Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың кезеңі/уақыты Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау

  • Ресурстар Сабақтың басы (1–7 мин) (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру

  • Білу және түсіну.

  • 2-критерий. Мәтінді буындап, тұтас оқиды. Оқылым.

  • Дескриптор: -Мәтінді буындап, тұтас оқиды.-Тиісті дыбысты қосу арқылы сөздің мағынасы өзгеретіні туралы біледі және түсінеді.3 критерий.

  • Сабақтың соңы (7 мин) Бекіту және саралау

  • Рефлексия Мен .... білдім Мен ....... білгім келеді. Мен .......білемін.

  • 15.11-20.11 Әліппе ҚМЖ. Тексерді


    Скачать 177.23 Kb.
    НазваниеТексерді
    Дата23.01.2022
    Размер177.23 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла15.11-20.11 Әліппе ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #339832
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5

    Тексерді: _______________


    Білім беру ұйымының атауы

    «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия» КММ

    Пәні:

    Әліппе

    Бөлім:

    Әліппе кезеңі

    Педагогтің аты-жөні:

    Ережепова А.М

    Күні:

    20.11.2021ж

    Сынып: 1 Л

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Ә дыбысы және әрпі

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

    1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;

    1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;

    1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу

    Оқу мақсаты:

    Сөйлеу б/да дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтайды, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді.

    Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады.

    Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазады.

    Сабақ барысы




    Сабақтың кезеңі/уақыты

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    (1–7 мин)

    (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Сәлемдесу.

    2. Ойсергек. Дыбысынан таны.

    Әртүрлі жануарлардың дыбысы тыңдатылады.

    Не қалай дыбыстайды?

    Әтеш шақырады. Түлкі шәуілдейді. Қарсақ шәңкілдейді.

    Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

    – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ә» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

    «Ә ә» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

    «Ә ә» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.



    Балалар ол дыбыстың иесін анықтайды және дыбыстауын атайды.

    Мысалы: сиыр мөңірейді, әтеш шақырады т.б.






    Аудиожазба, жануарлар суреті

    Білу және түсіну.

    Сабақтың ортасы (26 мин)

    1-критерий. Сурет бойынша әңгіме құрайды. Дыбыстық талдау жасайды.

    1. Сурет бойынша әңгіме құрау.

    1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

    2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

    3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «әже» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

    4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

    5. «Ә» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

    6. «Ә» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

    Дескриптор:

    -Сурет бойынша әңгіме құрайды.

    -Сөйлемге талдау жасап, сөз санын анықтайды.

    -Әже сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

    2-критерий. Мәтінді буындап, тұтас оқиды.

    Оқылым.

    Оқулықтың 67-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы

    .

    1. «Ә» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

    2. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (ән – дән), сөз ортасына (дәрі – кәрі), сөз алдына (сәуір – едәуір) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

    Дескриптор:

    -Мәтінді буындап, тұтас оқиды.

    -Тиісті дыбысты қосу арқылы сөздің мағынасы өзгеретіні туралы біледі және түсінеді.

    3 критерий. Каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

    Жазылым

    1. Оқулықтағы «Ә» әрпінің таңбалануына назар аудару.

    2. «Ә» әрпін тақтаға жазып көрсету.

    3. «Ә» әрпін ауада жазып көрсету.

    Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

    Дескриптор:

    -Ә әрпінің таңбалануына назар аударады.

    -Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

    Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.

    1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды:

    «Мектепте салтанатты жиын болды. Жиынға Әдияның әжесі келді. Әлидің әкесі қатысты.

    Жиын Әнұран айтумен басталды».

    1. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).

    2. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Жиынға Әдияның әжесі келді) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 4 сөз бар.

    3. Өтілетін жаңа дыбысы бар

    «әже» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ә-же» деп буынға бөледі.

    1. «Ә-» бірінші буынын айтып, дыбыстың қалай созылып айтылып тұрғанын айтады.

    2. «Ә» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

    1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

    2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

    1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы «Ә» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

    Қолдау

    Суреттер, оқулық

    Сызба

    Оқулық


    Жазу дәптері



    Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
    Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

    Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

    Қолдау көрсету

    Оқушыларға қолдау көрсету.

    Мақтау, қолдау

    Сабақтың соңы

    (7 мин)

    Бекіту және саралау

    Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

    1. деңгей:

    Сөз сызбасын тиісті сөзбен толықтыр.

    1. деңгей:

    Кәрі, тәтті сөздеріне мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып айт.

    1. деңгей:

    Әдемі, дәмді, кәрі, тәтті сөздерінің бірімен сөйлем құра.



    Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.

    1-деңгейдегі оқушылар берілген сөз сызбасын тиісті сөзбен толықтырады:

    Әдемі қыз тәтті алма

    2-деңгейдегі оқушылар кәрі, тәтті сөздеріне мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып айтады: кәрі – жас; тәтті – қышқыл.

    3-деңгейдегі оқушылар әдемі,

    дәмді, кәрі, тәтті сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.






    Саралау тапсырмалары




    Рефлексия

    Мен .... білдім

    Мен ....... білгім келеді.

    Мен .......білемін.

    Сабақтың бағалау критерийіне сәйкес «Табыс баспалдағынан» өз орнын белгілейді және себебін

    түсіндіреді.

    Өзін-өзі бағалау

    Әліппе. Үнтаспа.

    «Атамұра», 2020
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта