Главная страница

қоғамтану-МІ-1-к. Техникалы жне ксіби білім беру факультеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы


Скачать 100.16 Kb.
НазваниеТехникалы жне ксіби білім беру факультеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы
Дата02.09.2018
Размер100.16 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлақоғамтану-МІ-1-к.docx
ТипДокументы
#49623
страница2 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Жеке адамның жеке тұлғадан айырмашылығы?

2. Адамның қажеттіліктеріне не жатады?

3.Адамгершілік қасиеттерге не жатады?

4. Ақыл дегеніміз не?

5. Бақыт дегеніміз не?

6. Адамның жануардан айырмашылығы неде?

ҮІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин ( 44% ) мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1 Тақырып жоспары:

1.Таным туралы түсінік.

2.Танымның түрлері.

3.Сезімдік таным мен рационалдық таным.

4. Түйсік туралы түсінік.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Таным дегеніміз- қоршаған дүниені тануға және бұл дүниедегі өзін - өзі тануға бағытталған адам қызметінің арнайы түрі. Таным қызметі сезім органдары арқылы ақпарат алу, алынған ақпараттарды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады. Сезімдік таным мен рационалдық таным бір - бірімен тығыз байланысты болып табылады. Олар бір-бірінен ажырамайды, яғни практикадан тыс қалмайды. Сезім органдарының қызметі үнемі ақылмен бақыланады. Ақыл болса бастапқы берілген ақпараттың негізінде қызмет атқарады.

Сезімдік таным және оның формалары: түйсік, қабылдау және түсінік. Сезімдік таным бес түрлі сезім органдары арқылы ақпараттар алумен жүзеге асырылады. Сезімдік танымның негізгі формаларына: түйсік, қабылдау және түсінік жатады.

Түйсік дегеніміз – заттың белгілі бір сапалық жағын алға қойып көрсетуден тұрады. Ол сырттағы заттардың сезім мүшелеріне әсер ету арқылы пайда болады. Көру түйсігі бізге заттың түсі, ашықтығы туралы түсінік береді. Есту түйсігі қоршаған ортадағы дыбыстарды адамға жеткізеді. Тері арқылы біз қоршаған ортадағы температураны, түрлі материалдық факторлардың әсерін сезінеміз. Ал иіс, дәм тамақтың құрамы туралы мағлұмат береді. Адамның организміндегі сезім органдары қоршаған ортаны тан

Қабылдау дегеніміз – зерттелінетін обьектінің тұтас бейнесі, бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс істеуінен пайда болады. Адам қабылдау арқылы тұтас бір затты толығымен елестете алады.

Түйсік және қабылдаудың жиынтығынан түсінік пайда болады. Түсінік дегеніміз - өткен уақытта сезім органдарына әсер етіп, қазіргі сәтте қорытылған сезімдік бейнесі. Егер қабылдау мен түсінік адам көрген кезде жүзеге асырылатын болса, ал түсінік көріп боғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Мысалы: алма жеп болған соң бірнеше уақыт өткен соң біз оның көлемі, түрін, түсін есімізге түсіріп түсіне аламыз.

Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және оның болмысына үнілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз –жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғымның қалыптасуы -күрделі үдеріс.

Ұғымдар затты ғана айқындамайды, олардың қасиеттерін, өзара қатынастарын да айқындайды.

Пікір – заттардың, құбылыстардың, үдерістердің және олардың қасиеттерінің байланыстарын, арақатынастарын көрсететін ойлау формасы. Ой қорыту –логикалық ойлаудың жоғары формасы. Ой қорыту белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы. Ой қорыту күнделікті және ғылыми танымда кең қолданылады. Ой қорыту келешекті болжау үшінде маңызды. Сезім мүшелерінің күші жетпеген кезде ой қорыту үлкен маңызға ие болады.

ІХ.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

Х.Сабақты қорытындылау: 5мин(6%)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Сезімдік таным мен рационалдық .

6. Үйге тапсырмаберу. 5мин(6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Таным туралы жалпы түсінік.

2. Таным мен сананың байланыстары.

4сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: : Логика адамның ойлау қабілетін зерттейтін жеке ғылым.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға логика ғылымының зерттеу обьектісі туралы түсіндіру.

тәрбиелік: адам көп оқу арқылы ойын, пікірін, ақылын білімін жетілдіретінін айтып, тәрбиелі тұлғаға айналу керектігін жеткізу.

дамыту: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.

Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.

қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Таным дегеніміз не?

2. Сезімдік таным дегеніміз не?

3. Сезімдік танымның формаларын ата.

4. Қабылдау дегеніміз не?

5.Ойлау дегеніміз не?

6. Жеке тұлға болып қалыптасуда танымның атқаратын қызметі?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин(44%)

1.1 Тақырып жоспары:

1. Логика ғылымы туралы түсінік.

2.Ұғымның жалпы сипаттамасы.

3.Ұғымның түрлері.

4.Пікір-ойлау формасы.

5. Ойлаудың логикалық заңдары.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Логика ғылымы-адамның ойлау қабілетін зерттейтін пән. Басқа ғылымдардан айырмашылығы ойлауды ұғым құралы ретінде қарастырады. Логика дегеніміз - адамның ойлауы топтасатын формалар мен олар бағынатын заңдар туралы философиялық ілім. Ойлау қасиеттерін зерттейтін өзге пәндерден айырмашылығы –логика ойлауды формасы жағынан алып қарастырады. Сондықтан кейде формальды логика деп аталады.Формальды логика мазмұнына мән бермей, тек жалпы тәсілін жіктей отырып зерттейтін ғылым.

Ойлаудың негізгі формалары –ұғым, пікір және ой қорытынды. Логика –адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жету үшін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика сөз, сөйлем мағынасын анықтауға, сөйлесу кезінде қолданылатын сөздердің мағынасына тереңдеп үңілуге үйретеді.

Ұғым туралы мәселені біз «белгі» ұғымын қарастырудан бастайық. Белгі дегеніміз –заттардың бір-біріне ұқсастығы немесе айырмашылығы. Заттың мәнін айқындайтын белгілерді мәнді белгілер, ал мәнін айқындай алмайтын белгілерді мәнсіз белгілер деп атаймыз.

Ұғым деп заттарды мәнді белгілерімен бейнелейтін ойлау формасы.

Кез келген заттың мазмұны мен көлемі болады. Бір зат туралы ойлағанымызда ең бірінші сол заттың мәнді белгілері ойымызға түседі. Мысалы: квадрат дегенде ең бірінші тік бұрышты болумен, тең қабырғалығымен еске түсіреміз.

Ұғымдарды мазмұны мен көлемі жағынан төрт түрге бөлуге болады. Көлеміне қарай ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Дара ұғым деп көлемі жағынан бір ғана затты білдіретін ұғымды айтамыз. Жалпы ұғым деп көптеген біртекті заттарды білдіретін заттарды айтамыз. Жалпы ұғымдар тіркелетін және тіркелмейтін ұғымдар болып бөлінеді. Тіркелетін ұғымдарға тіркеуге болатын ұғымдарды мысалы: («Қазақстан қалалары», «Абай шығармалары»). Тіркелмейтін ұғымдарға санын анықтауға болмайтын заттарды қамтитын ұғымдар жатады.

Заттардың жиынтығын білдіретін ұғымды нақты ұғым дейміз. Ал заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін ұғымдарды абстрактілі ұғымдар дейміз. «Тау, өсімдік, үй, кітап, қасық» дегендер нақты, ал «қулық, зұлымдық, кең пейілді» деген ұғымдар абстрактілі ұғымдар деп аталады.

Ұғымдар қатынасты және қатынассыз ұғымдар болып бөлінеді. Қатынассыз ұғымдарға «студент, мемлекет» ешқандай ұғымға қатынасы жоқ ұғымдар жатады. Бір-біріне қатынасы бар заттарды қатынасты ұғымдар деп атаймыз. Мысалы: «әке-бала», «мұғалім-оқушы». Ұғымдар салыстырылатын және салыстырылмайтын болып бөлінеді. М: «Қазақстан Республикасы» мен «Өзбекстан Республикасы». Салыстырылатын ұғымдар сыйысатын және сыйыспайтын ұғымдар болып бөлінеді.

Ұғымның мазмұны мен мағынасын тілмен өрнектеп ашып беретін логикалық операция айқындама («дефиниция–айқындау) деп аталады. Айқындаудың түрлері номиналды және реалды болып екіге бөлінеді. Номиналды айқындау деп сол терминнің өзіне сүйеніп, жаңа термин енгізуді айтамыз. Заттың мәнді белгілерін ашатын айқындама «реалды» деп аталады.

Ұғымды бөлу дегеніміз-ұғымның көлемін ашып беретін логикалық әрекет. Ұғым мен сөз бір-бірімен тығыз байланысты. Ұғым ойдың логикалық формасы, ал сөз оның тілдік граматикалық көрінісі.

Пікір дегеніміз затпен белгілер арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда күрделі болады. Себебі ұғым пікірдің құрамына кіреді.

Ойлау ұғым мен пікірдің нәтижесінде пайда болады. Ой қорытынды –бір немесе бірнеше пікір қоспасынан шыққан жаңа пікір түріндегі ойлау формасы.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6%)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Логика адамның ойлау қабілетін зерттейтін жеке ғылым.

6. Үй тапсырмасы: 5мин(6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Логика ғылымы және оның маңызы.

2.Ұғым туралы түсінік.

5сабақ

І.Сабақтың тақырыбы: Этика құрылымы. Негізгі эстетикалық категориялар.

ІІ. Сағат саны – 2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларға этика ғылымының зерттеу обьектісі туралы түсндіру.

-Этика адамның өзін - өзі ұстауы, адамгершілік қасиетінің, мәдениетінің қалыптасуы арқылы пайда болатынын түсіндіру.

тәрбиелік: қазақ ойшылдарының айтып кеткен адамгершілік туралы, еңбектерін оқушыларға таныстырып, тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.

Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.

қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Логика ғылым тураллы сипаттама бер.

2. Формальды логика дегеніміз не?

3.Ұғым дегенімізді қалай түсінесіңдер?

4. Ұғымның түрлерін ата.

5. Айқындама деп нені айтамыз?

6. Күрделі пікір мен қарапайым пікірдің айырмашылығы.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин(44%)

1.1 Тақырып жоспары:

1.Этика-философиялық ғылым

2.Этиканың зерттеу обьектісі.

3. Этиканың құрылымы.

4.Этиканың қалыптасу тарихы.

5.Қазақ ойшылдарының этикаға көзқарасы.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Этика термині латын тілінен аударғанда бастапқыда «хайуанның үңгірі», «құстың ұясы», «аңның апаны» деген мағына білдірген. Бірте-бірте ол сөзбен « бірлесе тіршілік етуші адамдар тобының орналасқан орны, мекен-жайы»дегенді белгілейтін болды. Философияға тұңғыш этика терминін енгізген Аристотель болды. Ол этиканы ізгілікті зерттейтін ғылым деп түсіндірді. Аристотель адамның бойындағы ізгілікті екі түрге бөлді. Олар: этикалық және дианоэтикалық. Этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдықты, ал дианоэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.

Римдіктер этиканы өз тілдерінде «мораль» сөзі арқылы аударады. Этика мен мораль екі түрлі мағына береді. Мораль деп қоғамдық қарым-қатынасты реттеуді , жинақтауды айтамыз. Қазіргі кезде этика термині қазақ тілінде «әдептану деп аударылып жүр. Адамгершілік деп жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қатынаста бола алатын қабілеті. Адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірде қолданылатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы көрінеді. Сонымен этика ғылымы мораль ілімін зерттейтін пән.

Этика үш бөліктен тұрады: теориялық, нормативті, эмпириялық этика. Теориялық этика-этиканың зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативтік этика-негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен қатыгездікті, ұят, абырой т. б. зерттейді. Эмпириялық этика –белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.

Мораль деп –белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасындағы адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль нормаларын ұстану арқылы адам өзінің адамгершілік қасиеттерін ұстанады. Адамгершілік, мәдениет адамның әлеуметтенуімен дамып отырған. Алғашқы тыйым салудың адамгершілік қалыптастыруда «табудың» рөлін анықтап алайық.

Табудың немесе тыйым салудың екі түрі болды: инцестке табу; каннибализмге табу.

Инцест деп жақын туыстар, қандастар арасындағы ұрпақ жалғастыруды айтады. Алғашқы қоғамдық құрылыста туысқандық туралы түсінік қалыптаспады. Кейіннен тайпа, ру өздерінің арасында қыз алыспайтын болды.

Каннибализм- адам етін азық ету дегенді білдіреді. «Талион»- «қанды кек» деген мағынаны білдіреді яғни жәбірленуші жәбірлеушіден қанды кек алуы. «Калокагатия» термині өзінің амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. Бұл термин грек тілінің әсем, сұлу, ізгі, мейірімді, деген сөздерінен шыққан.Адамның адамгершілігі қалыптасуына дінің алатын орны зор. Себебі дін адамды тәрбиелейді. Бірақ дәл қазіргі уақытта дінді өз мақсаттарына пайдаланып, халықтын арасында алауыздық тудырып жатқан жағдайларда көбеюде.

Этика ұғымын алғаш енгізген Аристотельдің «Никомах этикасы», «Эвдем этикасы», «Үлкен этика» деп аталатын еңбектерінде адам асып-тасымай, орташа болып ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болады деп көрсетті. Ежелгі гректерде адам полистің азаматы болған жағдайда ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп түсіндірді.

Ортағасырлық Батыс Еуропалық мәдениетте адамға болсын, әлемге болсын екі түрлі көзқарас қалыптасты.Биік-аласа, жоғары- төмен, сәуле-қараңғы, т. б.

Ортағасырлық христиандық мәдениеттегі ірі тұлға, ұлы ойшылдардың бірі –Әулие Августин болды. Ол « Құдай қаласы туралы», « Сырласу»сияқты шығармаларында адам әлемін екіге бөліп қарады. Адам бір жағынан күнаға батушы бишара, екінші жағынан, Құдай шапағатына бөленген рухани тұлға.

Ортағасыр мен жаңа дәуірді жалғастырушы өтпелі кезең Ренесанс (Қайта өрлеу) дәуірі христиан діні жаныштаған жеке адамды ақтауға жол ашты. Ренесанстық гуманизмді антикалық гуманизммен салыстырғанда адамның қадір – қасиетін бағалап, Құдайға жақындатқан, жаңа сападағы гуманизм болды.

Жаңа дәуірдегі этика ғылымы толығымен діни тұжырымдама ықпалынан арылған, алдыңғы орынға ақыл- парасатын қойған рационалистік этика болды. Осы кезде адамның моральдық бейнесін суреттеуде екі түрлі көзқарас қалыптасты. Біріншісі адам туа біткен зұлым болып, кейін өзін шектейді. Екіншісі адам туғаннан мейірімді өсе келе тағдырдың тауқыметінен зұлымға айналады.

Дүниежүзі бойынша Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби этиканы-жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады.

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» деп аталатын еңбегінде адмгершілік ұстанымдарын көрсете білген.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Этика құрылымы негізгі эстетикалық категориялар.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Этика терминінің философия ғылымына енгізілуі.

2.Ортағасырда этика терминіне өзгерістің енгізілуі.

6 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Діл және ұлттық психологиялар.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларға ұлттық психология туралы түснік беру.

тәрбиелік: Ұлттық мүдде туралы түсінік беріп, оқушылардың ұлтқа, дәстүрге, мемлекетке деген сүйіспеншілігін арттыру.

дамыту: ұлттық психология мен ділдің айырмашылығын айту арқылы оқушылардың патриоттық сезімін ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта