С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
Скачать 5.78 Mb.
|
3.3.10 Дезинфекцияның биологиялық әдісіСыртқы ортадан инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жою биологиялық табиғи (микроб-антагонист көмегімен) заттар арқылы қатаң спецификалық тағайындалады. Олар негізінен суармалы алаңдар және филтрациядағы іркінді суларды, қоқыстар және қалдықтарды – компостарда, биотермиялық камераларды және т.б. зарарсыздандыру мақсатында тиімді. Стационарлық жағдайда биологиялық дезинфекциялық заттарға сыртқы орта нысандарының алдын-алу аурухана ішілік инфекцияларда, стафилококктармен, көк іріңді таяқшалармен және т.б бактериофагтармен өңдеу жатады. Дезинфекцияның комбинирленген әдісі-айтылған бірнеше әдістердің қосындысынан тұрады. Стерилизация Ота жасау бөлмесі, босану залдары, инфекциялық бокстарда, ағзасы трансплантацияланған науқастардың орналасқан бөлмесінде, шала туған нәрестелер кювездерінде асептикалық тәжірибе жіті қолданылады [24, 32]. Асептика – емдік және диагностикалық іс-шаралар кезінде адам ағзасының қуысына, тіндеріне, сондай-ақ зерттеу материалдарына, лабораториялық зертеулер барысында пайдалы орта мен екпелерге сыртқы ортадан микроағзалардың түсуін (енуін) алдын-алуды қарастыратын іс-шаралардың күрделі жүйесі. Асептика - медициналық қолданыстағы бұйымдардың стерилизациясын, медицина қызметкерлерінің қолдарын хирургиялық өңдеу, жұмыс барысында ерекше санитарлық-гигиеналық ережелерінің қолданылуын қарастырады. Антисептика – зақымданған тері мен шырышты қабаттарда инфекциялық үдерісті қоздыра алатын микроағзаларды жаппай жоюға бағытталған емдік-алдын-алу іс-шаралардың кешені. Антисептика құралдары ретінде 70% этил спирті, 5% йодтың спиртті ерітіндісі, 0,5 - 2% хлорамин ерітіндісі және т.б. Осылайша, антисептика жараға еніп үлгерген бактерияларға қарсы бағытталған, яғни емдік маңызға ие. Ал, асептика болса, инфекцияның жараға енуін болдырмайды, сондықтан, алдын-алу маңызды иемденеді. Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою. Стерилизация асептиканың негізі болып табылады, госпиталдық инфекциялармен күресуде және операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын-алуда, гепатит В, АИТВ- инфекциясы және іріңді ауруларда маңызы зор. Барлық медициналық бұйымдар мен құралдар стерилизация-ланады, дренаждар, шприцтер, таңатын материалдар, жара бетімен қатынасқа түсетін, қан және инъекциялық препараттар, сонымен қатар экспулатация процесінде шырышты қабықшамен қатынасатын және оның зақымдануын тудыру мүмкін, операция бөлмесінің ауасы, хирургтың қолы және операциялық мейірбикенің қолы зарарсыздандырылады. Медициналық аспатар және медицинада қолданатын құралдарды (МҚҚ) адам ағзасымен байланысу дәрежесі және пациенттің инфекцияны жұқтыру қауіпі бойынша үш топқа бөледі: шұғыл МҚҚ – адам қанымен немесе қуыстар, тінімен тікелей байланыста болған аспаптар және құралдар; жартылай шұғыл МҚҚ – зақымдалмаған шырышты қабаттармен байланыста болған аспаптар мен құралдар; шұғыл емес МҚҚ – интакты тері жамылғысымен байланыста болған күту құрылғылары, аспаптар мен құралдар. Шұғыл МҚҚ міндетті түрді стерилизацияланады, ал жартылай шұғыл – жоғарғы және орта деңгейде дезинфекцияланады, шұғыл емес – орта және төменгі деңгейде дезинфекцияланады [29]. Медицинада қолданатын құралдардың деконтаминациясы (өңделуі) үш кезеңнен тұрады: дезинфекция стерилизация алдындағы өңдеу стерилизация 3.4.1 Медицинада қолданатын құралдардың (МТҚ) деконтаминациялау кезеңдері 1 кезең – МҚҚ қолданғаннан кейін бірден дезинфекцияланады Дезинфекцияның үш режимі бар: Р-1, Р-2 и Р-3: Р-1 (қарапайым) ішек бактерияларын және респиратолы вирустарды жоюға бағыттылған, дезинфекциялық құрал ретінде 1% хлорамин ерітіндісі немесе 1,5% гипохлорит кальций ертіндісі қолданылады (1 сағатқа). Р–2 (күшейтілген) туберкулез және саңырауқұлақ микобактерияларын жоюға бағытталған, 5% хлорамин 6 сағатқа немесе 2,5% гипохлорит кальций ерітіндісі 4 сағатқа. Р–3 (анаэробты) парентеральды вирустарды жоюға бағытталған (сіреспе), дезинфекциялау үшін 6% сутегінің асқын тотығы қолданылады. Іс-шараның орындалуы: 1. Арнайы киімді кию: халат, маска, қолғап. 2. Дезинфекциялық ерітіндіні дайындау. 3. Дайындалған ыдысқа құю. А) Бірінші ыдыста: қолданғаннан кейін медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру және жуу. Б) Екінші ыдыста: медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру, ерітіндіге толығымен салып қою, ыдыстың қақпағын жауып бір сағатқа қалдырып қою керек, бір сағаттан кейін құрал-жабдықтарды ерітіндіден алып шығып, астаушаға салу. 4. Ағынды су астында медициналық заттарды бірнеше рет жуу. 5. Қолданылған дезинфиялық ерітіндіні канализацияға төгу. 6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу. Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау ережесі Сынапты термометрлер, медициналық - 2% хлораминерітіндісіне 15 минутқа салып қоямыз. - Ағынды сумен жуып, құрғақ жерде сақтау керек. Металлдан жасалған шпательдер 1-ші әдіс. Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату, немесе 120° температурада 45 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау. 2-ші әдіс. 180° температурада 60 минут уақытта құрғақ ыстық ауа шкафында стерилизациялау. Кушеткалар Кушетканы, толығымен клеенкамен жабылған, екі қайтара 1% хлорамин ерітіндісімен, егер пациенттің қанымен былғанса онда– 3% хлорамин ерітіндісімен немесе 1,5% гипохлорит кальций ерітіндісімен сүрту керек. Қайшылар Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату. Пациенттерді жуындыратын ысқыштар Дистильденген суға толығымен салып 30 минут ішінде қайнату. Құрғату. Қауызды - 3% хлорамин ерітіндісімен немесе басқа залалсыздандыру құралымен екі мәрте сүрту арқылы залалсыздандыру (немесе ваннаға 60 минутқа 1% хлорамин ерітіндісін құю). - 100 см2-ге ½ г жуғыш-дезинфицирлейтін немесе тазалағыш-дезинфицирлейтін заттармен сүрту, экспозициясы 5 минут. - Ағынды сумен шайып жіберу. Душ бөлмесіндегі резеңке кілемшелер - 5% хлорамин ерітіндісі мен жуу құралымен (жуу құралының 5г 1л хлорамин ерітіндісіне) қосылған сұйықтыққа 30 минутқа толық батыру Бөлмелерді - Өңдеу тәулігіне 2 рет 1% гидрохлорид ерітіндісі және 2% сабын-сода ерітіндісі арқылы орындалады. Жинауға арналған құрал-жабдықтар - 1% гидрохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батыру. - Шаю, құрғату. Аяқ-киім - 25% формалин ерітіндісіне немесе 40% сірке қышқылы ерітіндісінде өңдеу. - 3 сағатқа полиэтилен қалтасына салу. - Иістің кетуіне дейін желдету. Дәретхана тазалығына қажетті құралдар - Дәретхана тазалығына қажетті құралдарға арналған 2 ыдыс болуы керек. Оларды күніне 2 рет ауыстыру керек. - Оларды залалсыздандыру үшін 1,5% кальций гипохлоридіне салынады . Судна (дәрет ыдысы) - 1,5% гипохлорид ерітіндісіне 1 сағатқа толық батырылу арқылы өңделеді. - Шайылып, құрғақ жерде сақталады. Жылытқыштар, мұзды мұйық, резеңке дөнгелектер - 0,5% гипохлорид ерітіндісімен екі мәрте сүртіледі. - Ыстық су мен сабынмен жуылып, құрғатылады. Клизмалық ұштықтар, катетерлер 1-әдіс. 1,5% гипохлорид ерітіндісіне 1сағатқа батырылады. 2-әдіс. 0,5% жууға арналған ерітіндіде 15 минут қайнатылуы немесе 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, сонан соң жуу. 3-әдіс. Автоклавқа салу. Төсек-орын - 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнатылып, кір жуылатын орында жуылу. - Төсек-орынды камералық өңдеу. - Төсек-орын жиналған қапты 1% гипохлорид ерітіндісінде салып қою. Ыдыс - Жуу-майсыздандыру 10 л суға 200 г соданы 0,5% жууға арналған заттарды. - Жуу-дезинфекция 0,5% хлорамин ерітіндісінде 30 минут. Қасықтар, шанышқылар – 30 минут уақытта қайнату. - Жуу-шаю ыстық ағынды суда. Ыдысқа арналған ысқыш - 2% сода ерітіндісінде 15 минут қайнату. - Залалсыздандыруға арналған ерітіндіге 1сағатқа батыру. - Жуу, құрғату. - «Таза ысқыш», «кір ысқыш» деп жазылған екі ыдыста сақтау. Науқастарды тасымалдауға арналған каталкалар - 1% гипохлорит ерітіндісіне малынған ветошьпен екі қайтара сүрту. - Дистилденген суда 30 минут уақытта қайнату. 2-ші кезең –стерилизацияға дейінгі өңдеу Медицинада қолданатын құралдар дезинфекциядан кейін стерилизациялауға дейін өңдеуді қажет етеді — ақуыз, май, механикалық кірленуден, сонымен қатар дәрі қалдықтарынан тазартуды қажет етеді. Стерилизацияның алдында тазалау кезінде барлық құралдар бөлшектенген түрде ерітіндіге батырылады. Барлық заттар ерітіндіге толығымен батырылуы керек Ем-шараның орындалуы: 1. Жууға арналған ерітінді дайындау: 17 мл 27,5% сутегінің асқын тотығы ерітіндісін, 978 мл суға, 50°С дейін жылыту. 2. Ершпен,шөткемен әрбір құрал-жабдықты өңдеп жууға арналған суда 30 секунд уақытта, жууға арналған суды каналдар арқылы жіберу. 3. Құрал-жабдықтарды науаға (науа) салу. 4. Әрбір затты ағын судың астында 30 секунд уақытта жуу, суды құрал-жабдықтар аралықтарына жіберу. Науаға салу. 5. Құрал-жабдықтарды дистилденген суда жуу. 6. Құрғақ ыстық шкафта 85°С температурада дымқылдықты түгелімен кеткенге дейін құрғату. Медициналық құралдарды стерилизация алдындағы дайындау және дезинфекциялау сапасын биологиялық және химиялық анализдердің нәтижесі бойынша бағалайды. Зарарсыздандыры-лудың алдындағы өңдеудің сапасының тексерілуі азопирам және фенолфталеин сынамалары қолданылады. Азопирам сынамасы өнімдердің қаннан таза жуылуын тексеру үшін орындалады. Іс-шараның орындалуы: 1% азопирам жұмыс ерітіндісін дайындап, 3% сутек асқын тотығының ерітіндісімен бірдей мөлшерде араластыру 2. Қан жұғындысы бар шыныға бірнеше тамшы тамызып, жұмыс ерітіндісінің белсенділігін тексеру. Егер реактивтің түсі өзгерсе, онда реактив «жұмыс істейді» 3. 3-4 тамшы жұмыс ерітіндісін тамшуырмен жабдықтың қуысына, қысқыш бұрандаға, биологиялық сұйықтықтармен жанасу орындарына түсіру 4. 0,5-1 минут ұстау 5. Сынаманы оқып шығу: қызғыл- күлгін түс қан қолданылғанда пайда болады қоңырқай түс ашытқы, тот, кір жуу ұнтағы, хлорлы дезинфекцияландыру жабдықтары қолданылғанда пайда болады 6. Сынаманың оң нәтижесінде құрал-жабдықтардың барлығы қайта тазартудан өтеді 7. Сынама нәтижесін есепке алу журналына жазу [7]. Фенолфталеин сынамасы медициналық құрал-жабдықтарды жууға арналған ерітіндіден тазарту сапасын тексеру үшін жасалынады. Іс-шараның орындалуы: 1. Құрал-жабдықтың сыртына 1% фенолфталеиннің спирттікерітіндісін жағу. 2. Құрал-жабдықты мақтаның үстіне ұстау, реактивтің түсін бақылау. 3. Нәтижесін 2- минут аралығында бағалау. Теріс сынама кезінде реактивтің түсі өзгермейді. Оң сынама кезінде реактив түсі қызғылт түстен ал қызыл түске дейін өзгереді. Стерилизация алдындағы тазалау сапасын бағалау күнделікті жүргізіледі. Бағалау жүргізіледі: стерилизациялық бөлімшеде – бір кезекте өңделген әр заттың 1%-ы, орталықтандырылған өңдеу кезінде бір кезекте өңделген әр заттың - 1%-ы, бірақ үш бірліктен кем емес. Бағалау қорытындысы журналда тіркеледі. Стерилизация - әртүрлі әдістермен жүргізіледі - қысым астындағы бумен, құрғақ ыстық ауамен (кептіргіш шкаф), газбен (этилен тотығы, бромды метил), химиялық заттар ерітіндісімен, радиоактивті сәулемен. Стерилизация әдісін таңдау, стерилизация нысанының ерекшелігіне және сол әдіске байланысты. Қойылған стерилизация уақытына байланысты барлық патогенді, сапрофитті, сонымен қатар споралы микроорганизмдер жойылуы керек, таңдалған әдістер, құралдар және тәртіптер сыртқы түрінің, мықтылығын, экспулатациялық сапасының және басқа стерилизацияланатын заттардың құрамының ауытқуын тудырмауы керек. МТҚ стерилизациясы орталықтандырылған стерилизация бөлімдерінде жүргізіледі (ОСБ). ОСБ 3 аймақтан тұрады: «лас», «таза», «стерильді». Барлық аймақ қабырғалармен бөлінген. ОСБ «лас» аймағына жұмыс орнынан дезинфекцияны өткен қолданылған материал келеді. Қабылданылған лас материал сұрыпталып, бөлмеге ауысады және дезинфекцияға дайындық, стерилизация алды тазалау жүргізіліп МТҚ бақылауы іске асады. Содан кейін, шлюз арқылы (терезеше) МТҚ «таза» аймаққа ауыстырылады. «Таза» аймақта техникалық бақылау жүргізіліп, бикстерге салынады (стерилизация үдерісінің индикаторлары орналасқан). МТҚ автоклавқа салынып, шлюз арқылы «стерильді» аймаққа – дайын зарарсызданған өнімді беретін қоймаға ауысады [7]. 3.4.2 Стерилизацияның түрлері және әдістері Медициналық тәжірибеде негізінде стерилизацияның 3 түрі қолданылады (кесте 2). Кесте 2. Стерилизация түрлері
Физикалық (термиялық): Булы – ыстық қанық бумен стерилизация Ауалы – ыстық құрғақ ауамен 1.2. Физикалық (суық): радиациялық ультрадыбыстық Химиялық (суық): химиялық препараттар ерітіндісімен. 3. Газды Радиациялық және ультрадыбыстық стерилизация әдістері техникалық қиын және тек қана ерекше жағдайларда ғана орындалады. Термотөзімді заттарды суық әдіспен стерилизациялайды. Барлық бірдей жағдайларда әдетте термиялық стерилизация тән. Булық стерилизацияда стерилизация төзімділігі қысқа, ал температура құрғақ ыстық ауа стерилизациясынан төмен. 3.4.3 Стерилизацияның булық әдісі Коррозияға төзімді металл заттарға, шыныға, текстилге, резеңкелерге қолданылады. Стерилизацияны қаныққан буда жоғары қысымы булы стерилизаторда – автоклавта өткізеді. Автоклав (греч. ауто - өзім және лат. клавис – кілт) – «өзінкілттеу». Автоклав (булы стерилизатор) су буы камерасы орналасқан, екі қабырғалы котелдан тұрады. Оған воронка арқылы су құяды. Пайда болған бу стерилизацияланатын материал орналасқан стерилизациялық камераға өтеді. Су деңгейін су өлшегіш құбыр арқылы анықтайды. Аппаратты герметикалық қақпақпен жабады. Қақпақта аппарат қысымын көрсететін монометр болады. Сыртынан аппарат қаппен қапталған. Аппараттың төменгі жағына суды жылыту үшін және будың пайда болуы үшін жылу көзін өткізеді. Аппаратың буға толуы кезінде ондағы қысым жоғарылайды, соған сәйкес температура да жоғарылайды. Бу заттың барлық бетіне (поры) өтеді, және ондағы бар микробтар жойылады. Стерилизацияны стерилизацияланған металл жәшіктерде өткізеді, (сурет 5), екі қабатты жұмсақ матадан жасалған ыдыста, пергаментте, қағаздан жасалған қалтада. old.pedklin.ru Сурет 5 Булы стерилизатор Булы Бұлы Сурет 6 Металлды бикс Стерилизация үшін қолданылатын металдық биксы (6-ші сурет), диаметрі 16 см (кіші бикстер) және 45 см (үлкен бикстер), 25 см (орташа бикстер) және көптараған дөңгелек бикстер шығарылады. Будың барабан ішіне өтуі үшін, металды терезелі белдеменің ауысуы арқылы сәйкесінше тесік топтарына ашылып жабылатын бикстің айналасында тесіктер жасалған. Бикстің герметикалығын белдеменің барабан қабырғасына қысатын, қысылатын құрылғы қамтамасыз етеді. Құрылғының жұмысын барабанға таңатын материалдар мен киімді саларда тексеру қажет, герметикалық бұзылыста бикстің ішіндегілер инфицирленуі мүмкін [32]. Бикстерді ішінен және сыртынан 0,5%-тік мүсәтір спирті ерітіндісімен сүртеді, содан кейін жанындағы тесіктерді жауып тұрған бикстің қабырға жағына дөңгелек пластинканы итереді, қақпағын ашып бикстің түбіне және бикстің қабырғасына салфеткамен, төсенішпен жабады. Таңатын материал мен киім салуда орнатылған тәртіпті қадағалап есте сақтаған жөн. Бисктен кез келген затты басқаларына тиіспей алу үшін, ұқыпты жиналған киімдерді секторальді бір-біріне вертикаль жағдайда қояды. Таңатын материалды қорабымен немесе пакетімен алып шығу үшін оларды ретімен қояды. Бір бикстің үстіндегі төсенішке халатты, оның үстіне бірнеше дәке салфеткасын және орамалды қояды. Бұл операциялық мейірбикенің қолын жуғаннан кейін басқа киімдер мен материалдарды ашпай, оларды сүртіп және стерилді халатын кию үшін қажет. Әрбір бикс қақпақшасында онда не бары, стерилизация уақыты, биксті дайындаған мейірбике тегі көрсетілген жабыстырылған этикетка болуы керек. Бикс қақпақшасын жапқан соң, оның кенеттен ашылып кетпеуі үшін, оны шынжырлы ілгегі бар және тесьмамен қатты байлайды. Аяғында бикстің жақтауындағы тесіктерінің ашықтығын тексереді. Бикстерге заттарды салу Іс-шараның орындалуы: 1. Бикстің дұрыс жабылуын тексеру. 2. Биксті ішкі және сыртқы жағынан залалсыздандыру 15 минут аралықта екі рет. 3. Биксті ішкі жағынан екі қабат мата салфетканы төсеу. 4. Құрал-жабдықтар мен материалдарды бос салу, өйткені олардың арасынан қол өту үшін. 5. Зарарсыздандыру индикаторын берілген заттарды зарарсыздандыруға арналған температуралық режимге сәйкес салу. 6. Салынған материалдарды, заттарды биксқа төсеген салфеткамен жабу. 7. Биксті жабу. 8. Бикстің ұстағышына бөлімшенің атауы, кабинеті, зарарсыздандыруға жіберілген материалдың атауы көрсетілген белгі жапсыру. 9. Биксті орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесіне таза қапқа салып жеткізу. 10. Зарарсыздандыру жүргізгеннен кейін биксті тығыз таза қапқа салып қайта алып келу. Автоклавтаудағы стерилизация режимі Режим 1 - температура 132°С, бу қысымы 2 атм., уақыт 20 мин. Коррозияға қарсы материалдан, шыныдан, текстильді материалдан жасалған заттар стерилизациясы үшін қолданылады. Режим 2 - температура 120°С, бу қысымы 1,1 атм., уақыт 45 мин. Резеңкеден және латекстен, полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады. Режим 3 - температура 134°С, бу қысымы 2 атм.,уақыт 5 мин. және латекстен, полимерлі материалдардан жасалған заттар үшін қолданады. Стерилизацияланған заттарды сақтау мерзімі постерилизацияланған, фильтрацияланбаған қораптарда үш тәулікке тең, фильтрлі стерилизацияланған биксте 20 тәулікке дейін. |