|
чек лист акушерство. Семей аласыны Д. алматаев атындаы мемлекеттік медициналы колледжі
Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№14 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Босану кезінде шатаралықты қолмен қорғауды көрсету. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________ Мақсаты: шатаралықты жыртылыстан қорғау.
№ | Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі.
| Баға
(max 5
балл) |
| Босану кезінде ұрық тың басы жыныс саңылауын жарып шыққан уаыттан бастап «шатаралықты қорғау» пособиясын қолданады. Ол 5 моменттен тұрады.
|
|
| 1-момент- бала басының ерте шалқаюының алдын алу. Ол үшін босанушының оң жағынан тұру керек, сол қолдың алақанын әйелдің қасағасына орналастырады, ал саусақтарының ұшымен тез арада түсіп және шалқайып келе жатқан баланың басын абайлап ұстап, тежейді. Нәтижесінде бала басы неғұрлым кіші өлшеммен шығады -32 см. Бұл өлшем кіші қиғаш өлшем арқылы өтеді.
|
|
| 2-момент- шатаралықтың кернеулігі мен созылу дәрежесін азайту. Ол үшін бала басы жарып шыққан уақыттан бастап, ышқыну кезінде оң қолдың 4 саусағын жыныс еріндерінің сол жағына баланың басына орналастырамыз, ал бас бармақ оң жақ жыныс еріндері аймағында орналасады. Саусаұтардың ұшымен жұмсақ тіндерді ақырындап баса отыру керек, бұл шатаралықтың шектен тыс керілуіне жол бермейді. Ышқынулар арасында оң қолдың бас және сұқ саусағымен жыныс саңылауын жарып шығып келе жатқан бала басының аймағындағы вульварлы сақинаны және оның артқы-бүйір бөліктерін төмен шатаралыққа қарай бағыттаймыз.
|
|
| 3-момент- ышқыну жоқ кезінде бала басын жыныс саңылауынан шығару. Баланың басының маңдайы жыныс аңылауын жарып шыққан уақыттан бастап, фиксация нүктесі (шүйде асты ойысы) пайда болғанға дейін әйелден күшенбеуін сұраймыз, қолы кеудесіне орналасады. Шүйде бұдыры жыныс саңылауын жарып шыққан уақыттан бастап, оң қолдың сұқ саусағының көмегімен вульварлы сақинаның бүйір бөліктерін төбе сүйектерінің төмпектерінен төмен түсіреміз. Одан кейін баланың басын сол қолмен ұстап, ақырындап шалқайтады, бұл кезде оң қолдың саусақтары шатаралықтан баланың маңдайы мен бетін шығарады.
|
|
| 4-момент- иық белдеуі шығатын уақытта шатаралықты шектен тыс керілуден сақтау, бала басының сыртта, иықтардың іште бұрылыс жасау. Бала басы дүниеге келгеннен кейін әйелге күшенуін сұраймыз. Бұл кезде бала иығы іштей бұрылыс жасап әйелдің санының ішкі бетіне бетімен қарайды. Фиксация нүктелері пайда болып, иықтар дүниеге келеді. Егер иықтардың туылуы кідірсе, басты самай аймағында екі қолмен ұстап, әйел күшенген кезде баланың басын 90 ͦ бетімен әйелдің санына бұрамыз. Осы уақытта иық іште бұрылыс жасап жатады. Баланың басын ақырындап төмен басады, иық қасаға астына келгенше.
|
|
| 5-момент- иықтарын босатып, денесінің дүниеге келуі. Сол қолдың көмегімен баланың басын әйелдің қасағасына бағыттап көтереміз, ал оң қолдың көмегімен артқы иықтан шатаралық тінін босатамыз. Баланыі иық белдеуі дүниеге келгеннен кейін оны екі қолмен ұстап, саусақ ұштарын қолтықастына орналастырамыз да баланы ақырын жоғары қарай көтереміз, бала дүниеге келеді.
|
|
| Жылу тізбегін сақтай отырып, баланы әйелдің ішіне жатқызу.
|
|
| Орташа балл
|
| Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№15 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Фонтомда бала жолдасының ажырауының 3 негізгі белгілерін көрсету. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________ Мақсаты: Жатыр қабырғасынан ұрық жолдасы ажырауының клиникалық белгілерін анықтай білу.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Шредер белгісі: бала туа салысымен жатыр пішіні домалақ, түбі кіндік бойында болады. Бала жолдасы жатыр қабырғасынан сырылған кезде жатыр тығыздалады, түбі кіндіктен жоғары көтеріліп, оңға қарай ауытқиды. Бала жолдасы жатырдың төменгі сегментіне түскендіктен, қасаға сүйегінің үстінде жастықша сияқты төмпешік пайда болады. Жатыр пішіні құм сағатқа ұқсайды.
|
| 3
| Кюстнер Чукалов белгісі: қасаға сүйегінің үстінен алақан қырымен басқанда, бала жолдасы жатыр қабырғасынан сырылмаған болса,қынаптан шығып тұрған кіндік қалдығы ішке қарай тартылады.Егер жатыр қабырғасынан бала жолдасы сырылған болса, кіндік қалдығы өзгеріссіз қалады.
|
| 4
| Альфельд белгісі: жыныс саңылауында кіндік қалдығындағы лигатура (қысқыш) бала жолдасы жатыр қабырғасынан сырылған кезде, 8 – 10 см-ге және оданда көпке төмен түседі.
|
|
| Орташа баға
|
|
Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№16 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Сүт бездерінің пальпациясын және өздігінен тексеруді муляжда көрсету. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________ Мақсаты: Сүт безінің ісік алды, қатерлі және қатерсіз ісік ауруларын ерте диагностикалау.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Пациенттен белге дейін шешінуін сұраймын.
|
| 3
| Қарауға мүмкіндік туғызатындай жарықпен қамтамасыз етемін.
|
| 4
| Қолды антисептикпен тазартамын.
|
| 5
| Таза қолғапты киеміз.
|
| 6
| Пациентке бетімен қарап тұруын және желкесінде саусақтарын қиылыстырып ұстауын ұсынамыз.
|
| 7
| Әрбір сүт безін 4 квадрантқа бөлемін (жоғары-ішкі, жоғары-сыртқы, төменгі-ішкі, төменгі-сыртқы).
|
| 8
| Сүт бездерінің тері түсін, көлемін, квадрант бойынша формасын бағалаймын.
|
| 9
| Еміздіктер мен ареоланың жағдайы мен формасын бағалаймын.
|
| 10
| Қосымша емізік барын жоққа шығарамын.
|
| 11
| Пациенттен бір уақытта кеуде бұлшықеттерін қатайтып екі қолын бүйіріне тіреуін сұраймын
|
| 12
| Оң жақ қолымды жоғарғы бөлігіне ал сол жақ қолымды сүт безінің төменгі бөлігіне орналастырамын.
|
| 13
| Жоғарғы сыртқы квадранттардан бастап оң жақ қолдың ортаңғы үш саусақпен сүт безінің пальпациясын жүргіземін жоғарыдан төменгі бағытқа,әрбір квадрантты сағат тілі бойынша мұқият пальпациялаймын.
|
| 14
| Үлкен және сұқ саусақтармен әрбір емізікті қысып сүт немесе басқа бөліністің жоқтығын қараймын.
|
| 15
| Пациентке қарсы тұрып, қолдарын иығыма салуын сұраймын.
|
| 16
| Кеуде бұлшықеттерін қырымен және қолтық асты ойысында орналасқан лимфатикалық бездерді пальпациялаймын
|
| 17
| Пациентке теріс қарап тұруды сұрап, саусақтың алақанды беткейімен бұғана асты және бұғана үсті лимфатикалық түйіндерін пальпациялаймын.
|
| 18
| Пациентке сүт бездерін өзі пальпация жүргізуді үйретемін.
|
| 19
| Қолғапты В класс ҚЖК- ға утелизациялаймын.
Қолымды антисептикпен өңдеймін.
|
| 20
| Алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасаймын.
|
| 21
| Пациентке сүт бездерін өзі пальпациялауға мүмкіндік беретін нұсқаулық беремін, және ай сайын зерттеп тұруын ұсынамын.
|
|
| Орташа баға
|
| |
|
|