Главная страница
Навигация по странице:

  • Мәтін

  • Тест тапсырмалары екі сРАты мтіндер


    Скачать 94.43 Kb.
    НазваниеТест тапсырмалары екі сРАты мтіндер
    Дата24.05.2023
    Размер94.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаоқу22.docx
    ТипДокументы
    #1157716
    страница3 из 14
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

    Мәтін №5


    Қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл ғұмырында төрт түліксіз күні кем. Салт-дәстүрінде, өлең-жырында, тұрмыс тіршілігінде берік орын тепкен. Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет тойы, келін түсіру, құда шақыру - бәрі мал өнімінсіз өтпеген. Мәселен, құдаларға сойылған малдың етін жеместен бұрын құйрық-бауыр асатады. Жаңа сойылған қойдың мүше бөліктері, кұданың сыбағасы - жамбас салынған «құда табақ» тарту бәрінде жарасымды әдеп, биік парасат жатыр. Қонақ күту рәсімі өз алдына бөлек мектеп. Сыйлы адамдарға жасының үлкен кішілігіне карап сыбаға жасалады. Ақсақалға бас тартылады. Басты ұстау, одан дәм таттыру, орнымен үлестіру де өнер.

    1. Мал өнімінің қажеттілігі

    1. Салт-дәстүрде қолданған.

    2. Жиын- тойларда басты ас ретінде саналған.

    3. Құдаларға арналған ас ретінде саналған.

    4. Адамдардың сыбағасы болған.

    5. Ақсақалға басын тартқан.

    1. Мәтін бойынша мал өнімінің пайдасы

    1. Онсыз жиын-той өтпеген

    2. Киім тігу өнімі болған

    3. Жарасымдылыққа шақырған

    4. Парасатты дәріптеген

    5. Сыбаға берілген

    Мәтін №6


    Таралғы немесе үзеңгі бау ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп, үзеңгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп жасайды. Жайшылықта үзеңгі бау бір қабат болса, жаугершілік кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ат үстінде тұрып садақ тарту немесе найзаласу кезінде негізгі күш үзеңгі бауға түседі. Сондықтан да үзеңгі бау немесе таралғының сайыс кезінде маңызы өте зор болған. Қазақтың ауызекі сөзіндегі: «Үзеңгі бауы сегіз қабат, ас үстінде шіреніп...» деген тіркесі тегін айтылмаса керек.

    1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

    1. Қайыс бау

    2. Ат тұрманы

    3. Сарбаздар үзеңгісі

    4. Үзеңгі бау

    5. Ат әбзелдері

    1. Үзеңгі бауды бірнеше қабаттан салуының мәнісі

    1. Үзеңгі дұрыс тұруы үшін

    2. Күш түскенде үзілмес үшін

    3. Қайысы әлсіз болған соң

    4. Маңызы зор болғаны үшін

    5. Қайысы үші елі болған үшін

    Мәтін №7


    Жігіт қуу - барлығы 10-20 адам қатысатын жігіттердің ат ойыны. Әркім өз атымен қатысады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші арасы 1-2 шақырымдай жерден екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, оның басына тұмақ кигізеді, екінші көмбеде өзі тұрады. Екі топтан екі адамды шақырып біреуіне қолына белбеу немесе орамал береді. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбеге қарай шаба жөнеледі. Белбеу алған ойыншы екіншісін көмбеге қуып жетіп ұруы керек те, көмбеге жеткен соң белбеуді тұмақтың үстіне тастап, қайта қашады. Екінші ойыншы белбеуді алып, қарсыласын көмбеге жеткенше қуып жетіп ұруы керек. Енді ойынға келесі екі атты адам шақырылып, олар да соны істейді. Қай топтың ойыншысы қарсыласын көп ұстаса сол топ жеңген болып есептеледі.(«Қазақтар» анықтамалығынан)

    1. Екі көмбе арасындағы қашықтық

    1. 1-2 метрдей

    2. 100-300 метрдей

    3. 1-2 километрдей

    4. 100-2000 метрде

    5. 1000-200 шақырымдай

    1. Жеңген топты анықтау жолы

    1. Таяқ көп жеген топпен анықтаған

    2. Қашып ұстатпаған топпен анықтаған

    3. Ойыншысы көп жеңген топпен анықтаған

    4. Көмбеге шаба алған топпен анықтаған

    5. Белбеу немесе орамал алған топпен анықтаған
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


    написать администратору сайта