Главная страница
Навигация по странице:

  • Мәтін

  • Тест тапсырмалары екі сРАты мтіндер


    Скачать 94.43 Kb.
    НазваниеТест тапсырмалары екі сРАты мтіндер
    Дата24.05.2023
    Размер94.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаоқу22.docx
    ТипДокументы
    #1157716
    страница2 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

    Мәтін №3


    Жапырақ жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Ол қыстырмалы меристемалардың белсенділігі нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша мүше. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.

    Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрылыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ - тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі - апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.

    1. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы

    1. Тамыры тереңге тартады

    2. Өсуі ұшынан жалғаспайды

    3. Алғашқысы негізгі өркеннен шығады

    4. Жанама өркеннен шығады

    5. Меристемасынан өспейді

    1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

    1. Алғашқы жапырақтар

    2. Нағыз жасыл жапырақ

    3. Жапырақтардың сипаты

    4. Жапырақтардың түсі

    5. Жапырақтардың түрі

    Мәтін №4


    Көшпелілер өмірінде малдың орны ерекше. «Күндік өмірің болса, түстік мал жи» деген бабаларымыз. «Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деп түйеді тағы да. Сәлемдескенде де «мал-жан аман ба?» деп бастайтыны содан. «Көш көлікті болсын!», Қоныс жайлы болсын!» «қойың егіз тапсын!». Бұл тілеулер де шаруашылық ыңғайына қарай қолданылады. «Қой баққанға, шаруаға қыры бар адамға бітеді» дейді бұрынғылар. «Қой қара тасқа, жабағы жеген насқа бітеді» деп те дәріптейді. Қой көшпелі қазақтың кисе – киімі, жесе тамағы. Оның азықтық және тұрмыстағы пайдасы түйе мен жылқы түлігінен артық. Жер мен шөпті де таңдамайды.

    С.Мұқанов бір еңбегінде: «Төңкерістен бұрын 20-25 мың қойы бар байлар жиі кездескен», - деп жазыпты.

    Монғолияның Қобда бетіндегі асқан байдың бірі болған Тоқанұлы Ұлтарақтың тек соғымына 45 жылқы, 10 шақты сиыр, 100 шамасында қой сойылатын болған. Әрине, бұл байдың өз жалшы-малшыларының да қазанын көтеруімен қатар, байға келер қонақтың мөлшерін, жиын-тойдың ауқымын есептегендегі көрсеткіш. Сондай-ақ, XIX ғасырдың соңы кезіндегі мәліметтерге қарағанда «Семей губерниясының бір байы соғымына он жылқы, елу қой, екі- үш сиыр соятын болған» дейді зерттеушілер.

    1. Қой малының артықшылығы

    1. Азықтық пайдасы артық

    2. Тебінге қатты шыдайды

    3. Соғымға көп сойылған

    4. Қара тасқа бітеді

    5. Көшке қолданған

    1. Байлардың соғымға өте көп мал арнауының себебі

    1. Кедей-кепшіктерге таратқан

    2. Отбасында адамдар көп болған

    3. Ауқымды жиын-тойлар көп болған

    4. Асқан бай болған

    5. Жалшыларға таратып отырған.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


    написать администратору сайта