Сынып 9
Скачать 0.59 Mb.
|
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Сұрақ жауаптар, түсіндірмелер, тапсырмалар барысында, өзара бағалау, бірін-бірі бағалау, кері байланыс, зерттеу жұмыстары арқылы жүзеге асырылады | |||||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескертіледі, мысалы, сумкаларын тиісті орынға қою, жеке заттарын ретті орналастыру, қабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау т.б. |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарау 9.2С Координация және реттелу, биофизика | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: | |||||||
Сынып: 9 | Қатысушылардың саны: | Қатыспағандардың саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Тынысалу мен тыныс шығарудың реттелуі мысалында нейрогуморальдық реттелу механизмі. Жүйкелік және гуморальдық реттелуді салыстыру. Ағзаның күйзеліске бейімделуі. | |||||||
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.7.4 нейрогуморалды реттелудің механизмін түсіндіру | |||||||
Сабақ түрі | Жаңа тақырыпты зерттеу | |||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылардың реттеу түрлерін анықтау дағдыларын дамыту. Реттеуші жүйелердің белгілерін зерттеңіз: жүйкелік немесе гуморальдық. жүйкелік және гуморальдық реттеу арасындағы қарым-қатынас орнату. | |||||||
Бағалау критерийі | - реттелу түрлерін анықтайды; - реттелу жүйелерінің белгілерін зерттейді: жүйке немесе гуморальдық. - жүйке және гуморальдық реттеу арасындағы өзара қатынасты орнатады. - жүйкелік және гуморальдық реттелу жүйелері туралы мәлімдемелермен салыстырмалы кесте толтырады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: жүйенің әртүрлі типтерін сипаттайды : жүйке немесе гуморальдық (оқу және жазу дағдылары) Пәндік лексика және терминология: эволюциялық жасы; сигнал берілуі; реттеу жолдары; ауқымы; реттеу жылдамдығы; әрекет ұзақтығы Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы: Денедегі функцияларды реттеудің екі түрі: ... Скелеттік бұлшықеттердің қызметін реттейтін перифериялық жүйке жүйесінің ... Ішкі органдардың жұмысын реттейтін перифериялық жүйке жүйесінің бөлігі . Вегетативтік жүйке жүйесінің бөлімдері, ...... органдардың жұмысына қарама-қарсы әсер етеді. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды. Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді. Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту. Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды. Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру. Патриоттық және азаматтық позиция айналадағы жануарлар әлеміне қамқорлық танытуға, қорғауға алынған жануарларды танып білуге тәрбиелеу | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Физикаменмен пәнаралық интеграция (сигнал берілуі) | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет-көзімен жұмыс | |||||||
Алдыңғы білім | Жүйке жүйесінің әр түрлі типтері - 7 сынып; Жүйке жүйесінің қызметі, оның құрылымдық компоненттері-7 сынып; Ағзаның тынығуымен тіршілік әрекетін қалпына келтіру үшін ұйқының маңызы -7 сынып; Көздің торлы қабаттың таяқша, құтышалары және талшық жасушаларының құрылымдары мен қызметтері-8 сынып; Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орны - 8 сынып. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың барысы | Сабақтың барысы | Сабақтың барысы | ||||||
5 мин | Реттелудің екі механизмі туралы білімдерін өзектілендіру. (жүйке және гуморальдық). (Ж) Оқушылардан реттеу түрін анықтауды сұраңыз. Әр оқушыға екі әртүрлі түсті карточкадан тарату керек. Сөйлемдерді оқып, карточкаларды көтеру арқылы реттелу типін анықтауды сұраңыз. Берілген іс-әрекет (жүйке және гуморальдық) реттелудің екі механизмі туралы білімдерді өзектілендіру болып табылады. Бір түс мүшелер қызметінің жүйкелік реттелуін, ал басқа түс – гуморальдық реттелуді білдіретін болады. Мүмкін болатын тұжырымдар: Реттелу жүйке жасушаларымен жүзеге асады. Реттелу электр импульстары мен медиаторлар арқылы жүзеге асады. Психикалық үдерістердің өтуін қамтамасыз етеді. Биологиялық белсенді заттар көмегімен жүзеге асады. Бұл реттелу басқасына қарағанда баяу жүзеге асады. Энергияның көп мөлшерін қажет етеді. Бұл тізім мұғалімнің шешімімен саралау мақсатында толықтыруға болады. Тапсырмаларды талқылағаннан кейін оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтаңыз. | Бейнематериал Жүйкелік реттелу: https://www.youtube.com/watch?v=z8ag1XX5rwU Гуморальдық реттелу: http://fb.ru/article/272014/gumoralnaya-regulyatsiya-opredelenie-osobennosti-funktsii-i-sposobyi-gumoralnaya-regulyatsiya-osuschestvlyaetsya-s-pomoschyu Жүйкелік және гуморальдық реттелу туралы ақпарат: http://goo.gl/aWAVb а также: http://goo.gl/k2Bv8 | ||||||
15 мин 10 мин 7 мин | (Т) Тапсырма: Реттелу жүйелерінің белгілерін зерттеу : жүйке немесе гуморальды. ( D ) Ара әдісі . Оқушылар 6 адамнан тұратын топтарда оқу материалдары бойынша жұмыс істейді, олар фрагменттерге бөлінген. Таратпа материал сыныпта ілінген. Содан кейін, түрлі топтардағы бірдей сұрақты зерттейтін оқушылар берілген сұрақ бойынша сарапшылар ретінде кездеседі және ақпарат алмасады. Бұл «сарапшылар кеңесі» деп аталады. Содан кейін олар өз топтарына оралады және топтың басқа мүшелерінің өздері үйренген жаңа нәрселерді үйретеді. Олар, өз кезегінде, тапсырманың өздерінің бөліктері туралы баяндайды (бір араның тістері сияқты). Бағалау критерийлері: атаудың шығу тегі; эволюциялық жасы; сигналдың берілуі – электр; сигналдың берілуі – химиялық; реттелу жолы; әрекет аймағы; әсер ету ұзақтығы. әрекет ұзақтылығы Оқушылардың жұмысын талқылау барысында уақтылы кері байланыс беріледі. ( Ж) (ФО) Оқушыларды сиырдың лактация физиологиясы мысалында нейрондық және гуморальдық реттеу арасындағы байланыс орнатуға шақырады. Оқушыларға сиыр лактациясының физиологиясының сызбасын беріңіз және осы жүйелердің өзара қарым-қатынастарының қағидаларын түсіндіруді сұраңыз. Бағалау критерийлері: лактация физиологиясының реттелуінің сатыларын дұрыс көрсетеді; гуморальдық реттелудің өзара байланысының реттілігін дұрыс сипаттайды; екі реттелу жүйенің негізгі айырмашылықтарын және жұмыс қағидаларын атап шығады. (Жж) (ФO) Оқушыларға реттелу жүйелерін салыстыру кестесін жасауды сұраңыз: жүйке және гуморальдық. Бағалау критерийлері: жүйке және гуморальдық реттеудің компоненттері дұрыс реттілігімен жазылған; екі реттелу жүйелерінің арасындағы негізгі айырмашылықтарды және жұмыс қағидаларын тізеді. | Жүйке және гуморальды реттеудің салыстырмалы сипаттамасы: https://otvet.mail.ru/question/194024631 Дидактикалық материалдар ( 1- қосымша ) Бейнефильм «Нейрогуморальді реттеу механизмі» Сиырдың лактация процесі: http://animalialib.ru/books/item/f00/s00/z0000023/st003.shtml Дидактикалық материалдар (2-қосымша ) | ||||||
36-40 мин | Кері байланыс «Үш М» рефлексия Оқушылардан сабақта жақсы нәтиже берген үш мезетті атауы және келесі сабақта өз жұмысын жақсартатын бір әрекетті ұсынуы сұралады. | | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | ||||||
Барлық оқушылар: реттелу жүйелерінің белгілерін зерттеу: жүйке немесе гуморальды. Көпшілік оқушылар: жүйкелік және гуморальдық реттелу арасында байланыс орнату Кейбір оқушылар: Салыстырмалы кестені толығымен реттелу жүйелері туралы мәлімдемелермен толтырыңыз: жүйкелік және гуморальдық ҚОСЫМША қосымша көмекке мұқтаж оқушылардың өтініші бойынша оларға жетелеуші және нақтылау сұрақтары түрінде көмек көрсетіледі. | Реттелудің екі механизмі бойынша білімдерінөзектендіру кезінде. (мұғалімнің бағалауы) Топтық жұмыс жасағанда (өзара бағалау) Сиыр лактация физиологиясы мысалында жүйке және гуморальді реттелуі арасындағы байланыстарды орнату үшін жұптық жұмыста. (өзара бағалау) реттелу жүйелері туралы толтырылған салыстырмалы кестенің қорытындысы бойынша. (өзін-өзі бағалау) | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. | ||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен? | Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау). Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
| ||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім? 1: 2: |