Главная страница
Навигация по странице:

  • Эпидемиологиясы Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі

  • Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері) алиментарлық ауа-шаң (аэрогенді) Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады. Патогенезі

  • Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді

  • Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады. Жіктелуі: Ағымы бойынша: жеңіл орташа ауыр латентті Ұзақтығы бойынша

  • Емдеу жолдары Этиотропты

  • Ку-лихорадка: патогенез қоздырғыш  шырышты (оның ішінде зақымданбаған), тері(өкпеге-интерстициальді пневмония) 

  • Иерсиниоз Этиологиясы

  • Клиникасы Асқынуы токсико-инфекциялық шок жедел бүйрек жетіспеушілігі Диагностикасы

  • Патогенезі: Листериялар асқорыту жолдары, тыныс-алу жолдары, аранның шырышты қабаттары және зақымдалған тері арқылы енеді. Патогенезінде роль ойнайтын факторлар

  • Төрт клиникалық белгілерін ажыратады

  • ааа. Зонозды инфекциялар. Тема Зоонозды инфекциялар. Бруцеллез. Лихорадка Ку. Иерсиниоз. Листериоз


    Скачать 290.5 Kb.
    НазваниеТема Зоонозды инфекциялар. Бруцеллез. Лихорадка Ку. Иерсиниоз. Листериоз
    Дата01.12.2021
    Размер290.5 Kb.
    Формат файлаppt
    Имя файлаЗонозды инфекциялар.ppt
    ТипДокументы
    #288006

    Тема:Зоонозды инфекциялар. Бруцеллез. Лихорадка Ку. Иерсиниоз. Листериоз.


    Алматы 2021


    Орындаған:Муратов Т


    Қазақстан-Ресей. Медицина университеті


    Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.


    Этиологиясы
    Brucella тұқымына 6 түр кіреді:
    Br.melitensis- Қазақстанда жиі кездеседі
    Br.abertus
    Br.suis
    Br.cauris
    Br.neotomae Шар тәрізді, грам «-», эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді, сыртқы ортаға кең төзімді.


    Эпидемиологиясы
    Барлық жерде кең таралған.
    Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар.
    Таралу механизмі: фекальды-оральды.
    Берілу жолдары:
    қатынас арқылы (зақымдалған тері)
    алиментарлық
    ауа-шаң (аэрогенді)
    Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.


    Патогенезі
    Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады.
    Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді:
    лимфогенді фаза гематогенді фаза көп ошақты себу жайылу фазасы экзоошақты себу фазасы метомффоз фазасы
    Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты.


    Клиникасы
    Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздіқ асқа тәбеттің болмауы, бастың асқазанның буындардың ауыруы формасында өрбиді.
    Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін.
    Мойында, қолтықтың астында, шапта ісінген лимфа түйіндері пайда болуы мүмкін.
    Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады. Жіктелуі:
    Ағымы бойынша:
      жеңіл орташа ауыр латентті

      Ұзақтығы бойынша:

      жедел (3 айға дейін)
      жеделдеу (6 айға дейін)
      созылмалы (6 айдан кейін)
      ирезидуальды


    Диагностикасы
    бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)
    иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)
    серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)
    аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы


    Емдеу жолдары
    Этиотропты: рифампицин, доксициклин, тетрациклин
    қабылдауға қарсы: вольтарен, напроксен дезинтокциялық: тек ауыр түрінде антигистаминді
    иммунды жүйені қалыптастыру: левамизол, тимамен витаминтерапия физио және симптомдық
    санаторлы-курортық
    Бруцеллёзден сезіктенсеңіз дәрігерден кеңес алыңыз, өйткені көп жағдайда бұл ауру-мен басқа аурупарды шатастырады, ал емдеу үшін көп уақыт та, қаржы да шығын болады.
    Тетрациклинмен емдеңіз: ересектер: 250 миллиграмдық капсулды күніне 4 рет екі түйірден үш апта ішу керек. Сақтану шараларын орындаңыз. Немесе ко-тримоксазол ішіңіз.


    Ку-лихорадка


    ку безгегінің қоздырғышы (ағылш. сұрау-түсініксіз, белгісіз).Ку-қызба-негізінен аэрогендік жұқтыру механизмі бар, қызбамен, тыныс алу жүйесінің зақымдануымен (пневмония) және гепатолиен синдромымен сипатталатын зооантропонозды инфекция.
    кейде жұптасып орналасқан өзек тәрізді немесе сфералық жасушаларөсірудің ең жақсы тәсілі-тауық эмбриондарыантигендерI фаза-беттік полисахаридII фаза-белгісіз химиялық сипаттағы терең орналасқан зат


    Эпидемиология


    Қоздырғыштың көзі ірі және ұсақ мал, жылқы, түйе болып табылады.Инфекция жұқпалы емес, табиғатта қоздырғыштың кеміргіштер мен құстардың көптеген түрлерінің арасында, кенелердің 70-тен астам түрінің қатысуымен жүреді.
    Жұқтыру – аэрогенді (құрамында қоздырғыштары бар аэрозольдерді жұту нәтижесінде)немесе ауызша (ауру жануарлардың етін немесе сүт өнімдерін жеген кезде).1-10 коксиелланың аэрогенді инфекциясы үшін инфекция дозасы.Отбасылық аурудың көзі босанған мысықтар болуы мүмкін.


    Ку-лихорадка: патогенез


    қоздырғыш

    шырышты (оның ішінде зақымданбаған), тері(өкпеге-интерстициальді пневмония)

    қан (риккетсиемия)

    гистиоциттер мен макрофагтарда көбею

    жою генерализация

    токсинемия лихорадка
    АУРУ АДАМ БАСҚАЛАРҒА ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС


    Иерсиниоз - инфекция қоздырғышы фекальді-оральді жолмен берілетін өткір зоонозды бактериалдық ауру. Клиникалық көрінісі полиморфизмді: асқазан-ішек жолдарын, буындарды зақымдаумен, сондай-ақ интоксикация, қызба өршуі және рецидивімен сипатталады.


    Иерсиниоз


    Этиологиясы
    Қоздырғыштары - Yersinia pseudotuberculosis (Y.pst) және Yersinia enterocolitica (Y.ent). Versinia туысына, enterobacteria тұқымдасына жатады. О,Н антигендері бар (Vжәне W-вирулентті антиген). О-антигені бойынша 8 (Y.pst) және 51 (Y.ent) сероварианттары бар. Олар инвазияға және клеткаішілік паразиттауға қабілетті. Сонымен қатар эндо және экзотоксин бөліп шығарады. 22-28С (оптимальды) және 2-4С температурада көбейеді, сыртқы ортаға төзімді.


    Эпидемиологиясы
    Таралуы жергілікті және ошақты. Инфекция көздері: жабайы және синантропты кемірушілер (негізгі резервуар), ауыл шаруашылық жануарлар (ірі қара мал, шошқа, жылқы т.б.), үй жануарлары (ит, мысық), үй және жабайы құстар, адам (ауру және бактериотасымалдаушы). Берілу жолдары: алиментарлы (негізінен жиі жеміс-жидекпен), су арқылы (ашық су қоймалары), тұрмыстық қатынас (жиі ауруханаішілік және жанұялық ошақта). Мезгілі: қыс, көктем айлары. Иммунитет – толық жетілмеген.


    Патогенезі
    Негізгі факторлар: инфекциялық, токсикалық, аллергиялық, иммунопатологиялық Ену жолдары-ішек және ауыз қуысының шырышты қабаты (тоқ ішектің бастапқы бөлігімен, мықын ішектің дистальді бөлімі). Патогенез фазалары: қоздырғыштың енуі және біріншілік зақымдалу (энтеральды), аймақтық ошақтарда көрінуі және жалпы реакция (регионарлы), генерализация, гематогенді диссеминация, 2-лік көп ошақты, реактивті аллергиялық және иммунопатологиялық өзгерістер.


    Клиникасы
    Iшек иерсиниозы мен псевдатуберкулездің клиникалық көрінісі полиморфты және бір-біріне ұқсас. Сондықтан бұлдардың салыстырмалы диагнозы қиян. Иерсиниоздың клиникалық жіктелуі:


    Ауру формасы


    Клиникалық варианты


    гастроинтестинальды


    гастроэнтерин энтеротоксин гастроэнтероколит


    абдоминальді


    мезентеральді
    лимфаденит терминальді колит жедел аппендицит


    генерализденген


    аралас септикалық
    септико-ишемиялық


    2-шілік ошақты


    артриттер түйінді эритема миокардит
    Рейтер синдромы және т.б.


    Клиникасы


    Асқынуы
    токсико-инфекциялық шок жедел бүйрек жетіспеушілігі
    Диагностикасы
    Иерсиниоз диагнозын зертханалық зерттеудің оң (+) қорытындысымен және клинико эпидемиологиялық мәлімет негізінде қояды. Зертханалық әдістер:
    бактериологиялық (фекалин, зәр, қан, ми-жұлын сұйықтығы)
    қандағы, сілекейдегі, зәрде иерсиний антигенін анықтауға ИФА әдісі
    серологиялық (РА, РНГА)
    Салыстырмалы диагнозы: иерсиниоздардың салыстырмалы диагнозын ас-токсикоинфекциясымен, сальмонеллезбен, дизентериямен, скарлатиналық және клиникалық көрінісі ұқсас басқа да аурулармен жүргізді.
    Емі
    Ауру ағымының ауырлығымен және клиникалық формалардың көрінісімен жүргізіледі. Комплекстік емге кіреді:
    режим диета патогенетикалық терапия (дезинтоксикационды)
    этиотропты препараттар (токсициклин, тетрациклин, гентамицин, левомицитин, цефалоспариндер, фторхинолонды препараттар және т.б.)
    Көрсеткіштер бойынша:
    қабынуға қарсы препараттар иммунды корректорлар


    Листериоз-
    Listeria monocytobenes-s шақырылатын, әр түрлі жолымен жұғатын мононуклеарлы фагациттердің зақымдануымен жүретін, жедел тұрде қызбамен, жалпы интоксикациямен өтетін ангиозды, септикалық, жүйелік түрлерінде өтетін зоонозды инфекция.


    Этиологиясы.
    Қоздырғышы листерия- Vertae monocytodens, 1911ж ашылған. Грамм оң, таяқша тәрізді 0,5-2х0,3-5 мкм ширақталған қозғалмалы бактериялар. Әлсіз қышқылды ортада жақсы өседі. Листериозда Н-антиген және О антигені бар. Олар жойылғанда эндотоксин бөледі. Қазіргі күнде листерийлардың 7-і түрі белгілі. Төменгі температураға төзімді, қайнатқан кезде 3-5 минут ішінде өледі. Топырақта, қамыста, лайланған суда бірнеше жылға дейін сақталады. Сүт, ет тағамдарында 4-6С-да өлмейді, керісінше көбейеді. Оларға дезинфекциялық заттар қарсы әсер етеді.
    Эпидемиологиясы.
    Листериоз табиғи ошақты зоонозды инфекция. Қоздырғыштың резервуары болып кемірушілер болып табылады ( тышқандар, егеуқұйрықтар, су крысалары, қояндар) т.б. Қазіргі күнде листериоз үй малдарының 12-түрінде, жабайы мал хайуандардың 91 түрінде тіркелген. Үй жануарларының: қой, ешкі, шошқа, ат, ит, мысық, тауық, қаз үйректерде байқалады.


    Патогенезі:
    Листериялар асқорыту жолдары, тыныс-алу жолдары, аранның шырышты қабаттары және зақымдалған тері арқылы енеді.
    Патогенезінде роль ойнайтын факторлар:
    бактеремия
    токсинемия
    аллергиялық
    Листериозбен ауырған науқастардың қанында антиденелер сақталады және жасушалық иммунитет сақталады.
    Клиникалық көрінісі:
    инкубациялық кезеңі 3-4-5 күнге дейін.
    Төрт клиникалық белгілерін ажыратады:
    1.ангинозды-септикалық;
    2.жүйкелік
    3.септикограниулематозды (ұрықта және нәрестелерде)
    4.көз безділік формасы; Листериозда жедел, жеделдеу, созылмалы және абортивті кезеңдері байқалады. Ең жиі кездесетін түрі ангинозды септикалық түрі – оң.


    Емі.
    Күтім. Витаминге бай тамақтарды қабылдау керек. Емді клиникалық түріне қарай жүргіземіз. Этиотропты емі, антибактериалық препараттар тетрациклиндер , оларды 0,3г-4 рет тәулігіне. Эритрамицин 500 000Eg әр 4 сағат ем 5-7 күнге созылады. Ауру басталған кезде терапиялық дозада левомицетин қолданылады. ОЖЖ зақымданады, тетрациклинді стрептомицинмен қатар береді. Патогенетикалық терапия, глюкокортикоидтар тағайындалады. Дезинтоксикациялық терапия көктамырға 5% глюкоза ерітіндісін 400 мл тамшылатып құяды. Рингер, изотониялық натрий хлорид ерітіндісі қолданылады. 20% альбуцит және 1%-к гидрокортизон эмульсиясы қолданылады. Созылмалы листериозды антибиотиктерді жедел түріндегі қолданылады. 7-10 күн. Содан кейін сульфаниламид препараттарын 7 күндей қолданылады.



    написать администратору сайта