Главная страница

Сынып 9


Скачать 0.59 Mb.
НазваниеСынып 9
Дата25.11.2022
Размер0.59 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаkmzh-2-toqsan-9-synyp-biologiya.docx
ТипДокументы
#811528
страница2 из 12
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1 мин


Сабақты ұйымдастыру:

  • Амандасу

  • Сабаққа қатысуларын тексеру

  • Сыртқы көрінісі

  • Жағымды психологиялық орта қалыптастыру

ИТ

2-10 мин


Алдыңғы меңгерген білімдерін өзектілендіру

Activity 1 «True/False» (CLIL)

Жұппен жұмыс

Оқушылар жұппен берілген тұжырымдардың дұрыс-бұрыстығын анықтайды.
Answer TRUE or FALSE to these statements about respiration.


Statements

True/False

  1. Energy is released from Respiration

Т

  1. Carbon Dioxide and Water are produced from Respiration

T

  1. Respiration happens in the lungs

F

  1. Alveoli are located in the trachea

F

  1. We get the Glucose we need from eating food

T

  1. The аlveoli are shaped like this: to increase the surface area

T

  1. Respiration does not happen in the cells when we sleep

F

  1. Respiration is a chemical reaction that happens in your cells

T

  1. Glucose is made during respiration.

F

  1. The word equation that explains respiration is: Glucose + Oxygen  Carbon Dioxide + Water

T



ИТ арқылы көк (дұрыс) немесе қызыл (бұрыс) жетондарды көтеру арқылы тексеріледі

Сарапшының қатысуымен өзін-өзі бағалау жүргізіледі Мұғалімнің кері байланысы

ИТ (қосымша презентация), қызыл және көк түсті жетондар,

1-қосымша (true/false парақшасы)

11-12 мин

Ой қозғау

Миға шабуыл

- Неліктен адам бұлшықеттері қажуға ұшырайды?
Оқушылар жұппен талқылап, жауаптарын ұсынады
- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы және сабақтың мақсаты оқушылармен бірге анықталады және сабақтың мақсаты тақтаға жазылады.

ИТ, презентация, 1-3 слайд


13-17 мин

Ұғыну

Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі (слайд бойынша)

ИТ, презентация, 4-11 слайд

18-20 мин

Бұлшықеттің қажуы туралы бейнежазба көруді ұсыну

ИТ, бейнежазба

Сабақтың ортасы

21-35 мин


Топпен жұмыс

Activity 2«Онлайн презентация» жасау

1-топ Аэробты жаттығулардың бұлшықетке әсері

2-топ Анаэробты жаттығулардың бұлшықетке әсері
Оқушылар дескриптор құрады, мұғалім толықтырады:

Дескриптор:

  1. Аэробты / анаэробты жаттығуларға жататын спорт түрлерін атайды

  2. Аэробты / анаэробты жаттығу кезінде ағзада болатын өзгерістерді сипаттайды

  3. Аэробты / анаэробты жаттығудың маңызын түсіндіреді


Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Топпен дескриптор бойынша өзара бағалау

Мұғалімнің кері байланысы

2-қосымша (ақпараттық парақша)
12-14 слайд


36-38 мин

Сабақты бекіту

Сұрақ: Тыныс алудың түрімен қажудың арасында қандай байланыс бар?

БЖ: Бұлшықетте оттегінің жетіспеушілігінен сүт қышқылы көп мөлшерде жиналып қалады, сондықтан адамда қажу орын алады

ИТ, 15-слайд

Сабақ соңы

39-40 мин

Кері байланыс.

  • Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе? (тақтадағы сабақ мақсатына оралу)

  • Сабақта түсінбеген сұрақтарым бар деген оқушылар бар ма?


Рефлексия «Синквейн»

1) Зат есім (бүгінгі тақырыпқа байланысты)

2) 2 сын есім

3) 3 етістік

4) Сөйлем

5) Синоним
Үй тапсырмасы:

  • https://bilimland.kz

  • Бүгінгі өткенақпараттарды қайталау, бейнежазба көру

ИТ, 16-17 слайд

Қосымша ақпарат

СаралауСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалауоқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Қолдау көрсету тәсілдері бойынша (ақпараттық парақша, инструктивті карталар) саралау

Мұғалімнің бағалауы
Топпен өзара бағалау «Бүтін және жарты алма»
Мадақтау арқылы бағалау


ИТ 10 минуттан артық қолданбау

Сабақ бойынша рефлексия
Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.






Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



№3


САБАҚ: 9.2B

Бөліп шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нефронның құрылысы және қызметі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.1 нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау 


Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

1. нефронның құрылысы мен қызметін сипаттайды;

2.нефронда болатын үрдістерді атайды.

Көпшілік оқушылар:

1. сурет арқылы нефронның құрылымдық компоненттерін айырады;

2. бүйректе нефронның орналасуын анықтайды.

Кейбір оқушылар:

1.Бүйректің құрылыс компоненттері мен несеп түзілу үрдістері арасында өзара қатынасты орнатады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

  • нефронның суретін жасау арқылы бүйректе оның орналасуын көрсете алады.

  • нефронның құрылымдық компоненттерін атай алады.

  • нефронның негізгі құрылымдық компоненттеріне сипаттама бере алады.

  • нефронда болатын үрдістерді атай алады.

  • нефронның қызметтік элементтерін анықтай алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: фильтрация, реабсорбция және несептің түзілу үрдісін ауызша және жазбаша сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология

қыртыс қабат, милы қабат, нефрон, Боумен-Шумлянский капсуласы, афферентті артериола, эфференті артериола, шумақша, қылтамыр, проксимальды иілгіш арна, Генле ілмегі, дистальді иілгіш арна, жинақтаушы арна, несепағар, шығарушы артериола,

ультрафильтрация, таңдамалы реабсорбция, осмос, диффузия,

несепнәр, глюкоза, су, амин қышқылдары

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қан шумақшаға түскен кезде болатын үдеріс … болып табылады.

Ультрасүзгілеу үдерісінде қанда қалатын / қаннан жойылады. молекулалар ... болып табылады.

Молекулалары ірі болғандықтан сүзілмейді … сондықтан олар ...

Таңдамалы қайта абсорбция бұл - … үдеріс аталады

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмысты орындауда бір-бірімен ынтымақтастығы арта түседі.Бір-біріне деген қарым-қатынас, сыйластық пайда болады.Бұл коммуникативті дағдыны дамытады.

Пәнаралық байланыс

Химия- несептің химиялық құрамын зерттегенде, заттардың ерітінділері;

Физика- «қысым» түсіктерін зерттеу кезінде.

АКТ дағдыларын қолдану

Ғаламтормен жұмыс.

Бастапқы білім


Қоректену: 7, 8 сыныптары

Заттарды тасымалдау: 7, 8 сыныптары

Бөліп шығару: 7, 8 сыныптары



Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

1-8 мин
8-10 мин

  1. (С) Ұймдастыру кезеңі.

  2. (С) Оқушылар тақтадағы суретті пайдалана отырып, адамның зәр шығару жүйесі туралы қысқаша әңгіме дайындайды.

  3. (С) Оқушылар сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды. Бағалау критерийлерін талқылайды .


MS PowerPoint


Сабақтың ортасы

10-15 мин

15-27 мин

27-35 мин


35-38 мин



  1. (Ж,Ж) Оқушыларға «Бүйректің макроскопиялық құрылысы» атты суреттер таратылады. Олар сол суретті белгілейді.

  2. (Ж, Ж) Мұғалім оқушыларға «Нефронның құрылысы мен қызметі» атты жұмыс парақтарын береді. Жұмыс аяқтаған соң, мұғалім оқушылармен қиын сұрақтарды пысықтап, талдайды.

  3. (ҚБ) Мұғалім оқушыларға бекітуге арналған тапсырмаларды ұсынады. Оқушыларға нефрон бөліктерінің атаулары мен қызметтері бар карточкалар таратылады.Олар «нефрон құрылысы - қызметтері» тән сәйкестікті табу керек.

  4. Сұрақ-жауап.

(оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды, мұғалім қажетті жерде толықтыру енгізеді)

Презентация MS

«Бүйректің макроскопиялық құрылысы». Бүйректің моделі.

«Нефронның құрылысы мен қызметі» жұмыс парағы

Қосымша1

Сабақтың соңы

39-40

Үйге: нефрон құрылысының суретін салып, оның құрылымдық бөліктерін белгілеп және олардың қызметтерін көрсету.

Рефлексия

Түсіндім …

Түсінбедім …

Сұрағым бар …




Қосымша ақпатат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Барлық оқушылар:

1. нефронның қырылысы мен қызметін сипаттайды;

2.нефронда болатын үрдістерді атайды.

Көпшілік оқушылар:

1. сурет арқылы нефронның құрылымдық компоненттерін айырады;

2. бүйректе нефронның орналасуын анықтайды.

Кейбір оқушылар:

1.Бүйректің құрылыс компоненттері мен несеп түзілу үрдістері арасында өзара қатынасты орнатады.

Сабақтың әр кезеңінде қалыптастырушы бағалау жүреді.

Биология кабинетінде жұмыс ережесін сақтау.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


написать администратору сайта