САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Ысқырық, секундомер
https://infourok.ru/obuchenie-igre-v-basketbol-459821.html
| Сабақтың ортасы
25 минут
| (Т, Тәж, Ф) «Бестіктер шабуылдайды». Бес адамнан тұратын үш команда ойнайды. Әрқайсысы өз қалқанының астында бірінші және үшінші бестік аймақтық қорғанысты орындайды, ал екінші бестік алаңның ортасында болып бір себетке шабуыл жасайды. Соғылғаннан немесе алынып қойылған доптан кейін қарама-қарсы тұрған себетке бірінші бестік шабуыл жасайды, ал екінші бестік бірінші бестіктің орнына аймақты құрайды және т. с. с. Тасталған доптан кейін бестік бір ұпай алады және аймақтық қорғанысты орындайды, ал жеңілген ойыншылар шабуылға барады. 10-15 минуттан кейін ең көп ұпай жинаған бестік анықталады.
| Ойында баскетболдың ережелері қадағаланады. Ойын алдында техника қауіпсіздігі туралы оқушылардың есіне салу керек. Командалық ойында өзара қарым-қатынасқа түсу қажет екендігін түсіндіру керек. Оқушыларға сұрақ қою. Сіздің командаңыз алға шығу үшін тиіділікк қалай қол жеткізуге болады? Сіз шабуылда және қорғаныста қандай стратегияларды қолданар едіңіз?
| Спорттық және қозғалмалы ойындар.
Волейбол ойыны:
Шабуылдап соғуға ыңғайсыз келген допты бос алаңға алдап тастау әдістерін үйрету;
| Сабақтың соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.
| ҚОСЫМША АҚПАРАТ Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
| Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.
| Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
| Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
| Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ
| Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________
| ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 73
Мектеп
| Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия
| Мұғалімнің аты-жөні
| Тилесбаев Берик Аргынбайулы
| Сынып
| 10 «А»
| 10 «Ә»
| 10 «Б»
| 10 «В»
| 10 «Г»
| Күні
|
|
|
|
|
| Қатысушылар саны:
|
|
|
|
|
| Қатыспағандар саны:
|
|
|
|
|
| Бөлім
| 6-бөлім. Команда ойындарында бірлескен оқу
| Сабақ тақырыбы
| Командалық ойынның орындалуын талдау
| Оқу мақсаттары
| 10. 2. 3. 3. Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын таңдау және пайдалану
| Сабақ мақсаттары
| Қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету
| Бағалау критерийлері
| Ойнауға қолайлы орта қалыптастырады. Ойынның орындалуының тиімді жолдарын көрсетеді.
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: спорттық ойындар туралы өздерінің дағдылары мен түсініктерін талқылауды, көрсетуді және талдауды істей алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: оқу ойыны, дриблинг, командадағы өзара әрекет, жарыс, кеңістіктегі бағдар, Шабуылдағы және қорғаныстағы командалық жұмыс, тактика, стратегия, допты лақтыру, беру, жүргізу техникасы, жүгіру, жылдамдықтың өзгеруі, допты себетке лақтыру.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- ойыншы-қорғаушыны алдау үшін қандай амалды қолданасыз?
- сіздің командаңыз есепте алға шығу үшін, жағдайды қалай тиімді қолдануға болады?
- командаңыз шабуыл жасауда немесе қорғаныста әрекет жасауды бастағанда сізге доппен және допсыз қимылдарды, сонымен қатар бір-біріңізбен коммуникацияны қалай дұрыс жақсарту керек?
- сіз қалай ойлайсыз, қандай қорғаныс тиімдірек, аймақтық па, әлде жеке қорғаныс па?
| Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка
| АКТ қолдану дағдылары
| Ұялы телефон, планшет, ноутбук
| Бастапқы білім
| Оқушылар сабақтың барысындажәне сабақтан тыс уақыттарда алдыңғы сыныптарда алған білімдері бойынша командалық спорттық ойындардағы білімдер мен дағдыларға ие
| САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Ысқырық, секундомер, баскетбол доптары, алдыңғы жейделер, басқа арналған таңғыштар
https://www.youtube.com/watch?v=Mdad2Hhxg-A
| Сабақтың ортасы
25 минут
| (С, Т, Ф) «Допқа талас». Бес адамнан тұратын екі команда өз бетінше баскетбол алаңына орналасады. Әр команданың ойыншылары допты біріне-бірі бере отырып, қарсыластарына допты алып қоюға жол бермей, барынша ұзақ уақытқа дейін сақтап қалуға тырысады. Басқа команда допты алып қоюға тырысады және олар да қарсыластарына оны бермеуге тырысады. Допты жоғалтпай біріне-бірі 10 рет берген команда жеңеді. Ойын себетке допты лақтыруды және аймақтағы ойындарды қоспағанда баскетболдың ережесі бойынша басталады және жүргізіледі. Бұл ойында допты қарсыластың қолынан қағып жіберуге болмайды; бір жерде қарсыластың бір метрге дейін жақындағанша допты қолда ұстап тұруға рұқсат етіледі. Ойыннан кейін қорғаушының қандай әрекеттері допты алып қоюға жағдай жасайтыны бойынша талдау және кіші топтарда өзара бағалау жүргізіледі.
| Ойыншылар бірінен-бірін алшақтықта ұстау керек, доп серіктесінің қолында болғанда еркін орынға жүгіріп шығу және доп олардың қолында болғанда қарсыласының бос ойыншыларын жабу. Ойыншыларға алаңдағы белгілі бір орындарды сақтауға ұсыныс жасалады. Қатаң ойын үшін доп басқа командаға беріледі. Жетекші басынан бастап әрқашан доп бір командадан екінші командаға өткенде ойынды тоқтатпай есепті жүргізеді.
| (Т, С, Тәж) «Үшбұрыштарға беру». Ұшбұрыш жағдайы доптан бос ойыншылармен жасалады. Доп серіктестің қолында болғанда, оның қасындағы ойыншылар одан алға қарай жан-жаққа жүгіріп шығады. Сонымен ойыншылардың арасында доп үш рет берілсе, онда жабық үшбұрыш пайда болады, яғни осыған байлансты комбинацияның атауы шығады. Әрине, қозғалыссыз допты беру табыс әкелмейді, сондықтан допты ұтымды жағдайда тұрған серіктестің біреуіне бергеннен кейін, ол үшінші серіктеспен бірігу үшін тағы да алға жылжып, жағдай қалыптастыру үшін орын таңдау керек. Оқушыларға басқа балама комбинация өткізуге не болмаса осы комбинацияны жетілдіруге ұсыныс жасалады.
| Бұл комбинацияны өткізу үшін екі жағдайды ескеру керек: үшбұрыштың төбесін құратын добы бар оқушы өздерінің шығуларымен қарсыласының қоржынына қауіп төндіруге міндетті басқа серіктестеріне қарағанда өзінің щитіне жақын орналасуы керек Екіншіден допты алған оқушы бірінші кезекте үшінші серіктесін қолдану және ал мүмкін болмаған жағдайда қайтадан допты соған қайтару.
| Сабақтың соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.
| |