Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.4.6 Кіші мейірбикенің қызметтік міндеттері

  • 1.4.7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі

  • ТАРАУ ІІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮДЕРІС

  • 2.1 Мейірбикелік үдерістің кезеңдерінің мінездемесі «Мейірбике үдерісі»

  • 2.1.1 Бірінші кезең – мейірбикелік зерттеу

  • 2.1.2 Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)

  • Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар

  • Қазіргі кезде мазалайтын мәселелер

  • Болуы мүмкін мәселелер

  • Назардағы басты мәселелер

  • 2.1.3 Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау

  • 2.1.4 Төртінші кезең – мейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру

  • Толық -қанағаттандыратын көмек

  • Жартылай-қанағаттандыратын көмек

  • Кеңестік (сүйемелдеушілік)

  • 2.1.5 Бесінші кезең – мақсатқа жету кезеңін анықтау және нәтижені бағалау

  • ТАРАУ ІІІ АУРУХАНАЛЫҚ ОРТАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

  • 3.1 Инфекциялық қауіпсіздік

  • 3.1.1 АІЖ қоздырғыштары және таралу жолдары

  • 3.1.2 АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары АІЖ-нің жұқтыру көздері

  • С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


    Скачать 5.78 Mb.
    НазваниеС. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
    Дата04.02.2022
    Размер5.78 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2_5319030238309518777.docx
    ТипДокументы
    #351279
    страница6 из 27
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

    1.4.5 Мейірбикелердің қызметтік міндеттері

    • Пациенттің мейірбикелік көмекке қажеттілігін, жағдайының динамикасын, емнің тиімділігін бағалайды.

    • Алғашқы медициналық, оның ішінде шұғыл жағдайда, дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативті медициналық көмек көрсетеді.

    • Зертханалық тексеруге материалдар жинауды, медициналық құралдарды, таңу материалдарын және науқасты күтуге арналған құралдарды зарарсыздандыруды жүзеге асырады.

    • Дәргердің тағайындауын дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.

    • Әртүрлі жастағы және әртүрлі ақауы бар науқастарды күту бойынша іс-шаралар комплексін, ағзаға дәрінің енгізілуін жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық тексеруге, операцияға дайындайды, электрокардиограммаға түсіреді.

    • Дәрілік заттар және медициналық тағайындау құралдарына талап парағын толтырады, олардың қолдануын, сақталуын қадағалайды.

    • Тіркеу-есеп бойынша медициналық құжаттар толтырады.

    • Операциядан кейінгі кезеңде арнайы күтуді жүзеге асырады.

    • Салауатты өмір салты және тұрғындарға санитарлы-гигиеналық тәрбие бойынша үгіт насихат жүргізеді.

    • Медициналық этиканы, бекітілген жұмыс кестесін, ішкі еңбек тәртіп ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік ережелерін, санитарлы-эпидемиологиялық режимді сақтайды [18, 25].

    Мейірбикенің бекетте кезекшілікті қабылдауы және тапсыруы

    Кезекшілікті қабылдау және тапсыру пациентті емдеуде маңызды жұмыс болып табылады. Мейірбике бекетті келесі кезекшілік келгенше қараусыз қалдыруына болмайды. Кезекшілікті тапсыру кезінде бекет және палалатардың санитарлы жағдайы тексеріледі. Кезекшілікті қабылдап алушы мейірбике термометрдің санын, бір рет қолданылатын медициналық құралдарды: шприц, системалар, әртүрлі катетерлерді, бекеттегі басқа жабдықтар мен аппараттарды, артық төсек жаймаларын санап қабылдайды.

    Сандық есепке алынатын қалған медикаменттерді мұқият тексереді (наркотикалық препараттар, спирт, таңу материалдары), тіркеу журналындағы көрсеткіштер тексеріледі; шкафтың (сейфтің) кілті тапсырылады. Кезекшілік қабылдап алатын және тапсыратын мейірбикелер кезекшілікті тапсыру журналындағы барлық мүліктерге қол қояды.

    Наркотикалық дәрілер бар бөлімшеде кезекшілікті тапсыратын және қабылдап алатын мейірбикелер сейф кілтін тапсыратын арнайы журналға қол қойылады.

    Кезекшілікті тапсыру кезінде пациенттерді әртүрлі тексерулерге дайындық бойынша журнал тексерілуі қажет, міндетті түрді палаталарды аралап жағдайы ауыр науқастар тапсырылады. Күту құралдары кезекшілікке таза немесе стерильді түрде тапсырылады. Түнгі кезекшілік таңертең мейірбикелердің конференциясында аға мейірбике, дәрігерлер және бөлім меңгерушісінің қатысуымен тапсырылады. Конференцияда пациенттің жағдайы, тексерулерге немесе операцияға дайындығы, дәрігер тағайындауының орындалуы туралы баяндалады.

    Таңертеңгі конференцияда есеп беру кезінде міндетті түрде бөлімшедегі науқастарды қозғалысы туралы – түскендер мен шыққандардың, басқа бөлімшеге, басқа стационарға ауысқандардың және қайтыс болғандардың саны айтылады. Сонымен қатар, шыққандардың, ауысқандардың және қайта түскендердің аты-жөні күнделікті көрсетіледі.

    1.4.6 Кіші мейірбикенің қызметтік міндеттері (мейірбике көмекшісі)

    • Мейірбикенің жетекшілігімен өзінің міндеттерін атқарады.

    • Пациенттің психофизиологиялық жағдайы, емге және емшараларға реакциясы тіркеліп бағаланады.

    • Үйде және емдеу алдын-алу мекемесінде науқастарды күту және жағдайын бақылау мен бағалауды жүзеге асырады.

    • Алғашқы, дәрігерге дейінгі және паллиативті көмек көрсетеді, зертханалық тексеруге материал жинауды жүзеге асырады.

    • Аспаптарды, таңу және науқасты күту құралдарын зарарсыздандыруды орындайды.

    • Науқасты күту бойынша барлық іс-шаралар комплексін, ағзаға дәрі енгізуді жүзеге асырады.

    • Тіркеу-есепке алу бойынша медициналық құжаттарды жүргізеді.

    • Бөлмелердің таза болуын қамтамасыз етеді.

    • Науқастарды күту құралдарын дұрыс қолдану және сақтауды бақылайды.

    • Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздікті, санитарлы эпидемияға қарсы режимдісақтайды [18].

    1.4.7 Стационарлы көмектің көрсетілу кезектілігі

    Науқастың стационарға ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша жатқызылуы [12]:

    1) БМСК мамандарының жолдамасы және Портал жатқызылу бюросы арқылы жүзеге асады.

    2) шұғыл көрсеткіштері бар болса, мамандардың жолдамаларынсыз жатқызылады.

    Стационарға жоспарлы жатқызылу науқастың стационарға келуінен кейін 30 минут ішінде жүргізледі. Шұғыл жағдайларда науқас стационарға медициналық мекеменің санитарлы автотранспортымен, жедел медициналық көмектің станциясымен және медициналық қызметкермен бірге санитарлы авиациямен жеткізіледі. Басқа жағдайларда науқастар стационарға ішкі істер қызметкерлерімен немесе азаматтарымен жеткізіледі [13].

    Стационардың қабылдау бөлімшесінде тәулік бойы қабылдау жүргізіліп, науқастардың шұғыл түрдегі немесе жоспарлы медициналық көмекке тіркеу орнатылады. Стационардың қабылдау бөлімшесінде шұғыл медициналық көмек көрсетілу кезінде:

    1) науқастың жеткізілгенінен кейін 10 минут ішінде, ал өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл түрде салалы маманмен қаралуы;

    2) қарау нәтижесіне байланысты науқастың ауруханаға жатқызылуы немесе амбулаториялық немесе стационар алмастырушы жағдайда, ақпараттың тұрғызылған орнына байланысты БМСК-ке жіберілуі орнатылады;

    3) стационарлы емдеуді қажет етпейтін науқастарға амбулаторлы-емханалық жағдайларда емделуге ұсыныс беріледі.

    Науқасты стационарға жатқызу жағдайында:

    • Медициналық карта тағайындалу парағымен толтырылады.

    • Медициналық картаға емделушінің жалпы жағдайы жазылады, егжей-тегжей және дәйекті түрде шағымдары, ауруға шалдығудың анамнезі және өмірбаяны, объективті тексеру - деректері, айқынды паталогиясы, орындалған лабораториялық және функционалдық зерттеулері, клиникалық белгілері, алдын-ала қойылған диагноз, диагностикалық және емдік іс-шаралар жазылады, емделушіден емдік-диагностикалық іс-шара жасауға жазбаша келісім алынады.

    • Егер пациент медициналық көмекке жүгінген кезде алкогольды, наркотикалық немесе токсикалық улану белгілері кездессе, онда медициналық қызметкер науқастың медициналық картасында бұл туралы белгі қойылады.

    • Кейбір жағдайларда, диагноз қою үшін уақыт қажет болса динамикалық бақылау үшін, бұл жағдайда пациент қабылдау бөлімшесінің диагностикалық палатасында екі сағатқа қалдырылады. Осы уақытта шұғыл емдеу-диагностикалық шаралардың толық көлемі жүргізіледі.

    • Стационарға түскен жағдайда науқасқа медициналық мекеменің ішкі ережелі және күн тәртібі, оған медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлердің кәсіби статусы туралы мәлімет беріледі.

    • Медициналық көмек тек науқастың немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі келісімінен кейін ғана көрсетіледі. Науқас немесе оның заңды түрдегі өкілі медициналық көмектен бас тартуға құқылы. Науқастың медициналық көмектен бас тартуы оның салдарларымен бірге талқыланып, құжатқа жазылады, ол құжатқа науқас немесе оның заңды өкілі және медициналық қызметкер қолқояды.

    • Кәмелетке толмаған немесе қабілеті жоқ науқастардың заңды өкілі медициналық көмектен бас тартқан кезінде, науқастың өмірін сақтап қалу үшін медициналық мекеме қамқорлық және қорғаныш мекемесіне немесе/және сотқа мәлімдеме беруіне құқықтары бар.

    • Науқас медициналық көмек алған кезде өзінің денсаулық жағдайы туралы толыққанды мәлімет алуға, сонымен қатар қауіп қатері туралы және жасалайын деп отырылған емдеу әдістері жайында, егер емнен бас тартқан жағдайда қандай асқынулары болуы туралы, диагноз жайында, болжамы және емдеу шараларының жоспары туралы науқасқа түсінікті деңгейде мәліметтер алуға құқылы, сондай-ақ үйіне шығарылу немесе басқа медициналық мекемеге ауыстырылу себептерін түсіндіру керек.

    • Науқас адам ауруханаға түскеннен бастап қажетті күтім шаралары, емдік тамақтандыруды ұйымдастыру, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, емдеу-диагностикалық шараларды жүргізу басталады.

    • Науқас ауруханаға түскеннен кейін үш тәуілік ішінде клиникалық диагноздың қойылуы шарт. Кейбір диагностикалық жағынан түсініксіз жағдайларда, бұл туралы ауру тарихында диагноздың кешіктіру себебі жазылады және де тағы да қосымша диагностикалық зерттеу әдістері және мамандардың қосымша кеңестері белгіленеді. Клиникалық диагноз қойылған күні бұл туралы ауру тарихында жазылады.

    • Барлық ауруханаға түсіп жатқан науқастарда жұқпалы ауру бар туралы ой келсе, онда қатаң түрде санитарлық өндеу жүргізіледі.Науқастың жағдайына байланысты санитарлық өндеу жартылай және толық болуы мүмкін. Қажетті кезде науқастың киімдерін дезинфекциялайды.

    • Ауруханада айналасындағы адамдарға қауіп төндірген жағдайларда (жұқпалы аурулар, жұқпалы тері аурулары, психикалық өзгерістері бар науқастар) науқастарды бір-бірінен бөлек орналастыруы үшін бөлек орналасқан палаталар немесе бокстар болуы керек.

    • Ауруханаға түскен науқастардың барлығын мереке және демалыс күндерден басқа күндері күн сайын дәрігер қарайды, мереке және демалыс күндері кезекші дәрігер қарайды, диагностикалық және емдеу шаралары белгіленеді және бұл туралы ауру тарихына күнделік жазылады. Ауру туралы күнделік егер науқастың жағдайы қанағаттанарлық болса емдеуші дәрігер үш күнде бір рет жазады, орташа ауыр жағдайда күніне бір рет жазады, ал ауыр және өте ауыр жағдайларда күнделік жазу саны науқастың жағдайының өзгеруіне байланысты, өзгерістер пайда болған сайын, емдеуге түзету жасаған сайын, бірақ үш сағаттан сирек емес жазылады, шұғыл жағдайларда – әр кезең сайын шұғыл көмек көрсеткен уақытын белгілеп, сағат немесе минут сайын жазылады.

    • Бөлім меңгерушісі науқасты ауруханаға түскен күні қарайды, одан кейін медициналық көрсеткіштері бар болса қарап отырады (ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар күніне, ал орташа ауыр және қанағаттанарлық жағдайдағы науқастарды –аптасына бір реттен кем емес қарайды) және ауруханадан шығаратынның алдында қарайды. Бөлім меңгерушісінің науқастарды қарағанда жасаған мәліметтері диагнозы және нұсқаулары ауру тарихына жазылады және ол өз қолын қояды.

    • Балалар стационар жағдайында емделгенде:

    1) Үш жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар ауыр жағдайдағы үлкен жастағы балалар, дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін, анасына (әкесіне) немесе басқа да туысына күтім жасаған жағдайда, оларға оның жанында медициналық мекемеде болуына мүмкіндік беріледі, оларға уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат беріледі.

    2) Бір жасқа дейінгі баласын емізетін анаға осы медициналық мекемеде болған күндерінің бәрінде баласын күту уақытында тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

    3) Анасы (әкесі) немесе басқада адамға, стационарда жатқан балаға күтім жасап жатқан, тегін жататын төсекпен қамтамасыз етіледі.

    • Мектеп жасындағы балалар стационарда емделу уақытында стационар жағдайында үзіліссіз білім алуға құқығы бар.  

    • Диагнозды қоюға қиыншылық туғызған жағдайларда, беріліп жатқан емнің оң нәтижесі болмағанда және де тағы басқа да көрсеткіштер болған жағдайларда, емдеу бөлімі бастығының орынбасары емдеуші дәрігерден біліктілігі жоғары мамандардын немесе басқа салалы мамандардың кеңесіне жүгінеді, немесе қажет жағдайда республика деңгейіндегі мамандарды шақыртып консилиум ұйымдастырады (үштен кем емес жоғары дәрежелі мамандардың немесе басқа мамандардың қарауы, қажетті жағдайларда диагноз қою, емдеу тактикасын және болжамын анықтау мақсатымен науқасқа қосымша тексеру әдістерін жасайды). Науқас кеңес жасайтын немесе консилиумға қатысатын мамандарды таңдауға құқылы.

    • Ауруханадан шығаруға қарасты көрсеткіштерге жатады:
            1) Жалпылай алынған аурудың аяқталу жолдары (жазылу, жағдайының жақсаруы, өзгеріссіз, қайтыс болу, басқа медициналық мекемеге ауыстырылуы);


    2) Науқастың жазбаша арызына байланысты (немесе оның заңды өкіліне қарасты) емдеу курсының аяқталғанына дейін, егерде науқастың денсаулығына және оны қоршаған адамдарға қауіп-қатер туғызбаса. Бұл жағдайларда емдеуші дәрігер науқасқа емнің аяқталмаған салдарынан болуы мүмкін өзгерістер туралы мәлімет беріледі.

    • Егер аурухананың бекітілген ережелерін және күн тәртібін бұзған болса, және де емдеу-диагностикалық процессіне кедергі туғызылса, басқа науқастардың медициналық көмекпен қамтамасыз ету құқықтарына зиян келсе, онда науқас емін бітірмей жатып ауруханадан шығарылады (егер науқастың өміріне қауіп- қатер төнбеген жағдайда) медициналық ұйымның бастығының шешімі бойынша және медициналық құжатында белгі қойылады. 

    • Науқас стационардан шыққанда оның қолына форма 027/у беріледі, онда толық клиникалық диагнозы,  жүргізілген тексеру әдістерінің көлемі, жасалған емдеу шаралары және одан да кейінгі науқасты бақылау және емдеу үшін берілген нұсқаулар жазылады.

    • Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шет ел өкілдері ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқылы, егер олар шұғыл аурулармен ауырып қоршаған ортаға қауіп туғызған жағдайларда.

    • Қосымша медициналық ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемінен артық 2009 жылғы 30 желтоқсанындағы № 2299 Қазақстан Республикасының қайта қалпына келтіру құжатына «денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету және ережелерінің бекіту туралы» сәйкес көрсетіледі.


    ТАРАУ ІІ
    МЕЙІРБИКЕЛІК ҮДЕРІС
    Әлемде мейірбике ісінің негізін қалаушысы болып Флоренс Найтингейл (1820-1910) саналады. Жаралылар мен жағдайы ауыр науқастарға күтімді ұйымдастыруға өмірін аранған атақты қоғам қызметкер. Ф.Найтингейл науқастардың күтімі жөніндегі «Жазбалары» мейірім бикелерінің ең қажет қолжазбасына және мейірбике ісі философиясының алғашқы еңбектеріне айналды.

    Қазақстанда науқас күтімінің негізі халықтық медицинамен дамыған. Мысалы, шала туылған нәрестелерді 40 күн бойы арнайы бесік- тымақта ұстаған. Бұл кезде күтімді халық емшілері мен ауыл қариялары іске асырған. Ұрпақтан ұрпаққа сынықшылар дағдылары беріліп отырылған. Көшпенділердің гигиеналық мәдениеті тұратын жерлерінің тазалық сақтау дәстүрімен және тағам өнімдерін ұзақ сақтау дағдыларымен берілген. Киіз үй шаң борандарынан, ыстық пен суықтан сенімді қорған болып табылды. Әскери әрекеттер кезінде жаралылар мен науқастарға күтім көрсету кезінде лазарет қызметін атқарды.

    Заманауй Қазақстанда мейірбике ісінің даму тарихы кеңес денсаулықсақтауымен байланысты және 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысында ерекше күшті импульс алды. Қазақстанда көптеген әскери госпитальдар жасақталды, онда мыңдаған жаралылар ем алып және физикалық қалпына келді. Ол мейірбике бақылауы мен күтімінің нағыз мектебі болып саналды.

    Қазақстан Республикасында мейірбикелік мамандықты медициналық колледждарда алады, аяқтағаннан кейін біліктілік беріледі: «медициналық мейірбике», «фельдшер» (бұл мамандық АҚШ-та дәрігер көмекшісі немесе арнайы көмекші мамандығына сәйкес келеді), «акушер» (босануға көмектесетін медқызметкер). Мейірбике, фельдшер, акушер қызметі халық денсаулығын сақтауға, жоғары сапалы мейірбике көмегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Мейірбикелік үдеріс – бұл науқастың қажеттіліктеріне бейімделген, мейірбикелік көмектік көрсетілуінің ғылыми-негізделген жүйелік көзқарас. Мейірбикелік үдеріс науқастың мәселелерін шешу арқылы оның өмірлік қасиеттерін сақтауға негізделген [4, 7, 22, 25, 26, 27].
    2.1 Мейірбикелік үдерістің кезеңдерінің мінездемесі

    «Мейірбике үдерісі» - ағылшын термині; күту, қызмет көрсету, науқасты күту мағынасын білдіреді. Алғаш рет бұл терминді АҚШ-та Лидией Холл 1955 жылы қолданған. Мейірбике үдірісінің заманауй моделі 5 кезеңнен тұрады. Әрбір мейірбике үдірісінің кезеңі негізгі мақсатпен тығыз байланыста:

    науқаста пайда болған мәселелері мен қиындықтарынан сақтандыру, оларды жеңілдету, азайту немесе минимумға әкеп соқтыру [7, 9, 32].

    Мейірбикелік үдеріс бес кезеңнен құралады:

        1. мейірбикелік зерттеу;

        2. мейірбикелік диагностика (науқастың мәселелерін табу);

        3. мақсат қойып, ауруға мейірбикелік қатысуды жоспарлау;

        4. ауруға мейірбикелік қатысудың жоспарын жүзеге асыру;

        5. мақсатқа жету кезеңін анықтап, нәтижені бағалау.


    2.1.1 Бірінші кезеңмейірбикелік зерттеу

    Мейірбикелік тексеру екі әдіспен жасалады:

    • Субъективті тексеру әдісі пациенттен ол туралы жалпы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, жасы); олардың шағымдары мен сезім күйлерін; бейімделу реакцияларының болжамалы өзгерістері; науқастың қажеттерінің қанағаттандырылмаған жерлерін анықтау.

    • Объективті тексеру әдісібұл науқастың қазіргі кездегі жағдайын білуге арналған бақылау. Оларға науқастың антропометриялық көрсеткіштері, сана-сезімінің күйі, қажеттіліктердің бұзылуы, бет-әлпеттің көрінісі, төсектегі жайы, тері қабаты мен көзге көрінетін шырышты қабықтардың күйі, дене температурасы, тыныс, пульс, артериальды қысым, физиологиялық қажеттіліктерін жүзеге асыру.

    • Психологиялық - әлеуметтік жағдайды бағалау: отбасы жағдайы туралы мәлімет, аллергологиялық икемділік туралы, материалдық-тұрмыстық шарттар, науқастың ауруының ағысына байланысты жұмыс және басқа факторлардың шарттары, науқастың өмір салты туралы (хобби, діні, зиянды әдеттері, мәдениеттің ерекшеліктері) зерттеу;

    Науқас жайлы мәлімет толық әрі тура болу керек. Жиналған мәліметтің талдауы науқастың қажеттіліктерінің бұзылыстарын және науқастың күтімге қаншалықты зәру екендігін зерттеуге көмектеседі (зәру, жартылай зәру, қоршаған ортасына зәру, медициналық қызметкерлерден зәру).

    Мейірбикелік үдеріс тәуелсіз болып келеді және ол дәрігерлік үдеріске ауыстырыла алмайды, өйткені дәрігерлік және мейірбикелік үдеріс әр түрлі мақсатты көздейді.

    Дәрігердің мақсаты – дұрыс диагноз қою және дұрыс емдеу жасау. Мейірбикенің мақсаты–науқасқа ең қолайлы шарт қойып, оның емделуін жеңілдету. Сондықтан да мейірбике үшін аурудың себептері (инфекция, аллергия және т.б.) емес, аурудың сырттай көрінісі мен ағзаның қызметтерінің бұзылуы (ентігу, жөтел, ісіктер және т.б.)

    2.1.2 Екінші кезең – мейірбикелік диагностика (науқастардың мәселелерін анықтау)

    Диагностиканы жүргізу үшін «денсаулық» және «ауру» түсініктерінің мағынасын анық білу керек. БДҰ сарапшыларының белгілеуі бойынша «денсаулық» – бұл тек аурудың болмауы мен мүгедектіксіздік қана емес, ол ағзаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сақтандығы. Ауру (morbus) – бұл ағзаның сыртқы ортаның факторларының ықпалына, арнайы инфекциялық агенттерге жауап қайтару реакциясы, туа біткен бұзылыс немесе осы факторлардың қиылысуы. Әр ағза ерекше және әр қайсысы ауруға әр түрлі жауап қайтарады, сондықтан бір аурудың клиникалық белгілері әр науқаста әрқалай болуы мүмкін. Яғни, аурудың клиникалық белгілері екі факторға байланысты қарастырылады: ағзаның/тіндердің зақымдануы және ағзаның ауруға жауап қайтарып, әрекеттесуі.

    Диагностикалық үдеріс симптомдарды және синдромдарды анықтаудан басталады. Симптомдар – бұл аурудың белгілі бір белгілері (гр. symptoma – белгі, ұқсастық). Мысалы, жөтел, ентігу, ауру, лейкоцитоз, гематурия, миокардтың гипертрофиясы. Синдром – (гр. syndromos – «қосарлана жүгіру») жетілу механизіміне байланысты өзарашарттасқан симптомдардың жиынтығы. Синдромдардың анықталуы дұрыс диагноздың қойылуының маңызды бөлігі, өйткені синдромдардың бірқатары белгілі бір аурудың ерекшеліктері болып келеді.

    Диагноз (гр. diagnosis – «айырып тану») – аурудың болмысы мен науқастың жай-күйі туралы дәрігердің қысқаша тұжырымы. Дәрігерлік диагноздың негізгі құрылымында жазылады: негізгі ауру, негізгі аурудың асқынуы және негізгі ауруға қосарланған ауру.

    Негізгі ауру – қазіргі кездегі басыңқы ауру. Негізгі аурудың асқынуы – аурудың клиникалық белгілерінің нәтижесінде негізгі аурудың ағысында пайда болған патология. Қосарланған ауру – негізгі ауруға ілесіп, оған еш байланыспайтын, қазіргі кезде басыңқы болып келген патология.

    Диагнозды және оның негізделуінің шығарылу кезіне байланысты диагноздың мына түрлері ажыратылады: алдын-ала, науқастың клиникалық қарау кезінде алынған мәліметтер мен субъективті тексеру әдістерінің негіздеріне байланысты орнатылған диагноз; клиникалық, науқастың стационарға түскеннен бастап 3 тәуліктің ішінде алынған дәлелденген қосымша зерттеулердің (зертханалық және құрал-жабдықтар арқылы) нәтижелерімен негізделген диагноз; қорытынды, науқастың стационардан шыққанынан алдында жасалатын диагноз; қайтыс болғанда берілетін құжат, науқастың қайтыс болу жағдайында; патологоанатомиялық диагноз – патологиялық-анатомиялық тексеруден кейінгі берілетін диагноз.

    Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығы

    • Дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік диагноз науқастың мәселелерін анықтауға бағытталған.

    • Дәрігерлік диагноз барлық ауырған уақытта өзгеріссіз қалуы мүмкін, ал мейірбикелік диагноз жиі өзгеруі мүмкін, ағзаның аурумен әрекеттесуіне байланысты күнде өзгеруі де мүмкін.

    • Дәрігерлік диагноз көбінесе біреу болады, мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін (4-6).

    • Дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибеге байланысты емдеуді қамтиды, ал мейірбикелік диагноз – медициналық манипуляцияларды қамтиды.

    • Дәрігерлік диагноз ағзада пайда болған патофизиологиялық өзгерістерге байланысты. Мейірбикелік диагноз науқастың өз денсаулығы жайлы көзқарасына байланысты.

    Мейірбикелік диагнозбұл мейірбикелік зерттеудің барысында орнатылған науқастың денсаулығының бағалануы, бұл мейірбике өзі ескерте немесе/және шеше алатын мәселенің қалпы. Бұл көбінесе науқастың шағымдарына негізделген симптомды немесе синдромды диагноз.

    Мейірбикелік диагнозда ауру қарастырылмайды (бұл дәрігердің мақсаты), мейірбикелік диагнозда науқастың өз ауруына реакциясы қарастырылады, сондықтан диагнозды құру кезеңінде науқастың өмірінің барлық сфералары ескеріледі. Физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік диагноздарға бөлінеді.

    Мейірбикелік диагноздың тұжырымдалуына мысалдар

    • Физиологиялық диагноз:

    • жедел немесе созылмалы ауру;

    • жеткіліксіз немесе тым көп тамақтану;

    • жұтынудын бұзылуы;

    • тері жамылғы бүтіндігінің бұзылуы;

    • қимыл белсенділігінің төмендеуі;

    • тыныс алудын қиындауы, жөтел;

    • қызба;

    • зәрдің тұрып қалуы, зәрді ұстамау;

    • іш қату, диарея, метеоризм;

    • шаршағыштық (жалпы әлсіздік);

    • ағзаның қорғаныш қызметінің төмендеуі және т.б.

    • Психологиялық диагноз:

    • эмоциональды тонустың төмендеуі;

    • өз жағдайының ауырлығын дұрыс бағаламау;

    • ауру туралы мәлімет аз болғандығы мазалау;

    • медицина қызметкеріне сенбеушілік;

    • ота жасау алдындағы қорқыныш;

    • өлім қорқынышы;

    • өзіне қанағаттанбауы;

    • жалғыздық;

    • жанұядағы шиеленісті жағдайлар;

    • бөгде адамның күтімі қажеттілігі туралы мазасыздану және т.б.

    • жазылмайтын ауруға байланысты үмітсіздік пен сенімсіздік сезімдерінің пайда болуы;

    • демалу мен қарым-қатынастың жетіспеушілігі;

    • дербестік сезімінің жетіспеушілігі;

    • өзінің ауруына байланысты жақынадамдарына деген «жалған айып» сезімінің пайда болуы;

    • жалған намыстану сезімінің пайда болуы.

    • Әлеуметтік диагноз:

    • қозғалыс мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты әлеуметтік оқшаулану;

    • мүгедектікке шығуға байланысты финанстық күйі жайлы уайымдау;

    • күрделі ауруға байланысты (туберкулез, АИТВ) өзін-өзі оқшаулау.

    Мейірбикелік диагноз (науқастың мәселелері) пайда болу уақытына байланысты қазіргі кезде мазалаушы (шынайы, бар) және потенциалды болып бөлінеді.

    • Қазіргі кезде мазалайтын мәселелер - бұл науқасты нақты қазіргі кезде мазалап, шұғыл шешімді талап ететін мәселелер (мысалы, ауырсыну, ентігу, операция алдындағы қорқыныш сезімі);

    • Болуы мүмкін мәселелер - бұл қазіргі кезде жоқ, бірақ белгілі бір уақыттан кейін пайда болу қаупін шақыратын және мейірбике тарапынан алдын-алу жұмыстарды талап ететін мәселе (мысалы, науқастың ұзақ уақыт қозғалыссыз жатқанынан пайда болатын терідегі ойықтардың даму қаупі, жиіленген сұйық нәжіс және құсудан кейін пайда болуы мүмкін ағзаның сұйықтығының азаю қаупі).

    Бір аурудың өзінде - ақ бірнеше мейірбикелік диагноздар болуы мүмкін, оларды біріншілік көмек қажет ететініне байланысты орналастыру керек (ең күрделісінен бастап). Оларды біріншілік көмек қажет ететініне байланысты орналастырған кезде А. Маслоу қажеттіліктер пирамидасын қолдану керек. Приоритеттер – бұл біріншілік көмекті қажет ететін науқастың ең негізгі мәселелерінің бірі, мейірбикелік көмекті көрсетуге бөлінген (олар көп болмауы керек – 2-3-тен көп емес).

    Назардағы басты мәселелер біріншілік, екіншілік және аралық болып бөлінеді.

    • Біріншілік — бұл мәселелер егерде науқасқа уақытында көмек көрсетілмесе немесе емдемесе жақын уақытта өміріне және денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін және шұғыл түрде көмек көрсетуін талап етеді (АҚҚ көтерілуі, ауырсыну синдромы, күйзеліс жағдайлар және т.б.).

    • Екіншілік — бұл науқастың ауруына немесе болжамына жатпайтын қажеттіліктері (ота жасалғаннан кейінгі төсектегі мәжбүр жағдайы, өзін-өзі күтудің жеткіліксіздігі және т.б.).

    • Аралық – шұғыл емес және өміріне қауіп төндірмейтін науқастың қажеттіліктері (төсекте тәулік бойы мәжбүр жағдайда жатқанына байланысты арқасының ауырсынуы).

    Мысалы, омыртқасы жарақаттанған науқастың біріншілік мәселесі – бұл ауырсыну, аралықта – қозғалыс қимылдың шектелуі, екіншілікте – мазасыздану сезімі.

    Мейірбикелік диагноз құрастыру процессі өте маңызды, өйткені ол кәсіби білім мен науқастың жай-күйіндегі ауытқулар мен олардың себептері және шақырушылары арасындағы байланысты таба білу керек.

    2.1.3 Үшінші кезең – мейірбикелік кірісулерді жоспарлау және мақсаттарын анықтау

    Мақсаттар белгілі, нақты және қолжетерлік болуы керек. Науқас әр мақсатты талқылауға қатысып, өз ойын жеткізуі керек.

    Үшінші кезеңнің мақсаттары:

    науқастың қажеттіліктеріне байланысты басым нысананы таңдау керек;

    таңдаған мақсаттарға жету үшін арнайы стратегия құру керек;

    мақсаттарға жету мерзімін белгілеу керек.

    Мерзіміне байланысты мақсаттардың 2 түрін ажыратады:

    • Қысқа мерзімді (бір аптадан азырақ)

    • Ұзақ мерзімді (апталар,айлар, кейбір жағдайларда ауруханадан шыққаннан кейін де)

    Жоспарлау – мақсаттарды қалыптастыру және бұлмақсаттарға жету үшін мейірбикелік кірісулер процессі. Науқастың бұзылған қажеттіліктерін қайта қалпына келтіру үшін мейірбикенің атқаратын жұмысын науқас мәселелерінің басымдылығы бойынша тіркеп, жоспарлау.

    Жоспарлау өзіне жатқызады:

    • Мейірбикелік кірісулердің пейілін және көлемін анықтау

    • Науқас және оның туысқандарымен бірге науқастың күтім жоспарын талқылау

    • Кірісулердің ұзақтығын анықтау.

    2.1.4 Төртінші кезеңмейірбикелік кірісулердің жоспарын жүзеге асыру

    Мейірбикелік үдерістің ең маңызды кезеңдерінің бірі – жоспарлардың жүзеге асырылуы. Науқастың күтімінің жоспары – науқас күтімінің жоспарын жүзеге асыру үшін мейірбикенің іс-әрекеттерінің барлығы жазылған.

    Мейірбикелік үдерістің төртінші кезеңінің мақсаты: науқасты күту мақсатында жасалған барлық қажетті күтім шараларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндікті жасау.

    Мейірбикелік кірісулердің келесі үш түрін ажыратады:

    • Тәуелдімейірбикенің іс-әрекеттері

    • Тәуелсіз

    • Бір-біріне тәуелді

    Тәуелдідәрігердің белгілеуімен және бақылауымен жасалатын мейірбикенің іс-әрекеттері. Мысалы, инфузиялық терапияны жүргізу, антибиотиктерді енгізу, байламдарды ауыстыру және т.б.

    Тәуелсізмейірбикенің өз ықыласымен біліктілігіне байланысты, дәрігер жақтан талап етілмеген іс-әрекеттері. Мысалы, аурудың емге реакциясын бақылау, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, науқастың жеке гигиенасына қарасты шараларды жүргізу, ауруханаішілік жұқпаларды алдын-алу мақсатымен жасалатын шараларды, науқасқа және оның жанұясына кеңестер беру, науқастың демалуын ұйымдастыру (жағдай жасау).

    Бір-біріне тәуелдінауқасқа күтім жасағанда және көмек көрсеткен кезде дәрігермен және басқа денсаулықсақтау ұйымының қызметкерлерімен ынтымақтастық жасау. Мысалы, науқасты зертханалық тексеру әдістеріне және құрал-жабдықтар арқылы тексеруге дайындау, емдік дене шынықтыру инструкторына, физиотерапевтке, диетологқа және т.б. кеңес берген кезде қатысуы.

    Науқасқа көмек көрсетудің үш жүйесін ажыратады:

      1. Толық -қанағаттандыратын көмек – науқастардың 3 түрі қажет етеді:

    • ешқандай іс-әрекеттерді жасай алмайтын ес-түссіз жағдайдағы науқастар;

    • ес-түсі анық науқастар, бірақ ешқандай іс-әрекеттерді жасай алмайды немесе оларға жасауға рұқсат етілмейді;

    • өз беттерімен ешқандай шешім қабылдай алмайтын науқастар.

    2. Жартылай-қанағаттандыратын көмек – мақсаттарды қозғалыс-қимыл белсенділігінің шектелу деңгейіне байланысты бөлінеді, сондай-ақ берілген іс-әрекеттерді орындауға және меңгеруіне дайын болуына байланысты.

    3. Кеңестік (сүйемелдеушілік) – науқас мейірбикенің көмегімен (амбулаториялық жағдайда қызмет көрсету) өзіне күтім жасай алады және іс-әрекеттерге үйрене алады.

    Науқастарға күтім жасағандағы мейірбикенің рөлі бірегей.

    Мейірбикенің басым мақсаты стационарларда манипуляция жасау ғана емес, сонымен қатар науқастарды және олардың туыстарын бұзылған қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз-өздерін күтуді тиімді үйрету болып саналады

    2.1.5 Бесінші кезең – мақсатқа жету кезеңін анықтау және нәтижені бағалау

    Мейірбике науқастың жай-күйіндегі өзерісті көріп, есіне сақтап және бағалай алуға мүмкіндік беретін байқаушылық қасиетін иелену керек.

    Мейірбикелік үдерістің бесінші кезеңінің мақсаты – қойылған мақсаттардың жету кезеңін анықтау. Бұлкезеңде мейірбике мақсаттың жетілуін бақылайды; көзделген нәтижемен салыстырады; нәтижелерін негіздейді; күтім жоспары жайлы құжатқа (мейірбикелік ауру тарихы) жазба жасайды.

    Мейірбике күн сайын науқастың күтімінің сапасын және тиімділігін тексеріп, баға беріп отырады. Егер алға қойылған мақсатқа қол жеткізіліп, науқастың қажеттіліктері орнықса, мейірбике жоспарға нәтижені, ай-күнді, уақытты және қолтаңбасын қояды. Егер алға қойылған мақсаттар орындалмай, науқас әлі де мейірбикелік күтімге қажеттілігін көрсетсе, мейірбике күтім қажеттілігін және науқастың жағдайын бағалап, іс-шаралардың тиімді болмауының себептерін ажыратып, мейірбикелік кірісу жоспарына өзгеріс орнатып, науқас күтімін түзету керек.

    Яғни, мейірбикелік үдеріс – науқастардың өмір сапасын көтеріп, медициналық көмек пен күтімнің ең жоғары сапалы берілуіне негізделген динамикалық үдеріс. Дегенмен, бүгінгі күнде ҚР мейірбике үдерісін құжаттау тәжірибеде жоқ. Мейірбикелер кезекшіліктерін таңертеңгілік мәжілісте қысқа, ауызша қалыпта есеп ретінде береді, сондықтан дәрігер мейірбике бақылауының науқас денсаулығы жайындағы толық ақпаратын ала алмайды. Осыған байланысты, науқас ауруы жайында мейірбике тарихын жүргізу өзекті мәселе болып табылады, бұл көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді.

    ТАРАУ ІІІ
    АУРУХАНАЛЫҚ ОРТАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
    Аталған термин – науқас пен медициналық қызметкелерге жаңа ауруды жұқтыру қаупін туындатпайтын қоршаған ортаның болуын білдіреді. Ауруханаға немесе емханаға емделуге келген науқас инфекциялық індет, психологиялық жарақат, дәрілік заттардың немесе емдеудің физикалық әдістерінің жағымсыз әсерінен алшақ болуы тиіс. Сонымен қатар, мейірбике де, дәрігер де, басқа да аурухана қызметкерлері де – кәсіби факторлардың жағымсыз әсерінен сақтайтын жақсы ұйымдастырылған қызметтік ортада болуы тиіс.

    Сондықтан, аурухананың қауіпсіз ортасы – персонал мен науқастардың инфекциялық қауіпсіздігі, науқастарды тасымалдаудың қауіпсіз жағдайлары, олардың қозғалыс белсенділігін ерекше режимі, науқас пен персоналдың психикалық қорғанысы, науқастарды және медицина қызметкерлерін психологиялық қорғау түсініктері жиынтығын қамтиды.
    3.1 Инфекциялық қауіпсіздік

    Медициналық қызметті ұйымдастырудың бірінші реттік міндеттерінің бірі – инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аурухана ішілік инфекциялардың өрістеуін болдырмау.

    3.1.1 АІЖ қоздырғыштары және таралу жолдары

    Ауруханаішілік (нозокомиалды) жұқпалар (АІЖ) – емдеу-алдын-алу мекемеге медициналық көмекке жүгінуді қажет еткізетін, яғни емдеу, тексерумен байланысты инфекциялық аурулар. Негізгі ауруға қосыла отырып, ауруханаішілік инфекциялар аурудың ағымын және болжамын күрделендіреді. АІЖ өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып саналады. Әр-түрлі нозологиялық формалары табылу кезіндегі өлім-жітім 3,5 -нен 60% -ке дейін болуы мүмкін.

    Қазіргі кезде АІЖ-нің пайда болуына себепкер бола алатын 200-ден астам агенттер табылған. АІЖ-нің негізгі қоздырғыштарына: бактериялар, вирустар, санырауқұлақтар, қарапайым және көп жасушалы паразиттер жатады. АІЖ-нің шамамен 90% бактериалды болып келеді. Көбінесе, АІЖ-нің қоздырғыштарына шартты-патогенді микроорганизмдер яғни, стрептококк, стафилококк, көк-іріңді таяқшалар, ішек таяқшалары, сальмонелллар, протейлер жатады. Вирустардың ішінде ең қауіпті В, С және Д гепатитінің вирустары, АИТВ-инфекциялары, цитомегаловирустар, ротавирусты инфекциялар болады.

    АІЖ қауіптілігі, оның ем-шараға тұрақты төтеп бере алатын госпитальды штамдардан құралуы. Госпитальды штамм — бұл өзінің генетикалық қасиеттерінің циркуляциясы кезіндегі мутацияға немесе гендердің өзгеру кезіндегі «жабайы» штаммға тән емес қасиеттері пайда болған микроорганизм. Госпитальды штамдар әрбір ауруханада немесе бөлімшеде тек бір штамға тән биологиялық қасиеттердің жиынтығын құрастыруға бейім [6, 11, 14].

    АІЖ-ның қоздырғыштары ауалы-тамшылы, ауалы-шаңды, фекальды-оральды, алиментарлы жолдарымен, трансфузионды, трансплацентарлы, нәрестенің туылу жолдарымен өту кезінде, жынысты және басқаша да берілуі мүмкін [7, 32].

    3.1.2 АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары

    АІЖ-нің жұқтыру көздері: науқастар, АІЖ қоздырғыштарын таратушы, медициналық персонал және науқастардың күтімін қамтамасыз ететін адамдар (сонымен қатар студенттер), науқастың ауруханаға жағдайын білуге келген туысқандары.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


    написать администратору сайта