Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі

  • Сабақ барысы Сабақтың кезеңі/уақыты

  • Сабақтың басы (1–7 мин) (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру

  • Білу және түсіну

  • 2-критерий. Мәтінді буындап, тұтас оқиды. Оқылым. Оқулықтағы 63-беттегі «Ғарышкер» мәтінін оқу.

  • Сабақтың соңы (7 мин) Бекіту және саралау

  • 15.11-20.11 Әліппе ҚМЖ. Тексерді


    Скачать 177.23 Kb.
    НазваниеТексерді
    Дата23.01.2022
    Размер177.23 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла15.11-20.11 Әліппе ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #339832
    страница2 из 5
    1   2   3   4   5



    Тексерді: ________________

    Білім беру ұйымының атауы

    «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия» КММ

    Пәні:

    Әліппе

    Бөлім:

    Әліппе кезеңі

    Педагогтің аты-жөні:

    Ережепова А.М

    Күні:

    16.11.2021ж

    Сынып: 1 Л

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Ғ дыбысы және әрпі

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

    1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;

    1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;

    1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;

    1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу

    Оқу мақсаты:

    Сөйлеу б/да дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтайды, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді.

    Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады.

    Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, сұраққа жауап береді.

    Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазады

    Сабақ барысы

    Сабақтың кезеңі/уақыты

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы (1–7 мин)

    (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Сәлемдесу.

    2. Оқушыларды түгендеу.

    Психологиялық ахуал орнату.

    «Мен ғарышкермін» ойыны.

    – Балалар, өзімізді ғарышта жүрміз делік. Ғарышта ауа болмайтынын білесіңдер. Ауа жоқ жерде заттың да салмағы болмайды. Ендеше біз де салмағы жоқ шар сияқты бір орында тұра алмаймыз. Өзімізді шар

    тәрізді сезініп, аяғымыздың ұшымен, дыбыс шығармай қалықтап жүріп көрейік.

    Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

    – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

    «Ғ ғ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

    «Ғ ғ» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.



    Оқушылар музыка әуенін тыңдап, бөлмеде жүреді.


    Қолдау


    Музыка

    Білу және түсіну

    Сабақтың ортасы

    (26 мин)

    1-критерий. Дыбыстық талдау жасайды.

    1. Сурет бойынша әңгіме құрау.



    1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

    2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

    3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ғарышкер» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

    4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

    5. «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

    6. «Ғ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

    7. Түймелерден «ғ» әрпін жасау.

    Дескриптор:

    -Сурет бойынша әңгіме құрайды.

    Сөйлемдегі сөздер санын анықтайды.

    -Ғарышкер сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

    2-критерий. Мәтінді буындап, тұтас оқиды.

    Оқылым.

    Оқулықтағы 63-беттегі «Ғарышкер» мәтінін оқу. Мәтіндегі сөйлем санын анықтау.

    Дескриптор:

    -Мәтінді буындап, тұтас оқиды.

    -Мәтіндегі сөйлем санын анықтайды.

    3-критерий. Каллиграфиялық талаптарға сай

    жазады.

    Жазылым

    1. Оқулықтағы «ғ» әрпінің таңбалануына назар аудару.

    2. «Ғ» әрпін тақтаға жазып көрсету.

    «Ғ» әрпін ауада жазып көрсету.

    Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

    Дескриптор:

    • Ғ әрпінің таңбалануына назар аударады.

    • -Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

    Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.

    1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды:

    «Ғарышта ауа болмайды. Онда барлық заттар қалқып жүреді. Ғарышқа ұшатын адамды ғарышкер деп атайды. Ғарышта скафандр кию қажет».

    1. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (4).

    2. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Ғарышқа ұшатын адамды ғарышкер деп атайды.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 6 сөз бар.

    3. Өтілетін жаңа дыбысы бар

    «ғарышкер» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ға-рыш- кер» деп буынға бөледі.

    1. «Ға-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылмай айтылып тұрғанын табады.

    2. «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.


    1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

    «ғ» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздерді жазады.

    Қолдау

    Әріптің баспа және жазба түрі
    Суреттер, оқулық
    Сызба

    Оқулық. Әріптің баспа түрі.

    Түймелер
    Оқулық


    Жаңылтпаш

    Жазу дәптері







    Қолдану

    Жинақтау

    Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.


    Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

    Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.

    Оқушыларға қолдау көрсету.




    Сабақтың соңы

    (7 мин)

    Бекіту және саралау

    Бос ұяшықтағы сөздің орнын таппас бұрын оқушыларға өлең жолының соңғы сөздері ұйқасатынын ескерту.Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

    1. деңгей:

    Өлеңді оқы. Дыбыс сызбасыны ң көмегімен бос ұяшыққа тиісті сөзді тап.

    1. деңгей:

    Өлеңдегі «ғ» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жаса.

    1. деңгей:

    Өлеңдегі ұйқас сөздерді тап.

    Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.

    1. деңгейдегі оқушылар өлең ұйқасына қарай және сөздің дыбыс сызбасы арқылы жаңа сөзді табады: торғай.

    2. деңгейдегі оқушылар өлеңдегі

    «ғ» дыбысы бар сөздерге (қарға, таға, торғай, тоғай) дыбыстық талдау жасайды.

    1. деңгейдегі оқушылар өлеңнен ұйқас сөздерді (қарға–таға; торғай – тоғай) табады.


    Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


    Саралау тапсырмалары


    Әліппе. Үнтаспа.

    «Атамұра», 2020




    Рефлексия



    Оқушылар бүгін сабақта не

    меңгергенін жазып, таңдаған шыңына орналастырады.

    Өзін-өзі бағалау

    Шыңның суреті
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта