Главная страница
Навигация по странице:

  • Бесінші апта № 9 дәрістің тақырыбы

  • 10 дәрістің тақырыбы

  • Алтыншы апта № 11 дәрістің тақырыбы

  • 12 дәрістің тақырыбы

  • Жетінші апта № 13 дәрістің тақырыбы

  • 14 дәрістің тақырыбы

  • Сегізінші апта № 15 дәрістің тақырыбы

  • 16 дәрістің тақырыбы

  • ПОӘК Современная история Каз.на. последн. Жаңа (2). Syllabus азастанны азіргі заманы тарихы


    Скачать 420 Kb.
    НазваниеSyllabus азастанны азіргі заманы тарихы
    Дата12.11.2021
    Размер420 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПОӘК Современная история Каз.на. последн. Жаңа (2).docx
    ТипДокументы
    #270000
    страница4 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    Дәрістің мақсаты: Мәдениет, ғылым мен білім, Қазақстандағы қиыншылықтар, халық шаруашылығын дамыту жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін жетілдіру.

    1. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай.

    2. Жаңа идеологиялық науқандар.

    3. Халық шаруашылығын дамытудағы сәтсіз реформалар.

    4. Мәдениет, ғылым мен білім.

    Терминдер мен анықтамалар: Авторитаризм, азаматтық қоғам, басқару әдісі, демография, жеке басқа табынушылық, партиялық жүйе, реформа, тарихи факт.

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. КСРО экономикасын қалпына келтіру. Карточкалық жүйенің жойылуы. 1947 жылғы ақша реформасы. Мәдениет, ғылым мен білім. Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаңа идеологиялық науқандар. Өзгеше ойлайтындармен күрес. Гуманитарлық ғылымдар саласына бақылаудың күшеюі. Ғалымдарды қуғындау: «ар-ождан соты». «Е.Бекмаханов ісі». «Б.Сүлейменов ісі». КОКП-ның ХІХ сьезі. И.В. Сталиннің өлімі. Л.Берияның тұтқындалуы және ату жазасына кесілуі. Н.С. Хрущевтің билікке келуі. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай. Ж.Шаяхметовтің қызметі. Қазақстандағы әкімшілік- аумақтық өзгерістер.

    Бесінші апта

    9 дәрістің тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік Қазақстандағы қоғамдық өмірі.

    Дәрістің мақсаты: Хрущевтік «жылымық» кезеңі, жүйені жұмсарту әрекеттері, 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер, Республика қорларындағы жерлердің тартып алынуы жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін жетілдіру.

    1. «Хрущев жылымығының» әлеуметтік-экономикалық сипаты.

    2. Тың игеру: жетістігі мен салдары.

    3. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі.

    Терминдер мен анықтамалар: «жылымық» кезеңі, волюнтаризм және субьективизм, тың игеру, жеке басқа табынушылықты айыптау, космополит ісі.

    Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер): Хрущевтік «жылымық» кезеңі, әлеуметтік-экономикалық сипаты. Индустриалды даму. Әскери-өнеркәсіптік кешеннің нығаюы. Тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістіктері мен тәжірибесі. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Республиканың қоғамдық- саяси өмірі. Кеңестер, КОКП, комсомол, қоғамдық ұйымдар. «Хрущевтік жылымық» 21 кезеңіндегі қарама-қайшылық. Жүйені жұмсарту әрекеттері. Волюнтаризм және субьективизм. 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер. Республика қорларындағы жерлердің тартып алынуы. Республика халқының күнделікті өмірі

    10 дәрістің тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік Қазақстандағы қоғамдық өмірі.

    Дәрістің мақсаты: XX ғасырдағы Қазақстандағы қоғамдық өмір, экономиканың дамуы, экологиялық проблемалар жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

    1. Экономиканы экстенсивті дамыту үлгісінің жалғасуы.

    2. Қоғамдық–саяси өмір ерекшеліктері.

    3. Экологиялық проблемалардың асқынуы.

    Терминдер мен анықтамалар: жылымық» кезеңі, волюнтаризм және субьективизм, тың игеру, жеке басқа табынушылықты айыптау, космополит ісі.

    Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер): Хрущевтік «жылымық» кезеңі, әлеуметтік-экономикалық сипаты. Индустриалды даму. Әскери-өнеркәсіптік кешеннің нығаюы. Тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістіктері мен тәжірибесі. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Республиканың қоғамдық- саяси өмірі. Кеңестер, КОКП, комсомол, қоғамдық ұйымдар. «Хрущевтік жылымық» 21 кезеңіндегі қарама-қайшылық. Жүйені жұмсарту әрекеттері. Волюнтаризм және субьективизм. 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер. Республика қорларындағы жерлердің тартып алынуы. Республика халқының күнделікті өмірі

    Алтыншы апта

    11 дәрістің тақырыбы: Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің Қазақстандағы қайшылықты салдары.

    Дәрістің мақсаты:А.Қонаев – Қазақстан Компартиясы ОК- ның Бірінші хатшысы, Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. КСРО Конституциясы (1977 ж.), Целиноград оқиғалары (1979 ж.). жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

    1. Қазақстандағы биліктің ауысуы

    2. Мемлекеттік-партиялық жүйе және партиялық номенклатураның шексіз билігі.

    Терминдер мен анықтамалар: директивалық жоспарлау, партиялық билік, кемелденген социализм.

    Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстандағы биліктің ауысуы. Д.А.Қонаев – Қазақстан Компартиясы ОК- ның Бірінші хатшысы. Мемлекеттік-партиялық жүйе және партиялық номенклатураның шексіз билігі. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы. КСРО Конституциясы (1977 ж.). Қазақ КСР Конституциясының (1978 ж.) қабылдануы. Целиноград оқиғалары (1979 ж.). Ел экономикасының тоқырауға ұшырауы. Экономиканы реформалаудың кезекті қадамдары. Қазақстанның өнеркәсіп және аграрлық секторы. Халықтың тұрмыс деңгейі: жалақыдан жалақыға дейін. Қоғамдық – саяси өмір және оның ерекшелігі. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі: Семей ядролық сынақ айлағы, Арал теңізінің тартылуы, өмір сүруге қолайсыз аймақтардың көбеюі. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан. Қоғамның рухани-мәдени өмірі, қоғамдық қозғалыстар. Ауғанстан жеріне кеңестік әскердің енгізілуі. Елдегі наразылық.

    12 дәрістің тақырыбы: Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің Қазақстандағы қайшылықты салдары.

    Дәрістің мақсаты:Қазақстанның өнеркәсіп және аграрлық секторы., экологиялық проблемалардың шиеленісуі, Семей ядролық сынақ айлағы, Арал теңізінің тартылуы жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

    Терминдер мен анықтамалар: директивалық жоспарлау, партиялық билік, кемелденген социализм

    1. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы.

    2.Ел экономикасының тоқырауға ұшырауы.

    3. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан.

    Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстандағы биліктің ауысуы. Д.А.Қонаев – Қазақстан Компартиясы ОК- ның Бірінші хатшысы. Мемлекеттік-партиялық жүйе және партиялық номенклатураның шексіз билігі. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы. КСРО Конституциясы (1977 ж.). Қазақ КСР Конституциясының (1978 ж.) қабылдануы. Целиноград оқиғалары (1979 ж.). Ел экономикасының тоқырауға ұшырауы. Экономиканы реформалаудың кезекті қадамдары. Қазақстанның өнеркәсіп және аграрлық секторы. Халықтың тұрмыс деңгейі: жалақыдан жалақыға дейін. Қоғамдық – саяси өмір және оның ерекшелігі. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі: Семей ядролық сынақ айлағы, Арал теңізінің тартылуы, өмір сүруге қолайсыз аймақтардың көбеюі. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан. Қоғамның рухани-мәдени өмірі, қоғамдық қозғалыстар. Ауғанстан жеріне кеңестік әскердің енгізілуі. Елдегі наразылық.
    Жетінші апта

    13 дәрістің тақырыбы: Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар»,

    дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1971-1985 жж.)

    Дәрістің мақсаты: 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдануы,1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы неміс автономиясын құру жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

    1.Республика экономикасының дамуындағы қайшылықтар.

    2. Қоғамның әлеуметтік- саяси өміріндегі сәйкессіздік. Космополиттік бағыттар. «Кемелденген социализм» қағидасының тұйыққа тірелуі.

    3. Қоғамдық-саяси өмірдегі келеңсіз құбылыстардың етек алуы.

    Терминдер мен анықтамалар: тоқырау,теңгермешілік, ақшаның құнсыздануы, «қалдықтық принциптері», интернационалдық тәрбие, еуропоцентризм, кеңестік салт-сана, бюрократтық әдіс, орыстандыру саясаты, партиялық-мемлекеттік құрылым, жаттанды догма, өзгеше ойлау, пантюркистік шығарма, «ұлы тіл»

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): 70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болуы. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылдануы.  Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралуы. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылдануы. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдануы.. Қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастардың жиналуы. 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозовтың жастарға сөзі.

    70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның беделінің құлдырай бастауы. Тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста. Брежневтің жеке басына табынудың етек алуы.

    14 дәрістің тақырыбы Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1985-1990 жж.).

    Дәрістің мақсаты: Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы желтоқсан Пленумы, онда қаралған мәселе, Д. А. Қонаевті қызметінен алу, жастарды жазалау, Желтоқсан батырлары жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру және дамыту.

    1.Қазақстан ХХ ғасырдың 80-90 жылдарының басында:КОКП-ның 1985 жылғы сәуір Пленумы. Қайта құрудың басталуы, мақсаты, кезеңдері.

    2.Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

    3.Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.

    Терминдер мен анықтамалар: тоқырау,теңгермешілік, ақшаның құнсыздануы, «қалдықтық принциптері», интернационалдық тәрбие, еуропоцентризм, кеңестік салт-сана, бюрократтық әдіс, орыстандыру саясаты, партиялық-мемлекеттік құрылым, жаттанды догма, өзгеше ойлау, пантюркистік шығарма, «ұлы тіл».

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер):

    М. С. Горбачевтің елдегі саяси билік басына келуі. КОКП Орталық Комитетінің 19 жылғы Сәуір Пленумы. Кеңес қоғамының әлеуметтік, экономикалық дамуын жеделдету мен қайта құру ісінің басталуы. М. С Горбачев – демократ, реформатор, адамгершілікті социализмді негіздеуші. Елдегі қоғамдық, саяси жүйені өзгертпей халықаралық ахуал мен экономиканы дамытуды жақсартудағы алғашқы шаралар. Қайта құру, жеделдету бағытының басталуы. Оның қажеттілігі мен кезеңдері. (1 кезең – КОКП – ның 1985 жылғы сәуір Пленумы – 1987 жылдың жазы). Алкоголизмге қарсы күрес, еңбек тәртібін нығайту. Өндіріс техникасын жаңарту. (Шетел өндіріс жабдықтарын сатып алу, валюталық резервтерді қайтадан бөлу. А. Г. Аганбегян). Аграрлық саладағы ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу. Ауыл шаруашылығын интенсивті негізде дамытудың шаралары. Қазақстандағы саяси ахуалдың шиеленісуі, ұлттық қатынастағы кері құбылыстар. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы желтоқсан Пленумы. Онда қаралған мәселе. Д. А. Қонаевті қызметінен алу. Алматыдағы Брежнев атындағы алаңдағы 1986 жылғы 17 –18 желтоқсандағы оқиғалар. Оның шығу себептері, сипаты, барысы, аяқталуы. Жастарды жазалау, т. б. қудалау шаралары. Желтоқсан батырлары. Аталған қозғалыстың Қазақстанның басқа аймақтарына тарауы. Шығыс Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы. Аталған оқиғаның елдегі саяси – қоғамдық ахуалға әсері. Маңызы. Қазіргі күнгі баға. ІІ – кезең – 1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры. Экономикадағы мемлекеттік жоспар мен нарықтық қатынастарды бірлесе жүргізу әрекеттері. (Мемлекеттік кәсіпорындар бірлестіктері, кооперация туралы заңдар, маңызы, орындалуы.) Елдегі алғашқы саяси партиялар мен ұйымдардың құрылуы. Қазақстандағы алғашқы саяси партиялар мен ұйымдар, олардың бағдарламасы, алғашқы атқарған істері. ”Семей – Невада” қозғалысы. Қоғамдағы, саяси – элеуметтік өмірдегі жариялылықтың басталуы, оның алғашқы қадамдары. КОКП –ның ХІХ конференциясы, оның шешімдері. Ел бойынша көппартиялы, көпмандатты сайлау жүйесінің басталуы. Аталған кезеңдегі елдегі экономикалық жағдайдың шиеленісуі. Бірінші кезектегі халық тұтыну тауарларының жетіспеуі, оларды пайдаланудың шектеулі – бақылау жүйесінің енгізілуі. Себептері. Үшінші кезең – 1989 жылдың мамыры – 1991 жылдың желтоқсаны. Экономикадағы дағдарыстың одан ары шиеленісуі. Халыққа қажетті деген тауарларға деген зәуірліктің одан ары жалғасуы. Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы кәсіпорындары жоспарларының орындалмауы.Қазақстандағы, т. б. республикалардағы демократиялық процесстердің жедел қарқынмен жүруі. Халық депутаттарының сьезі. Онда қаралған мәселелер. Ұлтаралық қарым – қатынастың шиеленісе түсуі. Прибалтика, Закавказья, Орта Азия республикаларындағы оқиғалар. Қазақстандағы Жаңа Өзендегі ұлтаралық шиеленісу, оның себептері. Социалистік жүйе елдеріндегі саяси, әлеуметтік дағдарыстың шиеленісуі. Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің, Варшава Шарты соғыс одағының тарауы. Герман мемлекеттерінің бірігуі. Болгария, Румыния, Польша, Венгриядағы оқиғалар. Олардың Кеңес Одағының болашағына әсері. Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар қызметінің белсенділігінің артуы. Қазақстанда осы кезеңде құрылған саяси партиялар мен ұйымдар. Олардың алдарына қойған мақсаттары мен атқарған істері. Қайта құру шаралары мен нақты жағдайлар арасындағы қарама – қайшылықтар. Кеңес Одағын сақтап қалу жолындағы әрекеттер. Аталған бағыттағы бүкілхалықтық референдум, оның қорытындылары. 1991 жылғы “тамыз бүлігі”. Оның қорытындысының бүкіл Одаққа, Қазақстанға әсері. Қазақстан Компартиясының таратылуы. 1991 жылғы желтоқсандағы Беловежскдегі Ресей, Украина, Белорусия жетекшілерінің келісімі. Осы жылғы 13 желтоқсандағы Ашхабад, 20 – 21 желтоқсандағы Алматы келісімі. Кеңес Одағының тарауы. ТМД – ның құрылуы, мақсаты, маңызы.
    Сегізінші апта

    15 дәрістің тақырыбы: Тәуелсіз мемлекеттік дамудың қазақстандық үлгісі.

    Дәрістің мақсаты: 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы, КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру және дамыту.

    1. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.

    2. ҚР-ның мемлекеттік құрылысы.

    3. Жергілікті (мемлекеттік) өзін-өзі басқару реформалары.

    Терминдер мен анықтамалар:

    Тәуелсіздік, егемендік, суверенитет, Конституциялық құрылыс. Конституциялық реформа.

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның құрылуы. КСРО-ның құлауының басты себептері. Экономикалық дағдарыс. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы. 1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі».

    Жаңа одақ – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрылуы. 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімімен КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы. 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін  бүкілхалықтық сайлауы. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заңының қабылдануы. Сыртқы саясаттағы басты міндеттер.

    16 дәрістің тақырыбы: Тәуелсіз мемлекеттік дамудың қазақстандық үлгісі.

    Дәрістің мақсаты: 1990 ж. Қазақстан халқы Ассамблеясы: мәртебесі, рөлі мен қызметі, әлемдік және дәстүрлі діндер сьездері (Астана қ.), тұрғын үй құрылысы жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру және дамыту.
    1. Қазақстанның ішкі саясаты. Елдегі демократиялық қадамдар.

    2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жүргізген сыртқы саясаты.

    Терминдер мен анықтамалар: Этносаясат, Ұлттық бірлік доктринасы, «G-Global» жаһандық сұхбаты.

    Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер):

    Азаматтық қоғам институттарын орнату және дамыту. Мемлекет пен Үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы. Азаматтық форумдардың өткізілуі. Партиялық құрылыс және олардың Мәжіліс сайлауларына қатысуы (1999 ж., 2004 ж.). Мемлекеттің ақпараттық саясаты, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы. Конфессияаралық қатынастар және Қазақстанның этносаясаты. Қазақстан халқы Ассамблеясы: мәртебесі, рөлі мен қызметі. Ұлттық бірлік доктринасы. Өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі. «Бейбітшілік және келісім» сыйлығының алғашқы лауреаттары. Дін және мемлекет саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер сьездері (Астана қ.). Жұмыспен қамту және еңбек нарығы: өтпелі кезеңнің қиындықтары. Халықтың әлеуметтік жағдайы, өмір сүру сапасы мен деңгейі. Тұрғын үй құрылысы. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформалар. Зейнетақы жүйесін реформалау және жетілдіру. Білім және ғылым, денсаулық сақтау ұлттық жүйесіндегі жаңару. Спорт пен туризмнің дамуы. Қазақстанның спорт әлеміндегі жетістіктері. Егеменді мемлекетіміздің халықаралық қауымдастықта мойындалуы: Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы. Көпвекторлы сыртқы саясат. Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық әріптестік. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және межелеу. Каспий теңізі мәртебесін реттеу. Қазақстан 25 Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық тұрақтылықты нығайтудағы сыртқы саяси бастамалары. Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық бастамасы. Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға қатысуы. Қазақстан және ТМД елдері: Бірыңғай экономикалық кеңестік пен Кеден одағына қатысуы. АӨСШК, ШЫҰ жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның ҚХР, АҚШ және Еуропа елдерімен қарым-қатынасы. Қазақстан және Түркі қауымдастығы. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан және ЕҚЫҰ. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астана саммиті. Қазақстанның ШЫҰ мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі. Қазақстан – БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінің мүшесі. Еліміздің жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы. Қазақстанның халықаралық рейтингтегі орны, жаһандық ядролық қаруды таратпау қозғалысындағы жетекшілік рөлі. Қазақстанның жаңа халықаралық бастамалары: «G-Global» жаһандық сұхбаты, жаһандық дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары. Ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс қабілеті. ХХІ ғасырдың сын тегеуріндері мен қауіп-қатерлері. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік саясатының негізгі басымдықтары. Қазақстанның әскери доктринасы. Қазақстанның әскери қауіпсіздік саясатының негізгі басымдықтары. Әскери реформалар. Қарулы күштер қызметіндегі әскерилердің күнделікті өмірі.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта