Главная страница
Навигация по странице:

  • Туберкулездің алдын алу шаралары

  • Дәрілік ем:1.

  • Туберкулезді емдейтін дәрілердің жанама әсері

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Кіріспе. Туберкулез бл жпалы ауру. Ауру кзі туберкулезді жпалы трімен ауыратын адамдар. Жтыру аупі, сіресе, тиісті желдетілмейтін жне адамдар кп шоырланан жерлерде аса жоары


    Скачать 27.95 Kb.
    НазваниеТуберкулез бл жпалы ауру. Ауру кзі туберкулезді жпалы трімен ауыратын адамдар. Жтыру аупі, сіресе, тиісті желдетілмейтін жне адамдар кп шоырланан жерлерде аса жоары
    Дата15.11.2018
    Размер27.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКіріспе.docx
    ТипДокументы
    #56576

    Кіріспе
    Туберкулез – бұл жұқпалы ауру. Ауру көзі – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар. Жұқтыру қаупі, әсіресе, тиісті желдетілмейтін және адамдар көп шоғырланған жерлерде аса жоғары. Туберкулез ағзаның иммундық күштерінің әлсіреуінен туындауы мүмкін (жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, стресстік жағдайлар). Зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану) туберкулездің тез дамуына ықпал етеді. Туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастар жөтелгенде, түшкіргенде, түкіргенде таралатындығын ескеру керек. Осыған сәйкес бактерия бөлуші науқаспен қатынас жиі болған сайын оның айналасындағыларға  да сондай жиілікте туберкулез таяқшалары өкпе тыныс жолдары арқылы өтетінін әрдайым есте ұстағаныңыз жөн.

    Туберкулез микобактериясын жұқтыруға аз мөлшерде микробактериялар да жеткілікті. Әрбір ем қабылдамайтын бактерия бөлуші жылына 10-15 адамға науқасын жұқтырады. Бірақ микобактерияны жұқтырған адамдардың барлығы туберкулезбен ауыра бермейді.

    Тек қана микобактерияны жұқтырғандардың 5-10 пайызы ғана туберкулездің беосенді және жұқпалы түрі дамиды. Көпшілік жағдайда иммундық жуйе ұзақ жылдар бойы микобактериялардың көбейуіне жол бермейді. Егер адамның иммунндық жүйесі әлсіреген сайын оның туберкулез микобактериясы ауруына шалдығу мүмкіндігі де жоғарылайды.Көп жағдайда туберкулез микобактериясы өкпені зақымдайды. Бұндай жағдай өкпе туберкулезі деп аталады. Туберкулез микобактериясы дененің басқа да мүшелерін зақымдай алады, ми, сүйек, буындар, бүйрек және лимфа түйіндері. Бұндай түрлер өкпеден тыс туберкулез микобактериясы деп аталады. Туберкулез ешбір белгісіз өтуі мүмкін, бірақ көп жағдайда науқастарды дәрігерге қаралуға мәжбүрлейтін белгілер болады.Туберкулез бірте-бірте дамиды, дәрігерге қаралғанда  кейбір белгілер тіпті апталап немесе айлап болуы мүмкін. Өкпе туберкулезінің белгісі болып 2 апта бойы қақырықты жөтелдің болуы. Бұндай белгі байқалған барлық науқастар шұғыл түрде қақырықты зерттеуге өткізулері керек. Екі-үш апта бойындағы жөтел көп жағдайда төменде көрсетілген белгілердің біреуімен қатар болуы мүмкін:

    - дене салмағының төмендеуі; - шаршағыштық; - ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі; - түнгі тершендік; - кеуде ауырсынуы, шаншуы; -алқыну; - тәбеттің болмауы; - қан түкіру. Осы белгілер пайда болған әрбір азамат тұрғылықты жеріне байланысты емханаға барғаны дұрыс.

      Алғашқы медициналық-санитарлық жүйенің дәрігері науқасты флюрографиялық және микроскопиялық зерттеулерге жібереді, тек туберкулез микобактериясы ғана абсалютты диагноздың қойылуына себеп бола алады. Қақырық жағымынын микроскопиялық зерттеу – шұғыл.

    Сондай-ақ туберкулезді ерте анықтау мақсатында алғашқы медициналық – санитарлық көмек жүйесінде «қауіп -қатер» тобы құрылады, аталғандар жылда флюрографиялық тексерулерден өткізіледі:

    - перзентханалардың,  балалар ауруханалары, нәрестелер патологиясы мен шала туылғандар-бөлімшесінің жұмыскерлері;

    - туберкулезге қарсы мекемелердің қызметкерлері;

    - әскерге шақырылған сарбаздар;

    - жоғары оқу орындары мен училищелерінің студенттері;

    - 15-17 жастағы жасөспірімдер;

    - перзентханадан шыққан әйелдер бір ай көлемінде;

    - өкпе, қант диабетінен, АИВ/ЖИТС-пен, алкоголизм және нашақорлықпен диспансерлік есепте тұратын науқастар;

    - өкпесінде кез келген этиологиялық қалдықты өзгерістері бар адамдар;

    - туберкулезбен ауырған науқастарымен қатынаста болғандар;

    - мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері;

    - емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметкерлері;

    - тергеудегі және сотталғандар;

    - қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік жүйесі қызметкерлері мен әскери қызметкерлері;

    - Қазақстан Республикасына тұрғылықты өмір сүруге келген адамдар.

    Туберкулез ауа тамшыларымен таралуына байланысты әр бір адамның жұқтыру қаупі бар, өйткені ауа барлығына бірдей. Көбіне туберкулезге шалдығудың үлкен қатері туберкулездің ашық түріне шалдыққан науқастармен балалардың қатынаста болуы. Сондықтан да туберкулезбен күресте алдын алу өте пайдалы. Туберкулез – бұл тек қана медициналық емес сонымен қатар қоғамдық проблема. Сондықтан туберкулездің өсуін, өзінің күнделікті өмірінде туберкулез туралы білімін қолданылатын кезкелген адам тоқтата алады.

    Туберкулездің алдын алу шаралары

    1. БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде милиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттің дамуы мен таралуын және асқынуын тежейді.

    2. Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақтылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап, жылына 1 рет салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен папуланы (түйінді) өлшеу арқылы белгілі болады. Папуланың тек көлденең өлшемі тіркеледі, ал қызарған аймағы есептелмейді. 
    3. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу,бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.

    4. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
    5.Жеке гигиеналық ыдыстар мен құралдарды пайдалану

    6.Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу

    7. Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:

    1.үйді тұрақты түрде желдету
    2. айналаңдағыларға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру.
    3. көпшілік жүргіншілердің қозғалысы басталмай тұрып, таңертеңгі уақытта көшелер мен аулаларды тазарту, бұл шаңнан мүмкін болатын Кох таяқшасын жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
    4. тура күн сәулелері 5 минут ішінде туберкулез қоздырғыштарын өлтіреді; .
    5.1% натрий гипохлориді қақырықты ерітіп, туберкулез таяқшасын тез жояды;.
    6.Кох таяқшасы 60Стемпературада 20 минуттан кейін және70С температурада 5 минуттан кейін өледі;.
    7. науқас пайдаланған қағаз беторамалдарды міндетті түрде өртеу керек;.
    8. көрпелер мен жүннен жасалған заттарды желге қағу және күнге жаю залалсыздандырудың ең қарапайым әрі жақсы әдісі болып табылады. Сондай-ақ, туберкулез бактериялары жоғары температураға сезімтал келеді;.
    9. сонымен қатар, Кох таяқшасына хлор белсенді әсер етеді, сондықтан хлорамин ерітіндісін, хлорлы әкті зарарсыздандыру үшін жиі қолданады.

    Аурудың емі

    Емдеу – туберкулезға қарсы антибиотиктерді қолданады. Алдын алу – БЦЖ вакцинасы –тірі әлсіреген бактериялардын турады. Туберкулез кезінде стерилды емес иммунитет пайда болады, яғни қоздырғыш ағзада болғанда ғана тузеледі.Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.Туберкулездің емі кешенді ( комплексті) түрде, үзіліссіз сатылап, ұзақ жүргізілуі қажет. Емдеудің 1-ші сатысы арнайы туберкулез диспансерінде жүргізіледі. Емнің негізгі бір шарты – таза ауаны кеңінен қолдану. Ауру баланы жылдың кез- келген мезгілінде таза ауамен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да туберкулез диспансері орманды, тоғайлы, ауасы өте таза жерлерге орналасқан жөн. Күн тәртібі – бала ауыр жағдайларда ғана төсек режимінде болады. Баланың ұйқысы тыныш, ұзақ болуы керек. Тамақтандыру ерекшелігі – баланың жасына қарағанда калориясы 15-20 % артық тағамдар тағайындалады. Тамақ құнарлы, витаминдерге бай, алуан түрлі болуы керек. Туберкулездің емінде қымыз, қымырын кеңінен пайдаланылады.

    Дәрілік ем:1. Антибактериальды- кейінгі жылдары итальяндық ғалымдар жүргізген көптеген лабораториялық және клиникалық зерттеулерден соң ең тиімді, ең таңдаулы 5 түрлі дәріге тоқталған: рифампицин, стрептомицин, пиразинамид, изониазид, этамбутол.

    2.Витаминдер

    1. Қан, плазма құю

    2. Кортикостероидтар

     ДОТС жоспарымен емдеу. Туберкулезді ДОТС жоспарына сәйкес емдеудің негізгі принципі – тікелей бақылаулы, қысқа мерзімнің ішінде қарқындыбелсенді ем жүргізу болып табылады. Микобактериялардың сыртқа бөлінуі тоқтағанша арнайы туберкулез диспансерінде, одан кейін бактериялар толық жойылғанша амбулаториялық жағдайда ем жалғастырылады. Ем жүргізу үшін жоғарыда аталған негізгі 5 препарат қолданылады:H-изониазид, R-рифампицин, Z- пиразинамид, S- стрептомицин, E- этамбутол.

    Туберкулезді емдейтін дәрілердің жанама әсері

    Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастардың 5-10 % да дәрінің мынандай жанама әсерлері байқалады: тәбеттің төмендеуі, жүректің айнауы, құсу, дененің қышуы, іштің ауруы, терінің және көз шарасының сарғаюы, буындардың ауруы, көздің көруінің төмендеуі.Негізінде жоғарыда айтылған дәрінің жанама әсерлерің емді тоқтатпай-ақ қайтаруға болады.Дәрінің жанама әсерін немесе жақпағанын дәлелдемей емді тоқтату туберкулездің мультирезистенттік( дәріге төзімді) және созылмалы түрінің пайда болуына алып келеді.Мультирезистенттік ( дәріге төзімді) туберкулез- туберкулездің ең қауіптігі түрі. Себебі, туберкулез таяқшалары ауруға қарсы қолданатын негізгі дәрілерге бой үйретіп алады.Мультирезистенттік туберкулез – ауруды дұрыс емдеумен нәтижесінде, әсіресе қандай да бір сылтаумен дәрі қабылдауды тоқтатқаннан пайда болады. Аурудың бұл түрін емдеу өте қиын, әрі ұзаққа кем дегенде 18-21 айға созылады. Сондықтан туберкулезбен ауыратындар, олардың жақындары, емдеу жұмысына қатысатын барлық медицина қызметкерлері туберкулезді емдеу барысында емді ешқашан үзуге болмайтынын білуі тиіс.Емнің барысында, аяғында қақырықтың барлық анализінде туберкулез таяқшалары табылмаса, ем нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда дәрігер науқас туберкулезден толық жазылды деп шешім қабылдайды, ал ауырған адам сау адамдар қатарына қосылып, отбасында, жұмыста, басқа да қоғамдық орындарда еркін жүре алады.Аурудан жазылған адамдардың кейбіреуінде жағымсыз факторлардың әсерінен ( нашар тамақтану, жиі суықтап қалу, қатты шаршау, маскүнемдікке, нашақорлыққа салыну т.б) туберкулездің қайталануы мүмкін. Сондықтан, туберкулезден емделіп жазылғандардың бәрі, егер жөтел қайта қайталанса дәрігерге дереу қаралып, қақырығында туберкулез таяқшаларының бар-жоқтығын тексертуі керек.

    Қорытынды

     Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен Туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда – Туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге Туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар Туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды.

    Жалпы жұқпалы аурулардың қоздырғышы- микробтардан табылуы Голландия ғалымы Левингуктың үлкейтіп көрсететін шыны линзасының жарыққа шығыуымен байланысты. Тұнғыш қарапайым микроскопты құрастырған және бірінші болып құжынаған микроптарды көрген де осы Анатолий Левинчук еді. 
    Дегенмен, жұқпалы аурулардың ішіндегі туберкулез қоздырғышын табу онай болмады. Көп жылдар бойы іздену барысында неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылы туберкулездің қоздырғышын тауып, қауіпті әрі жұқпалы ауларға қарсы нақтылы күрес жүргізу ісіне баға жетпес үлес қосты. Бірнеше есе үлкейтіп микроскоппен қарағанда туберкулез микробы сәл ғана иілген таяқша сияқты болып көрінеді. Бұл аурудың қоздырғышын алғашқы кезде “ кох таяқшасы” немесе “туберкулез” таяқшасы деп атап келгенімен соңғы уақытта мұны туберкулез деп атайтын болды.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Ғаламтор желісі, сілтеме: http://kazmedic.kz/archives/1890

    2. Ғаламтор желісі, сілтеме: kaz.kz/balalardagy-tuberkulez-dots-bagdarlamasy/

    3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»

    4. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.

     


    написать администратору сайта