Главная страница

Сынып 9


Скачать 0.59 Mb.
НазваниеСынып 9
Дата25.11.2022
Размер0.59 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаkmzh-2-toqsan-9-synyp-biologiya.docx
ТипДокументы
#811528
страница1 из 12
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бөлім атауы:

9.2А – Тыныс алу
Күні:
Сынып: 9

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқан оқушылар саны Қатыспағандар


Сабақтың тақырыбы

Аэробты және анаэробты тыныс алу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқыту мақсаттары

9.1.4.1 - тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • аэробты және анаэробты тыныс алудың анықтамасын айта алады;

  • аэробты және анаэробты тыныс алудың химиялық теңдеуін жаза алады;

  • аэробты және анаэробты тыныс алу үдерістерін салыстыра алады;

  • аэробты және анаэробты тыныс алу есептерін шығара алады.

Бағалау критерийі

Оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алудың анықтамасын айта алады. Аэробты және анаэробты тыныс алудың химиялық теңдеуін жаза алады. Аэробты және анаэробты тыныс алу үдерістерін салыстыра алады. Аэробты және анаэробты тыныс алуға байланысты есепті шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Аэробты және анаэробты тыныс алуды пәндік терминологияны пайдалана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады.

Алдымен жазбалар жасай алады (оқылым және жызылым дағдылары), содан соң аэробты және анаэробты тыныс алудың фомуласын жазады (жазылым дағдысы)
Пәнге тән лексика мен терминология

Оттекті, оттексіз, аэробты, анаэробты тыныс алу, формула

Диалог құруға қажетті сөздер топтамасы:

Аэробты тыныс алудың формуласы …

Анаэробты тыныс алудың формуласы …

…сүт қышқылы

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;

  • Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;

  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді;

  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Азаматтық борыш:

  • Ана тілінде өз ойларын еркін жеткізеді.

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Анаэробты және аэробты тыныс алу реакцияларын оқу кезінде «Химия» пәнімен байланысады

АКТ дағдылары

Оқушылар ғаламтор желісімен, компьютермен, интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды

Осыған дейін меңгерілген білім

Дене жаттығуларының тыныс алуға әсері - 8 сынып.

Тыныс алу - ауа құрамындағы оттегімен ағзадағы көмірқышқыл газының арасындағы алмасу үдерісі - 8 сынып.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1 мин


Сабақты ұйымдастыру

  • Амандасу

  • Сабаққа қатысуларын тексеру

  • Сыртқы көрінісі

  • Жағымды психологиялық орта қалыптастыру




2-5 мин

Ой толғау

«Сергіту жаттығуы» арқылы миға шабуыл

Оқушылар қолдарын төмен түсіріп, қолдары ауырғанша жұдырықтарын қысады. Аздаған демалыстан кейін қолдарын көтеріп, бұл жаттығуды қайталайды.
Сұрақ:

1. Қолды көтеріп және қолды төмен түсіргенде жаттығу нәтижесі неліктен әр түрлі болды?

2. Тыныс алу үрдісімен қалай байланысты деп ойлайсыз?
Оқушылар жұппен талқылап, жауаптарын ұсынады
- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Жаңа тақырыпқа шығу

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау (тақтаға жазу)

Оқу мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін ұсыну

ИТ, презентация, 1-3 слайд

6-12 мин

Тақырыптың мағынасын ашу

Мұғалім оқушыларға аэробты және анаэробты тыныс алу дегеніміз не екенін түсіндіріп, https://twig-bilim.kz сайтынан алынған бейнероликтерді ұсынады (анықтамаларын дәптерге жазып алу қажет)

ИТ, презентация,

4-12 слайд бейнеролик

13-20 мин

Топтық жұмыс

Оқушыларды екі топқа бөліп, аэробты және анаэробты тыныс алудың салыстырмалы кестесін толтыруы ұсыну.

Дескриптор:

  1. Кесте толық толтырылған;

  2. Мәліметтер дұрыс берілген.

Өзара бағалау Тапсырманы орындап болған соң, әр топ жауаптарын ұсынады, бір-бірлерін бағалайды

*Жұмыстарын ерте бітірген топқа қосымша тапсырма беруге болады.

ИТ, 13-слайд

1-қосымша (ақпараттық парақша)
2-қосымша (тапсырма парақшасы)

Сабақтың ортасы

21-32 мин

Есептер шығару

Адамның бұлшықет ұлпасының жасушасында 12 моль глюкоза ыдырауға түсті. Оның 8 молі оттексіз ыдырап, ал 4 молі оттегімен толық тотықты. Осы жасушада сүт қышқылының, көмірқышқыл газының, АТФ-тің қанша молі түзілетінін және оттегінің қанша молі шығындалатынын есептеп шығарыңыз.

Шығару жолы: (пропорция арқылы)

С6Н12О6+6О2 6CО2+6Н2О+38АТФ

С6Н12О6 2C3Н6О3+2АТФ

Жауабы:

О2 – 24 моль

C3H6O3 – 16 моль

CO2 – 24 моль

АТФ – 16+152= 168 моль

ИТ, 14-слайд,

тақта, маркер

33-36 мин

Сабақты бекіту

Венн диаграммасын толтыруды ұсыну

Аэробтық, анаэробтық тыныс алудың ұқсастығы мен айырмашылығын толтырады.

ИТ, 15-слайд

37-38 мин

Сіз білесіз бе?

Тыныс алудың 7 құпиясы

ИТ, 16-слайд

Сабақ соңы

37-40 мин

Сабақтың мақсатына оралу

Рефлексия «Feedback Sandwich» «Кері байланыс Сэндвичі» немесе «Мадақтау сэндвичі»


1 қабат – түсінгені туралы оң пікір

2 қабат – нені өзгертуге болар еді?

3 қабат –маған ұнады




Үй тапсырмасы: Өткен тақырыпты бекіту, қайталау

ИТ, 17-18 слайд, стикер

Қосымша ақпарат

СаралауСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалауоқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Барлық оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алуды сипаттайды. Аэробты және анаэробты тыныс алудың қай жерде жүретінін анықтайды.

Көпшілік оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алудың ауызша теңдеуін дұрыс жазады.

Кейбір оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алудың айырмашылықтарын анықтайды.

Жеке жұмысты бағалау

Оқушының жеке ойын жеткізе алуы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынуын бағалау

Өзара бағалау

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері

Интербелсенді тақтаны 10 мин артық қолданбау




Сабақ бойынша рефлексия
Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.










Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



№2

Бөлім атауы:

9.2А – Тыныс алу
Күні:
Сынып: 9

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқан оқушылар саны Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

Аэробты және анаэробты тыныс алу үдерістерімен байланысты бұлшықеттің қажуы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқыту мақсаттары

9.1.4.2 бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру


Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін салыстырады;

  • аэробты және анаэробты жаттығулардың бұлшықетке әсерін сипаттайды;

  • қажу мен анаэробты және аэробты тыныс алудың арасындағы байланысты түсіндіреді.

Бағалау критерийі

Оқушылар аэробты және анаэробты тыныс алу үдерістерін салыстыра отырып, бұлшықеттің қажуымен өзара байланысын түсіндіре алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы өзара байланысты түсіндіре алады (айтылым дағдылары)

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Аэробты тыныс алу

Аэробное дыхание

Aerobic respiration

Анаэробты тыныс алу

Анаэробное дыхание

Anaerobic respiration

Бұлшықеттің қажуы

Утомление мышц

Muscle fatigue




Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;

  • Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;

  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді;

  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Академиялық әділдік:

  • Оқушылар бір-бірлерін әділ бағалайды, себебін түсіндіреді.

Патриотизм және азаматтық борыш:

  • Үштілділік қолданылады.

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді;

  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Өзіне және айналадағыларға құрмет:

  • Жұппен жұмыс кезінде бір-бірлеріне сыйластықпен қарайды;

  • Өзгелердің пікірімен санасады;

  • Бір-бірлерін тыңдайды.

Пәнаралық байланыс

Аэробты және анаэробты тыныс алуды сипаттау кезінде химиямен, ағылшынша пәндік терминологияны қолдану кезінде ағылшын тілімен байланысады

АКТ дағдылары

Интерактивті тақтаны және интернет ресурстарын пайдалану

Осыған дейін меңгерілген білім

Аэробты және анаэробты тыныс алу (8 сынып)

Тыныс алу мен тыныс шығару механизмі (10 сынып)
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


написать администратору сайта