қоғамтану-МІ-1-к. Техникалы жне ксіби білім беру факультеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы
Скачать 100.16 Kb.
|
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%) 1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу. 2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру. 5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %) 1. Оқушыларды бағалау: 2. Сабақтың тақырыбы: Саясат құрылымы және қызметтері. 6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%) 1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу. 2. Қосымша жұмыс: Реферат тақырыбы: 1. Жеке адам және саясат. 2.ҚР саяси партиялар. № 18сабақ І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет. ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% ) ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық ІY. Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларға демократия туралы, халық билігі, адамдардың теңдігі мен бостандығы туралы кең көлемде түсінік беру. тәрбиелеу: ҚР Конститутциясында көрсетілген сипатына талдау жасау және оны құрметтеуге міндетті екендіктерін ұғындыру. дамыту: демократиялық қоғамның бағыттарын анықтай білуге, Заңның маңыздылығын аша білуге, насихаттауға бағыт беру. Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ. б)оқыту орны: аудитория. Ү. Әдебиеттер: негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл. Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл. қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж. ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% ) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндеті. ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1. ҚР қандай саяси партияларды білесің? 2. Биліктің қандай түрлерін білесің? 3. Тоталитарлық жүйе дегеніміз не? 4. Оппозиция дегеніміз не? 5. Қандай қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстарды білесің? 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %) 1.1.Тақырып жоспары: 1. Демократия туралы жалпы түсінік. 2.Демократияның өмір сүруінің әлеуметтік – экономикалық жағдайлары. 3. Демократияның адамгершілік құндылығы. Ақпараттық –дидактикалық бөлім. Демократия – ( demos - халық, kratos – билік) – грек сөзі, халық билігі немесе халықтың басқаруы деген мағына береді. Демократияның негізгі мазмұны, белгісі – жеке адамның бостандығы, оған құрмет. Демократия барлық азаматтардың түріне, жынысына, тіліне, дініне, әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, сеніміне, басқа да белгілеріне байланыссыз теңдігін көрсетеді.Демократия, халық – саяси биліктің бұлағы деген, сөз жүзіндегі мойындаудан басталмайды, шын мәнісінде халықты билікке, оны бақылауға қатыстыру жүйесі қалыптастыруынан басталады. Демократияның салтанат құру дегеніміз барлық мемлекеттік іске халықтың тең, шын мәнісінде жаппай қатынасуы. ХХ ғасырдың ортасында демократияға үш қатынас қалыптасты: Билік бұлағы тұрғысында (демократия – халық билігі); Билік мақсаты тұрғысында (демократия - адамдар мақсаты үшін билік); Ақырында үкіметті қалыптастырудың процедурасы тұрғысында. Демократиялық қоғамда адам құқығы кепілдік алуы керек.Мысалы, Қазақстан Республикасының Конститутциясында азаматтардың негізгі бұлжымас құқықтарына кепілдік берілген: сөз, жиналыс бостандығы, ойын білдіру, дін және ождан бостандығы және заң алдында оны қорғау теңдігі.Бұл құқықтар үкіметтен тыс өмір сүретіндіктен, оларды заңмен жоюға болмайды. Бұл азаматтық құқық түсініктері мемлекет және өкімет халыққа қызмет етеді деген ұсынысқа негізделген. Адам құқыққа ие, ол адамның шығу тегіне, ұлтына негізделген емес. Бірақ демократиялық қоғамда да азаматттар өзінің құқығы мен мүддесін қанағаттандыруға ғана ұмтылып қоймайды, өзіне белгілі бір дәрежеде басқалардың да өмірі үшін жауапкершілік алады. Халық көмегімен халықты басқару дегеніміз - демократиялық қоғамның азаматтары оның барлық иелігі, байлығын пайдаланып қоймайды, оның проблемаларын да бөліседі, себебі адамдар өздері өмір сүретін қоғам үшін де жауапты. 1. Егерде адам заң және әлеуметтік жағынан қорғалмаса, бостандық және теңдік бос сөзге айналады. Бұған дәлел, анық мысал КСРО, оның ішінде Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстан бола алады. Оның негізгі белгілері – басқарушы партияның мемлекеттік партияға айналуы. КОКП барлық билікті өз қолына алды, қоғамның бүкіл өмірін, әрбір жеке адамды да бақылады. 2.Қуғын – сүргіндік аппараттың құрылуы. ВЧК, НКВД, трибунал қызметі, концентрациялық лагерлер арқылы террордың барлық тәсілдері іске асырылды. Билікті нығайту үшін күштеу саясаты жүргізілді. 3. Ақпараттқа жан – жақты бақылау, адамдарға үнемі насихаттық әсер ету орнады. Тоталитарлық идеологияның маңызды сипаты жариялылыққа қарсы күрес. Адамзаттық тұлғаны құрметтеуге негізделген жариялылық даралыққа тоталитаризм бұқаралық ұжымшылдықты, топ жауапкершілігін, адамдық идеяны аяққа басу идеологиясын қарсы қояды, яғни таптар мүддесін ( большевизм), корпарация ( фашизм) немесе ұлт мүддесін (ұлттық социализм) жоғары қояды. Сонымен демократия туралы ұғым - бірінші кезекте жеке тұлғаның бостандығы, адамдық тұлғаға құрмет, оларға кепілдік беретін құқықтық мемлекеттің болуы. Демократия өзінің пайда болуы мен өзінің дамуы одан әрі дамуы үшін белгілі әлеуметтік – экономикалық жағдайды талап етеді. Ақырында, демократиялық тәсілмен басқару диктатуралық басқарудан күрделі. Демократиялық режимге біржақты экономикалық бостандық тән екен Экономика мен демократия өзар байланысты.Экономикалық құрылым тәуелсіз қоғамның, экономикалық қатынастың бостандығына әсер етеді бостандықтың бір бөлімі. Сондықтан да экономикалық бостандық негізгі мақсат. Экономикалық бостандық саяси бостандыққа жетудің негізгі құралы, себебі экономикалық құрылым биліктің үйлесімді өмір сүруіне әсер етеді. Ақырында, демократиялық тәсілмен басқару диктатуралық басқарудан күрделі. Демократиялық режимге біржақты экономикалық бостандық тән екен. Экономика мен демократия өзара байланысты. Экономикалық құрылым тәуелсіз қоғамның, эколомикалық қатынастың бостандығына әсер етеді, бостандықтың бір бөлімі. Сондықтан да экономикалық бостандық негізгі мақсат. Экономкалық бостандық саяси мақсатқа жетудің негізгі құралы, себебі экономикалық құрылым биліктің үйлесімді өмір сүруіне әсер етеді. Экономикалық бостандық және жеке меншік демократияның базасы, негізі. Әлемдік тәжірибе жеке меншіктің және нарықтық қатынастың өңдірісті, адамды дамытудың шарты екендігін дәлелдейді. Мемлекетті демократиялық жолмен басқарудың жағдайлары: 1. Мемлекеттің ( адамдардың келісімін конститутциялық жолмен тұжырымдау) өмір сүруі туралы келісім және оны басқа елдердің мойындауы; 2. Халықтың басым көпшілігінің тұрақты демократиялық жолмен жақтау ынтасы; 3. Елді басқарушы адамдардың билікті ерікті түрде беруі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінінң түбегейлі принцптері- қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Бұл шарттар орындалмаған жерде демократиялық та, конститутциялық басқарудың қандай бір түрі де болуы мүмкін емес. Демократияның өмір сүруінің маңызды жағдайы – келісімге (компромисс ), шыдамдылыққа қабілет; әрбір жеке тұлғаны құрметтеу, қайшылықтарды бейбіт түрде шешу. Бұл шарттың әрқайсысы саяси салада ғана емес, өмірдің барлық саласында демократиялық жолмен шешім қабылдауға жағдай жасайды. Бұл қағиданы іске асыруда Америка Құрама Штатарында демократия орнату ісі үлгі бола алады. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы жағдайында, Конститутцияға сәйкес, жалпы халықтық мүдде іске асырылуда.Соған байланысты біздің республикамыз үшін идеологиялық жұмыстың басты кілті – ұлтаралық қатынасты қамтамассыз ету. Қазақстан Республикасында ұлт саясатының тұтас тұжырымдамасы жасалды, онда республиканы мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың тілек, мүдделерін қорғау қарастырылған, олардың ерікті дамуы туралы Конститутция ережелерін іске асыру шарасы анықталған. Бұл міндеттерді іске асыруда мәдени – ұлттық орталықтар маңызды рөл атқаруда. Қазақстан халқының Ассамблеясы құрамына барлық этностық топтар енген. Кез келген қайшылықтарды шешудің өркениеттілік тәсілі заң арқылы іске асырылуы қажет. Демократиялық қоғамда әрбір жеке тұлға немесе кез келген ұжым өзін қоршаған адамдардың пікірін құрметтеуі керек. 4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%) 1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу. 2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру. 5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %) 1. Оқушыларды бағалау: 2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет. 6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%) 1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу. 2. Қосымша жұмыс: Реферат тақырыбы: 1. Демократиялық қоғамның пайда болуы. 2.Демократияның адамгершілік құндылығы. № 19сабақ І. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі замандық жаһандық мәселелер. ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% ) ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық ІY. Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларға қазіргі қоғамның ерекшеліктері және ғаламдық проблемалар туралы түсінік беру. тәрбиелік: адамның арман – мұраттары- жаңа заманның ерекше белгісі, ҒТП –тің қоғамның барлық саласындағы өзгерістерін, олардың ерекшеліктерін ажырата білуіне бағыт беру. дамыту: болашақта шығыс пен батыс өркениетін салыстыра отырып, Қазақстанды көркейтуге үлес қосу. Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ. б)оқыту орны: аудитория. Ү. Әдебиеттер: негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл. Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл. қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж. А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж. ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% ) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндеті. ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% ) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндеті. ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1.Демократия деп нені айтамыз? 2. Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты қандай? 3. ҚР президенттік басқару неше жыл? 4. Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері. 5. Қазақстан қандай мемлекет? 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %) 1.1Тақырып жоспары: 1. Адамның арман- мұраттары- жаңа заманның ерекше белгісі. 2. Адам, қоғам және олардың болашағы. Ақпараттық –дидактикалық бөлім. Адамға тән қасиет-болашақты болжау, армандау. Адамның мақсаты болмаса, ештенені де тыңдыра алмайды. Болашақты армандай білу де ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлулындырады, өрге тартады. Арман адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға ұмтылу- өмірдің мақсаты. Мұндай сапа адамға жаратылысынан тән. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялағаннан бері оны дүниежүзінің жүзден астам елі таныды. Қазақстан Республикасы аса беделді халақаралық ұйымдарға, оның ішінде БҰҰ. Мүше болып қабылданды. Дүниежүзінде жүздеген елдер бар, оларда алты млрд. халық бар. Басым көпшілігінің экономикалық- өмірі әлі де болса нашар. Оларда болашақты армандайды, аңсайды. Дүниежүзі бірлікте, сонымен қатар өзара қарама-қайшылық жетерлік. Ең бастысы- соғыс қаупі. Сондықтан дүниежүзі халқы әсіресе әр түрлі соғыстардың құрбаны болған елдердең халқы бейбітшілікті аңсайды. Олай болса дүниежүзі халқының мүддесі ортақ екен. Бүкіл дүниежүзі халқына қорқыныштысы- ядролық соғыс, себебі ол адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықтың тіршіліктің күл-талқанынын шығаруы мүмкін. Ядролық құралдар бір емес бірнеше елдерде бар. ХХІ ғасырдың орта шеніңде –ақ дүниежүзі халқы 2-3 есе өсуі мүмкін. Оларды тамақпен қамтамассыз ету табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қажет етіп отыр. Урбандалудың нәтижесінде халық қалаларға жинақталуда. Халықты ауыз сумен, тамақпен қамтамассыз ету де ірі мәселенің бірі. Өазіргі уақыттағы адам және техника күші халықты тамақпен, киіммен қамтамассыз ете алмайды. Халықтың қалаға жиналуы, зауыт, фабрикалардың, басқа да кешендердің қалдықтары, машиналардың газы, түрлі қоқыстардың көбюі қоршаған ортаны бүлдіруде. Бірнеше мыңдаған адамдар ядролық қаруды сынаудың құрбаны болды. Осылардың басқа да тиімсіз жұмыстарының салдарынан дүниежүзі елдерінде экологиялық дағдарыс туды. Ғаламдық проблемаларды дүниежүзі елдері бірігіп шешуі ғана мүмкін. Бір елдің, аймақтың жетістігі дүниежүзі халқының да үлесі болуын өмір талап етіп отыр. Адам дүниенің қазығы, ең жоғарғы құндылығы. Әрбір адам денінің саулығын, өмірінің ұзақ болуын армандайды. Бірінші мәселе дүниежүзі халқының саяси мәдениеті мен санасында жатыр. Әрбір адам әсіресе саясат пен билікті басқарушылар дүниежүзі халқының мүддесі мен мақсатын, арманын түсінуі қажет, ондай түсінік қалыптасуда. Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланды. Оны әлем елдері тануы, мойындауы қажет. Бұл салада Республика Президенті Н. Ә.Назарбаевтың басқарумен жүргізіліп жатқан сыртқы және ішкі саясаты соған бағытталған. Дүниежүзі халқының болашағы саяси , экономикалық, экологиялық, демографиялық мәселелердің шешімін табуға, яғни соларды шешуге байланысты. Бұл проблемалар ғылыми- техникалық прогреске тәуелді, ол қазіргі заманда жеделдей түсті. Ғылыми білімнің түбірлі өзгеруі қоғамның барлық саласының жаңа сапаға өтуін қамтамассыз етеді. Ғылыми техникалық және технологиялық революция- ғаламдық проблема, әлеуметтік болжам соған тәуелді. Ғылыми- техникалық прогресс (ҒТП), еңбек субьектісі өндірістегі адамның жағдайын түбірінен өзгертеді, адам өндіріс процесінің сыртына шығарылады, өндіріспен қатар тұрады, бақылаушылық, реттеушілік рөл атқарады. ҒТР материалдық өндірісте ғана емес, өмірдің басқа да салаларында терең өзгерістер туғызады. Оның көрінісі – адамның қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталуда. Бұл бағыт адамның рөлін арттырады. Қазіргі мамандардан жоғарғы кәсіпті, жаңа жағдайға тез бейімделуді талап етеді. Өңдірістің тиімділігі осыған байланысты . Өңдірісте жұмыс істейтін адамның жоғары сапасы- оның кәсібі, денсаулығы психологиялық жағдайы, жалпы мәдениеті. ҒТР өңдірісті тиімді жолмен дамытуға жағдай жасайды, өндіріс шикізатын және энергияны пайдаланады, ал олар экономика дамуының факторы. Осылардың нәтижесінде электрондық еесептеу машинасы жасалды Яғни информацияны автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік туды. 4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%) 1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу. 2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру. 5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %) 1. Оқушыларды бағалау: 2. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер. 6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%) 1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу. 2. Қосымша жұмыс: Реферат тақырыбы: 1.Қазіргі кезеңдегі ғаламдық мәселелер. 2. Адам, қоғам және олардың болашағы. |