегі науқасты күтудің дұрыс ұйымдастырылуы, науқастардың толық демалуы мен ұйқысының дұрыс болуы, дұрыс тамақтануы,теріс эмоцияның болмауын, физикалық күш түсудің болмау шарты қойылған [7, 30].

Аураханадағы күн тәртібі

Осы белгілеудегі бастысы рациональді күн тәртібі, қолайсыз сыртқы факторларды болдырмау (қатты сөйлеу, шу, есікті қатты жабу). Науқасты тітіркендіретін барлық жағдайларды болдырмау, теріс эмоциядан қорғау, медициналық күту құралдары теріс әсер етуі мүмкін (қан тиген мақта қалдықтары, шприц, скальпель қан іздерімен, шара, лас бинттер мен мақталармен толтырылған).

Науқастар хабардар болу үшін күн тәртібі ережелерін ең жақсы көрінетін жерге іледі (кесте 3).
Кесте 3.

Аураханадағы күн тәртібі


07.00-07.30

Науқастарды ояту, дене қызуын өлшеу, гигиеналық гимнастика (жалпы режимді науқастарға арналған), бөлімшені желдету.

07.30-08.00

Науқастардың тазалығы, бөлімшені жинастыру

8.00-8.30

Таңғы ас

8:30

Дәрі қабылдау

8:30-13:00

Емдеу шаралары, дәрігерлік қарау

14:30-16:00

Тынығу уақыты

16:30

Түстен кейінгі ас

16:00-19:00

Науқастардың туыстарының келуі, серуендеуі

18:0018:30

Кешкі ас

18:30

Дәрі-дәрмек қабылдау, емдеушаралары

19:00

Термометрия

20:40

Кешкі тазалық

22:00

Ұйқы

Емдеу–сақтандыру ережелерінің орындалуын мейірбике қадағалайды. Науқастың жазылуы ем қабылдауына ғана байланысты емес, күн тәртібін қатаң орындауына, барлық ауруханаларда қабылданған, осында науқастар туралы ережелер жазылған. Аурухананың емдеу-сақтандыру ережесін бұзса, науқас ауруханадан шығарылады, жарамсыздық парағына бұл туралы белгі қойылады.

Ауруханада жатқан уақыттағы науқастардың міндеттері:

  • белгіленген күн тәртібімен режимді қадағалау;

  • дәрігердің нұсқауларын қатаң түрде орындау;

  • белгіленген диетаны ұстану;

  • тамақтарды тоңазытқышта пакетке салып сыртына науқастың тегін, аты-жөнін, палатасының нөмірін және салған күнін белгілеп қояды. Тез бұзылатын заттарды тумбочкада және палатаның терезе алдында сақтауға тиым салынады;

  • палатада және аурухананың басқада бөлмелерінде тазалықты сақтау, төсекті және төсек жанындағы тумбаны таза ұстау;

  • жалпы гигиеналық ережелерді сақтау – тамақ ішер алдында қолды жуу, тісті тазалау және т.б.;

  • аурухана мүлігін күтіп ұстау, қолдану;

  • ауруханадан шығу уақытын туыстарына уақтылы айту.

Бөлімшедегі емдік-қорғау режимі науқастардың қимыл-қозғалыс белсенділігін қадағалауды қарастырады. Қимыл-қозғалыс режимі – науқасқа аурына және жағдайына байланысты рұқсат етілетін қимыл-қозғалыс мөлшері [7, 29].

3.6.2 Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі

  • Қатаң төсек режимі - науқас максимальді шектелген, төсекте активті қозғалу қатаң тиым салынады, тіпті бір бүйірінен келесіне бүйіріне орнын ауыстыру да. Бұндай режим реанимацияда және интенсивті терапияның бөлімшесінде, ота жасалғанан кейін, омыртқаның және бас ми жарақатынан кейін тағайындалады.

  • Төсек - науқас төсектен тұрмайды, отыра алады, бұрыла алады. Барлық жеке басына қатысты гигиеналық шаралар төсекте кіші медбикенің көмегімен жүргізіледі.

  • Жартылай төсек - науқас барлық уақытын төсекте өткізеді,төсектің шетіне отырады немесе тағам қабылдауға арналған орындықта отырады, таңертеңгілік тазалығын және дәретханаға медбикенің көмегімен бара алады.

  • Бөлмелік (палаталық) - науқас көп уақытын төсекте өткізеді, бөлменің ішінде еркін жүруге рұқсат етіледі. Барлық жеке басына қатысты шаралар бөлменің (палатаның) ішінде жүргізіледі.

  • Жалпы (еркін) - науқас бөлімшеде, аурухананың шекарасында және аурухананың аймағында белсенді қимыл қозғалысының шектелуінсіз бола алады. Дәлізде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге, аурухананың шекарасында серуендеуге рұқсат етіледі. Режимнің түрін тек дәрігер тағайындайды, рұқсатынсыз режимді өзгертуге болмайды.

Науқастың күтімі кезінде әрқашан да ауыр сырқатты науқастардың орын ауыстыруы және көтерілуі кезінде мәселелер болатын. Әсіресе толық, әлсіз, қарт, салмағы 80-100 кг-нан асатын немесе төсектегі жағдайын ауыстыруға мұршасы жоқ науқастармен жұмыс өте қиын.

Ауыр сырқатты науқастарға жайлы орын әрі қозғалмалы режим қамтамасыз ету мақсаты менжасалған функциональді төсек қазіргі кезде кең қолданылады (9-сурет).




www.medalnet.ru


9-сурет.

Функционалды төсек

Функциональді төсек басқарма бұрандамаларын қозғалту арқылы қалыптарын өзгертетін бірнеше секциядан құралады. Бас және аяқ шеттері керекті қалыпқа тез орнатылады. Бұл төсектерге науқастарға жағдай жасау үшін арнайы құрылғылар, яғни: төсек жанындағы үстел, дәріні тамшылатып құю үшін арналған штативтер, зәр қабылдағыш және судно сақтайтын бөлімшелер бекітілген.

Мейірбике бақылау үшін емдеу-сақтандыру режимін қамтамасыз ететін шараларда негізгі орын науқастың психологиялық жағдайына беріледі. Ауруханадағы жағдай тек қана гигиеналық емес, эстетикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Мейірбикелік персонал барлық этикалық және деонтологиялық ережелерге сай барлық науқастарға мейірімді әрі қамқор жағдайлар туғызу керек. Науқастар уақтылы және қажет мөлшерде тамақтануын қадағалау керек. Қажет жағдайда мейірбике науқастарды тамақтандырумен айналысады. Науқастар тамақ қабылдаудан бас тартқан жағдайда мейірбике шұғыл түрде дәрігерге хабарлау керек.

Сонымен қатар, науқастардың дұрыс тынығуы негізгі болып саналады. Мейірбике түскі тынығу уақытында және түнгі ұйқы кезіндегі тыныштықа және науқастардың дұрыс тынығуын бақылау керек (жарық беретін құрал-жабдықтардың, радио, теледидар және т.б. дер кезінде сөндірілуіне). Кіші медициналық персоналға науқастардың тынығуы кезінде палаталарда жинастыру жұмыстарын жасауға тиым салынуын айту керек.

Науқастармен сұхбат жүргізу - емдеу-сақтандыру режимінің бөлігі. Мейірбикелер науқасқа сауығуға деген үміті жүзеге асырылатынын айтып, оның көңіл-күйін көтеріп, бәрі жақсы келе жатқанын көрсету керек. Бұл кезде мейірбикенің шыншылдығы және мейірімділігі үлкен рөл атқарады.

Яғни, дұрыс құрастырылған емдеу-сақтандыру режимі науқастың емдеу мекемесінде болуы кезінде оған оптималды жағдай жасай отырып, науқастың сауығу процессіне оң әсер көрестетіндіктен үлкен рөл атқарады.

Аурухана ішілік инфекция (госпитальді, нозокомиальді) – науқастардың емдік мекемелерде сырқаттануымен жүретін инфекциялы аурулар. Аурухана ішілік инфекцияның жиі қоздырғышы антибиотиктерге резистентті ішек таяқшалары, алтын стафилококк, көк ірің таяқшасы, протей, клебсиелла, кандида саңырауқұлақтары болып табылады.

Аурухана ішілік инфекциялардың негізгі себептері – санитарлы-эпидемияға қарсы режимнің дөрекі бұзылуы: әсері төмен дезинфекциялық заттарды қолдану, сумен қамтамасыз етуде ақаулар, медицина қызметкерлерінің қолды өңдеуде гигиеналық нормаларды ұстанбауы, медициналық құрал-жабдықтарды стерилизациялау мен дезинфекцияны дер кезінде немесе сапасыз жасалуы.

3.6.3 Биомеханика туралы түсінік

Адам биомеханикасы - адамның қозғалысын зерттейтін қосымша ғылымдардың құрамдас бөлігі. Адам денесі бөлімдерінің қозғалысы уақыт және кеңістікте қозғалуын, ол көп буындардың қозғалысты бірдей және кезекпен орындауын көрсетеді. Буындардағы қозғалыс өзінің пішіні мен сипатына қарай әртүрлі, олар көптеген түсірілген күшке байланысты. Адамның барлық қозғалыстары бұлшық еттер көмегімен басқаратын тұтас ұйымдасқан іске заңды біріктірілген. Дененің биомеханика заңын науқастар және оған күтім жасайтын адамдардың жарақаттанбауы үшін білу қажет.

Биомеханика негіздері туралы ерте заманнан білген. Аристотель өзінің «Жануарлардың қозғалысы және қозғалыс бөліктері» табиғи ғылыми еңбегінде, 2300 жыл өткеннен соң биомеханика ғылымы деп атайды деп негіз салған. Өзінің ғылыми трактатында жануарлар өмірін және адам мен жануарлар қозғалыс заңдылықтары туралы суреттейді.

Көне заманның атақты ғалым - медигі (Гиппократтан кейін) Клавдий Гален (б. э. 131—201 ж.) болды. Гален ағзаның тұтастығын түсінді және функционалды ерекшелігіне байланысты нервтер үш топқа бөлінеді деп шешім шығарған: сезу мүшелеріне баратын және қабылдау қызметін атқарушы, бұлшық етке баратын және қозғалысқа жауап беруші, мүшелерге баратын және зақымдалудан қорғаушы. Оның негізгі еңбегі – «Адам денесі бөліктерінің міндеті».

Орта ғасырда механиканың дамуына атақты суретші, математик, механикжәне инженер Леонардо да Винчи (1452—1519 ж.) зерттеулері көп әсер етті. Леонардо функционалды анатомияның, биомеханиканың құрамдас бөлігінің негізін салушы болып табылады. Ол тек бұлшық еттің орнын ғана емес, дене қозғалысына әр бұлшық еттің маңызы туралы жазған. Мүшелердің қызметін зерттей отырып, ол ағзаны «табиғи механика» үлгісі ретінде қараған. Өз жұмысында былай деп жазған: «Бұлшық еттер қасындағы сүйектерден басталады және аяқталады, және ешқашанда бір ғана сүйекте басталмайды және аяқталмайды, өйткені олар өздерін қозғалтқаннан басқа ештеңе істей алмайды».

Биомеханика ғылымының негізін салушы италиялық табиғат зерттеуші, Мессин (1649) және Пизе (1656) университетінің профессоры Джованни Борелли болып табылады. Физика және астрономия аймағындағы жұмыстарынан басқа, матема-тика және механика тұрғысынан анатомия және физиология сұрақтарын дамытқан. Ол адам мен жануардың дене бөліктері және аяқ-қолдарының қозғалысы ауыр көтеруді, жүруді, жүгіруді, жүзуді механикалық принципімен түсіндіруге болатынын көрсеткен. Ол бірінші рет жүректің қозғалысын бұлшық еттің жиырылуы деп пайымдаған, кеуде клеткасының қозғалыс механикасын зерттей келе, өкпенің пассивті кеңеюін анықтаған.

Адам жүрісінің бірінші үш бөлімді математикалық талдауын 1891 жылы Вильгельм Браун және оның студенті Отто Фишер жүргізді. Браун және Фишер бірінші рет адам денесінің салмағын, көлемін зерттеді (зерттеуді мәйіттерге жасады), және алынған мәліметтер ұзақ уақытқа дейін биомеханикалық стандарт ретінде қолданылды.

Биомеханиканы білу клиникалық медицинаға қажет. Көбінесе мүшелердің биомеханикасын білу олардың жұмысын реттеуді түсінуге көмектеседі; протез-ортопедиялық заттарды құрастыруда биомеханика негізі болып табылады. Биомеханика мәліметтері қанайналым жүйесін диагностикалауда, жүрекке және өкпеге жасалатын отаға көрсеткішін немесе қарама-қарсы көрсеткіштерін анықтауға,жасанды қанайналым аппараттарын жасауға, жарақаттардың алдын-алу және емдеу мақсатында, спортсмендер жаттығу ғылыми жүйесін дамытуға, еңбекті ғылыми ұйымдастыруға қолданады.

Дененің биомеханика заңын науқастар және оған күтім жасайтын адамдардың жарақаттанбауы үшін білу қажет. Науқастың сүйек-бұлшықет жүйесі, анатомиялық ерекшеліктерін, ақау мен жетістіктерін білу науқасты тасымалдауға, оны әртүрлі қалыпта тасымалдау, төсектегі қалпын өзгертуге қажет. Медициналық қызметкерге де өз сүйек-бұлшықет жүйесі туралы білуі керек, өйткені тасымалдауға немесе науқастың дене қалпын өзгертуге жұмсайтын уақыт пен күшін дұрыс есептеуі қажет.

Науқасты тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру – медициналық қызметкер мен науқастың қауіпсіздігіне кепілдік береді, жоғары сапалы емдік және диагностикалық процесс жағдайымен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты әр тасымалдауға қатысатындар қауіпсіздік техникасымен танысуы керек.

Өзі жүру мүмкіндігі шектелген ауыр жағдайдағы науқас немесе адамды тасымалдау күрделі операция ретінде қаралуы тиіс. Бұндай адамдарды тасымалдар алдында істеу жоспары талқылануы керек: мақсаты және баратын жері, қозғалыс ұзақтығы, тасымалдау түрі және әдісі, операцияға қатысушылар саны, әрқайсының рөлі, қозғалу бағытының қысқалығы және қауіпсіздігі, науқастың қалпы, оның жабдығы, қозғалуға көмектесетін заттар. Тасымалдауды тәжірибесі бар мейірбике басқарады, ол өз кезегінде емдеуші дәрігерден науқастың ауру ерекшелігі және тасымалдау кезінде науқас жағдайы нашарлауының алдын-алуы туралы нұсқау алады.

Науқастың өзін де тасымалдауды жүргізуге үйрету қажет. Егер науқас медициналық қызметкерге көмектесе алатын жағдайда болса, оған тасымалдау мақсаты туралы айтып беру керек, тасымалдауға ең ыңғайлы қалып туралы кеңесу, ұстаудың ауырмайтын әдістері, қолмен қармау әдісін қолданғанда қай қолынан ұстауға болатынын білу және тіреуге қай аяғын қолданатынын білу қажет. Егер науқас медициналық қызметкерге көмектесе алмайтын жағдайда болса, онда сенімділік және тыныштық жағдайын орнатуға тырысу керек, қозғалыстың басталғанын ескерту, қажет болса өткен кезеңдері туралы айтып отыру немесе қозғалыс кезінде болатын кедергілерді ескерту. Науқастың жағдайын үнемі мейірбике қадағалап отырады, ол қозғалыстың жылдамдығын, тоқтату, қауіпсіздіктің қосымша шараларын қабылдау немесе медициналық көмек шараларын жүргізеді.

3.6.4 Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістері

Науқастарды тасымалдау үшін арнайы құралдар қолданылады: каталкалар, орындық-каталкалар, зеңбілдер. Құралдарды қолданар алдында құрылымымен мұқият танысып, барлық бөліктерінің дұрыстығын тексеру қажет.

Жедел жәрдем автокөліктерінде науқасты зеңбілде (диагнозына сәйкес) бас жағын немесе аяқ жағын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдайды. Балаларды қолда ұстап тасымалдайды. Фельдшер көліктің салонында науқаспен бірге болып, оның жағдайын бақылап, қажет жағдайда көмек көрсету керек. Науқас туыстарының немесе таныстарының науқаспен бірге еріп баруын шешу фельдшердің құзырында. Балаларды ата-анасының қатысуымен тасымалдайды (сурет 10).
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27


написать администратору сайта