ТАРАУ: 9.2C Координация және реттеу, биофизика (8 сағат)
|
|
САБАҚ 1: Жүйке жасушасының құрылымы және функциялары. Нейрон типтері. Миелинденген және миелинденбеген аксон қабықшалары. Синапс және медиаторлар.
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні:
|
СЫНЫП: 9
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың оқыту мақсаты
| 9.1.7.1 – Жүйке жасушасының құрылымы мен құрам бөліктерінің қызметі арасында байланыс орнату.
|
Сабақтың мақсаттары
| нейронның құрылым бөліктері мен атқаратын қызметі арасындағы байланысты сипаттау нейронның үш түрінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтау; Синапстың жүру ерекшелігін талдау
|
Бағалау критерийлері
| Оқушылар нейрон түрлерінің құрылыс ерекшеліктерін анықтайды.
Суреттен нейронның құрылымдық бөліктерін белгілейді;
Нейронның құрылым бөліктерін қызметімен байланыстырады.
Синапс ерекшелігін түсіндіреді
|
Тілдік мақсат
| Пәндік терминология
нейрон, сезгіш нейрон, аралық нейрон, қимыл нейрон, миелинді қабық, Ранвье белдеушелері, Шванн жасушасы, аксон, дендрит, жасуша денесі, нейроглия жасушалары
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы
Барлық нейрондар үш негізгі бөліктерден тұрады; аксон, ----------------------және дендрон. Сезгіш нейрондар импульсты ..................... ОЖЖ өткізеді, ал қимыл нейрондар ------------------- өткізеді. Аралық немесе байланыстырғыш нейрондар миелинмен қапталмаған, ......................... орналасқан. Аксонның қызметі .......................... Дендриттердің қызметі ................................. өткізу болып табылады.
|
Құндылықтарды дарыту
| Отансүйгіштік, өмір бойы білімге құштарлық, жеке және топтық жұмыстарда тапсырма орындау арқылы ашықтық және төзімділік қабілеттері дамиды
|
Пәнаралық байланыстар
| Физика пәнімен импульстың нейрондар арқылы өтуі, электрлік зарядтар туралы түсініктер арқылы, нейротрансмиттер (медиатор) қызметін атқаратын химиялық заттар туралы білім арқылы химия пәнімен байланысты
|
АКТ қолдану дағдылары
| Интербелсенді тақтадан оқу презентациясы көрсетіледі, оқушылар ақпарат көздерін пайдаланады, сызбамен жұмыс жасайды
|
Бастапқы білім
| Жүйке жүйесінің маңызы
Нейронның құрылысы мен түрлері
Рефлекторлық доға тұжырымдамасы
Жүйке жүйесінің құрылымы және қызметі
|
Сабақ барысы
Сабақ 1
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жұмыс
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-3мин
| Миға шабуыл
Нейрон суреті көрсетіліп, оның бөліктерін атау тапсырмасы ұсынылады. Нейронның түрлері сұралып, олардың қызметтері талқыланады (алдыңғы білімді қолдану) Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері талданады
|
презентация
|
04-38 мин
| (W) (f) оқушыларға ақпарат парақшалары үйлестіріледі.
Оқушылар ақпаратты пайдаланып, нейронның 3 түрінің ерекшеліктерін анықтайды. (І) (f) Оқушыларға нейронның құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіру тапсырмасы ұсынылады.
Оқушылар:
Сызба сызу;
Әңгіме жазу;
Модельдеу;
Комикс кітапшасын жасау;
Тапсырмалардан өз қалаулары бойынша таңдайды. (саралау)
Тапсырмада олар:
нейронның құрылымдық бөліктерін көрсету; нейрон типтерін сипаттау нейрон бөліктерінің қызметін түсіндіру нейроннан нейронға импульстың өтуін сипаттау
(І) (f) Оқушылар жасаған жұмыстарын қорғайды. Әр оқушыға 1-1,5 минут уақыт беріледі Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы орындалады.
Қосымша тапсырма:
Терминдердің ағылшынша аудармасын және кілт сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрастыру
|
Презентация
Постер, маркер, ноутбук, бағалау парағы
|
38-40мин
| рефлексия:
сабақ туралы пікірлер
|
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Кейбір оқушыларға ақпартпен жұмыс барысында көмек көрсетіледі
Жеке жұмыс барысында жетелеуші сұрақтар қойылады
Оқушыларға бірдей тапсырманы әртүрлі түрде орындауына мүмкіндік беріледі
| Сұрақ жауаптар, түсіндірмелер, тапсырмалар барысында және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма арқылы жүзеге асырылады
| Денсаулықты сақтау техникасы.
Сабақ барысында оқушылар орыннан тұрып қозғалады
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма?
Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?
| Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).
Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
1: 2:
Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?
|