Талаптарды дайындау
Скачать 489 Kb.
|
22 Осылайша, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты жүзеге асыруға мектеп мұғалімдерінің кәсіби даярлығын қалыптастырудың үш негізгі бағытын бөлуге болады [21,22]: Өзара сыйластық, шыдамдылық және оптимизм негізінде «педагог-бала» өзара индивидуалды жүйеде әрекеттесу қабілетін қалыптастыру. Мектеп мұғалімдерінде өнімді әрекет жағдайына бейімділікті қалыптастыру: психологиялық бейімділік – даму мүмкіндігі шектеулі балаға пәнаралық өзара әрекетті ұйымдастыру мақсатында педагогикалық үдерістің барлық субъектілерімен («мектеп мұғалімі – арнайы педагог (дефектолог)», «мектеп мұғалімі – психолог», «мектеп мұғалімі – даму мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы»және т.б.) өзара әрекеттесу, байланысу, сөйлесе алу қабілеті. технологиялық бейімдік – жалпыпедагогикалық қабілет (оқушылардың әрекеттерін дұрыс жоспарлау және ұйымдастыра алу), теориялық білімді нақты баланың мүмкіндіктері мен типологиялық ерекшеліктеріне айналдыра алу және т.б. білім беру ұйымының әкімшілік-педагогикалық әрекет жүйесінде педагогтарды өзара нәтижелі әрекеттесуге бейімдеу. Педагогтарда даму мүмкіндігі шектеулі балалармен нәтижелі педагогикалық әрекетке әсер ететін тұлғаның кәсіби-маңызды сапаларын қалыптастыру: түрлі ерекшеліктерге қарамастан әрбір адамға құрмет, жанашырлық таныту және болашаққа оптимизммен қарау, т.б. Мұғалімдерді инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа даярлау мазмұнына міндетті түрде дамуында ауытқуы бар балаларды оқытудың анатомиялық-физиологиялық негіздерін, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық ерекшеліктерін, осы санаттағы балаларды оқытудың спецификалық әдістері мен тәсілдерін, жеке және топтық оқыту бағдарламаларын координациялау тәсілдерін меңгертуді қарастыратын кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды енгізу керек. Соның барысында кәсіби құзыреттіліктің мотивациялық компонентін (өмірлік ұстанымның позитивтілігіне әсер ету, кәсіби қызығушылықтарын нақтылау және дамыту, т.б.) және тұлғалық компонентін (таңдаудың саналығы, тұлғалық қасиеттарін қалыптастыру және т.б.) дамытуға көп көңіл бөлу қажет. 23 3 Педагогтар мен мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігі Инклюзивті білім берудің маңызды қағидаларының бірі ведомствоаралық интеграция және әлеуметтік серіктестік қағидасы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру интеграциясының стратегиялық мақсаттары тек әлеуметтік серіктестік және жалпы білім беретін педагог пен медициналық, психологиялық, дефектологиялық сала мамандары арасындағы тұрақты әрекеттестік барысында ғана орындалатыны түсінікті болып отыр. Педагогтар мен мамандардың өзара әрекеттестігі - бұл баланың проблемаларын шешуде кешенді ыңғай жасауды қамтамасыз ететін, балалар мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбилеу мен әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған, білім беру үдерісінің субъектісін (бала, сынып, топ) қолдау бойынша педагогтар мен мамандардың біріккен әр түрлі әрекеті дегенді білдіреді [23]. Осылайша, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жалпы білім беру үдерісінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық қолдауда мамандардың өзара әрекеттестігі, бұл пәнаралық ыңғай жасау үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың стратегиясын, тактикасын, мазмұны мен динамикасын жасауға, даму мүмкіндігі шектеулі бала мен оның отбасының проблемаларын нәтижелі және кешенді шешуге қабілетті әр түрлі саладағы мамандардың (педагогтар, дефектологтар, психологтар, логопедтер) біріккен күшімен жасалған жүйелі түрдегі ықпал ретінде қарастырылады. Бұндай өзара әрекеттестікке жатады: бала проблемаларын анықтау және шешуде, әр түрлі саладағы мамандардан білікті көмек көрсетілуде кешенділік; баланың тұлғалық және танымдық дамуын көпаспектілі талдау; баланың оқу-танымдық, сөйлеу тілдік, эмоционалды-еріктік және тұлғалық салаларының жеке жақтарын түзету және жалпы дамытудың кешенді жеке бағдарламасын жасау [24]. Мұндай өзара әрекеттестік әр түрлі міндеттерді нәтижелі шешу және координациялауды анықтайды: даму мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өтуі және оларды білім беру үдерісіне қосудың, оның ішінде инклюзивті сыныптары үшін білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешенді таңдау шарттарын анықтау; оқушыларға арналған оқу құралдары мен дидактикалық материалдарды бейімдеу; жалпы білім беретін ұйым мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттырумен байланысты іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру; бірігіп өткізетін іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру (пәнаралық консилиумдар, оқыту және тәжірибелік семинары, әдістемелік бірлестіктер және т.б.); жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті тәжірибесін мониторингілеу және бағалауды ұйымдастыру; 24 координацияланған шешімдерді қажет ететін басқа да сұрақтар бойынша. Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді нәтижелі жүзеге асыру үшін жұмысы мүмкіндігі шектеулі және басқа балаларға бағытталған педагогтар мен мамандардың міндеттерін бөлісуде белгілі бір теңгерім (баланс) сақтау қажет. Осы жерде атақты ресейлік ғалым Н.Н.Малофеевтың [25] сөзін еске алуға болады: «инклюзивті мектепте мұғалім ешқашан проблемамен жалғыз қалмайды, себебі , арнайы көмек пен қолдаудың көлемі мен сипаты баланың барлық ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, құрамына мектеп әкімшілігі, жалпы білім беру мұғалімдері, педагог ассистенттері, арнайы педагогтар, психологтар мен оқушы ата-анасы кіретін ұжыммен – барлық командамен анықталады». Ресейлік ғалымның пікірінше, бұл анықтама жақсы естілгенмен, шынайы өмірдегі жағдайды емес, идеалды модельді сипаттайды Малофеев Н.Н. маман-дефектологтың орнын «команда» ауыстыра алады деген «шынайы сенім» өткен ғасырдың 60-жылдардағы халық театры кәсіби театрды ығыстырады деген ұстаным сияқты екендігін ескертеді. Сол сияқты, керемет санаторийлер мен демалыс үйлерінің көбеюіне байланысты ауруханаларды қысқарту ешкімнің ойына келмейтіні анық. «Құрамына мектеп әкімшілігі, жалпы білім беру мұғалімдері, педагог ассистенттері, арнайы педагогтар, психологтар мен оқушы ата-анасы кіретін команда» оларға білікті көмек көрсете алады. Сонымен қоса, ЕБА бар балаға арнайы дайындықсыз мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, ата-аналар, тіпті дефектологтар мен психологтардың ұжымдық әрекеті еш пайда әкелмейді» [25]. Ресейлік ғалымның кейбір пайымдауының кесімділігіне қарамастан, оның дұрыстығын мойындау керек. Педагогтар мен мамандар баланың қамы үшін өзара келісіп жұмыс істеу керектігі түсінікті. Алайда, инклюзивті білім беруде басымдылық даму мүмкіндігі шектеулі балалармен нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар мамандарға, яғни мұғалім-дефектологтарға беріледі. Инклюзивті білім беруді нәтижелі ұйымдастыруда мектеп мұғалімдері өз жұмыстарында мұғалім-дефектологтар берген ұсыныстар мен ұстанымдарды бағдар ретінде, жетекшілікке алуға үйренуі керек. Инклюзияның мақсатын жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін ұйымда әр түрлі саладағы мамандар – психологтар, дефектологтар, логопедтер, медициналық қызметкерлер, т.б. жұмыс істейді. Инклюзивті топта нәтижелі жұмыс істеу үшін мамандардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін түрлі сызбаларын жасау қажет. Әр түрлі санаттағы мамандардың (мұғалім-логопедтер, мұғалім-дефектологтар, педагог-психологтар және т.б.) жұмыс тәжірибелерін көрсету арқылы жиналыстарды, семинар-практикумдерді, әдістемелік бірлестіктерді жоспарлы және тұрақты түрде өткізу, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру сұрақтары бойынша авторлық әдістемелік құралдарды басып шығару білім беру үдерісіне барлық қатысушыларының өзара байланыс орнатуына, ақпарат алмасуына әсерін тигізеді. Білім беру үдерісінің жалпы сапасын жақсарту үшін оның барлық қатысушылары: әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналар [19]: 25 Әрдайым бір-бірімен әрекеттестікте жұмыс жасайды. Ашық түрде бір-біріне көмек көрсетеді және көмек алады, кері байланысты жүзеге асырады, кеңестер береді, сыни ескертулер жасайды және оларды тыңдайды. Ортақ іске қосып жатқан жеке үлестері үшін бір-біріне сыйластықпен, алғыспен қарайды. Мысалы, балалар мен жалпы топтың актуалды даму деңгейі туралы келісілген түсінік жасау, тақырыптық жобалар немесе бала дамуының жеке білім беру жоспарын жасау арқылы топты және балаларды дамытуға ықпал ететін келісілген әрекеттерді жоспарлау секілді, ортақ мақсатқа жету үшін біртұтас кәсіби команда ретінде нәтижелі жұмыс істейді. Мектеп мұғалімдері мен мамандары өздерінің, әрі жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жақсарту мақсатында жаңа педагогтармен тәлімгер ретінде жұмыс істейді. Жалпы білім беретін педагогтарға даму мүмкіндігі шектеулі баланы нәтижелі оқыту мен тәрбиелеу үшін оның барынша ыңғайлы орын мен жағдайды (педагогқа жақын, кейбір балалардан, қоздырғыш болатын заттардан алыстау, тиімді жарықтандыру мен температура, т.б.) ескеру керек. Мектеп мұғалімдері мен мамандардың командалық жұмысының бес негізгі қағидаларын бөлуге болады: инклюзивті білім беруді біртұтас психологиялық-педагогикалық идеология және стратегия ретінде мойындау; маманның шектес пәндерге қызығушылығы, әмбебаптық пен жаңашылдыққа, жаңа білімдерді меңгеруге дайын болу; команданың барлық мүшелерін сыйлау, өзара түсіністік, шынайылық, өзара көмекке дайын болу; білім беру үдерісіне команданың барлық мүшелерінің теңқұқылы қатысуы, ортақ жұмыстың нәтижелері үшін жауапкершілік; команда мүшелерінің рөлдерін нақты бөлу, педагогикалық міндеттерді шешуде көбіне олардың қатысуын қадағалау. Мамандардың командалық жұмысының негізгі бағыттарын қарастырайық [19]: Бірінші бағыт: біртұтас инклюзивті білім беру траекториясы–мектепкекелгеннен оны бітіргенше. Берілген міндетті нәтижелі жүзеге асыру шарттары: әрбір кезеңдерде қалыпты даму заңдылықтары мен кезеңдерін білу; оқытудың мәжбүрлеген нормативтерін емес, әрбір жастың психологиялық және педагогикалық міндеттерін түсіну; «ерекше» балалардың ерекшеліктерінің себебі мен механизмдерін түсінуге сүйене отырып, психикалық дамуының спецификасын есепке алу; медикаментозды көмектің мүмкіндіктері мен қандай да бір даму нұсқасының клиникалық көріністерін білу; білім берудің әрбір сатысының білім беру міндеттерін есепке алу; 26 әр түрлі жас кезеңдерінде балалар ұжымындағы өзара әрекеттестік дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын білу. Екінші бағыт: жалпы білім беретін мектептің инклюзивті кеңістіктіқалыптастыру жолдары: әр түрлі тренингтерді, соның ішінде команда жасаутренингтері; топтық пікірталастар; фокус-топтар; жеке кеңестер өткізу кәсіби «шеберханаларда»; өзара қолдау топтарында жұмыс жүргізу нақты проблемалы жағдайларды талдау. Үшінші бағыт:инклюзивті білім беру үдерісінің мазмұны.Бұл аспектткпәнаралық қолдау әрекеттерінің нәтижелілігі анықталады: инклюзивті білім берудің мазмұнды аймағын анықтайтын нәтижелі мамандардың командасын жасаумен; бала дамуының ерекшеліктеріне және білім беру ұйымының білім беру ортасына, мектеп сыныптарының құрамдалуына адекватты қарым-қатынаспен; даму мүмкіндігі шектеулі балаға көмектің көлемі мен тиімді бірізділігімен; бағдарламалық материалды жеткізу бірізділігі мен тереңдігі баланың мүмкіндіктеріне сәйкес құрылуымен, білім беру бағдарламаларын дұрыс модификациялаумен; бірыңғай пәнаралық команда жағдайында әрекет ету үшін педагогтар мен басқа мамандарды әдістемелік қолдау және біліктілігін арттырумен; ата-аналар және олардың күткен нәтижелерімен психотерапевтік жұмысымен. Осындай арнайы ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде даму мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу қажеттіліктерін түсінуге көмектесетін, оның жеке даму бағдарламасын жоспарлауға мүмкіндік беретін барлық мамандармен бала дамуының толық көрінісі жасалады. 27 Қорытынды Жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті үдерісті сүйемелдеу дегеніміз инклюзивті тәжірибені жүзеге асыратын әр түрлі ұйымдардың пәнаралық өзара әрекеттестігінің көпдеңгейлі бір-біріне бағынышты жүйе болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық -педагогикалық жұмысты кең мағынада қарастыру керек, себебі, міндетті түрде оның адресаты тек балалар ғана емес, педагогтар, ата-аналар және олармен байланысатын басқа да ересектер болады. Сәйкесінше, білім беру ұйымы дамуының спецификалық міндеттеріне байланысты педагогтар мен мамандар жұмысының ортақ мақсаты жасының, білім алу және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін балалар мен білім беру үдерісінің басқа қатысушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін жасау болып табылады. Инклюзивті мектептерде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру – бұл, ең алдымен, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың актуалды жағдайы және жақын даму перспективалары тұрғысынан баланың психологиялық-педагогикалық статусын жүйелі түрде қадағалау, балаларды нәтижелі оқыту мен дамыту, нақты бір баланың оқыту, сөйлесу психикалық күйінің проблемаларын шешу үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау. Сонымен қатар, жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі педагогикалық қолдау, оларды қоғамда әлеуметтендіру білім беру үдерісіне қатысушылардың, ең алдымен, мектеп мұғалімдерінің даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеуге қажетті білім мен құзыреттілік болған жағдайда ғана жүзеге асады. Жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу барысында әр түрлі мамандар мен мектеп мұғалімдерінің өзара әрекеттестігінің спецификасы болып білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың мұғалім-дефектологтың жетекшілігімен өзара тығыз әрекеттесуі және білім беру, тәрбиелеу мен түзету міндеттерін бірігіп шешу болып табылады. 28 Әдебиеттер тізімі Дүниежүзілік мүгедектер туралы баяндама. - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 2011г. http://www.who.int/disabilities/world_report/2011/summary_ru.pdf?ua=1 Пугачев В.П. Руководство персоналом организации. – М.: аспект пресс, 2000. – 54 с. Дружилов С.А. Профессиональная компетентность и профессионализм педагога: психологический подход. – Сибирь. Философия. Образование. – 2005. - №8. – С.26-44 Маркова А.К. Психология профессионализма. – М.: Международный гуманитарный фонд «Знание», 1996. – 312 с. Коточитова Е.В. Психологические особенности творческого педагогического мышления: Автореф.дисс….канд.психол.н. – Ярославль: Изд-во ЯрГУ, 2001. – 24 с. Даму мүмкіндіктері шектелген балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру бойынша Әдістемелік ұсынымдар. – ҚР БҒМ Хаты № 4-02-4/450 16 .03.2009 ж. Самарцева Е.Г. Формирование профессиональной готовности будущих педагогов к инклюзивному образованию детей дошкольного возраста: дис. … канд.пед.наук. - Шуя, 2011; - Орел, 2012. - 195 с. Гафари Э.А. Организационно-педагогические условия обучения детей с ограниченными возможностями здоровья средствами инклюзивного образования (на материалах Исламской Республики Иран): автореф. … канд. пед. наук. – Душанбе, 2012. – 23 с. Сабельникова С.И. Развитие инклюзивного образования // Справочник руководителя образовательного учреждения. – 2009. - №1. – С.42-54. Galkienė A. Pedagoginė sąveika integruoto ugdymo sąlygomis. - Šiauliai: Šiaulių universitetas, 2003. - 169 p. Хитрюк В.В. Формирование инклюзивной готовности будущих педагогов в условиях высшего образования: автореф. дис. … докт.пед.наук. - Калининград, 2015. - 54 с. 12. Алехина С.В. Профессиональная готовность воспитателя к работе в условиях инклюзивного образования // Педагогика и психология. – 2012. - №3-4. – С.164-171. Шумиловская Ю.В. Подготовка будущего учителя к работе с учащимися в условиях инклюзивного образования: дис. … канд. пед. наук. – Шуя, 2011. –174 с. Мовкебаева З.А. Роль высших учебных заведений в модернизации процеса образования лиц ограниченными возможностями в развитии// Вестник КазНПУ имени Абая (Серия «Специальная педагогика». - № 1-2 (28-29). – 2012. – С. 34-38. 29 15. Оралканова И.А. Формирование готовности учителей начальных классов работе в условиях инклюзивного образования: дис. ... докт.философии (PhD). – Алматы, 2014. – 210 с. 16. Мовкебаева З.А. Вопросы подготовки педагогических кадров в Республике Казахстан к работе в условиях инклюзивного образования. Педагогика и психология. - № 2 (15) – 2013. – С. 6-11. 17. Мовкебаева З.А., Оралканова И.А. Включение детей с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс. Учебное пособие. – Алматы: ИП «Сагаутдинова М.Ш.», 2014. – 236 с. 18. Методические рекомендации для педагогических работников образовательных учреждений по организации работы с детьми, имеющими ограниченные возможности здоровья в условиях инклюзивного образования /авт.сост. М.М. Панасенкова. – Ставрополь: СКИРО ПК и ПРО, 2012. – 46 с. 19. Мовкебаева З.А. Мультидисциплинарное взаимодействие педагогов и специалистов// Основы инклюзивного образования. Учебное пособие. Искакова А., Мовкебаева З.А., Закаева Г., Айтбаева А., Байтурсынова А.А.. - Алматы: L-Pride, 2013. – С. 85-107. Инклюзивное образование. Выпуск 4. Методические рекомендации по организации инклюзивного образовательного процесса в детском саду. – М.: Центр «Школьная книга», 2010. – 240 с. 21.Селезнева Н.А., Соколов В.М., Романкова Л.И. и др. Квалификационные характеристики специалистов с высшим образованием. Методические рекомендации по разработке. – М.: Гособразование СССР, 1988. – 48 с. Ляшенко А.И. Профессиональное становление социального работника.-М.: Просвещение, 1993. – 186 с. Методические рекомендации по организации интегрированного (инклюзивного) образования детей с ограниченными возможностями в развитии. – Приказ МОН РК № 4-02-4/450 от 16 .03.2009. Ежовкина Е.В., Рябова Н.В. К проблеме педагогического сопровождения адаптации детей с ограниченными возможностями здоровья // Российский научный журнал № 5 (30) — Рязань, 2012. — С. 84—89. 25. Малофеев Н.Н. Проблемы инклюзивного образования и защиты прав детей с ограниченными возможностями здоровья //Новая школа. -12 апреля 2011. 30 Глоссарий Құзыреттілік (competenctia –лат.)–бұл өнімді іс-әрекет үшін белгілі бірзаттар және процестер аясына қатысты қажетті білім мен әдістер жиынтығы; бұл – білім беру даярлығына қойылатын алдын ала берілетін талаптар (норма). Түйінді құзыреттер – жағдайды адекватты түсінуге,адамның жекеөмірінде және кәсіби әрекетінде жоспарланған нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін әрекеттің жалпы (әмбебап) мәдени жасалған әдістері. Құзыреттілік – бұл өнімді және сапалы іс-әрекет үшін қажетті белгілі бірзаттар және процестер аясына қатысты тұлғаның өзара байланысты қасиеттердің жиынтығы. Шеберлік, тұлғаның кәсіби әрекетінде ішінара және толық жүзеге асыру – кәсіби әрекетті сапалы, шығармашыл орындау, жеке әрекет стилінде тұлғаның қалыптасқан кәсіби маңызды сапаларының интеграциясы. Принцип (лат.principium –бастама,негіз) –қандай да бір теория,оқудың,ғылымның негізгі, бастапқы ережесі. Кәсібилендіру немесе кәсіби бейімділік –кәсіби әрекетті білікті орындауғақажетті мамандыққа кіріспе және оны игеру, кәсіби өзін өзі анықтау, кәсіби тәжірибе жинау, тұлғаның қасиеттері мен сапаларын дамыту. Кәсіби құзыреттілік – мамандықты жоғарғы деңгейде меңгерудіқарастыратын және кәсіби әрекетпен байланысты әр түрлі жағдайларда еркін бағдарлауға негіз болатын тұлғаның жеке әрекетінің, кәсібиліктің құрылымында интегралды сипаттамасы. Кәсіби даярлық немесе оқыту –кәсіби білім,іскерлік және дағдыларжүйесін меңгеру, тұлғаның кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру, болашақ мамандыққа қызығушылығы мен икемділігі. Кәсіби ұмтылыстарын қалыптастыру –өзінің индивидуалды- психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып тұлғаның мамандықты саналы түрде таңдау. 31 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ДАЙЫНДАУ Әдістемелік ұсынымдар РАЗРАБОТКЕ ТРЕБОВАНИЙ К ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНЦИИ УЧИТЕЛЕЙ, РАБОТАЮЩИХ В УСЛОВИЯХ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ Методическое пособие Басуға 23.11. 2015 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 4. Подписано к печати 23.11. 2015 Формат 60х84 1/16. Бумага офсетная. Печать офсетная. Гарнитура «Times New Roman». Усл. печ. л. 4,0. Тираж ______ экз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» БО, 15-қабат Министерство образования и науки Республики Казахстан РГКП «Национальная академия образования им. И. Алтынсарина» 010000, г. Астана, ул. Орынбор, 4, БЦ «Алтын Орда», 15 этаж 32 |