"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі" ШЖҚ КМК
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
«Акушерия және гинекология»
пәні бойынша мемлекеттік емтиханның тәжірибелік бөлімінің
сұрақтары.
Муляжда гинекологиялық айнамен қарауды жүргізу. Ұрық жолдасының бүтіндігін тексеру жәнебосанудың ІІІ кезеңі мен босанудан кейінгі ерте кезеңде қан кету мөлшерін анықтау. Муляжда бөлінген ұрық жолдасының сыртқы бөліну әдістерін көрсету. Фонтомда құрсақтағы баланың жүрек соғысын тыңдау,сипаттама беру. Жатыр қуысын зондтауға құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу. Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу. Кольпоскопия. Құрал-жабдықтар мен медикаменттерді дайындау (сірке қышқылымен сынама, Шиллер сынамасы). Биопсияға құрал-жабдықтарды дайындау және ассистент болу, материалды гистологиялық зерттеуге жіберуге дайындау. Қынаптың артқы күмбезінің пункциясына құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу. Гинекологиядағы рентгенологиялық зерттеу әдістері. Гистеросальпингография. Құрал-жабдықтарды дайындау. Ассистент болу. Алғаш қабылдауға келген жүктінің жеке картасын толтыру. Анамнез жинау. КОК әдісі бойынша кеңес беруді көрсету. Фантомда жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеуді көрсету. Шынайы конъюгатаны есептеу. Босану кезінде шатаралықты қолмен қорғауды көрсету. Фонтомда бала жолдасының ажырауының 3 негізгі белгілерін көрсету. Сүт бездерінің пальпациясын және өздігінен тексеруді муляжда көрсету Жатыр қуысы қабырғаларын диагностикалық қыруға құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу. Фонтомда сыртқы акушерлік зерттеуді жүргізіңіз (Леопольд-Левицкий әдісі) Фантомда гонореяға жағынды алуды көрсету. Папниколау бойынша онкоцитологияға жағында алу. Фантомда іш айналымын өлшеуді және жатыр түбі биіктігін өлшеуді гравидограмма толтырумен көрсету . Фантомда Вастен және Цангеместер белгілерін көрсету. Фантомда ұрық жолдасын қолмен ажыратуды көрсету. Ұрық жолдасын бөліп шығару және жатыр қуысын қолмен тексеру. Муляжда екі қолмен қынап- құрсақтық тексеруді көрсету. Муляжда «қынаптық булау» іс-шарасын көрсету, «қынаптық дәрі себу» іс-шарасын көрсету Муляжда «қынап қуысына дәрілік заттармен тампон еңгізу» іс- шараларын көрсету. Муляжда босану жолдарын гинекологиялық айнамен қарауды жүргізу. Фантомда «Цовьянов – 1» және «Цовьянов – 2» пособиясын көрсету. Эклампсия кезінде күттірмейтін медициналық көмек көрсетудің іс-әрекет алгоритмі. Шатаралық жыртылысын тігуге қажет құралдарды дайындау. Шатаралық жыртылуының І дәрежесінде тігуді көрсету.
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№1 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Муляжда гинекологиялық айнамен қарауды жүргізу. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________ Мақсаты: Қынап және жатыр мойынының жағдайын бағалау.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Пациенттен қуығын босатқанын сұрау.
|
| 3
| Пациенттен шешінінуін сұрау.
|
| 4
| Гинекологиялық креслоны дез. ерітіндіге малынған сүлгімен сүртіп, бір рет қолданатын жаялықты жаю.
|
| 5
| Пациент гинекологиялық креслоға жатады (пациент арқасымен жатады, аяқтары жамбас-сан-тізе буындарында бүгілген, арасы ашылған).
|
| 6
| Жарықтың дұрыс бағытта түсуін қамтамасыз ету, жатыр мойнын толық қарау үшін.
|
| 7
| Қолды антисептикпен тазарту.
|
| 8
| Залалсыздандырылған қолғап кию
|
| 9
| Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.
|
| 10
| Стерильді стөлден немесе контейнердан гинекологиялық айналарды алу,пациентке көрсету.
|
| 11
| Қасық тәрізді айнаны оң қолға алу,сол қолдың І,ІІ саусақтарымен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен қасықша тәрізді айнаны қынапқа алдымен жамбастың тік өлшемінде енгізу , біртіндеп көлденең өлшемге ауыстыра отырып, қынаптың артқы күмбезіне жеткізу, қынаптың артқы қабырғасына орналастырып, сәл төмен басу. Осыдан кейін оң қолмен көтергішті алып, айнаға қарама қарсы бағытта еңгізу, жатыр мойнын жалаңаштау.
|
| 12
| Қарау кезінде мән беру:а)қынап жағынан:қынап қабырғаларының түсін, патологиялық процестер,бөліністің сипаты:б)жатыр мойны жағынан: жатыр мойынының түсін, патологиялық процестердің болуына(полип, эрозия, лейкоплакия, эритроплакия және т.б.), жатыр мойны формасына(босанбаған әйелдерде конус тәрізді, босанған әйелдерде цилиндр тәрізді),сыртқы араң формасына(босанған әйелдерде сызық түрінде, босанбағандарда нүкте түрінде), жатыр мойнынан бөлінген бөліністердің сипатын мән беру.
|
| 13
| Айналарды шығарамыз,№1 дез. ерітіндіге салу.
|
| 14
| Қарау аяқталды,пациентке тұрып, киінуіне болатынын айту.
|
| 15
| Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялау
|
| 16
| Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялау
|
| 17
| Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеу
|
| 18
| Тексеру нәтижесін біріншілік құжаттарға тіркеу.
|
|
| Орташа баға
|
|
Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№2 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Ұрық жолдасының бүтіндігін тексеру жәнебосанудың ІІІ кезеңі мен босанудан кейінгі ерте кезеңде қан кету мөлшерін анықтау. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________ Мақсаты: Босанудың ІІІ кезеңінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде қан кетудің алдын алу.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Бала жолдасын тегіс жерге аналық жағын жоғары қаратып қоямыз. Құрғақ дәкемен бетіндегі ұйыған қандарды сүртемізде қарауға кірісеміз:
|
| 2
| Бала жолдасының аналық жағы сұрғылт - көк түсті, біргелкі, қатпарлардан тұрады.
|
| 3
| Аналық жағының шетін, бөліктерінің түгелдігін анықтаймыз және оның бетінде патологиялық өзгерістер (кальцинаттар, майлар) болса анықтаймыз
|
| 4
| Кіндік бауынан көтеріп, қабықшасын түзейміз, жарылған жерін анықтаймыз.
|
| 5
| Кезекпен кіндікті қараймыз, бала жолдасының балалық бетін, тамырларды, қабыршақтарға өтіп кетпегенін және қосымша бөліктері бар жоғын тексереміз.
|
| 6
| Бала жолдасын қарап болғаннан кейін, оны өлшейміз (қалыптыда өлшемі: диаметрі 15-18 см, қалыңдығы 2-3 см, салмағы 500-600 грамм)
|
| 7
| Қарау қорытындысын босану тарихына жазамыз.
|
| 8
| Бала жолдасын гистологиялық тексеруге жолдама толтырамыз.
|
| 9
| Бала жолдасын гистологиялық зерттеуге жолдаймыз.
|
| 10
| Қан кету көлемін есептеу үшін бала туылып шыққаннан кейін, пациенттің жамбасының астына таза лоток қоямыз, онда ІІІ кезеңде кеткен қан жиналады және бала жолдасы бөлініп шығады.
|
| 11
| Бала жолдасы бөлініп шыққаннан кейін пациент жамбас астына екінші таза лотокты қоямыз. Бұнда босанғаннан кейінгі ерте кезеңде кеткен қан жиналады (2 – 4сағат арлығында).
|
| 12
| Кеткен қанды өлшейміз:
а)бірінші лотоктағы қанды өлшегіш ыдысқа құямыз, өлшейміз- ол бала жолдасы кезеңінде кеткен қан болады қаны болады.
б)екінші лотоктағы қанды өлшегіш ыдысқа құямыз,өлшейміз - ол босанғаннан кейінгі ерте кезеңде кеткен қан болып есептеледі
|
| 13
| Қан жоғалту пайызын есептейміз
|
| 14
| Қорытындысын босану тарихына тіркейміз
(жалпы физиологиялық қан кету 0,5% дене салмағынан,400-500 мл-ден аспауы керек. Компенсирленген қан кету 1% дене салмағынан, декомпенсирленген 1,5% -ды құрайды).
|
| 15
| Орташа баға
|
|
Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№3 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Муляжда бөлінген ұрық жолдасының сыртқы бөліну әдістерін көрсету. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________ Мақсаты: Ұрық жолдасның бүтіндігін сақтай отырып, оны сыртқа бөліп шығару.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Қуықтан зәрді катетермен шығарамыз.
|
| 3
| Абуладзе тәсілі: іш қабырғасын ұзынша қатпар түрінде екі қолдың алақанымен аламыз, онда іш қабырғасының тік бұлшықеттері міндетті түрде бірге алынуы керек. Пациенттен күшенуін сұраймыз. Осы кезде бала жолдасы туылып шығады.
|
| 4
| Гентер тәсілі: медбике пациенттің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Оңға ығысқан жатырды құрсақтың ортасына әкелеміз.Қолымыздың жұдырықтап, сыртқы жағымен жатырдың түбіне, түтікше бұрышына қарай орналастырамыз. Жатырды ішіне және төмен қарай ығыстырып, басында ақырын, артынан күшті қысым көрсетіп басамыз.
|
| 5
| Креде-Лазаревич тәсілі: бұл тәсіл алдыңғы тәсілдерден нәтиже болмағанда қолданылады. Оңға ығысқан жатырды жатырды ортаңғы сызық бойына әкелеміз.
Жатырды жиырылту үшін, оның түбін домалата уқалаймыз. Қолымызды жатырға келесі түрде орналастырамыз.Үлкен саусақ жатырдың алдыңғы қабырғасында, алақан жатыр түбінде, ал қалған төрт саусақ жатырдың артқы қабырғасында.
Жатырды жоғарыдан төмен ығыстырып, қысым көрсететіп, бала жолдасының туылуын күтеміз.
|
| 6
| Босанушының жағдайын бағалаймыз.
|
| 7
| Жатыр түбін және жатырдың орналасуын бағалаймыз.
|
| 8
| Іштің төменгі бөлігіне мұзды мұйық қою.
|
| 9
| Бала жолдасын қараймыз
|
|
| Орташа баға
|
|
Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№4 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Фонтомда құрсақтағы баланың жүрек соғысын тыңдау,сипаттама беру. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________
Мақсаты: Құрсақтағы нәресте жағдайын бағалау
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Пациенттен шешінуін сұраймын.
|
| 3
| Кушетканы дез. ерітіндімен сүртіп, кушеткаға бір рет қолданатын жаялық төсейміз.
|
| 4
| Қолымды антисептикпен тазартамын.
|
| 5
| Таза қолғап киемін.
|
| 6
| Пациентке кушеткаға жатуын сұраймын, аяқтарын жазып, арқасымен жатады.
|
| 7
| Стетоскопты дәкемен антисептикпен сүртемін.
|
| 8
| Сыртқы акушерлік тексерудің тәсіліндерінің көмегімен: құрсақтағы баланың орналасуын, позициясын, позициясының түрін және келген мүшесін анықтаймын
|
| 9
| Стетоскоптың кең бөлігін жүкті пациенттің іш қабырғасына, құрсақтағы баланың арқасы маңында, басына жақын жерден орналастырамыз.
|
| 10
| Стетоскопты жалжыта отырып, жүрек соғысының анық естілетін жерін табамыз.
|
| 11
| Сағаттың секундты бағдары немесе секундомермен ұрықтың жүрек соғу жиілігін 1 мин ішінде анықтаймын.
|
| 12
| Құрсақтағы баланың жүрек соғысының жиілігін, реттілігін, анықтылығын бағалаймыз. Қалыпты жағдайда жүрек соғысы минутына 120 – 160рет.
|
| 13
| Тексеру аяқталды, пациентке тұрып, киінуіне болатынын айтамын.
|
| 14
| Жаялықты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
|
| 15
| Қолғапты В классты ҚЖК- ға утелизациялаймын
|
| 16
| Қолымызды антисептикты қолдана отырып өңдеймін
|
| 17
| Ұрықтың жүрек соғысының мәліметтерін медициналық құжатқа тіркеймін.
|
|
| Орташа баға
|
|
Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________
МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.) "Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№5 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Жатыр қуысын зондтауға құрал -жабдықтарды дайындау және ассистент болу. Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________ Мақсаты: диагностикалық.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Пациенттен шешінуін сұраймыз
|
| 3
| Гинекологиялық креслоны дез.ерітіндіге салынған сүлгімен өңдейміз, бір рет қолданатын жаялықты жаямыз.
|
| 4
| Жатыр мойынын толық қарау үшін жарықпен қамтамасыз еттім.
|
| 5
| Қолды антисептикпен тазартамыз.
|
| 6
| Стерилді қ олғапты киеміз.
|
| 7
| Зерттеуге байланысты кезектілікпен, стерилді үстелшеден жатыр қуысын зодтауға арналған стерилді құралдарды жинаймыз
- сыртқы жыныс мүшелерін өңдеуге арналған корнцанг
- қынап пен жатыр мойнын қарауға арналған гинекологиялық қасық тәрізді айна мен көтергіш
- қынап пен жатыр мойнын өңдеуга арналған корнцанг
- Мюзо қысқышы ( оқ тәрізді қысқыш) жатырдың жоғарғы ерінінен бекіту үшін
-жатыр зонды
- дәкелі және мақта тампондары
- дәрігер үшін стерилді қолғаптар
1% йоданат ерітіндісі бекіткеннен кейін жатыр мойнын өңдеу үшін.
|
| 8
| Пациенттен бірреттік бахиланы киуін және гинекологиялық креслоға жатуын сұраймыз.
|
| 9
| Сыртқы жыныс ағзаларын корнцангқа қысылған мақтадағы антисептикпен өңдейміз.
|
| 10
| Жатыр қуысын зондтағанда жасағанда ассистент болдым.
|
| 11
| Зерттеуден кейін құрал-жабдықтарды дез.ерітіндісі бар № 1 контейнерге салдым.
|
| 12
| Зерттеу аяқталды. Пациентке бірреттік төсемді бердім.
|
| 13
| Пациенттің жағдайын бағаладым.
|
| 14
| Пациентке тұруына, киінуіне көмектестім.
|
| 15
| Жаялықты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
|
| 16
| Қолғапты В классы бойынша ҚЖК утелизациялаймыз.
|
| 17
| Қолымызды антисептикті қолдана отырып өңдейміз.
|
| 18
| Алынған мәліметтерді біріншілік құжатқа тіркейміз
|
|
| Орташа баға
|
| Клиникалық дағды бағасы: ________________________________________ МКА төрағасы: _______________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
МКА мүшесі: ________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ж.)
"Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжі"
ШЖҚ КМК
№6 клиникалық дағдыны бағалау парағы
Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу.
Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандығы: 030100 0 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 030101 3 «Фельдшер»
Студенттің Т.А.Ж.:_________________________________ Топ: _____________ Мақсаты: Қынаптың тазалық дәрежесін анықтау.
№
| Клиникалық дағдыны орындау алгоритмі
| Бағасы
(макс- 5)
| 1
| Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату. Манипуляция мәнін түсіндіру.
|
| 2
| Гинекологиялық креслоны дез. ерітіндімен сүртіп, таза жаялық төсейміз.
|
| 3
| Әйелден шешініп, гинекологиялық креслоға жатады (әйел арқасымен жатады, аяқтары жамбас-сан-тізе буындарында бүгілген, арасы ашылған).
|
| 4
| Жарықтың дұрыс бағытта түсуін қамтамасыз етеміз.
|
| 5
| Қолымызды тазартамыз, заралсыздандырылған қолғап киіп, әйелге көрсетеміз.
|
| 6
| Сыртқы жыныс мүшелерін қарап болғаннан кейін, стерильді стөлден гинекологиялық айналарды, заттық шыныны, Фолькман қасықшасын аламыз.
|
| 7
| Сол қолдың І,ІІ саусақтарымен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен қасықша тәрізді айнаны қынапқа алдымен жамбастың тік өлшемінде енгіземіз де, біртіндеп көлденең өлшемге ауыстыра отырып, қынаптың артқы күмбезіне жеткіземіз, қынаптың артқы қабырғасына орналастырып, сәл төмен басамыз. Осыдан кейін оң қолмен көтергішті алып, айнаға қарама қарсы бағытта еңгіземіз, жатыр мойнын жалаңаштаймыз.
|
| 8
| Фолькман қасықшасымен не бір рет қолданатын таяқшалармен қынаптың артқы күмбезінен бөліндіні алып, заттық шыныға ұзыннан жағамыз.
|
| 9
| Қынаптық айналарды шығарамыз.
|
| 10
| Процедура аяқталды, әйелге тұрып, киінуіне болатынын айтамыз.
|
| 11
| Қолымызды және қолданған құралдарды жуамыз, осыдан кейін құралдар мен қолғапты дез. ерітіндіге саламыз (бір рет қолданатын қолғапты контейнерге саламыз).
|
| 12
| Қолғапты шешіп, бір рет қолданатын қолғапты контейнерге саламыз , қолды жуып, сүлгімен сүртеміз
|
| 13
| Жолдамаға: бөлім аты; әйел аты жөні; жасы; мекен жайы; жұмыс орны; күні; диагноз; дәрігердің аты жөні жазылады.
|
| 14
| І тазалық дәрежесі Эпителиалды жасушалар және қынаптық Дедерлейн таяқшалары
ІІ тазалық дәрежесі Эпителиалды жасушалар және қынаптық Дедерлейн таяқшалары, лейкоциттер және comma variabile.
ІІІ тазалық дәрежесі
Дедерлейн таяқшалары өте аз, лейкоциттер көп , comma variabile кокктар.
ІV тазалық дәрежесі Дедерлейн таяқшалары жоқ. Көптеген кокктар, лейкоциттер, tichomonas vaginalis, гонококктар .
|
|
| Орташа баға
|
| |