Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Екінші абзацта не туралы айтылған A) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

  • E) Қамысты құрақтағы құстар туралы 2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде

  • D) Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты E) Көл толқындарының бұйралығына байланысты ТӨРТ СҰРАҚТЫ МӘТІНДЕР Мәтін

  • Тест тапсырмалары екі сРАты мтіндер


    Скачать 94.43 Kb.
    НазваниеТест тапсырмалары екі сРАты мтіндер
    Дата24.05.2023
    Размер94.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаоқу22.docx
    ТипДокументы
    #1157716
    страница6 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

    Мәтін №14


    Зайсан көлін ертеде моңғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.
    (90 сөз )

    1. Екінші абзацта не туралы айтылған? A) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

    B) Көлдегі балықтар туралы

    C) Көлдің көлемі туралы

    D) Көл атауы туралы

    E) Қамысты құрақтағы құстар туралы

    2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?

    A) Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.

    B) Көлдің әдемілігіне байланысты

    C) Көк толқындардың жылдамдығына байланысты

    D) Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты

    E) Көл толқындарының бұйралығына байланысты

    ТӨРТ СҰРАҚТЫ МӘТІНДЕР

    Мәтін №15


    Үкімен байланысты қандай салт-дәстүр, әдет-ғұрып бар?

    «Қазақ Энциклопедиясында» үкі тағу салты туралы айтылады. Бұл қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. Қыз бен жiгiттiң көңiл-күйiн орнықтыратын бұл ғұрып халқымызда «қарғыбауын» деп те аталады. Жаушыдан жақсы хабар алған соң, жiгiттiң ата-анасы болашақ келінiнiң үкiсiн (қарғыбауын) арнаулы әзiрленген үкiлi тақия, бiлезiк-сырға, бiр киер бағалы киiм алып, құда- құдағиларына асылдан киiт әзiрлеп, қарғыбауға байлайтын бiр атын жетелеп жаңа құданың үйiне барып «үкi тағу» салтын өткiзедi. Сонымен екi жақтың ресми құда болғандығын ел-жұртқа жария етеді. Қыз ауылы жылы шырай, ыстық ықыласпен қарсы алып күтеді. Құдалар аттанар кезде бұйымтай сұрап, шама-шарқынша шапан жауып аттандырады. Үкінің қауырсынын алу үшін оны өлтірмейді. Өлтірген адамды киесі ұрады деген түсінік бар. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя берген. Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан «олжа алу» салты да болған. Ал, көз тиіп, сұқ қадалмасын деген ниетпен көпшілік алдына шығатын әншілер, бишілердің бөркіне, камзолына, бесікке, домбыраға т.б. үкі қауырсынын тағу – наным-сенім.

    1. Үкіні өлтірмеуінің себебі

    1. Ұстай алмайтындықтан

    2. Киесіз болғандықтан

    3. Еті жарамсыз болғандықтан

    4. Қасиетті болғандықтан

    5. Аз болғандықтан

    1. «Үкі жүндеу» деген атауға тән қатар

    1. Үкіге жем салу

    2. Үкінің жүнін алу

    3. Үкінің қауырсынын тағу

    4. Қызға үкі тағу

    5. Тақияға үкі тағу

    1. Мәтіндегі «Киіт»сөзінің мағынасы

    1. Құдаларға берілетін сый-сияпат

    2. Құдаларға тағылатын үкі жүні

    3. Құдағаларға берілетін сыбаға

    4. Ресми құдалықтың жариясы

    5. Құдағаларға көрсетілген қонақжайлылық

    1. Мәтін мазмұнына алшақ ой

    1. Үкіні жемге тойғызып қоя беріп отырған.

    2. Құдаларға шапан жауып аттандырған.

    3. Құдалаға асылдан киіт кигізген.

    4. Үкі жүндеген ауылдан олжа алған.

    5. Сұқ қадалсын деген ниетпен үкі қауырсынын таққан.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


    написать администратору сайта