Главная страница

7 сынып қаз тілі ктп. Тсінік хат Оу жоспары, пн туралы тсініктеме, сынып, жылды жктеме


Скачать 69.07 Kb.
НазваниеТсінік хат Оу жоспары, пн туралы тсініктеме, сынып, жылды жктеме
Дата25.05.2023
Размер69.07 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла7 сынып қаз тілі ктп.docx
ТипДокументы
#1158706
страница1 из 5
  1   2   3   4   5


Түсінік хат

  1. Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме.

Орта мерзімді оқу жоспары қазақ мектептерінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептерінің 7-сыныбына әзірленді.

Орта мерзімді оқу жоспары мұғалімге лексикалық тақырыптар негізінде, оқушы игеруге тиіс оқу дағдыларын дамыту жолдарын ұсынып, белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көмек беруді көздейді.

Орта мерзімді оқу жоспары оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, алған білімін өмірдің кез келген саласында тиімді қолдана білуіне ықпал етеді.

Пәнді оқытуға аптасына 3 сағаттан, барлығы 108 сағат бөлінген.


  1. Лексикалық тақырыптар мақсаты.

Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес орта мерзімді жоспардағы 10 бөлімде төмендегі лексикалық тақырыптар қамтылған: «Ауа райы және климаттық өзгерістер», «Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық – зор байлық», «Сүйіспеншілік пен достық», «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы», «Ғаламтор және әлеуметтік желілер», «Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар», «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым», «Ғылыми фантастика». Лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.

  1. Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары

Оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде 7- сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым). Әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.

  1. Пәнаралық байланыс, шынайы өмірменбайланыс.

7- сыныптың орта мерзімді жоспарындағы лексикалық тақырыптарды меңгерту

«География», «Биология» , «Музыка», «Информатика», «Физика», «Бейнелеу өнері», «Дене шынықтыру», «Технология», «Қазақстан тарихы» пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Пәндерді кіріктіріп оқыту кезінде басқа пән мұғалімдерімен бірлесіп, командалық сабақ жоспарларын әзірлеуге болады. Сондай-ақ, осы пәндермен кіріктірілген сабақ жоспарын құрып жүргізуіне болады. Мұғалім қазақ тілін басқа пәндермен тығыз байланыста оқыту арқылы оқушының академиялық сөйлеу және жазба тілін қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Лексикалық тақырыптар ретінде сұрыпталып іріктелінген мәтіндер мен оларға байланысты құрылған тапсырмалар шынайы өмірмен байланысты жағдаяттардан туындап немесе соған жуықтатылуы тиіс. Сонымен қатар, оқу материалдарының мазмұны мен тапсырмалардың орындалу логикасы оқушылардың даму деңгейіне сай ойлау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкес таңдалынады.

  1. Грамматиканы функционалдық - коммуникативтік мәнмәтінде оқыту

Орта мерзімді жоспарда оқушылар меңгеруге тиісті грамматикалық тақырыптар көрсетілген:

  • Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу;

  • Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану;

  • Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініпқолдану;

  • Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану;

  • Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініпқолдану;

  • Шылау түрлерін ажырата білу, орындықолдану;

  • Одағай түрлерін ажырата білу,қолдану;

  • Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырат абілу;

  • Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.

Қазақ тілін қазақ мектебінде ана тілі ретінде дәстүрлі оқытуда грамматиканы «тіл формасынан тіл мазмұнына қарай жүрумен» оқытып келсе, грамматиканы функционалдық оқытуда «тіл бірлігінің қызметінен оның формасына қарай жүру» логикасына қарай өзгерді.

Бір жағынан, нақты мәнмәтінде, мәтінде қандай грамматикалық құралдар қатысып тұрғанын көрсету мақсаты көзделінсе, екінші жағынан, грамматикалық тәсілдер тобы арқылы берілетін семантикалық функцияларды талдау мен жинақтау көзделеді.

Грамматиканы функционалдық тұрғыдан оқытуда грамматикалық бірліктердің функциялары мен формалары тығыз бірлікте қарастырылады.

Грамматиканың формалды жағы – грамматикалық бірліктердің таптарға жіктелуі, категорияларға бөлінуі арқылы танылады.

Енді осы грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту функционалдық грамматиканың міндеті болып табылады.

Сөйтіп, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру бірізділігі оның білдіретін мағыналық қызметімен тығыз байланыста жүргізілуі керек. Ондай мүмкіндіктер мәтіндерді қолдана отырып оқытуда молынан табылады.

Қазақ тілін оқытудың жаңа басым бағыттары: функционалдық, мәтінге негізделген, коммуникативтік әрекет.

Сондықтан қазақ тілі сабақтарының заманауи талаптары: тіл бірліктерінің мәтін құраушы және көркем - мәнерлі функцияларын таныту негізінде құрылған жаңа білім мазмұны, грамматиканы функционалдық негізде оқытудағы мәтіннің білім көзі ретіндегі маңызды орны, қазақ тілі мен қазақша сөйлеу және жазба тілінің тұтастықта танылуын көздейтін жаттығулар жүйесі.


  1. Қазақ тілін функционалдық - коммуникативтік тұрғыдан оқытудың әдіс- тәсілдері.

Орта мерзімді жоспарда ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың оқу және ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған. Коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс.
Тыңдалымға арналаған сабақ құрылымы:

  • Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.

  • Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.

  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарғ аөз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүреді. Мұғалім тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын дискуссия, дебат, сұхбат және т.б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырады.

Оқылымға арналған сабақ құрылымы:

  • Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, сөздерді алдын - ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

  • Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

  • Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып , жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесіменде байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек.

Жазылымға арналған сабақ құрылымы:

Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.

Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.

Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі.

Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны дабереді.

Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни өз жұмысының артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:

  • Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтапалу;

  • ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;

  • шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру

  • түзету және редакциялау ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)

  • тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)

  • дұрыс нұсқаны (екінші немесе соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.


Орта мерзімді жоспардағы оқу мақсаттарын жүзеге асыруда ұсынылған әдіс- тәсілдермен қатар, мұғалім өзі тиімді деп тапқан басқа әдіс-тәсілдерді де қолдана алады.

  1. Ресурстармен жұмыс туралы

Қазақ тілі сабақтарында мұғалім оқулықтармен қатар, ғаламтор желісінен алынған есту және көру материалдарын, аудиохабарламаларды, телебағдарламаларды, газет- журналдардан алынған ақпараттарды, кесте, диаграмма, сызбаларда берілген мәліметтерді де таңдай алады.

Оқу жоспарында ұсынылған ресурстар мұғалім үшін бағыт-бағдар ретінде беріліп отыр. Мұғалім оларды қажеттілігіне, сынып деңгейіне, жас ерекшелігіне қарай өзгерте алады

«Қазақ тілі» пәні бойынша

күнтізбелік - тақырыптық жоспар

7-сынып

Жылына- 108 с, аптасына - 3 c.

Р/с

Ауыспалы тақырыптар




Тақырыптар /

Ұзақ мерзімді

жоспардың мазмұны

Оқу мақсаты

Cағат саны

Күні

Ескертпе




1-тоқсан 25 сағат







1

1-бөлім:
Ауа райы және климаттық өзгерістер

1


Табиғат пен Адам – егіз ұғым

7.Т/А1.Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. (Үндестік заңы)


1







2

2

Ауаның ластануы

7.Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.

ӘТН2. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. (Буын үндестігі)


1






3

3

Қазақстан климаты

7.О1. Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.

7.ӘТН2Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. (Ерін үндестігі)


1







4

4


Көктем туды


7.Т/А4. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.

7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.


1







5

5

Жаз шықты

7.О1. Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. (Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар. Интонация)


1







6

6


Күз келді.

7.О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

7.ӘТН2Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.

(Интонацияның сөйлеу тіліндегі қызметі.) ( Сөйлеудегі кідірістің қызметі)


1







7

7

Қыс түсті

7. О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. ( Сөйлеудегі кідірістің қызметі)

1







8

8


Әлемдегі ең ыстық аймақтар

7.Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану. (Логикалық екпін. Ой екпіні)


1







9

9

Әлемдегі ең суық аймақтар

7.Т/А4. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау


1








10

2-бөлім: Көшпенділер мәдениеті

10

Көшпенділер кімдер?

7.Т/А2. Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік

құралдар арқылы тану.

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (фразеологизм туралы түсінік)


1







11

11

Көш

7.О3. Хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

7ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (фразеологизм түрлері)


1







12

12

Киіз үй

7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік

құралдар арқылы тану.

7.Ж1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

.(Фразеологизмдердің көпмағыналылығы. Фразеологиялық омонимдер)


1







13

13

Жайлау

7.Т/А6.Коммуникативтік жағдаятқа сайкөркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (Фразеологиялық синонимдер)


1







14

14

Қыстау

7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (Фразеологиялық антонимдер)


1







15

15

Төрт түлік

7.Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды

орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу.

7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.(Фраз. грамматикалық сипаты)


1







16

16

Атты әскер

7.Т/А2. Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (Фразеологиялық ұйытқы сөздер)


1







17

17

Ер қанаты - ат

7.О3. Хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

7.Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу.


1







18

3-бөлім:
Денсаулық- зор байлық

18

Бірінші байлық – денсаулық

7.Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

7.Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу.

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (Мақал-мәтелдер туралы түсінік)


1









19

19

Таза табиғат- денсаулық негізі

7.О1 Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

(Мақал мен мәтел ұқсастығы мен айырмашылығы)

1







20

20

Саламатты өмір салты

7.Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жазу.

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (Мақал-мәтелдердің құрылымдық түрлері)

1







21

21

Ас – адамның арқауы

7.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сайкөркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (Мақал-мәтелдердің тақырыптық топтары)

1







22

22

Қазақстандағы сауықтыру мекемелері

7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні)

Бөлім бойынша жиынтық бағалау


1







23

23

Дәрілік өсімдіктер

7.Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу.(дискуссивті эссе)

7.ӘТН3. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. (Мақал-мәтелдердің ұлттық сипаты)

1






  1   2   3   4   5


написать администратору сайта