Главная страница

қоғамтану-МІ-1-к. Техникалы жне ксіби білім беру факультеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы


Скачать 100.16 Kb.
НазваниеТехникалы жне ксіби білім беру факультеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы
Дата02.09.2018
Размер100.16 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлақоғамтану-МІ-1-к.docx
ТипДокументы
#49623
страница3 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.

Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.

қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Этика нені зерттейді?

2. Этика терминін ғылымға алғаш енгізген кім?

3.Табу дегеніміз не?

4. Талион нені білдіреді?

5. Калокгатия терминін түсіндіріп бер.

6. Қазақ ойшылдары этиканы қалай түсіңдіреді?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру : 20мин(22%)

1.1 Тақырып жоспары:

1. Ұлттық психология ұғымы.

2.Ұлттық психологияны құраушы элементтер..

3. Ұлттық сана және ұлттық сезім.

4.Діл туралы түсінік.

5.Ділді қалыптастыратын факторлар.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Ұлттық психология – философиялық және социологиялық әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Ұлттық психология туралы пікірталас көп. Ұлттық психология қоғамдық психологияның бір саласы. Қоғам әр түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Яғни әрбір ұлт қоғамның бір бөлігі болып табылады. Әрбір ұлттың өзіне тән ұлттық психологиясы бар. Ұлттық психология қоғамдық сананың маңызды құраушысы болып табылады. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырады. Ұлттық психология –ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.

Ұлттық психология төрт құрауыштан-ұлттық мінездің нышандарынан, ұлттық мүддені түсінуден, ұлттық өзіндік санадан және ұлттық сезімнен тұрады. Өзге ұлттар сияқты қазақ халқы да ұлттық психологиялық кешендерін бойына сіңіріп келеді. Қазақтарға тән ұлттық мінездің нышандары:

Жауынгерлік мінез. Тарихқа сүйенсек қазақ халқы үнемі жаугершілік заманда өмір сүріп, елін-жерін қорғады. Қазақ халқын бастап жүретін алдыңғы қатарлы батырлар болды. Атап айтсақ: Абылай, Әбілқайыр, Исатай, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай, Кеңесары т. б.

Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірмандық) – қазақтарға туған жерінің кеңдігі, табиғатының қаталдығы, малшылық кәсіппен айналысу факторларының әсерінен пайда болған мінез. Бұдан басқа ұлттық мінездің жағымды жақтарына: мәрттік, жомарттық, қонақжайлық, балажандық, аңқаулық жатады.

Мүдде деп – дара адам, отбасы, ұлт немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының обьективтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы: адамдар өздеріне материалдық қажеттілікті өтеу үшін еңбек етуге мүдделі.

Ұлттық мүдде деп белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүддені айтамыз. Ұлттық мүддені сезіну –ұлттық психологияны қалыптастырушылардың бірі болып табылады. Ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттілік мемлекеттік қажеттілік пен қатар тұрады. Мүдде үнемі адамды алға жетелейді. Ұлттық мүддені сезінген адам мемлекеті, халқы үшін еңбек етіп, жеңіске жетелейді.

Ұлттық сананың құрамдас бөліктерінің бірі ұлттық сана. Ұлттық өзіндік сана дегеніміз-этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген формасы. Ұлттық сана деп- өзінің әлеуметтік-этностық мәнін танып білуі, дүниежүзі халықтарының арасында өзінің орнын білуі, адамзат жасап жатқан өркениетке қосқан үлесін сезінуі, еркін өмір өүруді сезіну деп түсіну.

Ұлттық сезім үш элементтен тұрады: ұлттық қадір, ұлтқа тәнділікті сезіну, ұлттық мақтаныш. Ұлттық қадір деп – өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, оның беделін түсірмеу үшін үнемі ойланып әрекет жасау сияқты сезімдердің жетегінде жүру қажет.

Ұлттық сезімнің екінші элементі - адамның белгілі бір ұлтқа тәнділігін сезіну. Ұлтқа тәнділікті сезінуден еліне, отанына, халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік дамиды.

Ұлттық мақтаныш дегеніміз адам өзінің халқы, мемлекеті, қазба байлығы, жері , ұлы адамдарымен мақтануын айтамыз.

Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады: халықтың басынан өткен тарихы, айналысатын шаруашылығы, мәдениеті, климаттық жағдайы, діни түсініктері т. б.

Ғылыми әдебиеттерде діл туралы соңғы жылдары ғана айтыла бастады. Діл жеке адамның, әлеуметтік топтың сана деңгейін көрсетеді және санамен тығыз байланысты. Мысалы: қоғамда әртүрлі төтенше жағдайлар болады. Төтенше жағдайлардан кейбір елдер жол тауып шығады. Ал біреулері мүлдем жойылып кетеді. 1932 - 1933 жылдары аштықтың салдарынан қазақтардың үштен екі бөлігі қырылып кетті. Ділі мешеу халық үкіметке қарсы өзінің пікірін білдіре алмайды. Діл ( орыс менталитет, латын mens –ақыл, ойлау, ой бейнесі) дегенді білдіреді. Ділдің қалыптасуы қоғамда бағаланатын құндылықтарға, идеалдарға, мәденеиет деңгейіне, әлеуметтік құрылым мен адамның өмір сүрген ортасына байланысты. Адам ділді өз еркімен саналы түрде өзгерте алады. Әр халақтың өзіне тән ділі болады. Сонымен қатар Батыс халақтарының, Шығыс халақтарының жеке-жеке өздеріне тән ділі болады. Сырттай қарағанда діл және ұлттық психология өте ұқсас болып көрінеді. Бірақ екеуінде екі түрлі айырмашылық бар. Психология үнемі өзгере бермейтін факторлардың әсерінен пайда болады. Ал діл биліктің басына келген диктаторлардың енгізген тәртібіне байланысты өзгереді.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5 мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Діл және ұлттық психолгиялар.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Ұлттық психологияны құраушы элементтер.

2.Діл және ұлттық психология.

7сабақ

І.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қауымының жалпы адамзаттық қауымдастыққа кіруі.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік алғанына жиырма жыл толғанын атап өтіп, осы кезде бастан өткерген қиыншылығы мен табыстарын, дүниежүзілік қауымдастыққа кіруі туралы айтып өту.

тәрбиелік: ұлттымыздың орыстандыру саясаты кезінде құрып кетуге сәл ғана қалып, халық маргиналдық және маргиналдық емес болып екі топқа бөлінетінің түсіндіру.

тәрбиелік: ұлттық дәстүрімізге, мәдениетімізге деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.

Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.

қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Ұлттық психолгия дегенімізді қалай түсінесің?

2. Ұлттық психология мен әлеуметтік психологияның айырмашылығы.

3.Ұлттық психологияның құраушы элементтерін ата?

4. Қазақ халқына тән ұлттық психология туралы айтып бер.

5.Ұлттық мінездің нышандары дегеніміз не?

6. Діл дегенімізді қалай түсінесің?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)

1.1 Тақырып жоспары:

1. Қазақстанның жалпыадамзаттық қауымдастыққа кіруі.

2. Қазақстанның шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатуы.

3. Қазақстанның дүниежүзілік ұйымдарға мүше болуы.

4.Қазақстанда маргиналдық топтардың пайда болу себептері.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

1991 жылы желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алды.. Қазақстан бүгінде нарықтық қатынастарға негізделген экономикалы демократиялық, дамушы мемлекет ретінде әлемге танымал болып отыр. Қандай мемлекет болсын тәуелсіздік алғаннан кейін басқа мемлекеттерге өзін таныту үшін күреседі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 2000 жылға дейін 138 мемлекет таныды. Оның ішінде 120 елмен дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстан 64 халықаралық ұйымдардың мүшелігіне өтті. Дүниежүзі елдерінің 32-сінде Қазақстан республикасының елшіліктері ашылды. Жаңа Қазақстанның бас қаласы –Астана халықаралық байланыстардың орталығына айналуда. Жиырма жыл ішінде екі жүзден астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасады. ҚР 1992-жылы БҰҰ мүше болды.

2000 жылы 10 қазанда Астана қаласында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекттерінің қатысуымен құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа 2006 жылы 25қаңтарда Өзбекстанда қосылды. Қазақстан Түркиямен тең құқықты келісім шартқа отырды. Барлық қиындықтарға қарамастан Қазақстан әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде қалыптасты.

Жалпыадамзаттық өркениеттің идеалы болу үшін ұлттың рухани бірлігін жасау арқылы қол жеткізуге болады.

«Зиялы –ұлттық мүдделерді мейлінше бедерлі бейнелейтін әлеуметтік топ», - деп жазды Президент Н. Назарбаев. Бұдан шығатын қорытынды біз үнемі ұлт өкілдері туралы сөз болғанда бірінші орында зиялы қауымды елестетуіміз қажет. Әрине қазақ халқының барлығы маргиналдық топқа жатпайды. Ұлт өкілдерінің арасында жалпыадамзаттық өркениетке де қосыла алатын, өзінің ұлттық болмысынан да ажырамаған адамдар да бар. Зиялының арасынан шыққан, ана тілінде білім алып, ауылдан шықса да, өркениеттен тыс қалмаған; оқуды өзге тілде бітіріп, қалада өмір сүрсе де, ұлттық болмысынан ажырамаған, екі тілді бірдей білетін; екі кеңістікте бірдей әрекет ете алатын зиялы өкілдері бар. Олар үнемі ұлттық болмысқа, жалпыадамзаттық өркениетті қатар алып жүруші, ұлтты келбеттейтін, өкілдері бола алады. Ұлттық психологияның толық белгілерін де осындай топтардан іздеу керек.

Қазақтың ұлттық бірегейлігі Қазақстан Республикасының унитарлы мемлекеті шеңберінде жүзеге асырылады. Қоғам ұлттық мүддені ескерушілер мен ескермеушілерден, дәстүрді сақтаушылар мен сақтамаушылардан т. б. тұрады. Ұлттың арасында ұлтты келбеттейтіндер мен келбеттей алмайтын топтар да бар. Кейде өзінің ұлттық тілінен, мәдениетінен ажырап қалатын адамдар да болады. Өзінің әлеуметтік ортасынан ажырап қалған адамдарды маргиналдық топ деп атаймыз. Қазақ арасында тілі орысша шыққан адамдар маргиналдық топты құрайды. Қалада туып, білім алғандықтан бұл топтың арасында білгір, іскер азаматтар да көп кездеседі.

Тілі қазақша шыққан адамдардың арасында да маргиналдық топтар да кездеседі. Себебі ондай адамдар жалпыадамзаттық қауымда қабылданған құндылықтардан аулақ қалады. Олардың арасында бір ғана қазақ тілін меңгерген адамдар да болады, көпшілігі ауылдардан шыққан азаматтар құрайды. Қазақ халқының арасында өзара былай бөлінуіне себеп КСРО кезіндегі орыстандыру саясатының болуы еді. Қазіргі кезде мұндай топтарды азайту үшін біртіндеп күрес жүргізілуде.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жалпы адамзаттық қауымдастыққа кіруі.

6. Үйге тапсырма беру. 5 мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Қазақстанның жалпы адамзаттық қауымдастыққа кіруі.

2.Қазақстан Республикасындағы маргиналдық мәселелер.

8сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қоғамның даму заңдылықтары мен қызметі.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту:оқушыларға Қоғам туралы, қоғамның саяси өмірі туралы, адам мен қоғамның байланысы туралы кең түрде түсінік беру.

тәрбиелік: қоғамның дамуы жас ұрпақтың қолында екенін айтып, саяси сана мен саяси мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық іс –шараларға қатысу белсенділіктерін арттыруға баулу,тәрбиелеу.

дамыту: халқымыздың арасында ұлтқа, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.

Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.

қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Қазіргі қазақ халқы тек маргиналдық топтан ғана тұрады ма?

2.Ұлт өкілдері арасында ұлттық болмысынан да ажырамаған жалпыадамзаттық өркениетке қосыла алатын адамдар бар ма?

3.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстсанда ұлтаралық қатынастардың шиленісіп кетуіне қандай себептер болды?

4. Қазақстан осы уақытқа дейін қанша мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты?

5.Ұлттың маргиналдануына бала тәрбиесінің әсері бар ма?

6. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық одағына қай жылы мүше болды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40мин(44%)

1.1 Тақырып жоспары:

1.Қоғам туралы түсінік.

2. Қазақстанның қоғамдық саяси жүйесі.

3. Қоғамда адмның алатын орны.

4. Қоғамдық өмірдің салалары.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

«Қоғам түсінігі кең тараған түсінік. Қоғам туралы әртүрлі түсінікте қалыптасқан. Кең мағынасында қоғам деп адамдардың бірлестігі мен олардың бірлесіп өмір сүрген өмірін айтамыз. Бірақ бұл түсінік толығымен мәнін аша алмайды. Өиткені қоғам тек адамға ғана емес, жануарға да, өсімдікке тән нәрсе.Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Адамның міндеті тек қана бала сүйіп, ұрпақ жалғастыру ғана емес, оған жақсы тәрбие беру, үйренген нәрсесін көрсетіп, қоғамды одан ары дамытуға үлес қосу.

Қоғам –бұл ортақ қажеттіліктермен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың саналы ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы. Қоғамның бір сәтте қалыптасуы мүмкін емес. Осы уақытқа дейін қоғам туралы дәл анықтама жоқ.

Теологиялық анықтама бойынша адамды құдай жаратты. Бұл нұсқаны дін қуушылар жақтады.

Лев Николаевич Гумилев жаһандық дүниежүзілік тарих адам қоғамының құрылуынан басталмайды деп есептеді.

Барлық пікір бойынша адам мен қоғам тығыз байланысты. Адамның дамуында тілдің рөлі ерекше. Қоғам дамуы үшін міндетті түрде заттардың аты, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы алға ілгерілейді.

Қоғамның дамуында еңбектің де орны ерекше. Еңбек арқылы адам дамиды, адам арқылы қоғам дамиды. Қоғамды тарих, әлеуметтану, экономика, әлеуметтік психология ғылымдары зерттейді.

«Социология» - қоғам ( лат. societas) және ілім (грек. Iocos ) деген екі ұғымнан құралған. Социология қоғамның қалыптасуын, өмір сүруі мен дамуын айтамыз.

Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Адамның үнемі алға қойған мақсаты болуы керек. Адам сол мақсатқа жету үшін үнемі еңбектенеді. Еңбектің нәтижесінде үнемі жаңарып отырады, алға жылжиды.

Қоғам мынадай салаларға бөлінеді: материалдық-экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Бұл салалар қоғамда өзіне тән рөлдерді атқарады. Қоғамдық өмірдің материалдық – экономикалық саласы адамдардың өз өміріндегі қажеттіліктерін қамтамассыз ету үшін жасалатын қажеттілік. Қажеттіліктердің шексіз өсуі адамзат қоғамы дамуының заңы болып табылады. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік саласы өздерінің әлеуметтік жағдайларына қарай әлеуметтік топтар, таптар, ұлттардың, қалалықтар мен ауыл тұрғындарының өзара әрекеттестігінің жүйесі ретінде қалыптасады. Қоғамдық өмірдің саяси саласы да таптар, ұлттар да басқа да әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар мен байланысты, бірақ олар мемлекеттік билікті жеңіп алу тұрғысынан қарастырылады. Саяси саланың мемлекеттен салыстырмалы түрде тәуелсіздікке ие болған бөлігі азаматтық қоғам деп аталады. Азаматтық қоғамның құрамына отбасы, діни ғибадатқана , саяси партиялар т. б. кіреді. Азаматтық қоғамның ерекшеліктері мен құндылықтары Батыс Еуропада 18 ғасырда қалыптаса бастады. Мемлекет пен азаматтық қоғам салыстырмалы түрде дербес болғанымен, олар өзара әрекеттеседі, бірін-бірі толықтырылады. Қоғамның өмірінің рухани саласына адамдар арасындағы қоғамның рухани адамгершілікті бейнелейтін қатынастар жүйесі жатады. Оның құрылымдық элементтеріне мораль, дін, саяси сана, ғылым, өнер болып табылады.
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта