қоғамтану-МІ-1-к. Техникалы жне ксіби білім беру факультеті азастан тарихы жне оамды пндер кафедрасы
Скачать 100.16 Kb.
|
4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%) 1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу. 2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру. 5.Сабақты қорытындылау: 5 мин(6 %) 1. Оқушыларды бағалау: 2. Сабақтың тақырыбы: Шығыс және Батыс өркениеті. 6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6 %) 1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу. 2. Қосымша жұмыс: Реферат тақырыбы: 1.Шығыс және Батыс өркениеттерінің ерекшеліктері. 2.Қазақстан – өркениеттер тоғысында. № 14сабақ І. Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік құндылық ерекшеліктері, құндылық. ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% ) ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық ІY. Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларға әлеуметтік бірлік және әлеуметтік байланыстар туралы, ол қоғамның субьектісі мен обьектісі болатын, адамдар жиынтығы екендігі туралы түсінік беру. тәрбиелеу: әлеуметтік заңдар, олардың іске асырылуы, қызметі туралы түсініктерді айқындау, маңыздылығын үйрету. дамыту: әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік ұйымдардың құрылуы, олардың қызметіне талдау жасай білуге баулу. Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ. б)оқыту орны: аудитория. Ү. Әдебиеттер: негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл. Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл. қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж. ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% ) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндеті. ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1.Өркениет қандай тарихи жағдайларда туындады? 2. Біз қандай адамдарды өркениетті деп айтамыз? 3. Өркениеттілік көзқарасының негізін қалаушы кім? 4. Шығыс өркениетінің Баыстағыдан ерекшелігі. 5. Қазіргі Қазақстанда өркениеттілік қалыптасты деп айта аламызба? 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин(44%) 1.1.Тақырып жоспары: 1. Әлеуметтік бірліктің сипаты. 2. Әлеуметтік заңдар. 3. Әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер. 4. Жеке адамдар мен топтар арасындағы қатынастар. Ақпараттық –дидактикалық бөлім. Әлеуметтік бірлік дегеніміз – қоғамның субьектісі және обьектісі болатын, іc- әрекет етуші адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік бірліктің негізгі салалары: адамдардың өмір сүру және іс-әрекет жағдайларды ( экономика білім және кәсіби мақсаттары мен мүдделері, т. б); өзара байланыста болатын дара адамдардың бірлігі ( ұлттар, таптар, ұйымдар, ұжымдар т. б); тарихи қалыптасқан аумағы ( қала, село, аймақ); өзара қатынастағы адамдардың әлеуметтік институттары (отбасы, білім, ғылым, саясат, дін т.б) Әлеуметтік бірліктердің барлығы ( топтар, жіктер, таптар, ұйымдар, ұжымдар, отбасы, ұлт, халық т.б) әлеуметтік жүйенің және ұжымдардың тұрақтылығын, сонымен қатар олардың күйреуінің де себептерін көрсетеді. Әлеуметтік бірлік – толық алғандағы қоғам емес, бірақ ол қоғамның ерекше, өзіндік өлшемі. Бірлік әлеуметтік өзгерістердің барлық түрлерін қамтиды. Әлеуметтік бірлік мүдделерінің айырмашылығы (таптардың, топтардың, жіктердің) тарихи процестердің болашағын анықтайды. Мысалы: социалистік қоғамның шешуші табы жұмысшы болады, ол сол қоғамның негізін қалады. Әлеуметтік бірлікті, ондағы адамның орнын ажыратқанда екіге бөліп қараймыз. Біріншісі күрделі әлеуметтік процестер, ірі әлеуметтік топтар құрайтын жүйе, айталық қоғам өркениет. Екінші жағынан ірі әлеуметтік топтар ұсақ топтардан құралады, олар өзара тікелей қатынаста болады. Мінез-құлқын, еркін, санасын, іс-әрекетінің сипаты мен мазмұнын, әлеуметтік өзара қатынастардың бағытын және мақсатын белгілейді. Әлеуметтік сананың толық жүйесін сипаттайтын заңдар бар. Сонымен қатар әлеуметтік саланың жеке элементтерін анықтайтын да заңдар бар (таптар, топтар, ұлттар, т.б.) Заңдардың іске асырылу тәсілі: динамикалық және статикалық болып ажыратылады. Динамикалық тәсіл-әлеуметтік өзгерістердің бағытын, факторларын және формаларын анықтайды, белгілі жағдайлардағы өзгерістердің біркелкі, қатаң байланыстарын тіркейді. Статикалық заңдардың ерекшелігі сонда, олар сол әлеуметтік тұтастықтың тұрақтылығын сақтаған жағдайдағы өзгерістерді, олардың бағытын анықтайды. Әлеуметтік байланыстардың қалыптасу негізі әр түрлі тілектерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік бірлікті құраушы жеке адамдардың нақтылы бірлікте, белгілі уақытта, өзінің қандай да бір болмасын мақсатына жетуге бағытталған, біріккен іс-әрекетіне жағдай туғызатын факторлардың жиынтығын түсінеміз. Әлеуметтік іс-әрекеттің обьективтік және субьективтік жақтары бар. Обьективтік жағы деп-жеке адамдарға байланыссыз, олардан тыс іске асырылатын, бірақ ол әрекеттердің мазмұны мен сипатын бақылайтын өзара іс-әрекеттердің байланысын айтамыз. Субьективтік жағы деп-жеке адамдардың өзара бетпе-бет, саналы, тікелей қатынасын түсінеміз.Субьективтік қатынас нақтылы әлеуметтік бірлікте ( әсіресе ұсақ топтарда, айталық, цехтарда, бригадаларда, т.б.) қалыптасатын жеке адамдардың арасындағы қатынас. Адамдар қоғамда топтарға бірігеді. Соның нәтижесінде көп мүшесі бар үлкен әлеуметтік топтар құрылады. Олар әр түрлі байланысқа негізделеді. Үлкен топтардың бірнеше түрлері болады, олар әр түрлі тәртіп белгілеріне сәйкес құрылады. Мысалы, аудитория (радио, теледидар, кино театр), немесе ұлт түріндегі үлкен топтардың аумақтық бірлігі ( қала, мемлекет). Адамдардың бірігуінің нәтижесінде ұсақ топтарда да пайда болады. Мұның үлкен топтардан айырмашылығы – оның барлық мүшелері ( 3,7,15 адам) тікелей яғни (бетпе- бет) қатынаста болады. Ұсақ топтардың да бірнеше түрлері бар. Соның ішінде ең бастапқы құрылымы – алғашқы топтар отбасы, көршілер және достар тобы. Бұлар адамның жеке өзара қатынасының негізгі, туыстық сезім, тілектестік, достық пейіл. Бұлар адамдардың табиғи қатынасына негізделеді. Егер де ұсақ топтар еңбек немесе қоғамдық ұйымдардың арнаулы бөлімі ретінде қалыптасып өмір сүрсе, онда адамдардың өзара қатынастарының негізін олардың белгілі бір өнімді шығару әрекеті құрайды. Ал мұндай топтар мақсатты немесе арнаулы болады. Әр түрлі топтардың, жеке адамдардың өзара қатынасы барысында номиналдық топтар пайда болады. Мысалы: жасына, ойлау ерекшелігіне, тұрағына қарай (құрдастар, көршілер) жасалатын қарым- қатынас. Әлеуметтік топтарды да ажырататын белгілер бар. Олар – жыныстық, жастық, ұлттық, этностық, аумақтық белгілер. Әлеуметтік топтың негізін мына белгілер де құрайды: таптық, кәсіби, дүниелік, білім, тұрағы (қала, село, ірі және шағын қалалар, т. б.), саясатқа араласу тәсілі (әр түрлі партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге мүше болу). Топта (ол мәңгілік емес) белгілі бір мерзім ішінде динамикалық процестер жүріп жатады және топ сатылы қозғалыста болады. Олардың жиынтығы топтық динамика деп аталады. Әрбір топта әр түрлі өзгерістер болады. Олар топтың құрылымында, лидерлік проблемада, топтық шешім қабылдауда, топтық талас-тартыс тудыруда, топтық пікірді, мақсатты, нормаларды, тәртіп формаларын анықтауда және осы өзгерістерді оның мүшелерін қабылдауы арқылы көрінеді. Әрбір топта жеке адамдардың іс-әрекеті дамиды. Қоғамда, топтарда, жеке адамдар қатынасында әлеуметтік алмасу іске асырылады. Ол қоғамдық қатынастың негізі, соның нәтижесінде әр түрлі құрылымдық белгілер туындайды ( билік, мәртебе, атақ, даңқ, т. б.). Өзара әлеуметтік алмасу қоғам дамуының, топтардың өмір сүруінің шарты. Әлеуметтік ұйымдар ұжымның мүшесі болатын жеке адамдардың орындайтын, іске асыратын әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі, өзара байланысты жүйесі. Қоғам әлеуметтік ұйымдарды белгілі мақсаттарды (экономикалық, әлеуметтік саяси, рухани) іске асыратын құрал деп қарайды. Ұйымдардың түрлері: өнеркәсіп, ауылшаруашылық, көлік, байланыс, білм беру, денсаулық сақтау, мәдени, ғылыми т.б. Ұйымдар – қоғамның әлеуметтік құрылымының өзіндік «торы», оның ұсақ жиынтығы. Ұйым мүшелері – адамдар қоғамдық жүйенің элементі сияқты, әлеуметтік статусы бар және белгілі бір рөл атқаратын тұлға. Ұйымсыз адам болмайды, адамсыз ұйым жоқ. Әлеуметтік ұйым – адамзат қауымының аса маңызды жетістігі. Адамдар әлеуметтік ұйымдарға екі жағдайда бірігеді: жалпы мақсатты іске асыру арқылы жеке мақсатқа жету үшін (жалақы алу, өзінің қабілетін іске асыру, атақ алу, т.б.) мекемелер, ұйымдар құрылады. Осылайша әр түрлі одақтар, кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар пайда болады. Әлеуметтік ұйымдар әлеуметтік ортаның тұрақты факторы болып есептеледі. Қандайда болмасын бір әлеуметтік ұйымға енетін жеке адамдар еңбек ұжымының ( мысалы, зауыт, фабрика) ережелерін (инструкцияларды ), оның белгілі статусына сәйкес өзіндік тәртіп статусын сақтайды. Ең ақырында жеке адамның іс- әрекетінің нәтижесі анықталады (мысалы, жұмысының мерзімі және сапасы), сөйтіп жалақы белгіленеді. Әлеуметтік жүйенің негізгі қызметінің бірі әрбір жеке адамды сол ұйымға тарту және қоғаммен байланыстыру. Әлеуметтік жүйенің әрбір элементі – адамдар басқарушы және бағынушы қызметін атқарады, соңғылары біріншісінен көп болады. Ұйымдық құрылымның дұрыс қалыптаспауынан, жеке адамдардың мүддесін толық ескермеуден қайшылықтар да пайда болады. Қазіргі уақыттағы меншік түрлерінің көбеюі әлеуметтік ұйымды басқару ісін дамытып отыруды талап етеді. Ұйымдағы жеке адамның тиімді еңбегі – бүкіл ұжымның іс- әрекетінің тиімділігі болып саналады. 4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%) 1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу. 2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру. 5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %) 1. Оқушыларды бағалау: 2. Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік құндылық ерекшеліктері, құндылық. 6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%) 1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу. 2. Қосымша жұмыс: Реферат тақырыбы: 1.Әлеуметтік жұмыс. 2. Әлеуметтік ұйымдар. № 15сабақ І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы негізгі діндер. ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% ) ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық ІY. Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларға ежелден келе жатқан мәдениеттің түрі – дін, діннің мәні, дін тарихы, дін түрлері туралы түсінік беру. тәрбиелеу: ҚР Конститутциясында « ҚР – зайырлы мемлекет» екендігі көрсетілген, сол сипаттың мәнің ажырата білу, азаматтардың сенімін сыйлауға тәрбиелеу. дамыту: Діннің адамзатты біріктіруші, имандыққа шақыратын күш екендігін ұғындыру. Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ. б)оқыту орны: аудитория. Ү. Әдебиеттер: негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл. Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл. қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж. ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% ) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндеті. ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%) 1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы жаңа көзқарастың қалыптасуы. 2. Қоғамның таптық құрылымы және әлеуметтік жіктелу теориясы. 3. Қоғамның демографиялық құрылымы. 4. Қоғамның кәсіби құрылымы. 5.Әлеуметтік заңдар. 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %) 1.1.Тақырып жоспары: 1. Діннің мәні. 2. Діннің тарихы. 3. Дін – адамзатты біріктіруші күш. Ақпараттық –дидактикалық бөлім. Ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі – дін. Адам баласының тарихында көп тараған дүниежүзілік діндер: буддизм, христиан, ислам. Бұл діндер және басқа да діни сенімдер қоғамда жоғарғы ұждан өлшемдерінің – қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектеседі. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершілікті қайырымдылықты, жан тазалығын, рух биіктігін уағыздайды, бейбітшілікке шақырады. Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілер әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім- жесірге қорған бол, ақ бол, адал бол дейді дін. 1985 жылы Американың Гэлдап институтының жүргізген зерттеуіне қарағанда, Африка тұрғындарының 95, Латын Америкасының 96, Америка Құрама Штаттарының 94, Азияның 89, Батыс Еуропа халқының 78 пайызы дінге сенушілер. Әрбір елдің конститутциясы сол елдің дінге деген саясатын тұжырымдаған. Қазақстан Республикасының Конститутциясында: «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы делінген. Сонымен қатар, «әркімнің ар- ұждан бостандығына құқығы бар» деп те тұжырымдалған. Діни негізінде саяси партиялар құруға жол берілмейді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен міндеттер көздемеуге тиіс деп көрсетілген Конститутцияда. Барлық уақытта да дінді жақтаудың негізгі факторы- қорқыныш, аса зор өлім қаупі алдында, шешілмейтін проблемалар қарсаңында абыржу. Жазылмайтын ауру адамдар, өмірден түнілгендер құдайдан жұбаныш іздейді, сенеді. Шіркеу, мешіт адамдардың мұндай топтарын ескерусіз қалдырмайды. Олар шын мәнісінде мейірбандылық көрсетеді. Дін ертеден-ақ құндылықтың иесі болған. Діннің өзі мәдениеттің бір түрі. Сәулетті мешіттер, храмдар, тамаша әдеби философиялық шығармалар, шіркеулік әдет- ғұрыптар, имандылық, қайырымдылықтар, адам баласының мәдени қорын байытты. Біздің елдің Конститутциясы бойынша діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Діни құрылымдар республикада қазір болып жатқан процестерге түсіністікпен қарайды және рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын күн сайын нығайта түсуге үлесін қосады. « Бірақ - деп көрсетті Президент Н. Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатында діни принцптерді насихатаушы мемлекет болып қала алмайды. Оның үстіне, партияларды діни тұғырнамалар негізінде құру туралы сөз болуы тіптен де мүмкін емес». Дүниежүзінде әртүрлі діндер, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Біздер қазіргі өркениетке ерекше әсері бар діндерге тоқталайық. Буддизм өте - ерте, бұдан екі жарым жыл бұрын пайда болған. Будда ілімінің мазмұны -имандылық саласында адамдық қалып және тәртіп. Адам ойлау арқылы шындыққа жетеді, ауыр жағдайдан құтылатын жол табады, қасиетті ілімнің уағызнамасын сақтай отырып табысқа жетеді. Бұл діннің бес түрлі уағызнамасы бар: бірде - тірі жәндікті өлтірме, басқаның меншігін алма, басқа әйелге соқтықпа, өтірік айтпа, шарап ішпе. Қазіргі уақытта буддизм Үндіқытай түбегінде маңызды қоғамдық – саяси және мәдени рөл атқаруда. Бирмада, Камбоджада, Таиландта мемлекеттік дін болып есептеледі. Жапонияда буддизм көптеген секталарға бөлініп, жаңа дін құрылуда. Христиан діні буддизмнен бес ғасырдан кейін келген әлемдік діннің бірі, қазір ол ең көп тараған діннің бірі. Негізгі басшылыққа алатын заңы – Қасиетті кітап (библлия). Еуропа мен Америкада оған сенушілер 1024 миллион адамнан асады. Оның имандылық ережесі: өлтірме, ұрлама, әкеңді және шешенді құрметте, өзінді жатқа айналдырма, жаратушы құдайдың атын атама. т. б. Христиан дінінің басты идеясы – сол адамның барлық бақытсыздығы оның күнәсінің нәтижесі және ол күнәдан шоқыну және табыну арқылып құтылуға болады деп есептеледі. 1064 жылы христиан діні екі бағытқа бөлінеді: батыстық ( католиктік) және шығыстық (провославиелік). Ислам кейін пайда болған дін. Бүгінгі әлемде бір миллиардтан астам адам: « Сіз дін жағынан кімсіз ?» - деген сұраққа араб сөзімен « мүслім» деп, яғни « ислам дінін ұстайтын мұсылманмын» деп жауап береді.Осыдан 1300 жылдан астам бұрын Мұхаммед құрған ислам дінінің бұлжыртпай орындауға тиісті заңы – қасиетті кітап болып есептелетін Құранда сол діннің ерекшелігі анық көрсетілген. Мұсылман дінінің кең тараған жері Солтүстік Африка, Оңтүстік –Батыс және Оңтүстік Азия. Құранның 112- ші сүресінде оның мазмұны былай баяндалған: « Ол Алла жалғыз. Алла құдіретті.Ол – тумаған, туылмаған және ешқашан оған ұқсас ешкім болмаған». Мұсылмандылық екі ірі сенім негізі бойынша құрылған: 1) Мұхаммедтің Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екндігіне сену. Ислам дініне сенушілер үшін, мұсылмандылықтың бес негізгі міндеті бар: 1) Алланың жалғыз екеніне, ал Мұхаммед оның елшісі екніне сену; 2) Намаз оқу: 3) Ораза тұту: 4) Қажыға – Меккеге бару: 5) Зекет беру. Мұсылмандар үшін Құран – Алланың Мұхаммедке арнап, сол арқылы адамдарға айтқан сөздері. Егерде адам Аллаға сенсе, мұсылман дінінің барлық ережелерін орындаса, онда мәңгілік пейішке барады. Сонымен дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратушыны насихаттайды. Адамды имандылыққа баулиды. Барлық діндер наным сенімі әр түрлі адамдардың әр түрлі қатынастарда болуы орынды деп есептейді. Ол адам баласының алдында тұрған ғаламдық проблемаларды шешуде әр түрлі дінге сенушілер мен атеистер бірігіп қызмет атқаруынан көрінеді. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай-ақ көп дінді ел. 1992 жылы Алматыда Рухани татулық жөнінде дүниежүзілік конгресс болды. Онда дүниежүзіндегі барлық діндердің өкілдері бас қосты. Бүгінгідей ауыр шақта бізге керегі ренжісу емес- достасу, алыстау емес- жақындасу деп, бүкіл жер бетіндегі адамзат баласы пікір алысып, өзара түсінісіп, мәмілеге келді. Адамдар әртүрлі діннің өкілдері екніне қарамастан, ақыл-ойға жүгініп, осылайша түсініссе, өз армандарына жетеді. |