Главная страница
Навигация по странице:

  • Мәтін

  • Тест тапсырмалары екі сРАты мтіндер


    Скачать 94.43 Kb.
    НазваниеТест тапсырмалары екі сРАты мтіндер
    Дата24.05.2023
    Размер94.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаоқу22.docx
    ТипДокументы
    #1157716
    страница7 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

    Мәтін №16


    Аңызға сүйенсек, ең алғашқы бесік Жетісу мен Алтайдың бойын мекен еткен Айдархан бидің кезінде пайда болған. Айдархан бидің әкесі, төңірекке белгілі Мизам баба, қазақ даласына ағаш отырғызумен, орманды көбейтумен айналысса керек. Елге сыйлы Мизам баба 150 жыл өмір сүріпті. Өзі сүрген ғұмырында еккен көшет-талдардан үлкен бау-бақшалар өсіп шығыпты.

    Мизам бабаның о дүниеге сапар шеккенінен хабардар қытайлар, бақилық бабаның еңбегін көреалмаушылықпен өртеп жіберіпті. Сол уақытта Мизам бабаның баласы, Айдархан би алыс ауылға сапар шегіп кеткен екен. Би түсінде әкесін көреді, лезде бір сұмдықтың болғанын сезген ол, үйге қарай аттың басын бұрады. Ауылға асығыс жетіп, ну орманның орнында шөл далаға айналған ауылын көріп қатты қапаланады…

    Жылдар өте береді… Айдархан би үйленіп, ең тұңғышы туылады. Бірақ туыла сап, сәби тоқтамай жылай береді. Оған шартарапқа аты шыққан емшілер де көмектесе алмайды. Бір күні бала жылауын тоқтатады. Әкесі қуанып кетіп, жүгіріп үйге кірсе, оны ақ шапан киген бір қария өрттен аман қалған сынық бұтақтарға жатқызып, сәбиді тербетіп отырады. Айдархан би жақын келгенде, ақсақал ғайып болады. Оның орнында қалған ағаш бұтағымен Айдархан, қазіргі

    «бесік» деп айтылып жүрген бұйымды жасайды.

    Осылайша, «бесік» көшпелі қазақ халқының ажырамастай мұрасына айналады.

    1. Қытайлардың Мизам баба еккен ағаштарды өртеуінің себебі

    1. Қызғаныштан

    2. Жағымпаздықтан

    3. Жауласқаннан

    4. Әділетсіздіктен

    5. Еріккеннен

    1. Айдарханның бесік жасауына себеп болған жағдай

    1. Баласы қатты жылағандықтан

    2. Ақсақал айтқандықтан

    3. Баласын тербеткісі келгендіктен

    4. Баласының ағашта тыныш ұйықтауы

    5. Әкесінен қалған ағаш болған соң

    1. Мәтіннің соңғы бөлігіне қатысты мақал-мәтел

    1. Жаман деп бесікке күлме, Тар деп бар есікке күлме.

    2. Ауылым - алтын бесігім.

    3. Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді. D)Бесік–ұшар ұяң,

    Есік алтын шыған.

    E) Өз елің - алтын бесік.

    1. Айдархан бидің қапалануының себебі

    1. Ну орманның өртеніп кеткеніне

    2. Баласының жылай беретініне

    3. Алыс сапарлап кеткеніне

    4. Сұмдықтыңболғанын сезгеніне

    5. Ақсақалдың ғайып болғанына

    Мәтін №17

    Терек қандай ағаш?


    Терек таулы жерде өсетін көктеректен (осина) таралған. Іле Алатауының ылғалды бөктерлерінде, қар көп тоқтап қалатын жерлерде өседі. Қазір теректің түрі көп. Гибридті түрлері де жеткілікті. Суарылуы жақсы болса, бір жылда 2-3 метрге дейін көтеріледі. Бәрі күтіміне байланысты. Қарағай мен еменнің жүз жылда беретін өнімін терек 13-ақ жылда береді. 50-60 жылға дейін өсе береді, сосын ғана өсімі азаяды. Жағдайлы жерде бұл ағаш 120-150 жылға дейін өмір сүреді. Терек – өте әдемі ағаш. Тік өседі. Ағаш өсіргісі келгендердің көпшілігі теректі мамық шашады деп егуден қашқақтайды. Мұның шешімі оп-оңай. Аталық теректен алған шыбық мамық шашпайды. Асықпай қарап жүріп, мамық шашпайтын аталық теректің тұқымын алу керек.

    Теректі егіп, өсіру үшін көп қаражат керек емес. Қалемшесін, шыбықтарын күз соңында немесе ақпан айында кесіп алып, көлеңкелі жерге көміп тастаған дұрыс. Қазылған жердің тереңдігі бір жарым метрдей болса жетеді. Осы ұраға терек шыбықтарын елу-елуден байлап, үстіне сабан тастап, көміп тастаңыз. Сәуір айының 27-29-ы аралығында қайтадан аршып алып, 20- 25 сантиметр қалемшелеп кесіп, жерге қисығынан қадау керек. Қисық дегенде, шамамен 45 градустай, көлбеу егілгені жөн. Мұның себебі – көлбеу егілген кезде шыбықтың буындары жерге тиіп тұрады да, ағаш осы буындардан өсіп шығады. Негізгі өскін жерден нәр алып тұрғасын тез тамырланады.

    1. Мәтін мазмұнына алшақ ой

    1. Терек өсіру үшін көп қаражат керек емес.

    2. Терек тік өседі.

    3. Негізгі өскіні жай тамырланған.

    4. Терек 150 жылға дейін өмір сүре алады.

    5. Терек өнімді тез береді.

    1. Терек буындардан өсіп шығуы үшін жасалатын әрекет

    1. Жерге қисық қадау керек

    2. Көлбеу егілуі керек

    3. Аршып алу керек

    4. Қалемшегін кесу керек

    5. Жерді 1,5 метрдей қазу керек

    1. Мәтін мазмұнына лайықты мақал-мәтел

    1. Ағаш көркі жапырақ

    2. Адам досымен, ағаш тамырымен мықты.

    3. Жаңбыр бір жауса, Терек екі жауады

    4. Ағаш екпей, жеміс бермес.

    5. Қанатсыз құс- Жапырақсыз ағаш

    1. Теректің өсу жерлері

    1. Ылғалды жерлерде

    2. Қар тоқтамайтын жерлерде

    3. Тау бөктерлерінде

    4. Ашық алаңқайларда

    5. Шөлді жерлерде
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


    написать администратору сайта