борщ. Тест 604-2к ТОЛЫК. са жасушалы рак
Скачать 1.81 Mb.
|
#25 *! 18 жасар жас жігіт, эйфориялық, тежелген, өзіне айтқан сөздерді бірден түсінбейді, сөйлеуі түсініксіз, жауаптары біртекті. Қарап тексергенде: қарашығы тарылған, тынысы сирек, пульс — 45 минутына, ішімдік исі жоқ. Масю түрін анықтаңыз: *барбитуратармен *+апиынмен *гашишпен *кокаинмен *амфетаминмен #26 Ер бала 18 жаста, эйфориялық, тежелген, ұйқылы, өзіне айтқан сөздерді бірден түсінбейді, сөйлеуі түсініксіз, қимыл кординациясы бұзылған, беті қызарған, қарашығы аздап кеңейген. ішімдік исі жоқ. Масаю түрін анықтаңыз: *барбитуратармен *апиынмен *+гашишпен *кокаинмен *эфедринмен #27 18 жастағы жігіт, эйфория жағдайында, аздап қозған, орныныда билейді, күледі, көздері жылтырайды, көз қарашықтары қызарған, беті қызарған, мұрын-ерін үшбұрышы бозғыл; кеуіп тұрған ернін жалайды, ішімдіктің исі байқалмайды Бұл жағдай мынаған ұқсас: *маниакальды синдром *апиындық масаю *гашиштік масаю *+кокаиндік масаю *барбитураттармен масаю #28 18 жастағы жігіт, эйфория жағдайында, аздап қозған, көп сөйлейді, импульситі, кейде агрессивті беті бозарған, қарашығы кеңейген; АҚ 160/90, тахикардия және тремор байқалады. Төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Диагноз? *маниакальды синдром *апиындық масаю * алкогольмен масаю *кокаиндік масаю * +канабиноидтармен масаю #29 18 жастағы жас жігіт, қозған, күле береді, көп сөйлейді, әңгіме барысында басқа тақырыпқа тез ауытқиды, айналасындағыларға көп кеңес береді, өз көмегін ұсынады, үнемі аштық сезімін сезінеді, бет әлпеті өзгеріссіз, гиперсексуальді. Берілген сиптомдардың қайсысы ӘСІРЕСЕ болуы мүмкін? *маниакальді синдром * апиныдық масаю * +гашиштік масаю * кокаиндік масаю * барбитураттармен масаю #30 *!Әйел адам, өзінің жасар баласын маскүнемдіктен емдетуді сұрайды. Баласы бала кезінен мінезі «қиын»,ассоциальді жасөспірімдермен достасып, 11 жасынан бастап темекі шегіп, арақ іше бастаған. Ата-анасынан ақша ұрлап, ұрлыққа тартылған, өтірік айтатын болған. Ең ықтимал диагноз: *дебильдік *+ қозғыш психопатия *тұрақсыз психопатия *паранойяльді психопатия *неврастения #31 *! 23 жасар жігіт өзінің қозу және біртүрлі әрекеттеріне байланысты олиция қызметкерлеріне ұсталған. Өзін аңдып жүрушілардан қашып, айқайлаған, милиционерге ұмтылған. Ауруханаға барар жолда есін жинаған. Қабылдау бөлімінде аузынан арақ исі шығады. Орын, уақыт, жеке басына бағдарлауы сақталған. Әңгіме барысында псиопродуктивті симптоматика жоқ. Жағдайды қалай бағалауға болады?: *онейроид *+сананың қарауытуы *делирий *эпилептикалық статус *аменция #32 *! Науқас ішімдіктерді 5 жылдан бері шамадан тыс қолдануда. Ішімдікті қабылдамаған уақыттарда тітіркенгіш, көңіл күйі төмендеп, ішімдікке құштарлағы артады. «Қанып» ішу үшін ішімдікті үлкен дозасы қажет, компанияларда ішімдік ішудің инициаторы болып табылады. Өткен «отырыстардың» кейбірін ұмытып қалады. Бұл жағдайды қалай бағалауға болады? *алкоголизм 2 стадия *тұрмыстық алкоголизм *+алкоголизм 1 стадия *патология жоқ *алкоголизм 3 стадия #3Ер кісі 56 жаста, 20 жасынан бастап ішімдіктерді шамадан тыс қабылдайды. Алкоголь сурогаттарын қабылдайды. Соңғы уақыттарда аз дозадан көп рет қабылдайды. Табандарында ауру сезімінің азаюы, жүрісінің бұзылысы байқалған. Қызының айтуымен ұмытшақ болуына байланысты учаскелік дәрігерге қаралған. Қазіргі уақытта айта алмайды, бірнеше минут болған нәрсені есіне түсіре алмайды.Бұл жағдайда қандай синдром, қандай препараттарды тағайындайсыз? *абстинентті, галоперидол *параноидты, аминазин *делириозды, аминазин * +амнестикалық, алзепил * сандырақтық, трифтазин #34 *! 27 жасар ер адам наркологқа келді. Отбасы мүшелерінің арасында ішімдік қабылдап отырып, кенеттен көңіл күйі бұзылып, өзін отбасының көп мәселелерінде кінәлі санап, «жіппен асылмақшы» болған. Ер адамда қандай бұзылыс? *өзгерген қарапайым алкогольді масаюдың истериялық варианты * өзгерген қарапайым алкогольді масаюдың параноидты варианты * өзгерген қарапайым алкогольді масаюдың эпилептоидты варианты * + өзгерген қарапайым алкогольді масаюдың депрессиялық варианты * патологиялық масаю #35 *! Науқас 19 жаста, жедел жәрдеммен токсикологиялық бөлімшегеайқын масаю белгілерімен әкелінді. Қарап тексергенде; көздері жылтыраған, коньюктивасы қызарған, тері қабаттары боз, терісі суық, маңдайында тер тамшылары бар. Дене температурасы төмен, пульс 105 минутына; ТАЖ 30 рет минутына, шшімдік ішіп алғандай тілі күрмеледі. Қимыл кординациясы бұзылған.; шайқалады, қолдары дірілдейді.Киімдері мен шашынан смоланың исі байқалады. Науқас қандай наркотик қабылдаған? *+гашиш *героин *табак *амфетаминдер *алкоголь #36 *! Наркологиялық диспансерге ата-анасының ілесуімен 15 жасар жасөспірім жеткізілді. Шағымдары; ауру сезімі, бұлшықеттердің тырысуы, үрейлену, жүрек қағуы, терлегіштік. Бұл симптомдар героиннің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан кейін пайда болған. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз? *дезинтоксикациялық, жалпыбекітуші, симптоматикалық терапия, *+ дезинтоксикациялық, транквилизаторлар, ауру сезімін басушы * дезинтоксикациялық, антидепрессанттар, антипсихотиктер * дезинтоксикациялық,ноотропты, антидепрессанттар * дезинтоксикациялық, ноотропты, нейролептиктер #37 *! Наркологиялық диспансерге ата-анасының ілесіп 17 жасар Л,. жасөспірім жеткізілді. Шағымдары; ауру сезімі, бұлшықеттердің тырысуы, үрейлену, жүрек қағуы, терлегіштік. Бұл симптомдар героиннің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан кейін пайда болған. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз? *дезинтоксикациялық, жалпыбекітуші, симптоматикалық терапия, *+ дезинтоксикациялық, транквилизаторлар, ауру сезімін басушы * дезинтоксикациялық, антидепрессанттар, антипсихотиктер * дезинтоксикациялық,ноотропты, антидепрессанттар * дезинтоксикациялық, ноотропты, нейролептиктер #38 *! Науқас Щ 19 жаста. Психиатриялық ауруханаға наркоманияға күдікпен жіберілді. Ата-анасын ерте жоғалтқан, 5 жасынан бастап бабалар үйінде өскен. Атақты саяхатшы болуды армандаған, қиялдаған. Балаларға өзінің әкесінің атақты геолог екенін айтқан. Бір күні оның сөзіне иланбаған баланы сабап тастаған. Жазалаудан қорқып, қашып кеткен, милициямен қайтарылған. Кейінгі жылдары қашуы қайта қайталанған, сабағы нашарлаған. 8 сыныпты бітіргеннен кейін, сылаушы мамандығы бойынша КТУ ге түскен. Әскерге алынғанша мамандығы бойынша жұмыс жасаған. Әскерге шақыртылуышының құжатында наша қолданғаны туралы мәлімет бар, бірақ оны науқас жоққа шығарады. Тек аппендоэктомия жасалғанда морфин салғанын айтады. Шақыру пунктінде олардың қателескенін айтып, ашуланды. Физикалық жағдайы: арық, бозғылт. Терісі құрғақ, жер түсті. Екі қолында білегінде ісіресе сол жақтан жұлдызды тыртықтар, инфильтраттар байқалады. Пульс 64 минутына, орташа толымды, ырғақты. . АД 100/60. Іші жұмсақ. Іш қату бар. Неврологиялық патлогия жоқ. 14 сағаттан кейін есінеу, көзінің жасаурауы, қолының дірілдеуі,терісі қаз тәрізді, қалтырау, қарашықтары кеңейген. Ұйқысы бұзылып, құсқысы келді, бұлшықеттерде, буындарда ауру сезімі мазалады. Ертеңгі уақытта тітііркенгіш, дөрекі, көмек көрсетуді талап етеді. Өзіне суық тигенін айтады ( қалтырау, денесінің ауруы, ыстық). Анаша қолданғанын жоққа шығарады. Өтірікке бейім. Науқастардан транквилизатор беруін сұрайды. Кешкісін медперсоналға бөлімшеден қашып кетемін деп қорқытады. Дезинтоксикациялық терапия және диазепам науқастың жағдайын тез жеңілдетті. Науқасқа қандай антидот керек? *+налоксон *алкосон *аминазин *кетамин *амитриптиллин #39 *! 44 жасар еркек, алкоголизация « өтілі» — 20 жыл. Салынып ішуі 1 аптадан. Салынып ішу кезеңдерінде таңертеңгі уақыттарда жүрек қағуы, жүректегі ауру сезімі, тершеңдік, перестальтиканың бұзылуы, АҚ құбылуы, мазасыздық, тәбетінің төмендеуі байқалады. Төменде аталғандардан қай синдром ықтимал? * Делириозды *+ Абстинетті * Галлюцинаторлық * Паранойяльдық * Психопат тәрізді #40 49 жастағы науқас 20 жасынан бастап алкогольді шектен тыс қолданады. Алкоголь сурагаттарын қолданады. Соңғы кездерде алкогольді күнара аз мөлшерде қолданады. Ауыру сезімінің төмендегені байқалады, жүрісі бұзылған. Ұмытшақ болғаны үшін туыстарымен жеткізілген. Қай күн екенін айта алмайды. Бірнеше минут бұрын болған нәрселерді есіне түсіре алмайды. Қандай бұзылысқа сәйкес келеді? * Абстинентті * Параноидты * Кататониялық * +Корсаков * Сандырақтық #41 37 жастағы науқас 20 жасынан бастап алкогольді шектен тыс қолданады. Алкоголь сурагаттарын қолданады. Соңғы кездерде алкогольді күнара аз мөлшерде қолданады. Ауыру сезімінің төмендегені байқалады, жүрісі бұзылған. Қай күн екенін айта алмайды. Бірнеше минут бұрын болған нәрселерді есіне түсіре алмайды. Төменде көрсетілген қай диагноз сәйкес келеді, тиісті емді таңдаңыз *алкоголизм 1 стадия, аминазин *алкоголизм 2 стадия, амитриптиллин *+алкоголизм 3 стадия, алзепил * қарапайым алкогольді масаю, аминазин *Корсаков психозы, алзепил #42 *! Наркоманиялық тәуелділіктің 1 стадиясына тән болатын критерийді таңдаңыз * +наркотиктерге психикалық тәуелділік * наркотиктерді жүйесіз пайдалану * абстинентті көріністер * тұлғалық деградация *симптом «плато» #43 *! Наркоманиялық тәуелділіктің 2 стадиясына тән болатын критерийді таңдаңыз * наркотикке обсессивті тәуелділік * дисморфоманиялық синдром * үдемелі амнезия * толерантносттылық төмендеуі *+абстинентті синдром #44 *! Наркоманиялық тәуелділіктің 3 стадиясына тән болатын критерийді таңдаңыз * наркотикке обсессивті тәуелділік, толеранттылықтың өсуі *+тұлғалық өзгерістер, толеранттылықтың төмендеуі *сенестопатия, ипохондриялық бұзылыстар *қорғаныштық құсу рефлексінің төмендеуі *симптом «плато», эйфория #45 ТРАНКВИЛИЗАТОРЛАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУДЫҢ ТИПТІК СИМПТОМАТИКАСЫ *ауыз қуысының құрғауы * психомоторлық қозу *көз қарашығының кішіреюі *+қозғалыс координациясының бұзылысы, дизартрия *сананың онейроидты бұзылысы #46 *! Галлюциногендермен ЖЕДЕЛ УЛАНУДЫҢ ТИПТІК СИМПТОМАТИКАСы * +галлюцинациялар, эйфория, дене схемасының бұзылуы * криптомнезия, аса тектілік сандырағы * нұрландыру, әлемді қайта құру сандырағы * ұйқысыздық, аңду сандырағы * конфабуляция, байлық сандырағы #47 *! Кокаинмен жедел уланғанда жиі байқалады? * ашығу, шөлдеу * ұлылық сандырағы * сенестопатия ипохондриямен * криптомнезилар, конфабуляциялар *+бас айналу, жеке тұлғасын жоғары бағалау #48 Апиынмен жедел уланғанда қандай жағдайлар тән? * + көз қарашығының нукте тәрізді кішіреюі, құрғақтық, тері бозаруы * көздің жылтырауы, көз қарашығының кеңеюі, терінің қызаруы *бас ауруы, бас айналу * АҚ көтерілуі , тахикардия * жиі тыныс #49 19 жасар жігіт. тежелген, ұйқышыл, сөздері түсініксіз, қимыл-қозғалыс кординациясы бұзылған, өзіне бағытталған сөздерге бірден назар аудармайды, бет әлпеті аздап қызарған. Көз қарашығы аздап ұлғайған. Ішімдік исі байқалмайды. Қандай жағдай екенін анықтаңыз *Депрессивті синдром *апиындық наркомания *гашиштік наркомания *кокаиндік наркомания *+барбитураттармен масаю #50 *! 15 жасар жасөспірім қыз бала, «өз өзімді өлтіргім келеді» деген шағым айтады. «Қатты толқу кезінде, қуаныш кезінде» өз өзін өлтіргісі келетін жабысқақ ойлар келетінін айтты. Осы ойлардың ауыр екенін айтады: «шыдау мүмкін емес». Бір кезде осы ойлар кетіп қалады да, біраздан кейін қайта келеді. Осы кезде өзіне өзі қол жұмсағысы келеді: «Себепсізден себепсіз, осы суицидты ойларды үнемі ойлап жүремін, өзін өзі өлтіретін жерден қорқамын..., тек мені ұстап қалатын ой- ол менің туыстарым мен жақын адамдарым. Солардың жайын ойлаймын, оларды жылатқым келмейді, сондықтан көмек беруіңізді сұраймын» Көрсетілген синдромдардың қайсысы дұрысырақ? * Сандырақ синдромы * Конверсионды синдром * Депрессивті синдром * +Обсессивті синдром *маниякалдык синдром #51 *! 14 жасар жасөспірім қыз, жалғыз анасы өсірген. Бала бақшасында құрдастары оны үнемі сөзбен озбырлық көрсетіп, «менің киімім сәнді емес, нашар оқимын, менің анам 50-де, олардың аналары жас..., мектепте мені Даун деп атайды. Осы үшін адамдардан қорқа бастадым, өзімді жалғыз сезінемін, құрбыларым жоқ, болған да емес. Бет әлпетім сүйкімсіз, әлемдегі ең ұсқынсыз адаммын. Соңғы 2 жылда үнемі апатия, амал жоқтық сеземін, оқи алмаймын, көп пәндерді түсінбеймін, не істеу керегін білмеймін, өмір сүргім келмейді». * Ипохондриялық синдром * Эндогенді депрессия * Дисморфофобиялық синдром * +Психогенді депрессия * Үрейлі-фобиялық синдром #52 *!15 жастағы жеткіншек қыз. Педиатрдың қабылдауына келіп «өмірдің мағынасы жоқ, әке шешем екеуі ажырасып жатыр, бұрын бәрі жақсы болған еді, ал енді мен адамдардан қорқа бастадым, өз бөлмемде отырамын, ешкіммен сөйлескім келмейді, мұғалімдермен ара қатынасым нашарлаап кетті, достарыммен, туыстарыммен араласуды қойдым, сабақ оқымаймын, сабақты түсінбеймін, әкем кетіп қалады, анам жылайды, мен оны аяймын, көмектесуге тырысамын, 1 жылдай болды, мен де жылаймын..., не істей аламын, тек өзімді өлтіре аламын...» Көрсетілген синдромдардың қайсысы дұрысырақ? * Ипохондриялық синдром * Эндогенді депрессия * Дисморфофобиялық синдром * +Адаптацияның депрессивті реакциясы * Үрейлі-фобиялық синдром #53 *! Өзбекістан азаматы, 23 жаста. Қазіргі кезде Казақстанда, 4-ші қабаттан секіріп, суицидальды әрекет жасап, аяғы сынып, травматология бөлімшесіне түскен. Қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне бірнеше жыл бойы азаматтықсыз Санкт-Петербург қаласында тұрғанын айтты. Россиядан шығарылған соң 2021 жылға дейін кіруге тыйым салынған. «Азаматтық некеде тұрдым, енді әйелім менсіз күн көріп жатыр, мен оны сүйемін, оған менсіз өте қиын, ло жалғыз қалды, енді шыдай алмаспын, өмір сүргім келмейді, өлгім келеді…». 1. Какой синдром көрсетілген? 2. Психикалық жағдайы анықталған соң дәрігердің тактикасы ? *+СИОЗС (мисол) және психотерапевтикалық емдеу. *СИОЗС (мисол) *Нейролептик (квентиакс) және психотерапевтикалық емдеу *Транквилизатор (феназепам) *Нормотимик (Литий карбонаты) және психотерапевтикалық емдеу #54 1. *! 28 жастағы әйел. Дәрігердің қабылдауына күйеуімен келген. Ананезі бойынша – тұрмыста, 2 баласы бар, жақында пәтер сатып алған, от басында қарым қатынастары жақсы. Әйелінің жағдайы себепсіз 1 ай бұрын өзгеріп кеткен. Науқастың көңілі төмендеген, беті әлепті мұңлы, төмен қарап отыр. Дауысы ақырын шығады, сөзі аз, айтқаны: «ештеңеге қызықпаймын, 1 айдың ішінде 3 кг жүдедім, тәбетім жоқ, өзімді ешкімге керек еместей, кінәлі сезінемін, үйде ештеңе істей алмаймын, өмір сүргім келмейді..., тек балалар болмаса...». ҚР психиатрия көмегінің Стандарты бойынша жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы? * Диагноз: «Депрессивті бейімделу реакциясы» және диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес емдеуді тағайындау. * + Диагноз: «Жеңіл депрессиялық эпизод» және психиатрға жолдау; * Диагноз: «Жеңіл дәрежелі депрессиялық эпизод» және диагноз бен емдеу хаттамаларына сәйкес ем тағайындау. * Диагноз: «Депрессивті бейімделу реакциясы, ұзаққа созылған» және психотерапевтке жолдау; * Диагноз: « неврастения »диагнозы және емдеу хаттамаларына сәйкес емдеуді тағайындау #55 *!37 жастағы ер адам, жұмыссыз, анда санда жұмыскерлікпен табыс табады. Анасы қайтыс болған соң 1 жыл бойы жалғыз тұрады, үйленбеген, ешкіммен араласпайды. Учаскелік терапевтке айтқаны: «ештеңе істегім келмейді, ешкімге керек емеспін, бостан бос өмір сүремін, қайыршылықтан шыға алмайтын секілдімін, не үшін өмір сүретінімді білмеймін, өмір сүргім келмейді...». Психикалық жағдайы анықталған соң сіздің дәрігерлік тактикаңыз ? *+ СИОЗС (мисол); психотерапия *СИОЗС (мисол); нормотимик (Литий карбонаты); психотерапия *Нейролептик (квентиакс); психотерапия *Транквилизатор (феназепам); психотерапия *Нормотимик (Литий карбонаты); психотерапия #56 *! 63 жастағы әйел. Дисциркуляторля энцефалопатия диагнозымен есепте тұрады. 4 жыл бұрын күйеуі онкология ауруынан қайтыс болған, шет елде тұратын 2 баласы, немелері бар. Дәрігерге күйеуін сағынатынын, сағынышы жылдан жылға ұлғайып бара жатқанын, күшінің азайғанын, ұйқысының, тәбетінің жоғын, өлгісі келетінін айтты Психикалық жағдайы анықталған соң сіздің дәрігерлік тактикаңыз ? *+ СИОЗС (мисол); ноотроптар (пирацетам); психотерапия *СИОЗС (мисол); нормотимик (Литий карбонаты); психотерапия *Нейролептик (квентиакс); психотерапия *Транквилизатор (феназепам); психотерапия *Ноотроптар (пирацетам); психотерапия #57 *!17 жастағы қыз, дәрігерге шешесімен келді. Өз бетінше шағымы жоқ. Шешесінің айтуы бойынша ешкіммен қатынаспайды, жүзуге бармайтын болды, бұрын жақсы көретін, тәбеті төмендеді, ұйқысы бұзылды, 5 кг салмақ тастады. Әңгіме кезінде анықталғаны – 2 апта бұрын жігітімен айрылысудан кейін көңілі төмендеп кетті, көп жылады, ештеңе істегісі келмеді. Қарап тексерген кезде қолының терісінде тырнап тасталған іздер көрінді, тері ауруын, аллергияны жоққа шығарды. Өзінің айтуы бойынша, терісін осылай тырнаған соң көңілі тынышталады. Сіздің синдромальды диагнозыңыз? *Астениялық синдром *Иппохондриялық синдром *+Депрессивті синдром, парасуицидальді жүріс тұры *Апато-абулиялық синдром *Сандырақ синдромы #58 *! 56 жастағы науқас дәрігерге әйелімен келді, шағымы ұйқы бұзылысы, көңілінің төмендеуі. Анамнезінде - осы шағымдарымен бұрын бірнеше рет психиатрия клиникасына жатып шыққан және дарға асылу бойынша суицидті әрекет жасаған. Әңгіме кезінде көңілінің 6 ай бойы төмен екені, ұйқыдан ерте оянатыны, тәбетінің төмендегені, апатиясы анықталды.Кешке қарай жағдайы жақсарады. Суицидальды ойлары бар. Өз өзін өмір сүруге лайықты емес деп санайды, туыстарына ауыртпашылығын тигізгісі келмейді. Сіздің диагнозыңыз? *Биполярлы аффективті бұзылыс *Жеңіл депрессивті эпизод *+Реккурентті аффективті бұзылыс *Шизоаффективті бұзылыс, маниакальді тип *Стресске жедел реакция #59 *! 28 жастағы әйел, күйеуімен дәрігер қабылдауына келді. Шағымы – көңілінің төмендеуі, шаршағыштық, ұйқы бұзылысы, тәбетінің төмендеуі, ластацияның азаюы. Анамнезінде – жағдайы 2 апта бұрын өзгерді, туыстарында психикалық ауру жоқ, 6 ай бұрын нәресте туды, босануы өз мерзімінде. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы. Сіздің диагнозыңыз? *Биполярлы аффективті бұзылыс *+Жеңіл депрессивті эпизод *Реккурентті аффективті бұзылыс *Шизоаффективті бұзылыс, маниакальді тип *Босануға байланысты психикалық және жүріс тұрыс бұзылысы #60 *! Науқас М, 42 жаста көңілінің төмендеуіне, «дауыстардың» болуына, ұйқы бұзылысына шағымданып келді. Әңгіме кезінде жағдайы 2 ай бұрын өзгергені анықталды және ұйқысы бұзылып, императивті түрде басының ішінде «дауыстар» пайда болуы, ол «дауыстар» оны ұрсып, өз өзін өлтіруді талап еткені анықталды. Анамнезінде – науқас психиатр есебінде 10 жыл бойы тұрады, бұрын аяқталмаған суицид жасаған. Қазіргі кезде суицидальді ойлары бар. Әңгіме барысында пациент Интернетте ол «өзін-өзі өлтірудің жолдарын» іздейтінін айтты. Сидромальды диагнозын табыңыз? *Астениялық синдром *Ипохондриялық синдром *Депрессивті синдром, парасуицидальді жүріс тұрыс *Апато-абулиялық синдром *+Аффекивті –галлюцинаторлы синдром, суицидальді әрекет жасау қалпы көбірек Страница из |