Главная страница
Навигация по странице:

  • ТАРАУ VІ НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

  • Қорытынды

  • % азайтуы, туберкулезбен ауруды 20% қысқартуы қажет

  • ТАРАУ І ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ 1.1 Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері

  • 1.1.1.Медициналық көмектің түрлері

  • Біліктілікті медициналық көмек

  • Арнайы мамандандырылған медициналық көмек

  • Жоғары мамандандырылған медициналық көмек

  • Медициналық-әлеуметтік көмек

  • 1.1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек

  • Кеңестік-диагностикалық көмек

  • Стационарлықалмастырушы көмек

  • Сауықтыру мен медициналық реабилитация көмек

  • Паллиативі көмек пен мейірбикелік күтім

  • Дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).

  • 1.2 Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері

  • 1.2.1 ЕАМ амбулаторлық түрі

  • С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


    Скачать 5.78 Mb.
    НазваниеС. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
    Дата04.02.2022
    Размер5.78 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2_5319030238309518777.docx
    ТипДокументы
    #351279
    страница3 из 27
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

    5.2.1 Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру ........................................................131

    5.2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру............................................................133

    5.2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері..........................................................................134


    5.2.4 Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы мейірбикелік әрекеттер....................................................................................................................................136

    5.2.5 Тері күтімі.........................................................................................................................138

    5.2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау..........................................................139

    5.2.7 Төсекте аяқты жуу...........................................................................................................147

    5.2.8 Тырнақ күтімі...................................................................................................................148

    5.2.9 Ауыз қуысы күтімі...........................................................................................................149

    5.2.10 Шаш күтімі.....................................................................................................................152

    5.2.11 Көз күтімі........................................................................................................................154

    5.2.12 Мұрын күтімі..................................................................................................................155

    5.2.13 Құлақ күтімі....................................................................................................................156

    5.2.14 Физиологиялық қажеттіліктерді орындау кезінде көмек..........................................158

    ТАРАУ VІ НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ.........................................................165

    6.1 Негізгі тағам нгредиенттері...............................................................................................165

    6.2 Тамақтану әртібі..................................................................................................................170

    6.3 Емдік амақтандыру.............................................................................................................170

    6.4 Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды йымдастыру.............................................180

    6.4.1 Ауыз арқылы (пероральды) амақтандыру.....................................................................180

    6.4.2 Жасанды амақтандыру.....................................................................................................181

    Қорытынды………………………………………………………………………………….186

    ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................................................................187

    Қысқартылған сөздер тізімі

    ҚҚ - қан қысымы

    АИТВ - адам иммунитет тапшылық вирусы

    ДДҰ - Дүниежүзілік Денсаулықсақтау Ұйымы

    ЖОО - Жоғарғы оқу орыны

    ТМККК - Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі

    МТҚ - Медициналық тағайындау құралы

    ҚЖҚ - Қауіпсіз жою қорабы

    ЕАМ - Емдеу-алдын-алу мекемесі

    ҚР ДМ - Қазақстан Республикасының денсаулықсақтау министрлігі

    МСБ - медициналық-санитарлық бөлім

    БМСК - біріншілік медико-санитарлық көмек

    АҚТМ - артериалды қысымының сөткелік мониторы

    СН және Е- санитарлық нормалар және ережелер

    ЖИТС - жүре пайда болған адамның иммунды тапшылық синдромы

    ОЖЖ - орталық жүйке жүйесі

    ТҚЖ - тыныс алу қозғалыс жиілігі

    АЛҒЫ СӨЗ
    Медицина – халыққа жақсы сапалы, уақытылы медициналық көмекті және азаматтардың денсаулығын қорғау құқығын қамтамасыз ететін мемлекеттің қызметтік саласы. «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған, денсаулық сақтау саласын дамытудағы стратегиялық міндеттемелерді анықтайды. Халықтың денсаулық жағдайының деңгейі, өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриалды дамуының өлшемін анықтайды. Денсаулықсақтау саласындағы мемлекеттік шаралар жиынтығы 2020 жылға қарсы ана және нәрестелік өлімді екі есе төмендетуі, жалпы өлімді 30% азайтуы, туберкулезбен ауруды 20% қысқартуы қажет [1, 9].
    Қазақстан Республикасындағы жаңа заман денсаулық сақтау жүйесінің реформалаудың бірден бір бағыты – отбасылық маңызға сүйемелденген алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мен жаңашаландыру болып табылады.

    Осыған байланысты алғашқы медициналық көмекті көрсету деңгейіндегі басты тұлға – жалпы тәжірибелі дәрігер (отбасылық дәрігер). Жалпы тәжірибелі дәрігер – кең салалы маман, госпитальға дейінгі деңгейде жедел жәрдем мен түрлі ауруларда кең салалы көмек көрсете алатын әмбебап дәрігер. Обасылық дәрігер қызметін қалыптастыру – ауруды ерте сатысында анықтау, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мемлекеттің еңбекке қабілеттілік әл-ауқатын сақтау, ерте жастағы өлім деңгейін төмендетуге бағытталған [1, 2, 3]. 

    Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалардың орындалуы әсерлі болуы үшін алдымен мамандандырылған медициналық білім беру жүйесіне өзгертулер енгізу қажет. Студент 1-2 курстағы іргелі пәндермен қатар, болашақ дәрігердің мамандардырылған қызметінде қолданылатын медициналық білімдердің негізін де ұғынуы керек. Осыған орай, Қазақстанның барлық медициналық ЖОО-ның істегі оқу жоспарына «Клиникаға кіріспе» атты жаңа пән енгізілген болатын.

    Бұл медицина университеті студенттеріне арналған алғашқы клиникалық пән. Клиникадағы бірінші қадамға көп нәрсе байланысты. Осы пәнмен студент мамандықты таңдау шешімінің дұрыстығы, кәсіби этика ережелері мен нормаларын орындау қажеттілігі жайлы түсінік қалыптасуы керек. Клиникаға келген студент - оған қоршаған қауым медициналық мамандық өкілі, болашақ дәрігерлердің жаңа заманы ретінде қарап жатқанын ұмытпауы тиіс [4].

    Бұл пән негізгі пәндерге жатқызылып (жалпы кәсіби), «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриаттың 1-2 курс студенттеріне арналады. «Клиникаға кіріспе-1» пәні студенттерді емдеу-алдын-алу мекемелердің жұмысын ұйымдастыру негізімен, ондағы санитарлық-эпидемиологикалық тәртіпті қамтамасыз ету, науқастарды күту мен бақылаудағы білім мен әдістермен таныстырады. Ал, «Клиникаға кіріспе-2» пәні студенттерді клиникадағы науқастарды бақылау мен күтім көрсетудегі қажетті манипуляциялық техниканы үйрену, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі қағидаларын үйретеді.

    Науқастарды күту үрдерісін екінші реттік, «медицинаның өгейі» деп қабылдауға болмайды. Бұл шартсыз – аурумен күресудің нәтижелі болуы екіталай. Науқасты күту оларға қарасты көмектің бірқатар аспектілерін қамтиды. Бұл науқастың функционалдық жағдайын бақылау ғана емес (жалпы жағдайды бағалау, антропометриялық зерттеулер, тыныс алуды, қан айналым жүйесін бағалау), сонымен қатар танымал медициналық манипуляциялар (егулер, асқазан жуу, клизма қою, термометрия және т.б.). Дәрігер қызметіндегі маңыздысы – аурулардың синдромдық диагностикасын жүргізуді анықтау мен науқас жағдайын динамикалық бақылау болып табылады [5-8, 24].

    Реанимация негіздерін оқыту да медициналық білімнің кез келген деңгейінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы оқу әдістемесінде студенттер түсінікті түрде терминалды жағдайлар, клиникалық және биологиялық өлім мен науқастардың осы санатына ургентті көмектің тәсілдерімен танысады.

    Дәрігер өзінің болашақ кәсіби қызметі барысында тек нұсқауларына ғана жауапкершілік алмай, сондай-ақ медициналық ұжымның көшбасшысы ретінде кіші және орта персоналдың жұмысын ұйымдастыруы керек. Жалпы тәжірибелі дәрігер қызметінің ерекшелігі кешенді медициналық көмек көрсетуге қажетті оңтайлы кәсіби даярлықты талап етеді.

    ТАРАУ І

    ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА

    МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ
    1.1 Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері
    Денсаулық сақтау – азаматтардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған саяси-әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, құқықтық, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы, ауруларды емдеу және алдын-алу және мәдени сипаттамасы бар іс-әрекеттердің жиынтығымен танылатын жүйе.

    Медициналық қызмет орта және жоғарғы медициналық білімі бар физикалық тұлғалар мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін заңгер тұлғалардың қызметін қамтиды.

    1.1.1.Медициналық көмектің түрлері:

    1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

    2. Біліктілікті медициналық көмек;

    3. Арнайы мамандандырылған медициналық көмек;

    4. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек;

    5. Медициналық -әлеуметтік көмек.

    Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медициналық білімі бар қызметкерлермен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайда медициналық көмек арнайы білімі жоқ азаматтармен де көрсетіле алады: өзіндік көмек, қоршаған адамдардың көмегі, санитарлық нұсқаушы, «әлеуметтік» мамандықтың өкілдері (парамедиктер)- полиция, өрт сөндірушілер және басқа да шұғыл жағдай қызметшілері, қоғамдық көлік жүргізушілері.

    Біліктілікті медициналық көмек - жоғарғы медициналық білімі бар қызметкерлерімен диагностикалау, емдеу мен медициналық сауықтандыру әдістерін талап етпейтін ауруларды қарағанда көрсетіледі.

    Арнайы мамандандырылған медициналық көмек – «жеке мамандардың» (кардиолог, невропатолог және т.б.) кеңесі ретіндегі немесе көпсалалы аурухана бөлімшелерінде медициналық сауықтыру мен емдеу, диагностикалауды қажет ететін ауруларда әр сала мамандарымен жүзеге асырылады.

    Жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностикалаудың жаңа заманауи технологиялар, емдеу мен медициналық сауықтыруды қажет ететінауруларда бейінді мамандармен орындалады (мысалы, эндовидеохирургия, трансплантация).

    Медициналық-әлеуметтік көмек – қоршаған орта үшін қауіәпті болатын, әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын азаматтарға бейінді мамандармен көрсетіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2009 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулысы бойынша әлеуметтік маңызыбар ауруларға: туберкулез, ЖИТС, вирусты гепатит В,С, қатерлі ісік аурулары, қант диабеті, психикалық ауытқулар, балалардың церебральді сал ауруы, миокард инфарктісі (алғашқы алты ай), ревматизм және т.б.

    1.1.2 Медициналық көмекті көрсету түрлері

    Медициналық көмектің келесі түрлері көрсетіледі:

    1) амбулаторлық-емханалық көмек, сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық көмек.

    2) стационарлық көмек;

    3) стационарды алмастырушы көмек;

    4) жедел медициналық көмек;

    5) санитарлық авиация;

    6) төтенше жағдайлардағы медициналық көмек;

    7) сауықтыру көмегі мен медициналық реабилитация;

    8) паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім;

    9) дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).

    Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қамтитын дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмекті қамтиды:

    1) жиі кездесеін аурулар, жарақат, улану және басқа да күттірмейтін жедел жағдайларды диагностикалау мен емдеу;

    2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шаралар мен ауруларды алдын-алу;

    3) санитарлық-ағарту жұмысы.

    АМСК келесі мамандар қызметімен жүзеге асады: участкелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, фельдшер, мейірбикелер. АМСК атқаратын ұйымдардың қызметі – медициналық ұйымды таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарды аймақтық тип бойынша жергілікті тұрғын мекен-жайы немесе бекітілуі бойынша емделіп-қаралуын қамтамасыз ету.

    Кеңестік-диагностикалық көмек– тәуліктік бақылауы жоқ мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

    Стационарлық көмек– тәуліктік бақылауы, күтімі бар білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек. Стационарлық көмекті қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ұйымы науқастарға дертіне сай күтім мен тамақтану үдерісін қамтамасыз етеді.

    Стационарлықалмастырушы көмек – жұмыс күні аяқталғанға дейін ұзақтығы 4-тен 8 сағатқа созылатын бақылау үдерісі мен дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрін қамтиды.

    Жедел медициналық көмек – денсаулыққа зиян келуі мен өлім қаупін алшақтату мақсатында жіті медициналық көмекті талап ететін медициналық көмектің бір түрі. Жедел медициналық көмек ҚР азаматары, шетелдіктер, республика аумағында мекен ететін азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет есебінен тегін көрсетіледі.Бұл ұйымдарға ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынады. 

    Санитарлық авиация – медтехникалық жабдықталған немесе арнайы білікті мамандардың тапшылығы жағдайында науқастың тұрғылықты мекені бойынша жедел медициналық көмек көрсету. Көмектің бұл түрін қамтамасыз ету үшін білікті мамандарды тағайындалған орынға жеткізеді немесе арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етіп, науқасты медициналық ұйымға жеткізеді.

    Сауықтыру мен медициналық реабилитация көмек түрі туа біткен және жүре пайда болған, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттар салдарынан туындаған аурулармен ауыратын азаматтарға реабилитация бөлімшелері мен санаторлық-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.

    Паллиативі көмек пен мейірбикелік күтім – дәрігердің бақылауымен емдеуге келмейтін науқастар мен терминалды (ақтық) сатыдағы аурулары бар науқастарға аурухананың арнайы бөлімшелерінде немесе хоспистарда, үйдегі стационар түрінде берілетін күтім түрі. Мейірбикелік күтім дәрігерлік бақылауды қажет етпейтін жағдайларда ғана жүргізіледі.

    Дәстүрлі медицина, халықтық медицина (емшілік).

    Дәстүрлі медицина әдіс-тәсілдеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия мен табиғи жаратылысы бар заттармен емдеу жатады. Емшілік ету құқығына ие болу үшін азаматта медициналық білім мен еңбегіне сәйкес лицензиясы болуы міндетті.

    Жаппай емшілік пен жаппай ақпарат құралдарын қолдану арқылы емшілік ету заңмен қудаланады. Халықтық медицинамен және емшілікпен заңсыз айналысатын азаматтар Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.    







    1.2 Емдеу-алдын-алу мекемелердің негізгі түрлері
    Қазақстанда емдеу мекемелерінің 80%-ы мемлекеттік меншік иелігінде, олардың 20%-ы жеке меншік, яғни мемлекет медицина мәселелерінде басты рөлді сомдайды деген сөз. Халық саны 17 миллионнан аса адамды қамтыған жағдайда Қазақстанның медициналық нарығының аумағы 500 миллион АҚШ доллары сомасына бағаланады. Орта есеппен республика аумағында 54,8 мың дәрігер мен 117 мың орта медициналық персонал қызмет етуде.

    Медициналық көмекті қамтамасыз ететін мекемемелер емдік-алдын-алу мекемелері деп аталады (ЕАМ). ЕАМ халықтық пункттердің бекітілген болашақ жоспарлары мен жоспарлану жобаларына сәйкес орнату қажет.

    Топырағында органикалық, химиялық, радиациялық зақымдануы бар бұрынғы қоқыс қоймасы, мәйіттер, мал сою алаңдары, ассенизация орындары болған аумаққа мекеме салуға болмайды. ЕАМ-ді құрылыстың қызыл жолағынан 30м, тұрғын және қоғамдық үйлерден 50 м алшақ орнатып, теміржол, әуежай, жол трассалары мен басқа да күшті физикалық факторлардан алшақ орналасуы қажет. ЕАМ аумағы науқастардың тынығуы мақсатында кішігірім сәулеттік құрылыстармен жайландырылуы керек.

    ЕАМ аумағында қуаттылығы 110 кВт аспайтын электр тасымалдау желілерінің өтуіне болмайды, сондай-ақ қалалық (ауылдық) инженерлік коммуникациялар (су, жылу, кәріз құбырлары) магистральдары да өтпеуі тиіс. Көгалдандыру көлемі аурухана, диспансер, стационар аумағының 40%-ынан кем болмауы керек.

    ЕАМ екі түрі ажыратылады: амбулаторлық және стационарлық. Амбулаторлық медициналық көмекті науқастардың - 80%-ы, ал стационарлық көмекті - 20%-ы қабылдайды.

    1.2.1 ЕАМ амбулаторлық түрі

    Келіп-кететін және үйдегі науқастарға емдік көмек көрсететін емдеу мекемесі. Амбулаторлық түрдегі мекемелерге: емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, медициналық-санитарлық бөлімшелер, жедел жәрдем станциялары жатады [4, 7, 29, 32].

    Емхана– аймақтық-учаскелік типте қызмет ететін кең салалы емдік-алдын-алу мекемесі. Емханаға бекітілген аймақ белгілі үлкен жастағы адамдар мен балалар санын қамтитын учаскелерге бөлінген. Әрбір учаскеге дәрігер мен мейірбикелер бекітіледі. ЕАМ қызметін учаскелік дәрігер ұйымдастырып, мейірбикелерге нұсқау беріп, түрлі салалы мамандарды тартады. Емхана халыққа мамандандырылған және үй жағдайында қаралу мен емделуін қамтамасыз етеді.

    Емхана науқастарды қарау мен емдеуге арналған арнайы техникалық құралдармен жабдықталады. Барлық амбулаторлық-емханалық мекемелер үш бөлікке бөлінеді: тіркелу мен дәрігер қарауын күту бөлмесі, емдік және диагностикалық бөлмелер, қызметтік және тұрмыстық мақсаттағы бөлмелер. Емханада түрлі салалы дәрігерлер қабылдау жүргізеді (терапевт, хирург, окулист, ЛОР-дәрігер, эндокринолог, кардиолог және т.б.).

    Емханада негізгі диагностикалық кабинеттер орналасады: рентген, ультрадыбыстық зерттеу, функциональды диагностикалау, клиникалық және биохимиялық лабораториялар және дәрігер тағайындауларын орындау кабинеттері немесе бөлімшесі (ем-шаралық, таңу, физиотерапия бөлімі, емдік дене шынықтыру кабинеті және т.б.).

    Тіркеу бөлімін шығаберіске жақын орналастырады. Тіркеу бөліміндекабинеттер нөмірі мен дәрігерлердің қабылдау уақытының кестесі болады. Емхана дәлізінде ауруларды алдын-алу туралы кітапшалар қойылған үстелдер болады. Күту залынан науқас дәрігер кабинетіне немесе ем-шара, таңу бөлмелеріне өтеді. Дәрігер кабинетінде оның қызметіне қажеттінің барлығы болуы тиіс: дәрігер мен мейірбикенің жазу үстелі, орындықтар, кушетка, суық және ыстық су, сүлгі, халат, тонометр, фонендоскоп, рецепт бланктері және т.б.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


    написать администратору сайта