борщ. Тест 604-2к ТОЛЫК. са жасушалы рак
Скачать 1.81 Mb.
|
Инфекция взр 1 *!48 жастағы әйел, жұқпалы аурулар аурханасына әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, түндегі тершеңдікке, белінің ауруына, сол жақтағы білек буыны мен жамбас буынының ауруына шағымданып келген. 8 ай бұрын дене температурасы көтеріліп, тершеңдік мазалаған, буындарның ауруы байқарған аурумен ауырып тұрған.. Эпид.анамнезі: үйінде қой, ешкі ұстайды. Объективті: эмоционалды лабилді. Т-37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Оң жақ жамбас буынының маңындағы терісі қызарған, ісіну байқалады. Пальпация жасағанда және кез˗келген қозғалыс жасағанда ауру сезімі мазалайды. ҚЖА: лейк.-4,8109/л, ЭТЖ - 36 мм/сағ. ЕҢ ықтимал диагноз: *Лептоспироз *Іш сүзегі *Эпидемиялық бөртпе сүзегі *+Екінішілік-созылмалы бруцеллез *Крымдық геморрагиялық қызба #2 *!Ауыл тұрғыны, үйінде мал ұстайды, 1 ай бұрын дене қызуы 38-390С дейін көтеріліп, колтырап, тершеңдік мазалай бастаған, басы ауырған. Бірақ ауырғанына қарамастан жұмыс істей берген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған. Гепатоспленомегалия. ҚЖА - лейкопения, лимфоцитоз. ЕҢ ықтимал диагноз: *Безгек *Иерсиниоз *Лептоспироз *+Жедел бруцеллез *Созылмалы бруцеллез #3 *!Ер адам 45 жаста, дәрігерге шынтақ буындарында, білек буындарындағы ауру сезімге, қозғалысының шектелуіне шағымданды. Өзің 3 жылдан бері ауру деп санайды, соңғы 1 ай жағдайы нашарлады. Кәуіпханашы болып жұмыс істейді, жеке тұлғалардаң сатып алыңған қой еттерің бөлуге қатысады. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,0С, жергілікті және жалпы гипергидроз (алақан), барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, ауру сезімсіз, бауыры 1,5 см ұлғайған, шынтақ буындарының, білек буындарының ісінуі және қозғалуының шектелуі. Буын R-графиясында –артроз-артрит белгілері. Райта рекциясы – 1:50, Хеддльсон реакциясы –оң, бруцеллезды антигенмен ИФА - IgG, IgA – оң нәтиже Қандай ЕҢ дұрыс диагноз? *Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті *Біріншілік-созылмалы бруцеллез, субкомпенсация.Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті *+Біріншілік-созылмалы бруцеллез, декомпенсация.Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті *Екіншілік-созылмалы бруцеллез, субкомпенсация.Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті *Екіншілік-созылмалы бруцеллез,декомпенсация.Шынтақ буындарының, білек буындарының артрозы-артриті #4 *! Әйел адам 40 жаста, сауыншы болып жумыс істейді, ауруының 8-ші күні түсті. Жоғарғы қызба, дене қызуы қалтыраумен жүреді, тершеңдік, артралгия және мсиалгия байқалады. Гепатолиенальді синдром байқалады. Рентгенограммада интерстициальді пневмония. Антигенмен антитела титрі R. Burnetti 1 : 32. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *Оба *Сібір жарасы *Бруцеллез *Иерсиниоз *+Ку-қызбасы #5 *!22 жастағы студент Алматыға Африка мемлекетінен келген, ауруханаға айқын қалтыраумен, тершеңдікпен қатар жүретін қызба ұстамаларына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9ºС. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Жалпы қан анализінде: эритроциттері-2,9×1012/л, Нв-101 г/л, лейкоциттері - 6,9×109/л, ЭТЖ-30 мм/сағ. Қай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады? *+Безгек *Бруцеллез *Бөртпе сүзегі *Іш сүзегі *Ку-қызбасы #6 *!42 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне дене қызуының жоғарылауына, айқын қалтырау мен тершеңдікке шағымданып түсті. Анамнезде: 2 апта бұрын Африкаға іс-сапарға барған. Эпид.анамнез ескере отырып, қанның жұқа жағындысы зерттелінген, Pl. Falciparum қарапайымдылары анықталды. Қандай диагнозды негіздеу керек? *Оvale-безгек *Үш күндік безгек *+Тропикалық безгек *Екі күндік безгек *Төрт күндік безгек #7 *!30 жастағы ер адам, жедел жәрдеммен жұқпалы ауралар ауруханасына аэропорттан жеткізілді. Дене температурасы 39,90С, басы қатты ауырады, құсқан, қозған. Ауырғанына 7 күн болған, Мозамбикте болғанда ауырған. Тексергенде қан жағындасында Pl.falciparum барлық даму сатысындағы түрлері анықталған. Безгектің қандай клиникалық түрі ЕҢ ықтимал: *Тропикалық безгек, орташа ауырлықта *Тропикалық безгек ауыр формасы *Безгектің алгидті формасы *Тропикалық безгектің жеңіл түрі *+Тропикалық безгектің церебралды формасы #8 *!25 жастағы ер адам, Батыс Африкадан, бірақ Европада оқығандықтан 5 жыл үйінде болмаған. 2010ж. үйінде болғанда қайтадан безгекпен ауырған. Басында делагил ішкен: нәтижесіз, қызба, қайталанып, интоксикация жалғасқан. Сондықтан хинин 50% - 1мл тері астына, 8 сағат сайын алған, кейіннен 15 күннен кейін 1 мл х 2 рет тері астына алған. Емінің екінші күні жағдайы нашарлаған, температурасы 380 көтеріліп, кейіннен 400 дейін жоғарылаған. Интоксикация белгілері жоғарылаған (басы ауырып, жүрегі айнып, құсқан), белінде ауру пайда болып, сарғаюя мен анемиясы үдеген. Зәрі қара түсті, тұндырғанда сүйықтығы шие түсті, тұнған тұндырмасы қара түсті. ЕҢ ықтимал диагноз: *Екіншілік инфекцияның қосылуы *+Гемоглобинуриялық қызба *Тропикалық безгектің церебралды формасы *Тубулярлы нефрозо – нефрит *Инфекциялық токсикалық шок #9 *!26 жастағы әйел адам, жұқпалы аурулар ауруханасына ауруының 9-шы күні дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауына, жөтелге, әлсіздікке, тәбеттің нашарлауына, бас ауыруына шағымданып түсті. Температура 39,5ºС. Тері жабындылары аздап сарғайған. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабат қызарған, бадамша бездер үлкейген, іріңді жабынды жоқ. Жақ асты және қолтық асты лимфа түйіндер үлкейген. Өкпедегі тынысы везикулярлы. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Зәрінің түсі қалыпты, диурез бұзылмаған. Нәжісі сұйық. Нәжістің бактериологиялық анализінде I. Enterocolitica дақылы бөлінген. ЕҢ дұрыс диагноз: *Оба *Листериоз *+Иерсиниоз *Вирусты гепатит *Жедел дизентерия #10 *!26 жастағы әйел адам, жұқпалы аурулар ауруханасына ауруының 9-шы күні дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауына, жөтелге, әлсіздікке, тәбеттің нашарлауына, бас ауыруына шағымданып түсті. Температура 39,5ºС. Тері жабындылары аздап сарғайған. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабат қызарған, бадамша бездер үлкейген, іріңді жабынды жоқ. Жақ асты және қолтық асты лимфа түйіндер үлкейген. Өкпедегі тынысы везикулярлы. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Зәрінің түсі қалыпты, диурез бұзылмаған. Нәжісі сұйық. Иерсиниоз күдіктенген. Инфекцияның ЕҢ ықтимал таралу факторы: *Су *+Шикі көкөністер *Сүт өнімдері *Нан өнімдері *Медициналық аспаптар #11 *!26 жастағы әйел адам, жұқпалы аурулар ауруханасына ауруының 9-шы күні дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауына, жөтелге, әлсіздікке, тәбеттің нашарлауына, бас ауыруына шағымданып түсті. Температура 39,5ºС. Тері жабындылары аздап сарғайған. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабат қызарған, бадамша бездер үлкейген, іріңді жабынды жоқ. Жақ асты және қолтық асты лимфа түйіндер үлкейген. Өкпедегі тынысы везикулярлы. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Зәрінің түсі қалыпты, диурез бұзылмаған. Нәжісі сұйық. Иерсиниоз күдіктенген. Жалпы қан анализіндегі АСА тән өзгерістер: *Лейкоцитоз, лимфоцитоз *+Лейкопения, лимфоцитоз *Лейкоцитоз, эозинофилия *Лейкопения, эозинофилия *Лимфопения, эозинофилия #12 *!19 жастағы бойжеткен ауруының 4-ші күні жұтынғанда күшейетін тамағының ауырауруханаға түскен. Температура 39ºС. Лакунарлы тонзиллит, фарингит, полиаденит (көбінесе мойын лимфоадениті), гепатоспленомегалия, көз бен ауыз қуысының шырышты қабаты сарғайған. Жалпы қан анализінде лейкоциттер саны – 12.300 1 мкл қанда. ЕҢ ықтимал диагноз: *Лакунарлы баспа *Жедел вирусты гепатит *Инфекциялық мононуклеоз *+Иерсиниоз, жайылмалы түрі *Созылмалы тонзиллит, декомпенсация #13 *!Әйел адам 30 жаста, ауруханаға бұлшық еттердегі ауру сезімі, әлсіздік, тәбетінің нашарлауына, ыстыққа шағымданып түсті. Жедел ауырған: дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, тамақта ауру сезімі, бас ауру, енжарлық, тәбеттің жоғалуы пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері және шырышты қапаттары таза қалыпты түсте. Аңқада: бадамшалары ұлғайған, іріңді жабындымен жабылған. Мойын қолтық асты лимфотүйіндері ұлғайған, ауру сезімді. Гепатомегалия. Эпидемиологиялық анамнезінде: 12 күн бұрын жеке адамдардан бұзау сатып алған, етін бөлу кезіндеоң қолының саусағын кесіп алған. Жараны өңдемеген. ҚЖА: лимфомоноциттер (75%). ТГАР 1:160 листериоз антигенимен. ЕҢ дұрыс диагноз: *Листериоз, гепатиті түрі, орташа ауырлықта. *Листериоз, септикалық түрі, орташа дәрежесі. *Листериоз, абдоминальді түрі, ауыр ағымы. *Листериоз, көздік-бездік түрі, орташа ауырлықта. *+Листериоз, ангинозды-септикалық түрі, орташа ауырлықта #14 *! Әйел адам, 33 жаста, ауруханаға жоғарғы қызба, айқын интоксикация симптомымен, оң менингиальді белгілермен (шүйде бұлшық етінің регидтілігі, Кернига симптомы) түсті. Жұлын сұйықтығын алған (лимфоцитарлы плеоцитоз анықталған). ТГАР 1:400ге листериоз антигенімен. ЕҢ ықтимал диагноз: *Листериоз, септикалық түрі, орташа ауырлықта. *Листериоз, абдоминальді түрі, ауыр ағымы. *+Листериоз, менингеальді түрі, орташа ауырлықта. *Листериоз, көздік-бездік түрі, орташа ауырлықта. *Листериоз, ангинозды-септикалық түрі, орташа ауырлықта #15 *!Ер адам, 20 лет, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, құсқан, әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Сол күні табанында, балтырында, санында геморрагиялық бөртпе пайда болған. Тері жамылғысы бозғылт. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі байқалады. ҚҚ: 90/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейкоциттер – 20 х109/л., лейкоформула: миелоциттер – 2, т/я – 14, с/я- 78, моноциттер -2, лимфоциттер - 4, ЭТЖ - 40 мм/сағ.Кеуде қуысының рентгенографиясы– пневмония. Науқаста ми қабынуының қай түрі дамыған? *Менингит *Менингоэнцефалит *Менингококкты менингит *+Менингококкцемия *Менингококкты назофарингит #16 *!Бойжеткен, 16 жасар, лицей оқушысы, ауруының 1-ші күні түскен. Жедел ауырған: кенеттен температурасы 40°С дейін жоғарылап, қатты басы ауырған, құсу жеңілдік әкелмеген. Жалпы жағдайы ауыр, айқын гиперестезия. Көз қарашығы кеңейген, жарыққа сезімтал. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі өте айқын, Керниг симптомы екі жақты оң мәнді. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 130 рет, ҚҚ – 100/50 мм.сын.бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 18х109 /л., т/я –12, с/я- 82, моноциттер-2, лимфоциттер- 6, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Жұлын-ми сұйықтығы: лайлы түстес, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), цитоз: 1 мкл 900 жасушалар нейтрофилдер (83%) есебінен. Менингококты инфекцияның қай түрі туралы ойлауға болады? *+Менингит *Менингококкцемия *Менингоэнцефалит *Менингококкты назофарингит *Пневмония #17 *!Бозбала, 17 жасар, ауырғанына 7 сағат болғанда қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. Айқын қалшылдауға, бас ауруға, құсуға, дене температурасының 390С дейін жоғарылауына шағымданады. 4 сағаттан кейін денесі мен аяқ-қолдарында дұрыс емес жұлдызша тәрізді көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Түскен кезде: жағдайы ауыр, есі-сопор, температурасы-36,50С, ентікпе-1минутта 25 рет, цианоз, қозғалмалы қозғыштық, пульсі жіпше тәрізді, ҚҚ: 60/40 мм. сын. бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 24х109 /л., т/я –10, с/я- 80, моноциттер-4, лимфоциттер- 6, ЭТЖ - 42 мм/сағ. Науқаста қандай асқыну болуы ықтимал? *ТШҚҰ-синдром *+Инфекционды-токсикалық шок *Бас миының ісінуі *Жедел бүйрек жетіспеушілігі *Жедел жүрек –қантамыр жетіспеушілігі #18 *! Әйел адам 42 жаста, қонақта тауық етін, консервіленген баклажан, майонезбен салат, жегенен кейін келесі күні ауырды. Әлсіздік, көздің алдында тор, заттардың екеуленуі, жұтудың бұзылуы, дауысының қарлығуы, ауыздың құрғауы, пайда болып, екі рет құсқан. Қараған кезде: есі анық, екі қабақтың птозы, мидриаз. Сұйық тамақты қиналып жұтады, тамағында бөгде зат тұрғандай сезеді. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *+Ботулизм *Сальмонеллез *Қант диабеті *Тағамдық токсикоинфекция *Жедел ми қанайналымының бұзылуы #19 *!Жұқпалы аурулар ауруханасына 53 жастағы әйел адам көрудің нашарлауына, заттардың екеуленуіне, аузының құрғауына, жұтынған кезде тамағында «ком» тұрғанын сезуге шағымданып түсті. Анамнезінде үш күн бұрын үй жағдайында дайындалған маринадталған саңырауқұлақ жеген. Стационарға Ботулизм деген диагнозбен жатқызды. Осы ауруды қандай аурулармен салыстыру керек: *Іш сүзегі *Менингит *Сальмонеллез *+Жедел ми қанайналымының бұзылуымен *Дизентерия #20 *!Ауруханаға 35 жастағы әйел адам ауырғанына 8 күн болғанда айқын әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, жүрегі айнып, тәулігіне 4-5 ретке дейін құсуға, сарғаюға, терісінің қышуына, эпигастрий аймағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келген. Бір апта бұрын ауырған, әлсіздік дамып, біртіндеп тәбеті төмендеген, жүрегі айнып, бір рет құсқан, ауруының 5 күні зәрі қоңырланға, 6 күні нәжісі ағарған, ал кеше таңертең туыстары көз склерасының сарғайғанын байқаған, түстен кейін жүрегі айнуы күшейіп, құсуы жиеленген. Әйелді жедел вирусты гепатит В деген диагнозбен ауруханаға жатқызған. Қандай симптомдар аурудың ауырлығын көрсетеді? *+Интоксикация симптомдары *Бауыр аймағындағы ауырсыну белгісі *Ахолиялық нәжіс *Холурия *Сарғаю #21 *!43 жастағы ер адам, ауруханада Вирусты гепатит «В» диагнозымен 10 күн жатқан, шағымдары: айқын әлсіздік, тамақтан кейін құсу. Қарап тексергенде: есі бар, енжар, сұрақтарға баяу жауап береді, кейде дұрыс емес,түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы күшейген, бауыр көлемі бұрыңғыдай қабырға доғасынан 2,0 см төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеу, ырғақты, жүрек соғысы минутына 94 рет, АҚҚ 130/80 мм. с. б. Зәрі қоңыр, нәжісі ахолиялық. ИФА˗да HBsAg+, anti HDV+,anti HB corе total+ Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *Вирусты гепатит А *Вирусты гепатит В *Вирусты гепатит Д *Вирусты гепатит В+С *+Вирусты гепатит В+Д #22 *!37 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасына психомоторлы қозу жағдайында түсті. Аузынан «бауырлық» иіс шығады. Жүрек тондары бәсең. Тахикардия минутына 120 рет. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см жоғары анықталады. Сарғаюы кеше байқалған, бірне күн бұрын жүрегі айнып, құса бастаған, басы айналып, қорқынышты түстер көрген. Қандай асқыну дамыған? *Инфекция-токсикалық шок *+Бауырлық жедел энцефалопатия *Тыныстың жедел жетіспеушілігі *Бүйрек үсті бездерінің жетіспеушілігі *Жүрек ˗қантамарының жедел жетіспеушілігі #23 *!Зоотехник 57жаста, ауруының 3-ші күні дәрігерге бас ауруына, қызбаға, аяқтың бұлшық еттеріндегі , белдегі ауру сезіміне, сарғаю, зәрінің қарайуына және көлемінің азайуына шағымданып келді. Объективті: температурасы 38,1°С, склералардың инъекциясы, кеуде аймағында петехиальді бөртпелер, гепатоспленомегалия. ЕҢ ықтимал болжама диагноз: *Бруцеллез *Трихинелез. *+Лептоспироз *Вирусты гепатит *Псевдотуберкулез #24 *!Ер адам 50 жаста, дәрігерге ауруының 5-ші күні келді. Жедел ауырған, барлық күндері дене қызуы жоғары болған, ұйқысыздық мазалап, мойын бұлшық еті, арқа бел, балтыр бұлшық еттері қатты ауырған. Объективті: жағдайы ауыр. Беті қызарғане, конъюнктивит, склерит. Склерасы сарғыш. Кеуде терісінде, іште розеолезді бөртпе элементі байқалады. Бауыр қабырға доғасынан 2 см ге төмен пальпацияланады. АҚҚ-90/70. АҚҚ өлшеген кезде манжетті салғанан кейін қолдың терісінде геморрогиялық бөртпе пайда болған. Зәр шығаруы азайған. Үлкен дәреті қалапты. ЕҢ ықтимал диагноз: *Грипп *ГҚБС *+Лептоспироз *Іш сүзегі *Вирусты гепатит #25 *! Ер адам 40 жаста, малшы, 39ºС дейінгі қызбаға, бас ауру, әлсіздіке шағымданады. Екі күн бұрын аяқ астынан ауырған. Ауруының 3-ші күні дененің терісінде бөртпе, тері және склерасы сарғайып, балтыр бұлшық еттерінде айқын ауру сезімі пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері және көзге көрінетін шырышты қабаты сарғыш, денесінде және аяқта полиморфты розеолезді-папулезді бөртпе бар. Беті ісінген, қызарған. ЖЖС 130 рет минутына. АҚҚ 100/70 мм с. б. Іші оң жақ қабырға астында ауру сезімді. Бауыры +2 см, ауру сезімді. Ұрғылау симптомы «екі жақтан оң». Зәрі қою. ЕҢ ықтимал диагноз: *ГҚБС, орташа ауыр дәрежесі *Жұқпалы мононуклеоз ауыр дәрежесі *+Лептоспироз, сарғаю түрі, орташа ауыр дәрежесі *Энтеровирусты инфекция, аралас түрі, ауыр дәрежесі *Жедел вирусты гепатит, сарғаю түрі орташа дәрежесі #26 *!Ер адам, 35 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Екі ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Бір аптадан бері ауырады: жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындысы және көзге көрінетің шырышты қабаттары сарғайған. Тілі сары жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, бауыры 2,0 см-ге ұлғайған.Анализінде: АЛТ-1050 Ед/л (қалыптыда 41 Ед/л), АСТ-650 Ед/л, жалпы билирубин -265 ммоль/л, тікелей - 197 ммоль/л. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады? *Лептоспироз *Бауыр абсцесі *Жедел холецистит *Өт тас ауруы *+Жедел вирусный гепатит #27 *!40 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, бірнеше рет құсуына, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған. 3 ай бұрын жатыр миомасы бойынша операция жасалынып, қан құйылған. Жағдайы ауыр, айқын интоксикация, ұйқышылдық мазалайды. Тері жабындысы мен көз склералары айқын сарғайған. Бауыры ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті. Нәжісі түссізденген. Қандай лабораторлы көрсеткіштер аурудың ауырлығын көрсетеді? *АЛТ-ң қалыпты деңгейі *Тимол сынамасының жоғарылауы *Билирубин деңгейінің жоғарылауы *+Протромбин индексінің төмендеуі *Сілтілі фосфатазаның жоғарылауы #28 *!Ер адам 35 жаста, ит питомнигінде жұмыс істейді. Жұқпалы аурулар ауруханасына лептоспирозға күмәнданып түсті. Лабораторлы тексерулер жүргізген. Жалпы қан анализинде: лейк.-11,5х109/л, т/я-12%, ЭТЖ-30 мм/с. Қанның биохимиялық анализі: АлАТ-70 Ед/л, АсАТ-55 Ед/л, билирубин-55 ммоль/л, тікелей – 30 мкмоль/л. Жалпы зәр анализі: тығыздығы 1028, белок 0,3 г/л, цилиндрлер (гиалинді және түйіршікті) ++, бүйрек эпителиі +++, лейкоциттер – 20 к/а, эритроциты – до 10 к/а. Лептоспироз кезінде бүйрек зақымдалуының негізгі клиникалық сиптомдары: *Нефроптоз, олигоанурия, *«Солған» бүйрек, никтурия *«Солған» бүйрек, гематурия *Белдегі ауру сезім, уробилиногенурия *+Белдегі ауру сезім, олигоанурия, гематурия #29 *!38 жастағы әйел адам Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының тұрғыны. 4 күн бойы дене қызуының көтерлуіне, әлсіздікке, бас ауруына, денесінің ауру сезіміне шағымданған. Бүгін аздап, мұрынан қан кету болған. Дене қызуы 39,00С.бет терісі, мойны қызарған, конъюнктивит, аңқасыда қызарған. Оң жақ қолтық асты шұнқырында гемморагиялық бөртпелер анықталады.Іші жұмасақ, ауру сезімсіз, бауыры +1,0 см. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады? *+ККГҚ *Иерсиниоз *Бөртпе сүзегі *Іш сүзегі *Менингококкцемия #30 *!Ер адам 28 жаста, Оңтүстік Қазақстан облосының тұрғыны, ауруының 4-ші күні дәрігер терапевтке қаралған. Шағымы бастың қатты ауруына, қалтырау, дененің қақсауына, іш өту, мұрнынан қан кетуіне. Қараған кезде: дене қызуы – 39,9°С, әлсіз. Беті, мойны қызарған, көздің склерасы инъецирленген. Денеде, санның артқы бетінде көп емес петехиальді бөртпелер байқалады. Шымшу және жгут симптомдары оң. Жүрек тоны бәсеңдеген, Ps -56 рет минутына. АҚҚ– 90/60. Өкпеде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ ауру сезімсіз. Бауыры 1,5 см ге ұлғайған. Дәреті ботқа тәрізді, патологиялық қоспаларсыз. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? * менингококкцемия * вирусты гепатит *бөртпе сүзек * грипп *+Конга Қырымдық геморогиялық қызба #31 *!52 жастағы ер адам, Қызылорда облысының тұрғыны, шопан, ауруының 5 күні терапевтке қаралған. Басының қатты ауруына, қалтырауға, денесінің қақсауына, мұрнының қанауына шағымданады. Амбулаторлы ЖРВИ ˗дан дезинтоксикациялақ ем қабылдаған. Қарап тексергенде: дене температурасы – 39,9°С, әлсіз, беті, мойны гиперемияланған. Денесінде петехиалды бөртпе, инъекция орнында гематомалар анықталады. Жгут және шымшу симптомдары оң. Ps-50 рет АҚҚ – 90/60 мм.с.б. Өкпесінде – везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры 1,5 см үлкейген. Қандай ем ЕҢ тиімді? *Антибиотиктер *+Вирусқа қарсы *Симптоматикалық *Иммуномодуляторлар *Десенсибилизациялаушылар #32 *!Ер адам, 40 жаста, шопан, жедел ауырған. Ауруының үшінші күні қарағанда жалпы жағдайы орташа ауырлықта, сол жақ білегінде (сона шаққан жерде) ө жалпақ, құрғақ түбін қара струп басқан, ауырмайды, айналасындағы тіндер ісінген. Лимфадениттің орын алуы қандай ауруға тән: *+Сібір жарасы *Кенелік энцефалит *Бөртпе сүзегі *Орнитоз *Грипп #33 *!75- жастағы әйел адам стационарға жатқызылды. 2 күн бойы қалтырауға, бас ауруға, сол жақ балтыр аймағының ісінуіне,қызаруына шағымданады. 5 күн бұрын іріңді отитке байланысты ем қабылдаған. Дене қызуы 39°С, сол жақ балтыры мен табан аймағында айқын гиперемия, шектелген, айқын шекарасы бар, пальпация кезінде ауру сезімді, терісі күйіп тұр. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады? *+Тілме *Пастереллез *Эризипелоид *Сібір жарасы *Аллергиялық дерматит #34 *!50- жастағы ер адам стационарға түсті.2 күн аралығында қалтырау, басының ауруы, оң жақ балтыр мен табан аймағындағы ісіну, ауру сезімі, қызару анықталды. 50 жасында бет тілмесі болған. Дене қызуы 39,6°С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 110/70 мм.сб. Оң жақ балтыр мен табан аймағында айқын гиперемия, жайылмалы геморрагия, қызару шеттері тегіс емес, шекарасы периферялық валикпен айқындалған. Алдыңғы және артқы аймақтарында бірнеше жайылмалы сарғыш және қоңыр түсті көпіршіктер бар. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады? *Біріншілік тілме, эритематозды-буллезды түрі *Қайталанған тілме, эритематозды-буллезды түрі *Біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық түрі *+Қайталанған тілме, буллезді-геморрагиялық түрі *Рецидивтелген тілме, эритематозды-буллезді түрі #35 *!45 жастағы ер адам емханаға оң қолының ортаңғы саусағында жара пайда болғанына шағымданып келді. Кауап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы көтеріліп ауырған. Ауруының 4 –ші күні саусағындағы жараны байқаған, бір апта бұрын осы саусағын ет турап жатып кесіп алғанын есіне алды. Жара ауру сезімсіз, бірақ қолы шынтағына дейін қатты ісіп кеткен. Жағдайы орташа ауырлықта. Оң қолының ортаңғы саусағының терісінде жара, венчиктермен қоршалған гиперемия және жайылған ісіну көрінеді. Сол жақ қолтық астында лимфаденит. Гемограммада: лейкоцит – 20х109/л, п/я нейтроф.-4%, с/я нейтроф – 88%, лимфоцит. – 6%, моноцит. -2%. ЕҢ ықтимал диагноз: *Тілме, буллезді форма *Листериоз, терілік форма *Пастереллез, терілік форма *Клебсиеллез, терілік форма *+Сібір жарасы, терілік форма #36 *!Ер адам 36 жаста, стационарға түскен кезде, тоқтаусыз құсу, іш өту және шөлдеуге шағымданады. Қараған кезде: температурасы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. Пульсі – 105 рет минутына. Дауысы қарлыққан. Тері серпімділігі төмендеген. Іші тартылған, аурусезімсіз. Стул Үлкен дәреті күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Индиядан 5 күн бұрын келген. Науқаста қандай ауру ЕҢ ықтимал? *Ішек иерсиниозы *Псевдотуберкулез *Дизентерия *Лямблиоз *+Тырысқақ #37 *!Ер адам 36 жаста, стационарға түскен кезде, тоқтаусыз құсу, іш өту және шөлдеуге шағымданады. Қараған кезде: температурасы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. Пульсі – 105 рет минутына. Дауысы қарлыққан. Тері серпімділігі төмендеген. Іші тартылған, аурусезімсіз. Стул Үлкен дәреті күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Индиядан 5 күн бұрын келген. Қандай асқыну ЕҢ тән? *Инфекциялық-токсикалық шок; *+Гиповолемиялық шок *Ішектің тесілуі *Перитонит; *Қан кету #38 *!Науқас қырқүйекте Өзбекістаннан келген, сонда бір апта болған. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *Сальмонеллез *Иерсиниоз *+Тырысқақ *Тағамдық токсикоинфекция *Ботулизм #39 *!Ер адам 36 жаста, стационарға түскен кезде, тоқтаусыз құсу, іш өту және шөлдеуге шағымданады. Қараған кезде: температурасы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. Пульсі – 105 рет минутына. Дауысы қарлыққан. Тері серпімділігі төмендеген. Іші тартылған, аурусезімсіз. Стул Үлкен дәреті күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз. Индиядан 5 күн бұрын келген. Тырысқақтың заманауи ағымының ЕҢ жиі кездесетін варианты: *Гиповолемиялық экзотоксикалық *Нормоволемиялық эндотоксикалық *Аралас экзоэндотоксикалық *Нормоволемиялық, атоксикалық *+Субклиникалық #40 *!37 жастағы ер адам, көп күн тұрып қалған холодецті жегенннен кейін 6 сағаттан соң жедел ауырған. Көп реттік құсу, жиі іш өту, ішінің барлық аймағындағы ауру сезімі мазалайды, нәжісі сұйық, «ет жуындысы» сияқты, әлсіздік, гипотония. Асқазанын және клизмамен асқазанын жуғаннан кейін жағдайы тез жақсарған. Қанадй ауру дамыған? *Иерсиниоз *Дизентерия *+Тағамдық токсикоинфекция *Токсикалық энтерит *Амебиаз #41 *!17 жастағы бойжеткен. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: барахолкада асханадан тамақтанған соң 6 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен, пальпацияда ішіндегі ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 80̸ 40сын.бағ.бой., пульсі 120 соқ/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай». Қай диагноз ЕҢ ықтимал? *Амебиаз *Сальмонеллез *Жедел дизентерия *+Тағамдық токсикоинфекция *Жедел гастроэнтероколит #42 *!Ер адам 45 жаста Өзбекстанның оңтүстігінен келген гастарбайтер, дәрігерге ішінің ауруына, ішінің жиі қана аралас және қою шырышпен араласып өтуіне шағымданып келген. Үш апта бойы ампициллин және фурозолидон қабылдаған, ем нәтижесіз болған, дене температурасы көтерілмеген. Қарап тексергенде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сигма ішегі мен тоқ ішектің төмендеуші бөлігі тығыздалған. Бауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *+Амебиаз *Дизентерия *Сальмонеллез *Балантидиаз. *Эшерихиоз #43 *!45 жастағы ер адам, гастроэнтерологқа ішіндегі ауру сезіміне, нәжісіндегі қанға және сұйық нәжіске шағымданып келді. Бір ай бойы ауырған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы қанағаттанарлық. Ешқайда шықпаған, жеміс жидектер менкөкөністерді жиі қолданады. Ректороманоскопияда: қабынбаған шырышты қабатта терең жаралар, түбі іріңді сарғыш жабындымен жабылған. Қандай ауруда шырышты қабаттарда осындай өзгерістер болады? *Бактериалды дизентерия *спецификалық емес жаралы колит *+Ішек амебиаз *Сальмонеллез колиттікформа *Ішек шистосомоз #44 *!Ер адам, 25 жаста, желтоқсанда терапевтке келген. Науқас нәжісінің сұйық болуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Шілде айында республиканың оңтүстік аймағында тұратын туысқандарында болғанда ауырған, сол кезде арықтан қайнамаған су ішкен. Іші күніне 4 - 10 рет өткен, патологиялық қоспаларсыз. Оң жақ мықын аймағында сыздап ауру сезімі мазалайды. Озі фталазолмен емделген, іші өткені тоғтаған, бірақ тамақтанудағы келеңсіздіктерден кейін іші қайта өткен. Түскен кезде: дене температурасы 37,2°С. Азыңқы, боз, іші кеппеген, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі мазалайды. Нәжісі ботқа тәрізді, қан араласқан шыны тәрізді шырышы бар. Ішек амебиазының негізгі белгісі қандай: *Жедел басталуы *Көп рет құсу *+«Бүлдірген желесі» тәрізді нәжіс *Интоксикация белгілері айқын *«Батпақ балдырлары» тәрізді нәжіс #45 *!Жасөспірім 16 жаста, лицейде оқиды, Жедел респироторлы инфекция жағдайлары тіркелген, стационарға ауруының 8 күні түсті.Ауруы біртіндеп басталған, мұрыннан су ағумен және жөтел, аздап тамақтағы ауру сезімі. Субфебрилді дене қызуы 8күн бойы сақталуда. Эпигастрии аймағында ауру сезімі, 1-2 рет сұйық нәжіс болған. Қараған кезде беттің қызаруы байқалады, склераның қантамырларының инъекциясы және конъюнктивит, жұтқыншақтың артқы қабырғасы аздап қызарған және түйіршіктер. Аздап мойын және жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Бір жақты конъюктивит. Қай диагноз ЕҢ ықтимал? *Грипп *Парагрипп *+Аденовирусты инфекция *Риновирусты инфекция *Респираторлы-синцитиальді инфекция #46 *!25 жастағы ер адам, ауруханаға келген. Ауырғанына 3 күн болған. Жедел ауырған, дене температурасы 39о C дейін көтерілген, басы маңдай аймағында және көз алмасында ауру сезімі мазалайды, тамағы ауырады, мұрны бітеліп, бүкіл денесі, аяқ қолдары мен бұлшық еттері қақсаған. Қарап тексергенде: беттің гиперемиясы және ісінуі байқалады, көз склералары инъекцияланған, құрғақ жөтел, ентігеді, тахикардия. Өкпесінде, төменгі бөлігінде тынысы бәсеңдеген, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ-92, ТЖ-24, АҚҚ-100/60 мм.с.б. Гемограммада: лейкоциттері- 13,5х 109, HB-120 г/л, эритр-3,38, тром-225, т/я-6,с/я-76, мон-8, лимф-10, ЭТЖ-15 мм/сағ. Науқаста қандай асқыну дамыған? *Өкпенің ісінуі *+Пневмония *Жедел бронхит *Жүрек жетіспеушілігі *Тыныстың жетіспеушілігі #47 *!25 жастағы ер адам, жедел ауырған, басының маңдай бөлігі мен көз алмаларындағы ауру сезімі мазалап, қалтырап, бүкіл денесі қақсаған, тамағы ауырған, мұрны бітеліп, дене температурасы 39оC дейін көтерілген. Өзі терафлю, парацетамол ішкен, ем қонбаған. Жедел жәрдем бригадасын шақырып, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қарағанда: ауруының 2-ші күні аңқсында айқын гиперемия, беті ісінкіреп, қызарған, көз склералары инъекцияланған, мұрны бітелген. Өкпесінде – тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсең, тахикардия, ЖСЖ минутына 98 рет, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *+Грипп *Ринит *Парагрипп *Энтеровирусты инфекция *Аденовирусты инфекция #48 *!Жасөспірім 15 жаста, участкелік дәрігерге қаралған, 3-күн бойы дене қызуы 37,7C, бас ауру, тамақтағы ауру сезім трахея бойымен, дөрекі жөтел мазалайды. Қараған кезде аңқасы аздап қызарған, бадамша безі доғаның артында, жабынды жоқ, тыныс алуы қиын және жиі, мұрыннан көп мөлшерде серозды бөлінділер байқалады, дауысы қарлыққан. Жүрек тондары бәсеңдеген ритм дұрыс ЖСЖ 82 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ ару сезімсіз. Зәр шығаруы қалыпты. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *Грипп *+Парагрипп *Аденовирусты инфекция *Риновирусты инфекция *Респираторлы-синцитиальді инфекция #49 *!20 жастағы ер адам тыныс алудың қиындауына, ауа жетпеу сезіміне, қысылу, қатты жөтел, қиын бөлінетін қақырыққа, кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 380 С –қа көтерілуіне, ентігу шағымдарымен ауруханаға келіп түсті. Анамнезінен: ауырғанына 3 күн болған, ауру катаральді белгілермен басталған. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопноэ жағдайында, тынысы шулы. Мазасыз, акроцианоз, ентігу, тыныс алу жиілігі-32 рет минутына, өлімнен қорқу сезімі мазалайды. Аускультативті тыңдағанда өкпенің екі жағында да орташа және үлкен көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Перкуторлы өкпе дыбысының тұйықталған. ҚҚ 130/90мм сын.бағ.Тамыр соғысы минутына120 рет. Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін? *Өкпе туберкулезі. Өкпе ісінуі *Ошақты пневмония. Өкпе ісінуі *+Вирусты пневмония. Өкпе ісінуі *Грипп, ауыр ағымды. Өкпе ісінуі. *Крупозды пневмония, ауыр ағымда #50 *!Ер адам, 25 жаста, практикада Іле өзенінің жағасында болған, суға шомылып, шикі су ішкен. Ауруханаға ауруының 10 шы тәулігінде түсті, есі бар, бірақ әлсіз. Бас ауруы мазалайды, дене қызуының көтерілуі 400С, дейін, айқын тершеңдік, құрғақ жөтел байқалады. Өкпеде құрғақ сырылдар. Бауыры 1см ге ұлғайған. Бөртпе жоқ. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал? *Бөртпе сүзек *Іш сүзегі *Лептоспироз *+Ку-қызбасы *Орнитоз # 51 *!45 жастағы әйел адам ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Дене қызуының 38,5-39,5ºС-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, тершеңдікке, буындары мен бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, бас ауыруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Өкпеде – тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғайған. Зертханадан серологиялық зерттеу нәтижесі алынды: R. Burnetti антигеніне қарсы антиденелер титрі 1 : 32. Қандай антибиотик тағайындау қажет? *Линкомицин *Пенициллин *Ампициллин *+Доксициклин *Ципрофлоксацин #52 *!48 жакстағы әйел, жұқпалы аурулар аурханасына әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, түндегі тершеңдікке, белінің ауруына, сол жақтағы білек буыны мен жамбас буынының ауруына шағымданып келген. 8 ай бұрын дене температурасы көтеріліп, тершеңдік мазалаған, буындарның ауруы байқарған аурумен ауырып тұрған.. Эпид.анамнезі: үйінде қой, ешкі ұстайды. Объективті: эмоционалды лабилді. Т-37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Оң жақ жамбас буынының маңындағы терісі қызарған, ісіну байқалады. Пальпация жасағанда және кез˗келген қозғалыс жасағанда ауру сезімі мазалайды. «Бруцеллез» деген диагноз қойылды. Зертханалық әдістің ЕҢ мәліметті түрі *+Райт реакциясы * Видаль реакциясы * Вейль-Феликс реакциясы *Пауль-Буннель реакциясы * Комплемент байланыстыру реакциясы #53 *!48 жакстағы әйел, жұқпалы аурулар аурханасына әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, түндегі тершеңдікке, белінің ауруына, сол жақтағы білек буыны мен жамбас буынының ауруына шағымданып келген. 8 ай бұрын дене температурасы көтеріліп, тершеңдік мазалаған, буындарның ауруы байқарған аурумен ауырып тұрған.. Эпид.анамнезі: үйінде қой, ешкі ұстайды. Объективті: эмоционалды лабилді. Т-37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Оң жақ жамбас буынының маңындағы терісі қызарған, ісіну байқалады. Пальпация жасағанда және кез˗келген қозғалыс жасағанда ауру сезімі мазалайды. «Бруцеллез» деген диагноз қойылды. Зертханалық зерттеуге кіреді: *Нәжісті себу *Қосарланған ортаға зәрді себу *Қосарланған ортаға қанды себу *Дуоденальды сұйықтықты себу *+Транспорттық ортаға қанды себу #54 *!Әйел адам, 39 жасар, мал дәрігері, бел тұсының ауыруына, басының үнемі ауыруына, тершеңдікке, қызбаға (бірақ температурасы 37,3оС аспаған) шағымданып түскен. Ұзақ уақыт невропатолог пен терапевтте емделген емінің тиімділігі болмаған. Ципрофлоксацин мен доксициклинмен жүргізілген ем кезінде қатты бас ауру мен қайтара құсу сақталды. Жылағыш, мазасыз. Менингеалді симптомдар теріс мәнді, белін қозғалту шектелген. Гемограммада: лейкоциттер - 4,8 х 10 9/л, эоэ. – 1%, с/я – 52%, лимф – 40%, моноц. – 7%, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Райт реакциясы 1:100. Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру жүргізу керек? *Бас қаңқасының рентгенографиясы *Электроэнцефалография *+Жұлын сұйықтығын алу *Компьютерлік томография *Магниттік-резонансты томография #55 *!Ауыл тұрғыны, үйінде мал ұстайды, 1 ай бұрын дене қызуы 38-390С дейін көтеріліп, колтырап, тершеңдік мазалай бастаған, басы ауырған. Бірақ ауырғанына қарамастан жұмыс істей берген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Мойын және қолтық лимфа түйіндері ұлғайған. Гепатоспленомегалия. ҚЖА - лейкопения, лимфоцитоз. Учаскелік дәрігер «Бруцеллез» деген диагнозын болжаған. Тексерудің ЕҢ мәліметті әдісі қандай? *+Райт реакциясы *Видаль реакциясы *Вассерман реакциясы *Пауль-Буннель реакциясы *Тікелей емес гемагглютинация Реакциясы #56 *! 27 жастағы әйел, 10 қарашада жұқпалы аурулар ауруханасына келген. Тамыздың аяғында жедел ауырған. Дене температурасы көтеріліп, қалтырап, тершеңдік мазалаған, тірсек және білек буындары ісінген. Эпид.анамнезі: ауылда тұрады. Көршілерінен алған қайнамаған сүт ішеді. Бауырдың төменгі қыры бұғана орта сызығымен қабырға доғасынан 2 см төмен анықталады. Көк бауыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен анықталады. Қан нализі: л.-4,4×109/л, т/я-1%; с/я-42%; мон.-9%; лимф.-45 %. ЭТЖ-29 мм/сағ. ЕҢ тиімді этитропты заттар: *+Доксициклин, ципрофлоксацин *Ампициллин, ципрофлоксацин *Пенициллин, доксициклин *Гентамицин, доксициклин *Цефазолин, сумамед #57 *! Әйел 25 жаста, жүктіліктің 26-27 апта дәрігерге дене қызуының жоғарлауы, қалтырау, тершеңдікке, аяқ-қолдарының ірі буындарының ауру сезіміне,әлсіздікке шағымданды.Өзің 3 апта бойы аурумын деп есептейді. Тексеру кезіңде: дене қызуы-37,8 С,тері жабындысы- ылғал, мойын, қолтық асты, шат аймағының лимфа түйіндері пальпацияланады. Бауыр пальпацияланбайды. Буындары беткей өзгермеген, қозғалуы толық көлемде. Райта реакциясы - 1:400, Хеддльсон реакциясы – оң. Этиотропты емге қандай антибактериалды терапиялық жүйе ЕҢ қолайлы? *Доксициклин 0,1 г. х 2 рет *+ Рифампицин 300 млн. х 3 рет *Ципрофлоксацин 0,5 мг. х 2 рет *Гентамицин 0,8 мг. х 3 рет б/е *Офлоксацин 0,4г. х 2 рет #58 *!Әйел адам 46 жас, дәрігерге ірі буындарының ауру сезіміне, тершендікке, әлсіздікке шағымданды. Өзің 1 жылдан бері ауру деп есептейді. Тамаққа жие жеке тұлғадан алынған брынза, қаймақ, сүзбені қолданады. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,6, жалпы гипергидроз, барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатомегалия 1,5 см, Тізе буын R-графиясы– ақаусыз. Райта реакциясы – 1:400, Хеддльсон реакциясы -оң, ИФА – IgМ, IgG – оң нәтиже. Доксициклин 0,1 г. х 2 рет+ рифампицин 300 мг х 2 рет тағайындалған Антибактериалды емнің ЕҢ бағытталған ұзақтығы қандай? *15 күн, *20 күн *30 күн *40 күн *+45 күн #59 *!22 жастағы студент, Африкадан келген, ауруханаға қызба ұстамаларына, қалтырау мен тершеңдікке шағымданып келген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9ºС. Бауырының төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0-2,5 см төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Қанның жалпы анализінде: эритр.-2,9×1012/л, Нв-101 г/л, лейк.-6,9×109/л, ЭТЖ-22 мм/сағ. Қандай әдіс диагнозды дәлелдеуде ЕҢ ақпаратты? *+Қалың тамшы, жұқа жағынды *Қанды қосарланған ортаға себу *Провачекриккетсияларымен КБР *Өт сорпасына қанды себу *Транспорттық ортаға қанды себу #60 *!37 жастағы ер адам, маусымда аэропорттан ауыр жағдайда әкелінді, дене қызуы 410С, басы қатты ауырады, бірнеше рет құсқан. Сьерра-Лионда бір күн бұрын ауырған, мұнда бір ай бойы іс сапарда болған. Алдын алу мақсатымен делагил ішкен. Объективті: басын ұстап, ыңқылдап жатыр, қарап тексергенде бір рет құсқан. Беті қызыл, склералары инъекцияланған. Басқа мүшелері патологиясыз. Қан жағындысында тропикалық безгектің барлық даму стадиялары анықталады, көп мөлшерде. Тропикалық безгектің ауыр түрін емдеуде ЕҢ тиімді дәрі? *+Хинин *Мефлохин *Хингамин *Артесунат *Галофантрин |