Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№17 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Жатыр қуысы қабырғаларын диагностикалық қыруға құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________
Мақсаты: емдік және диагностикалық.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Пациенттен шешінуін сұраймыз
|
| 3
| Гинекологиялық креслоны дез.ерітіндіге малынған сүлгімен өңдеп, бетіне бір рет қолданатын жаялықты төсейміз.
|
| 4
| Жатыр мойынын толық қарау үшін жарықпен қамтамасыз етеміз.
|
| 5
| Қолды антисептикті қолданып өңдейміз.
|
| 6
| Стерилді қолғапты киеміз.
|
| 7
| Зерттеуге байланысты кезектілікпен, стерилді үстелшеден жатыр қуысын зодтауға арналған стерилді құралдарды жинаймыз
- сыртқы жыныс мүшелерін өңдеуге арналған корнцанг
- қынап пен жатыр мойнын қарауға арналған гинекологиялық қасық тәрізді айна мен көтергіш
- қынап пен жатыр мойнын өңдеуга арналған корнцанг
- 2 Мюзо қысқышы ( оқ тәрізді қысқыш) жатырдың жоғарғы ерінінен бекіту үшін
- темір жатыр зонды
- Гегар кеңейткіші № 5-12
- кюреткалар жиыны №2 және №4 , № 6
- дәкелі және мақта тампондары
- дәрігер үшін стерилді қолғаптар
1% йоданат ерітіндісі бекіткеннен кейін жатыр мойнын өңдеу үшін.
мұзды қапшық
қырындыны алу үшін дәкелі сүлгімен лоток
5% формалин ерітіндісімен флокон
гистологиялық зерттеуге жолдама
|
| 8
| Пациенттен бір реттік бахила киуін өтініп,гинекологиялық креслоға жатуын сұрадым.
|
| 9
| Корнцанг және мақталы томпон көмегімен сыртқы жыныс ағзаларын антисептикпен өңдейміз
|
| 10
| Айнаның ұстағышының астына эндометрий қырындыны жинауға арналған дәкелі салфеткамен лоток қоямыз
|
| 11
| Жатыр қуысы қабырғаларын диагностикалық қыруда дәрігерге ассистент болдым
|
| 12
| Зерттеуден кейін құрал-жабдықтарды дез.ерітіндісі бар № 1 контейнерге салдым.
|
| 13
| Операция аяқталды. Пациентке бір реттік төсемді бердім.
|
| 14
| Пациенттің жағдайын бағаладым.
|
| 15
| Пациентке тұруына, киінуіне көмектестім, каталкамен палатасына тасымалдадым.
|
| 16
| Жаялықты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
|
| 17
| Қырындыны дәкелі сүлгіге алып , қаннан ағынды суда тазарттым
|
| 18
| Эндометрий тінін 5 % фармолин ерітіндісі бар флаконға салдым
|
| 19
| Қолғапты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
|
| 20
| Қолымызды антисептикті қолдана отырып өңдейміз.
|
| 21
| Гистологиялық зерттеуге жолдама толтырамыз
|
| 22
| Алынған нәтижелерді «Кіші операциялар» журналына тіркейміз
|
|
| Орташа баға
|
|
Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№18 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Фонтомда сыртқы акушерлік зерттеуді жүргізіңіз (Леопольд-Левицкий әдісі). Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________ Мақсаты: ұрықтың орналасуы, келіп тұрған бөлігі, позиция, түрі, келіп тұрған бөлігінің кіші жамбас астауына қатынасын анықтау.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Пациенттен шешінуін сұраймын.
|
| 3
| Кушетканы дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.
|
| 4
| Қолымды антисептикпен тазартамын.
|
| 5
| Таза қолғап киемін.
|
| 6
| Пациентке кушеткаға жатуын сұраймын, аяқтарын жазып, арқасымен жатады.
|
| 7
| Пациенттің оң жағынан бетімізбен қарап отырамын.
|
| 8
| І тәсіл мақсаты: жатыр түбі биіктігі мен құрсақтағы баланың жатыр түбінде орналасқан ірі бөлігін анықтау. Ол үшін екі қолдың алақандарын жатырдың түбіне орналастырып, алдымен жатыр түбі биіктігін анықтаймыз. Осыдан кейін сипау арқылы жатыр түбіндегі ірі бөлігін табамыз. Жиі жатыр түбінде баланың жамбасы орналасады, ол қолымызға жұмсақ, аумақты, қозғалысы шектелген болып білінеді.
|
| 9
| Алақанымызды жатырдың бүйір қабырғаларына, кіндік бойына орналастырамыз. Екі қолдың алақандарымен кезек пальпация жасап, жатырдың бір бүйірінен жазық, ұзақ, біргелкі баланың арқасын анықтаймыз. Ал жатырдың ІІ бүйірінен баланың бұдырлы, қозғалмалы майда мұшелерін сипап білуге болады.
|
| 10
| ІІ тәсіл көмегімен құрсақтағы баланың орналасу позициясы мен позиция түрін анықтадым
|
| 11
| ІІІ тәсіл мақсаты: құрсақтағы баланың келген мүшесін анықтау. Шаттың жоғарғы жағына оң қолымыздың үлкен саусағын бір жағынан, қалған 4 саусақты екінші жағынан орыналастырамыз. Қолымызды баяу қимылдатып баланың келген мүшесін сипап қараймыз. Егер келген мүшесі тығыз, дөңес, қозғалмалы болса, онда бала басымен келгенін білдіреді.
|
| 12
| ІY тәсіл мақсаты: құрсақтағы баланың келген бөлігінің кіші жамбас қуысына қатынасын анықтау. Ол үшін пациенттің аяғына бетімізбен қарап тұрамыз. Екі қолдың алақанын жатырдың төменгі сегментіне екі жағынан орналастырамыз. Саусақтардың ұштарын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан баланың ірі бөлігінің жамбас қуысына қатынасын анықтаймыз.
|
| 13
| Тексеру аяқталды, пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамыз.
|
| 14
| Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
|
| 15
| Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
|
| 16
| Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін
|
| 17
| Ұрық мәліметтерін медициналық құжатқа тіркеймін.
|
|
| Орташа баға
|
|
Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№19 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Фонтомда гонореяға жағынды алуды көрсету. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________
Мақсаты: жағындыда спецификалық қоздырғыш гонококкты анықтау.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Пациенттен шешінуін сұраймын.
|
| 3
| Кушетканы дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.
|
| 4
| Қолымды антисептикпен тазартамын.
|
| 5
| Таза қолғап киемін.
|
| 6
| Пациентке креслоға жатуын сұраймын, аяқтары тізе буынында бүгілген және ашылған.
|
| 7
| Қажет құралдарды дайындаймыз: гинекологиялық айналар, Фолькман қасықшасы не бір рет қолданатын таяқшалар, заттық шынылар.
|
| 8
| Гинекологиялық айна мен көтергішті енгізіп жатыр мойны мен қынап қабырғаларын жалаңаштаймыз (қасық тәрізді айнаны кіші жамбас шығаберісінің тік өлшемінде қынапқа еңгізіп, көлденең өлшемге ауыстырып, шатқа басамыз)
|
| 9
| Бір рет қолданатын таяқшамен немесе Фолькман қасықшасымен үрпіден жағынды алып, заттық шынының бір шетіне, жағамыз.
|
| 10
| Осы қасықшанын таза жағымен жатыр мойны каналынан жағындыны алып, заттық шынының орасына, көлдененінең жағамыз.
|
| 11
| Қынаптың артқы күбезінен жағынды алып, оны заттық шынының бір шетіне нүкте түрінде жағамыз.
|
| 12
| Қынаптық айналарды шығарамыз
|
| 13
| Егер бартолин бездері мен парауретральды бездер де қабыну белгілері болса, ол жерлерден де жағынды алып, жолдамада қай жерден алынғанын жазамыз.
|
| 14
| Процедура аяқталды, әйелге тұрып, киінуіне болатынын айтамыз.
|
| 15
| Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
|
| 16
| Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
|
| 17
| Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін
|
| 18
| Жолдаманы толтырып, зертханаға жолдаймыз. Онда: мекеме және бөлім аты; жағандының аты, әйел аты жөні; жасы; мекен жайы; жұмыс орны; алынған күні; алынған жері; дәрігердің аты жөні жазылады.
|
|
| Орташа баға
|
|
Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________
МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
|