|
ПОӘК Современная история Каз.на. последн. Жаңа (2). Syllabus азастанны азіргі заманы тарихы
11. Курстық жұмыстар жазу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар
( Жоспарда қарастырылмаған )
12. Бағалау критерийлері:
Мемлекеттік емтихан түрі екі кезең бойынша өткізіледі.
1. тест тапсырмасын орындау. Студенттерге 25 сұрақтан тұратын тест ұсынылады. Тест сұрақтары «жеңілден ауырға» қағидасын сақтай отырылып, құрастырылады. Тест сұрақтары ашық түрде, бір немесе бірнеше жауапты қажет ететіндей болып келеді.
2. емтиханның ауызша түрі. Ауызша емтихан билеті 3 сұрақтан тұрады. Алғашқы екі сұрақ теориялық материал бойынша келсе, соңғы сұрақ – көркем шығармадан алынған сөйлем морфологиялық талдауға ұсынылады.
Ауызша емтиханды өткізу кезінде әрбір емтихан алушы (тәуелсіз емтихан алушы және оқытушы) Ауызша емтихан парағын толтырады. Аталған парақта әр студенттің жауап беру уақытының басталуы мен аяқталуы, билет сұрақтары мен қосымша сұрақтарға жауабының дұрыстылығы мен толықтылығы белгіленеді. Сонымен қатар студенттің жауабына қойылған бағаның қасына емтихан алушылардың қолдары қойылады.
100 балдық шкала бойынша баға емтихан билеттің әрбір сұрағы бойынша қойылады, орташа баға шығарылып, одан 40% алынып, өткен емтихан үшін қорытынды баға қойылады. Қорытынды бағаны есептеу үшін 3 сұрақтан тұратын емтихан билеті үшін келесі формула ұсынылады:
Сб Б 4 ,03
Бұл жерде
Б - 100 балдық шәкіл бойынша әрбір емтихан билетінің сұрақтары бойынша балдар қосындысы
Сб – пайыз түріндегі қорытынды баға (40% - дан шыға отырып)
Қорытынды баға емтихан ведомосіне енгізіліп, оған тәуелсіз емтихан алушы мен пәнді жүргізетін оқытушы қол қояды.
Бағалау өлшемдері
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделеді: шынайылылық, әділділік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Семестрдің 7(8)-аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15-аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингтік бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға ағымдық, аралық бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Семестр барысында студент екі аралық бақылау және семестр соңында емтихан тапсырады.
Пән бойынша берілетін әрбір тапсырма 100 балмен бағаланады.
Ағымдағы бақылау әр тапсырмаға қойылған бағаның орташа арифметикалық көрсеткіші болып табылады.
Студенттің рейтинг бағасы ағымдағы және аралық бақылаудың бағаларын қосып, екіге бөлу арқылы шығарылады. Мәселен,
R1 = (t1 + r1)/2 R2 = (t2 + r2)/2
Студент рейтингісінің орташа бағасы (Rор.) екі рейтингінің қосындысын екіге бөлу арқылы анықталады:
Rор. = (R1 + R2)/2
Пән бойынша қорытынды баға рейтингінің орташа бағасын 0,6-ға (яғни 60%) көбейту арқылы және емтиханның бағасы 0,4-ке (яғни 40%) көбейтіліп, шығарылған нәтижелерді қосу арқылы шығарылады.
І = (R1 + R2 / 2) х 0,6 + Е х 0,4
Бұл жерде – ағымдағы бақылау (t), аралық бақылау (r), рейтингі бағасы (R), емтихан (Е) және қорытынды баға (І).
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары және ауызша емтихан билеттерінің сұрақтарына жауап беру түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша). Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері
90-100
| Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
| Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
| 70-89
| Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
| Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
| 50-69
| Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
| Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
| 0-49
| Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
| Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның жауаптарында қателіктер бар.
| Өзіндік жұмыс бойынша бағалау критерийлері
90-100
| Берілген тапсырмалардың 90% - дан кем емес орындалуы.
| Жұмыстың стандартқа сай рәсімделуі.
| Дәлелді тұжырымдар, олардың дұрыс және толық түсіндірілуі. Студент өзінің көзқарасын дәлелді түрде орындайды. Орындалған жұмысты қорғау кезінде сұрақтарға сенімді және дұрыс жауап береді.
| 70-89
| Берілген тапсырмалардың 70% - дан кем емес орындалуы, жалпы бағыты дұрыс.
| Жұмысты рәсімдеуде аздаған қателіктердің кездесуі.
| Қорытындыларды дұрыс, бірақ толық емес түсіндіру. Қорғау кезінде студент дұрыс, бірақ толық емес жауаптар береді, қорытындылар нақты жеткізілмейді.
| 50-69
| Берілген тапсырмалардың 50% - дан кем емес орындалуы, жалпы бағыты дұрыс бірақ қателіктер бар.
| Жұмысты рәсімдеуде маңызды қателіктердің кездесуі.
| Қорытындыларды толық емес түсіндіреді, жұмысты қорғау кезінде студент әрдайым дұрыс жауап бере бермейді.
| 0-49
| Берілген тапсырмалардың 50% - дан кем орындалуы, жұмыста өрескел қателіктердің кездесуі.
| Жұмыстың дұрыс орындалмауы, жазбаша жұмыс рәсімдеу стандарттарының сақталмауы.
| Қорытындыларды интерпретациялаудың дұрыс еместігі немесе олардың жоқтығы. Жұмысты қорғау кезінде студент дұрыс түсінік бере алмайды, қате жауаптар береді, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмайды.
|
Қорытынды бағалау критерийлері
95-100
| Жеке, топтық жұмыстарда өз рольін тиянақтап орындайды, ақпараттарды толық түсініп, идеяларды ұсынып, тапсырмаларды оқу мақсаттарына сай орындап, өз ойларын ашық айтады,сабақты жетілдіружолдарын ұсынады. Объект туралы білімдері ғылым мен пәнаралық қатынастар жүйесінде көрсетіледі. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, әдеби тілмен жазылған, қисынды, дәлелденген, студенттің авторлық ұстанымын көрсетеді.
| 90-94
| Жеке, жұптық, топтық жұмыстарда өз рольін тиянақтап орындайды, ақпараттарды толық түсініп, идеяларды ұсынып, тапсырмаларды оқу мақсаттарына сай орындап жауапта ашылатын ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық бірізділік байқалады.Студент жауап беру барысында жіберілген қателіктерді өз бетінше түзетуі мүмкін.
| 85-89
| Берілген сұраққа толық, жан-жақты жауап беріледі, тақырыптың негізгі ережелері дәлелді түрде ашылды; жауап құрылымы нақтыланған, логикалық дәйекті.
Жауапта ашылатын ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық бірізділік байқалады. Жауап ғылым терминдерінде әдеби тілмен жазылған. Жауапта студенттің оқытушының көмегімен түзеткен кемшіліктері бар.
| 80-84
| Жеке, жұптық, топтық жұмыстарда өз рольін тиянақтап орындайды, ақпараттарды толық түсініп, идеяларды ұсынып, тапсырмаларды оқу мақсаттарына сай орындап, сұраққа толық, жан-жақты жауап берілді, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды көрсете білу. Өз ойын ашық айтып, өзін-өзі бағалайды.
| 75-79
| Топтық жұмыстарда берілген тақырыпқа толық жауап берілді, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырату мүмкіндігі көрсетілген. Жауап анық құрылымдалған, қисынды, ғылым терминдерінде жазылған. Алайда, "жетекші сұрақтар" көмегімен студент түзеткен елеусіз қателер немесе кемшіліктер жіберілген.
| 70-74
| Берілген тапсырмаларға дәйекті жауабы жеткіліксіз берілген, бірақ бұл ретте елеулі және елеулі емес белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсете білген. Жауап барынша толық және терминдермен жазылған. Студент өз бетінше түзеуге қиын болатын негізгі ұғымдарды анықтауда 2-3 қате жіберілген.
| 65-69
| Жеке, жұптық, топтық жұмыстарда тақырыпқа толық және жан-жақты жауап берілмеді. Жалпы ойдың логикалық бірізділігі сақталмаған. Тұжырымдарды ашуда және терминдерді қолдануда қателіктер жіберілген. Студент елеулі және елеулі емес белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды өз бетінше ажырата алмайды. Студент жалпылама білімді нақтылай алады, мысалдарда олардың негізгі ережелерін тек оқытушының көмегімен ғана дәлелдейді. Сөйлеу тілі түзетуді талап етеді.
| 60-64
| Сұрақ тақырыбы бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Тақырыпқа жауабы толық емес. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді.
| 55-59
| Берілген тапсырмаларға толық жауап берілмеді. Студент дәлелдер келтіруге қиналады. Терминдердің, ұғымдардың анықтамаларындағы, фактілердің, құбылыстардың сипаттамаларында көптеген маңызды қателіктер бар. Жауапта тұжырымдар жоқ. Сөйлеуі сауатсыз. Қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент білім арасындағы байланысты тек оқытушы берген соң ғана түсіне бастайды.
| 50-54
| Студент осы ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Сұрақ тақырыбы бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Жауап қисынсыз. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді.
| 0-49
| Пәннің негізгі сұрақтары бойынша жауаптаралынбаған.
|
Балл жүйесінде қойылған қорытынды баға (ҚБ)
| Баллдың сандық баламасы (С)
| Баллдың әріптік баламасы (Ә)
| Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау (Д)
| 95-100
| 4,0
| А
| Өте жақсы
| 90-94
| 3,67
| А-
| 85-89
| 3,33
| В+
| Жақсы
| 80-84
| 3,0
| В
| 75-79
| 2,67
| В-
| 70-74
| 2,33
| С+
| 65-69
| 2,0
| С
| Қанағаттанарлық
| 60-64
| 1,67
| С-
| 55-59
| 1,33
| D+
| 50-54
| 1,0
| D
| 25-49
| 0,5
| FХ
| Қанағаттанарлықсыз
|
|
|
|