Главная страница

Положения об аттестации персонала (1). Утверждаю директор Сарсенбаев Е. Ж. 2021 г. Положение об аттестации работников кгп на пхв Служба скорой медицинской помощи


Скачать 134.08 Kb.
НазваниеУтверждаю директор Сарсенбаев Е. Ж. 2021 г. Положение об аттестации работников кгп на пхв Служба скорой медицинской помощи
Дата01.09.2021
Размер134.08 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПоложения об аттестации персонала (1).docx
ТипДокументы
#228729
страница4 из 6
1   2   3   4   5   6
1   2   3   4   5   6



Далалық госпитальде ұзақ жаншылу синдромы бар әскери қызметкерде көктамырішіне промедолды енгізу кезінде кенеттен әлсіздік, бас айналу, тұншығу, тері жабындарының қышынуы және гиперемиясы туындады. АҚ 60/40 мм с.б. Қандай дәрілік затты қолдану ЕҢ тиімді болып табылады?



Далалық госпитальде ұзақ жаншылу синдромы бар зардап шегушіге көктамырішіне цефтриаксон енгізу кезінде кенеттен әлсіздік, бас айналу, тұншығу, тері жабындарының қышынуы және гиперемиясы туындады. АҚ 60/40 мм с.б. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:



Лаңкестік әрекет нәтижесіндегі жарылыс кезінде ер адамның сыртқы киімі тұтанды, беттің, денесінің күйігі туындады, тежелген, пульс жиілеген. АҚ 70/40 мм с.б. Берілген жағдайдың ЕҢ ықтимал себебін анықтаңыз:



Жедел жәрдем бригадасы рация арқылы келесідей шақырту алды: «белгісіз ер кісі далада ессіз күйде жатыр». Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына ережелерге сай қанша уақытта жету керек?



Жедел жәрдем бригадасының «алкогольмен улану» жөніндегі шақыртуында 44 жасар науқас А. анықталды. Жағдайы: алкогольмен орташа дәрежелі мастану. Соматикалық статусында өмірге қауіпті өзгерістер табылған жоқ. Госпитализацияға көрсеткіштер жоқ, туысқандары науқастың алкогольді мастануы жөнінде анықтама беруді талап етті. Осы кездегі жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз:



Жедел медициналық көмекті ұйымдастыру ұйымы орындайды:



Бригада шақыртуға келген кезде, 45 жасар ер кісі ессіз күйде анықталды. Жалғыз тұрады, пәтерді көршілері терезе арқылы кіріп ашқан. Жедел жәрдем дәрігері науқасты госпитализациялау керек деп шешім қабылдады. Жедел жәрдем бригадасының дұрыс тактикасын көрсетіңіз:



Бригада рация арқылы шақырту алды: «қолын кесіп алған». Шақыртуға келген кезде психомоторлы қозудағы, қолдары терең кесілген, артериальді қансырау белгілері бар науқас анықталды. Туыстарының айтуы бойынша, науқас психоневрологиялық диспансерде «Шизофрения» диагнозымен тіркеуде тұрады. Бригаданың рациональді тактикасын көрсетіңіз:



Бригада ессіз күйдегі науқасқа далада көмек көрсетіп жатыр, оның өзімен бірге табылған заттарын сипаттаудың кезектілігін көрсетіңіз:



Науқас Т., 57 жасар, S-T сегментінің көтерілуімен ЖКС диагностикаланды. Сол жерде көмек көрсетілді. Көрсетілген терапия фонында жағдайы салыстырмалы тұрақты. Науқас госпитализациядан бас тартып отыр. Жедел жәрдемнің кардиологиялық бригадасының тактикасын көрсетіңіз:



Госпитализацияға көрсеткіштері бар, орташа дәрежелі мастанудағы науқасқа көмек көрсетудегі жедел жәрдем бригадасының іс-қимылының дұрыс кезектілігін көрсетіңіз:



Бригада шақыртуға келді, оқпен жарақатталған науқас анықталды. Жедел жәрдем бригадасының рациональді тактикасын көрсетіңіз:



Клиникалық өлім кезінде электрикалық дефибриллятордың қолжетімді жағдайда (American Heart Association, 2015 сәйкес) реанимациялық іс шараларды, оған қарамастан, бастау қажет



Кардиоревматология бөлімшесінде 5 жастағы, дене салмағы 20 кг бала қаралады. Кенеттен жүрек қызметінің тоқтауы орын алды. ЭКГ-да деформацияланған кеңейген комплекстер, минутына 160 жиілікте. Дұрыс тактиканы көрсетіңіз:



Морганьи-Адамс-Стокс синдромының себептерінің бірі толық атриовентрикулярлы блокада екені белгілі. Оның көріністері қандай:



Жедел жәрдем бригадасы электроимпульсты терапияның кардиоверсия түрін қай кезде қолдана алады:



Н ауқас Т., 44 жаста, есі жоқ, кардиомониторда мына ЭКГ көрінісі көрсетілген, сіздің әрекетіңіз? (см картинку).



50 жасар ер адам бірден қорылдап, құлады, бір рет генерализацияланған тонико-клоникалық тырысулар болды. Ірі тамырларда пульс анықталмайды. Осы жағдайды болжамдап, сіздің тактикаңызды көрсетіңіз:



Жүрек маңы ауырып жатқан науқасқа шақырту. Қарау кезінде ЖКС күдіктену. Анальгетиктер тағайындау тактикасын көрсетіңіз:



Науқас М., 56 жаста, жедел миокард инфаркты фонында қауіпті критикалық брадикардия дамыды, сіздің тактикаңыз:



Науқас И., 60 жаста, анамнезінде ұзаққа созылған ЖИА. Физикалық жүктемеден кейін айқын ентігу, тыныс алудың қиындауымен тұншығу, әлсіздік, бас айналу пайда болды. Өкпе аускультациясында тыныс везикулярлы, сырыл жоқ. ЭКГ-да I, II, V3-V6 тіркемелерде ST сегментінің «мысық арқасы» типті көтерілуі анықталды. Жедел көмек көрсету барысындағы бірінші топ препараттары:



8 жастағы балаға шақырту, анамнезінде жүректің туа біткен ақауы. Қарау кезінде шағымдары жүрек жұмысындағы үзілістер, кенет ентігу. ЖСЖ минутына - 160 соққы. АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ. ЭКГ қысқа комплексті қарынша үстілік тахиаритмия . Көмек көлемін көрсетіңіз:



ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлы синдромы бар науқасты қарау кезінде артериялық қысым 190/130 мм с.б., ЖСС минутына 98 рет, пульс минутына 98 рет, аускультация кезінде: везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жедел көмек көрсету үшін бірінші қатардағы препаратты таңдаңыз:



Жабық күш түсулік пневмотораксқа тән:



Бронх демікпесінің негізгі клиникалық белгісі:



Ерте жастағы балаларда демікпелік ұстамаға тән:



Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезінде дамиды:



Науқас Н., 66 жаста, анамнезінде аяқ терең венасының тромбофлебиті, кенеттен ентікпе дамыды, қан аралас жөтел, жүректің қатты соғысы, анық әлсіздік пайда болды. Бұл белгілердің дамуының себебі болып табылады:



Науқас 62 жаста, бір жылдай бронхиалды астмамен ауырады. Бір апта ішінде бірнеше рет тұншығу ұстамасына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін ұстама тұншығуы бір ай ішінде мазаламаған. Шағыммен келер алдында беротекке басылмайтын жөтел және ентікпе пайда болды. Жағдайы түнде нашарлады. Қарау кезінде науқас ауыр жағдайда, анық ентікпе, дистанционды сырылдар естіледі. Осы жағдайда қандай емдік әдіс тиімді болып саналады?



Науқас 22 жаста, интенсивті терапия бөліміне жедел тыныс жеткіліксіздігімен түсті. Қабылдау бөлімінде қарау кезінде дәрігер науқастан тері жабындыларында цианоз байқады. Тахипноэ минутына 40 рет. Өкпе үстінде қатаң тыныс, әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. 100% оттегі ингалияциялаған кезінде цианоздың жоғалуы байқалады. Бұл науқастағы тыныс жеткіліксіздігінің сенімді себебін анықтаңыз:



Жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Ер адам 45 жаста, кеуде торында шыдатпайтын ауырсыну сезіміне, ентікпеге шағымданады. Қарау кезінде науқас мазасыз, дененің жоғарғы бөліктерінде цианоз, тыныс алуға қосымша тыныс бұлшықеттері қатысады. ТАЖ-30 рет мин. Аускультативті өкпе үстінде әлсіз везикулярлі тыныс, сырыл жоқ. АҚҚ 90/70 мм.сын.бағ. ЖЖЖ 110мин. Тондар тұйық, ырғақты. ЭКГ да – ЖЭО оңға жылжыған. Сіздің болжамды диагнозыныз:



Буллезді пневмониясы бар 10 жасар балада жабық күш түсулік пневмоторакс дамыды. Белгілерін көрсетіңіз:



Аяқтың терең венасының тромбофлебитімен ауратын науқаста кенеттен ентікпе дамыды, қан аралас жөтел, жүректің қатты соғысы, анық әлсіздік пайда болды. Бұл белгілердің дамуының сенімді себебі болып табылады:



Анафилаксияның патогенезінде рөл ойнайды:



Науқас Э., 45 жаста, 2 таблетка ципрофлоксацин қабылдағаннан соң бетінің, алақанның сыртқы жағының, табанының қышығанын байқаған. Жарты сағаттан соң ерін аймағы, қабағы ісініп, басы айналып, жүрегі айныған. Осы күйдің себебі не болуы мүмкін:



Балалардағы ауыр аллергиялық күйлердегі инфузия мөлшері:



Науқас А., 8 жасар, салмағы 25 кг, Ибупрофен қабылдағаннан соң бетінің, алақанның сыртқы жағының, табанының қышығанын байқаған. Жарты сағаттан соң ерін аймағы, қабағы ісініп, басы айналып, жүрегі айныған. Жедел жәрдем бригадасымен есекжем деп диагноз қойылды. Рациональді көмек көлемін көрсетіңіз:



Жедел жәрдем бригадасы шақыртуға науқас И.-ға келді, 47 жасар. Асқынбаған гипертониялық криз диагностикаланды. Бригада дәрігері көктамырға эналаприл 1,25 мг тағайындады. Дәрісі енгізіп жатқан кезде, науқас бірден пайда болған әлсіздікке, «ыстықтық» сезіміне, тыныс алуы қиындағанына шағымданды. Қарау кезінде дистанциялық сырылдар, акроцианоз, тері жабындылары ылғалды. Жүрек тондары тұйық, АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ., ЖЖЖ – 55 рет/мин. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз:



Науқасқа көмек көрсету кезінде эуфиллин инъекциясына анафилаксиялық шок дамыды. Науқас есін жоғалтардан алдын тыныс шығара алмай жатқанына шағымданды. АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ., ЖЖЖ – 100 рет/мин. Тотальді цианоз. Хлорпирамин мен преднизолон енгізу көмек бермеді. Бригада тактикасын көрсетіңіз?



5 жасар, салмағы 15 кг баланың бетін ара шаққаннан соң Квинке ісінуі дамыды. Глюкокортикоидтың қандай мөлшерін тағайындайсыз?



А. есімді науқас 8 жаста, салмағы 25 кг, ибупрофен қабылдағаннан кейін бет терісінің, алақандарының және аяқ басының сыртқы беткейлерінің қышынуын сезді. Жарты сағаттан кейін ерін аймағының, қабақтарының ісінуі пайда болды, оған бас айналу және жүрек айну қосылды. Жедел жәрдем бригадасы есекжем деп баға берді. Дұрыс көмек көлемін анықтаңыз:



Анафилаксиялық шок кезінде қанның орталануы болады. Қандай әдіс арқылы біз жүрекке түсетін күшті азайта аламыз?



Анафилаксиялық шок дамуының басты патофизиологиялық механизмі:



Науқас С., 30 жаста, жедел жәрдем бригадасы келесідей шағымдарымен тасымалдап жатыр: әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, эпигастральді аймақтағы ауырлық сезімі, екі рет құсқан, тәбеті жоқ, дене қызуының 38°С көтерілуі, зәрінің түсі күңгірттенген. 4 күннен бері ауырады. Анемнезінен: жеміс-жидек базарында сатушы болып жұмыс істейді, гигиена ережелерін толық сақтамайды, кейде жуылмаған жемістер жейді. Соңғы жарты жыл ішінде парентеральді екпелер салынбаған, стоматолог, гинеколог қабылдауында болмаған. Үйленген, күйеуінен басқа қатынастар болмаған



Жедел жәрдем бригадасының 26 жастағы науқас М. шақыртуы. Анамнез жинау барысында дәрігердің анықтағаны: 4 тәулік алдын тамаққа маринатталған саңырауқұлақты қолданған, содан кейін эпигастрий аймағында тұйықталған ауру сезімі пайда болған, жүрек айнуы, екі рет құсу, ауызы кепкен, көздің көру өткірлігі төмендеген, көз алдында «тұман» пайда болған, көздерін қиыншылықпен ашады(қабақтардың птозы). Қарау кезінде дене қызуы 37°С. Жағдайы ауыр. Науқас әлсіз. ауыз қуысының шырышты қабаты қатты құрғаған, мұрны бітелген. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді, брадикардия, тамыр соғысы 52 рет/мин. Іші желденген. Зәрі аз порциямен, кіші дәретке қиын шығады. Екі жақты птоз, мидриаз, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы жоқ, конвергенцияның бұзылысы, сөйлеуі мұрын арқылы. Есі анық. Алдын ала диагноз қойыңыз?



Жедел жәрдем бригадасымен инфекциялық ауруханаға П. есімді 60 жастағы науқас келесідей шағымдарымен тасымалданып жатыр: жалпы айқын әлсіздік, жүрек айнуы, бірнеше рет құсқан, ішінің ұстама тәрізді ауруы, тәулігіне 15 ретке дейін сұйық, су тәрізді, жасыл түсті, шырышы бар үлкен дәрет, балтыр бұлшықеттерінің тырысуы, дене қызуының 39 °С дейін көтерілуі. Жедел ауырған. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Дауысы қарлыққан. Тіндер тургоры төмендеген. Аяқ-қолдарының, құлақ қалқанының, еріннің шырышты қабатының цианозы. Тілі құрғақ. Іші жұмсақ, желденбеген, тоқ ішек бойымен ауру сезімі бар. Жүрек тондары ритмді, тұйық. Пульс — 150 рет/мин, АҚҚ — 80/40 мм.сын.бағ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Демалу жиілігі 28 рет/мин. Менингеальді белгілер теріс. Жақын арада базардан сатып алынған шикі жұмыртқа ішкені белгілі болды. Алдын ала диагноз қойыңыз.1


написать администратору сайта