Главная страница

ПОӘК Современная история Каз.на. последн. Жаңа (2). Syllabus азастанны азіргі заманы тарихы


Скачать 420 Kb.
НазваниеSyllabus азастанны азіргі заманы тарихы
Дата12.11.2021
Размер420 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПОӘК Современная история Каз.на. последн. Жаңа (2).docx
ТипДокументы
#270000
страница2 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Мақсаты: отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру. Пәннің алдында тұрған міндеттерді айқында арқылы қоғамда атқаратын рөлін көрсету, отан тарихының кезеңдерін айқындап, деректердің мәні мен ұлттық тарихымыздың зерттелу деңгейін ашу.
Курстың міндеті

Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;

Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;

Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;

Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.
Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:

-Бұл курсты оқыту барысында түсіндірмелі-ізденіс әдісін пайдалану дұрыс. Бұл әдіс студенттердің танымдық әрекеттеріне қозғау салады, ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетін жете түсінуге, студенттердің өз ойларын қорытып айтуға, белсенді ойлауға, алған білімін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын кеңейтуге, іздене білуге үйретеді.

- Студенттердің алған білімін жетілдіру үшін бақылау жұмыстары орындалады, өзіндік жұмыстың тақырыптары, аралық бақылаудың тапсырмалары ұсынылады, өз беттерімен орындаған жұмыстарын баяндама, реферат түрінде баяндауға, ауызша қорғауға, слайд-шоулар жасап, визуалды түрде көрсетуге мүмкіндік беріледі. Модульдер түрінде лекциялардың қысқаша тезистік мазмұны, негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі ұсынылады.

Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет.

Игерілетін дағдылар:

- Тілдік жүйе, құрылым түсінігіндегі ізденушілік дағдысы;

- Зерттеушілік дағдысы;

- Іскерлік дағдысы;

Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасының көлеміндегі әлемдік және отандық тарих.

Постреквизиттер:Мәдениеттану, психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану.
2.Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары: Дюсенгалиева М.Г., 87781074949. электрондық пошта: merzat-d@mail.ru
3. Курстың саясаты:

Бұл курсты оқыту барысында түсіндірмелі-ізденіс әдісін пайдалану дұрыс. Бұл әдіс студенттердің танымдық әрекеттеріне қозғау салады, Қазақстан тарихын жете түсінуге, студенттердің өз ойларын қорытып айтуға, белсенді ойлауға, алған білімін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын кеңейтуге, іздене білуге үйретеді.

Студенттердің алған білімін жетілдіру үшін бақылау жұмыстары орындалады, өзіндік жұмыстың тақырыптары, аралық бақылаудың тапсырмалары ұсынылады, өз беттерімен орындаған жұмыстарын баяндама, реферат түрінде баяндауға, ауызша қорғауға, слайд-шоулар жасап, визуалды түрде көрсетуге мүмкіндік беріледі. Модульдер түрінде лекциялардың қысқаша тезистік мазмұны, негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі ұсынылады.

Сабаққа қатысу:

Сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.

Аудиториядағы тәртіп:

Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:

  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  1. Сабақтан сұрануға;

  2. Бос әңгіме құруға;

  3. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында магистранттың төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

Өз пікірін дәлелдесе;

Сабаққа белсенді қатысса;

Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса;

Үй тапсырмасы:

Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.

Жеке семестрлік тапсырмалар:

Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, магистрант ол жұмысты қорғауы тиіс. Жұмыста қателер табылған жағдайда, ол магистрантқа қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.

Өзіндік жұмыс:

Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.

Бақылау жұмысы: Сабақ соңында магистранттарға жекелей бақылау жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесу. Әңгімелесу сабақ кестесі бойынша әр топқа жеке өткізіледі.
4. Пәннің құрылымы мен мазмұны


Апта

Дәріс

Семинар/практикалық сабақ,/зертханалық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

1 – модуль

1-апта

Тақырыбы:

1. Кіріспе.

2. Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар.

Дәрістің мақсаты: Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсы бойынша пәнің мақсатын, міндеттін, хронологиясына тоқталу,талдау арқылы студенттерге тәуелсіз Қазақстан туралы тарихи білім қалыптастыру

Әдістері: түсіндіру, баяндау,сұрақ жауап

Тақырыбы:

Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

«Мен өз елімнің патриотымын».


Тақырыбы:

Қазақ хандығындағы заңдар.

2-апта

Тақырыбы:

1.Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары.

2.Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары

Дәрістің мақсаты: Ұлт-азатық көтерілістер мен тәуелсіздік, стихиалы көтерілістер, Алаш партиясы жөнінде тарихи оқиғаларға тоқталу, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап



Тақырыбы:

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

ХVI ғ.б қазақ хандығы. Қасым хан

Тақырыбы:

Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.

.


3-апта

Тақырыбы:

1.Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрес.

2.Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрес.

Дәрістің мақсаты: Қазақ зиялыларын айыптау, «Алаш» ісі. КарЛАГ, АЛЖИР: қасіретті тағдырлар, жаңа экономикалық саясаттың белгілері, жер – су реформасына тоқталу, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Тақырыбы:

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы тартыс. Сталиндік режимнің шаруаларды қудалау саясаты.


Тақырыбы:

Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.


4-апта

Тақырыбы:

1. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қиыншылықтар мен күрделі мәселелер.

2. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қиыншылықтар мен күрделі мәселелер.

Дәрістің мақсаты: КСРО экономикасын қалпына келтіру, Карточкалық жүйенің жойылуы. Мәдениет, ғылым мен білім, Ғалымдарды қуғындау: «ар-ождан соты». «Е.Бекмаханов ісі» жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Тақырыбы:

Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қиыншылықтар мен күрделі мәселелер.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.


Тақырыбы:

Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.


2-модуль

5-апта

Тақырыбы:

1. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік Қазақстандағы қоғамдық өмірі.

2. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік Қазақстандағы қоғамдық өмірі.

Дәрістің мақсаты: Хрущевтік «жылымық» кезеңі, жүйені жұмсарту әрекеттері, 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер, Республика қорларындағы жерлердің тартып алынуы жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін жетілдіру.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Тақырыбы:

Қазақстанда білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

1917-1939 жылдардағы Қазақстан халқы



Тақырыбы:

Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістер (1940-1958 жж.)

6-апта

Тақырыбы:

Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің Қазақстандағы қайшылықты салдары.

Дәрістің мақсаты: Фашизм, Германияның Кеңес Одағына басып кіруі (22 маусым, 1941 ж.), Халық шаруашылығын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру, Ленинград қорғанысы, Мәскеу шайқасы, Сталинград шайқасына тоқталу, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру және тұжырым жасау.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Тақырыбы:

Мәдени және рухани өмір: жетістіктер мен қайшылықтар.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

ХХ ғ. ІІ жартысындағы халықтың тұрмыс деңгейі.

Тақырыбы:

ХХғ.ІІ жартысындағы халықтың тұрмыс деңгейі.

7-апта

Тақырыбы:

1.Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар»,дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1971-1985 жж.)

2.Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1985-1990 жж.).

Дәрістің мақсаты: 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдануы,1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы неміс автономиясын құру жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Тақырыбы:

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

Дінмұхаммед Қонаев саяси қайраткер ретінде».

Тақырыбы:

Экологиялық қозғалыстар

8-апта

Тақырыбы:

1.Тәуелсіз мемлекеттік дамудың қазақстандық үлгісі.

2.Тәуелсіз мемлекеттік дамудың қазақстандық үлгісі.

Дәрістің мақсаты: 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы, КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру және дамыту.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Тақырыбы:

Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктері тақырыбына ассоциаграмма жасау.


Тақырыбы:

Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы


9-апта

Тақырыбы:

1.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және білім беру жүйесіндегі реформалар.

2.Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және білім беру жүйесіндегі реформалар.

Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы экономикалық ремормалар, білім беру жүйесіндегі өзгерістер, нарықтық қатынасқа көшу жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру және дамыту.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Тақырыбы:

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі.


Тақырыбы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)

3-модуль

10-апта

Тақырыбы:

1.Тәуелсіз мемлекеттегі этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімді нығайту саясаты.

2.Тәуелсіз мемлекеттегі этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімді нығайту саясаты.

Дәрістің мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның демографиясы, этнодемографиялық үрдістер, ұларалық келісім саясаты жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру және дамыту

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Тақырыбы:

Тәуелсіз Қазақстандағы экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

ҚР халқының демографиялық құрамы және оны қамсыздандыру ісі.

Егемен Қазақстанның экономикасы.

Тәуелсіз Қазақстанның ішкі мемлекеттік басқару саясаты

Тақырыбы:

Тәуелсіз Қазақстанның ішкі мемлекеттік басқару саясаты

11-апта

Тақырыбы:

1. ҚР қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту.

2. ҚР қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту.

Дәрістің мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясы мен саяси партиялар, саяси реформалар, әкімшілік жүйе, ұлтаралық келісімнің Қазақстан моделі жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Тақырыбы:

ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы тарихи сабақтастық.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

ҚР халқының демографиялық құрамы және оны қамсыздандыру ісі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы тұңғыш Президент – Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.


Тақырыбы:

ҚР Президентінің жолдауын талқылау

12-апта

Тақырыбы:

Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру.

Дәрістің мақсаты:Ұлы дала, тарихи сана, Мәңгілік ел, егеменді мемлекет, тарихи оқиғалар жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Тақырыбы:

Қазақстан - 2050 стратегиясы: қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру мен жаңарту бағыттары.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

ҚР сыртқы саясаты

Егемен Қазақстанның мәдениеті.

Тақырыбы:

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары

13-апта

Тақырыбы:

1.«Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.

2.Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.

Дәрістің мақсаты: тарихи сана, тәуелсіздік, егеменді мемлекет, тарихи патриотизм, ұлттық мәдениет, ұлттық мемлекекеттік жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Тақырыбы:

Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрі, шежіресі, жазбаша тарихнамасы

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы.

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана.

Тақырыбы:

Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері.

14-апта

Тақырыбы:

«Мәңгілік ел – ХХI ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы.

Дәрістің мақсаты: Мәңгілік ел, тәуелсіздік, егеменді мемлекет, Елбасы бағдарламасы, мемлекеттік мұра, ұлттық мемлекекеттік даму, ұлттық қауіпсіздік жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

Әдістері:түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап


Тақырыбы:

Мәңгілік елдің құндылықтары, мәні.

Әдістері: бақылау тапсырмалары

Тақырыбы:

Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне талдау жасау

Тақырыбы:

Елбасының жолдауы

15-апта

Тақырыбы:

Қазақстан – әлем мойындаған ел.

Дәрістің мақсаты: Сыртқы саясат, Елбасы бағдарламасы, геосаяси жағдай, ұлттық мемлекекеттік даму, еуразиялық одақ жөнінде ақпарат беру, ғылыми талдау арқылы студенттердің тарихи білімін қалыптастыру.

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Тақырыбы:

Ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан.

Әдістері: бақылау тапсырмалары


Тақырыбы:

Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі.


Тақырыбы:

Егемендік тұсындағы демографиялық ахуал
1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта