Главная страница

Положения об аттестации персонала (1). Утверждаю директор Сарсенбаев Е. Ж. 2021 г. Положение об аттестации работников кгп на пхв Служба скорой медицинской помощи


Скачать 134.08 Kb.
НазваниеУтверждаю директор Сарсенбаев Е. Ж. 2021 г. Положение об аттестации работников кгп на пхв Служба скорой медицинской помощи
Дата01.09.2021
Размер134.08 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПоложения об аттестации персонала (1).docx
ТипДокументы
#228729
страница3 из 6
1   2   3   4   5   6





Вопросы на казахском языке



Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериальды қан кетудің белгісі



Клиникалық өлімнің нақты белгісі болып саналады



Өкпе ісіну кезіндегі эффективті көмек көрсету



Жүрек бұлшық етінің некрозының негізгі ЭКГ белгісі болып табылады:



Глазго шкаласы бағалауға қолданылады:



Ауылшаруашылық тыңайтқыштарын өндіру өндірісіндегі химиялық зақымдану аймағындағы апатта 15 мыңнан астам адам қалып қойған. Көпшілігі жөтелге, миозға, бұлшықеттік тартуға, галлюцинацияға, бронхорреяға, құсуға және ішінің ауруына шағымданады. Уланудың мүмкін болатын себебін атаңыз:



Химиялық тыңайтқыштар зауытындағы апат кезінде 37 адам зардап шекті, оларда жүрек айну, құсу, сілекей бөлінуі, ішінің ауруы, қозу, көз қарашықтарының тарылуы, бұлшықеттік тартылулар байқалады. Қай антидот ЕҢ тиімді болып табылады:



Бензині бар ыдыстың жарылуы кезінде ер адамның сыртқы киімі тұтанды, бетінде күйік бар. Жағдайы тез нашарлай бастады: енжар, тежелген, тыныс алуы беткей, пульс жиі. Берілген жағдайдың ЕҢ ықтимал себебі:



Дәнекерлеу жұмыстары бойынша практика өтіп жатқан 8 студентте қорғаныш көзілдіріктері болмаған. Кешке олардың бәрі көздерінде бөтен дененің болу сезіміне, ауру сезіміне, күйдіру сезіміне, жарықтан қорқу, жас ағу, көзін аша алмауына шағымдарымен қаралған. Екі көздерінің конъюнктивасы гиперемиялы, ісінулі. ЕҢ ықтимал диагноз?



Пионер лагерінде белгісіз жидектерді жегеннен кейін 13 балада қозу, дене қызуының жоғарылауы, жарықтан қорқу, көз қарашықтарының кеңеюі, тері жабындары және кілегей қабаттарының құрғақтығы анықталды. Қандай өсімдікпен улану ЕҢ ЫҚТИМАЛ?



Химиялық қауіпті нысандағы апаттан 60 адам зардап шекті, 6 адам қайтыс болды. Зардап көрушілерде жас ағу, жөтел байқалады. Осы техногендік сипаттағы төтенше жағдай төмендегілердің қайсысына жатады:



Химиялық қауіпті нысандағы апаттан 700 адам зардап шекті, 55 адам қайтыс болды. Зардап шегушілерде қозу, мидриаз, сілекей бөлінуі анықталды. Техногенді сипаттағы төтенше жағдай ЕҢ ықтимал қай деңгейге жатады?



Барлық отбасы мүшелері өрт кезінде қайтыс болған жас әйел адам басын соғып, шаштарын тартып, киімдерін жыртып жатыр, жерге аунап, айқайлайды. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:



Табиғи сипаттағы апаттар:



Орман өрті кезінде зардап шеккендерде тұншығу, жөтел, жас ағу байқалады. Қандай затпен улану ЕҢ ықтимал болып табылады?



Әскерге дайындық сабағында граната жарылды. Қыздардың сырт киімдері жанып, беттері күйіп қалды, өздері мәңгіру қалпында, тыныстары беткейлі, пульс жиі, АҚ 70\40 мм сынап бағаны. Инфузиялық емдеуді бастауда тиімді болатын препарат қандай?



Ер адам Индиядан ұшақ сапарымен ұшып келді. Жедел ауырды: қайталанған көп мөлшердегі сулы дәрет және сулы құсу. Дене температурасы 35,10С. Тері жабындары құрғақ, тургоры төмен. Бет әлпеті сүйірленген. АҚ 70/40 мм с.б. ЖСЖ минутына 115 рет. Жүрек тондары бәсеңдеген. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:



Белгісіз заттың жарылысы кезінде ер адамның сыртқы киімі тұтанды, бетінде күйік бар. Жағдайы тез нашарлай бастады: енжар, тежелген, тыныс алуы беткей, пульсі жиілеген. Инфузиялық терапияға арналған ЕҢ тиімді препарат?



Туристік жорықта жүрген бойжеткен қыз дәнекерлейтін шамды жағуға тырысты. Икемсіз әрекеттер нәтижесінде жарылыс болып, тағы да 5 адам зардап шекті. Жалын бетінің оң жақ бөлігін күйдірді. Құтқарушылар шақырылды. Объективті: күю беткейі ақшыл-қызыл, ылғалды, гиперемия ошақтары және жарылған көпіршіктер фонында қоңыр түсті қабыршақтар және эпидермис үзінділері анықталады. Бұл аумақтың тактильды және ауру сезімталдығы сақталған. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:



Қыста таулы жерде тау шаңғы спортсмендері тобы қар көшкініне тап болды, құтқарушылармен 3 күннен кейін табылды. Қарау кезінде туристтердің бірінде қолдың саусақтары ұштарында мөлдір сұйықтықпен толтырылған көпіршіктер анықталды. Аяқ-қолдарының қозғалысы сақталған. Ерні және төменгі жақтарының дірілі анықталады. Тереңдігі бойынша ЕҢ ықтимал үсу дәрежесі:



Химиялық зауытта көпшілік жұмысшыларда жүректің жиі қағуы, жас ағу, жүрегі айну, құсу, тыныс алудың қиындауы байқалады. Эвакуация өткізуде қандай бағытпен қозғалу қажет:



Атомдық электр станциясында жарылысты апат кезінде құтқарушыда жүрек айну, құсу, терінің күюі анықталды, сәулелену дозасы 2,5 мкЗв/сағ. Зардап шегушіге ЕҢ алғашқы кезектегі жүргізілетін іс-шараны көрсетіңіз:



Атомдық электр станциясындағы жарылыс кезінде 257 адам зардап шекті, 6 адам қайтыс болды. Зақым шеккендерде жүрек айну, құсу, терінің күюі байқалады. Алғашқы медициналық көмек көрсетудегі ЕҢ бірінші кезектегі іс-шара:



Автомобильді трассада автобус аударылды, 42 адам зардап шекті, оның ішінде 18 әйел адам (2 жүкті әйел), 6 бала. ЕҢ бірінші кезекте медициналық көмек көрсетіледі:



Автомобильді трассада автобус аударылды, 4 адам зардап шекті. Ер адамда оң жақ иығының сыртқы беткейінде соғылған жара бар, өлшемі 5х4 см, аздап қансырап тұр. Медициналық эвакуацияның бастапқы кезеңдерінде жаралық инфекция дамуының алдын алу үшін жүргізілетін ЕҢ бірінші кезектегі іс-шара:



Өрт кезінде ер кісіде жүрек тұсының ауруы, әлсіздік пайда болды. Құтқарушылар қараған кезде: есін жоғалтқан, ұйқы артериясында пульс жоқ және тыныс алмайды. Бірінші кезектегі шұғыл көмек көрсету неден басталады?



Автомобильдік апатта 2 адам қайтыс болды, әйел адам ес-түссіз, ұйқы артериясында пульс жоқ, тынысы тоқталған. Кардиомониторда: минутына 10 ретке дейінгі сирек идиовентрикулярлы кешендер тіркеледі. ЕҢ бірінші кезектегі шұғыл көмек?



Әйел адамның бетінде ауру сезімінсіз қоңыр түсті ойық жара бар. Ауылда алдымен малдар арасында, сосын тұрғындарда денесінде жаралардың пайда болуымен жүретін ауру оқиғалары көп кездескен. Шұғыл профилактикаға арналған ЕҢ көп көрсетілген препарат?



Ер адам орман өртін сөндіруге қатысқан, су қоймасынан су ішкен, одан кейін дене қызуы 39,70С дейін көтеріліп, қалтырау, оң жақта мойын аймағында ауырсыну сезімі пайда болды. Бадамша бездері кілегей қабаттары гиперемиялы, оң жақ бадамша безі 2-ші өлшемге дейін ұлғайған, тығыз сұр түсті жабыны бар. Мойын лимфа түйіндері пальпацияланады, диаметрі оң жақта 3 см-ге дейін, ауырсынулы, қозғалмалы. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз?



Маршруттық такси жүргізушісі егде ер адамда автомобильді апаттан кейін (адамды қағып кетті) төс артында қысылған ауру сезімі пайда болды, нитроглицерин ішкеннен кейін басылмады, әлсіздік, салқын тер бөліну бар. Объективті: жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия минутына 108 рет. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс болып табылады?



Қиратушы жер сілкінісі кезінде үйінді астынан ес-түссіз ер адам табылды, пульсі минутына 116 рет, жіп тәрізді, оң жақ аяғының терісі көкшіл түсті, бұлыңғыр-қызыл түсті сұйықтығы бар көпіршіктер байқалады. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:



Қыста таулы жерде бір топ туристер адасып қалды, құтқарушылар оларды 2 күннен кейін ғана тапты. Қарау кезінде туристердің бірінде екі аяғында саусақтарының терісінің гиперемиясы, ісінуі, көпіршіктер, дистальды фалангаларда некроз ошақтары анықталды. Тереңдігі бойынша үсудің ЕҢ ықтимал дәрежесін анықтаңыз:



Автомобильдік трассада автобус аударылды, 4 адам зардап шекті. Ер адамда оң жақ иығының сыртқы беткейінде соғылған жара бар, өлшемі 5х4 см, аздап қансырап тұр. Медициналық эвакуацияның бастапқы кезеңдерінде жаралық инфекция дамуының алдын алу үшін жүргізілетін ЕҢ бірінші кезектегі іс-шара:



Автобусты басқарып отырған ер адам жол-көлік оқиғасынан кейін ішінің барлық аймақтарындағы, көбінесе оң жақ қабырғаастында орналасқан ауру сезіміне, әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Тері жабындары бозғылт, пульс минутына 110 рет, аз толымды, АҚ 90/50 мм с.б. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:



Жер сілкінісі кезінде зардап шеккен ер адам бетонды плитка астында қалып, оң жақ аяғы жаншылып қалған. Қатты ауру сезіміне, аяғын қозғалта алмауға шағымданады. Бозғылт, тері жабындары терлеген, пульс жиілеген, толымдығы аз. ЕҢ бірінші кезектегі шұғыл көмек:



Жасөспірімде суицид мақсатында фенобарбиталдың бірнеше таблеткасын қабылдағаннан кейін есеңгіреу күйі байқалады, көз қарашықтары тарылған және жарыққа реакция бермейді. Төменде көрсетілгендердің қайсысын ЕҢ бірінші кезекте жүргізу қажет?



Жасөспірім ішіне пышақпен соққы алды. Қарау кезінде алдыңғы құрсақ қабырғасында ұзындығы 4-5 см, аздап қансырайтын жара анықталады. Жарадан ішек ілмегі шығып тұр. ЕҢ бірінші кезектегі шұғыл көмек түрі:



Дәнекерлеу жұмыстары бойынша практика өтіп жатқан 8 жасөспірімде қорғаныш көзілдіріктері болмаған. Кешке олардың бәрі көздерінде бөтен дененің болу сезіміне, жарықтан қорқу, ауру сезімі, жас ағу, ашыту, блефароспазм шағымдарымен қаралған. Объективті: екі көздің де конъюнктивалары гиперемиялы және ісінген. Ең тиімді шұғыл көмекті атаңыз?



Кіші жастағы бала ес-түссіз, тоникалық сипаттағы тырысулар, оң жақ қолында шеге бар. Анасы осындай күйде тапқан, оған дейін сау болып саналған. Оң жақ алақанының терісінде сызық пішініндегі сұрлау-ақшыл түсті жара бар. Тырысулардың ЕҢ ықтимал себебі болып не табылады?



4 жастағы балада миоз, бұлшықеттік тартылулар, галлюцинация, бронхоррея, тоқтаусыз құсу және ішінің ауру сезімі анықталады. Уланудың ЕҢ ықтимал себебін анықтаңыз:



Зардаптанушы 2-ші қабаттан қолы жазылған күйі құлап түсті. Иық буынында кенеттен ауырсыну пайда болды, анық деформация байқалады. Буынды қозғалту мүмкін емес, қолдары қалыпты емес жағдайда жатыр. Мүмкін болатын болжамды диагнозды атаңыз:



Мотоцикл жүргізушісі автомобильмен соқтығысу нәтижесінде оң жақ иығының жарақатын алды: сүйектің сүйір сынығы шығып тұрған жара көрінеді. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:



Автомобиль жүргізушісі соқтығысу нәтижесінде сол жақ санының жарақатын алды: сүйектің үшкір сынығы шығып тұрған жара бар. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:



Жол апаты кезінде жүргізуші тұтқаға төсімен қатты соғылды. Ыңырсиды, тыныс алуы беткей, жиілеген. Ауру сезімі тыныштықта бар, дем алғанда, жөтелгенде, қозғалғанда күшейеді. ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз:



Жер сілкінісі кезінде зардап шеккен ер адам құлаған ағаштың астында қалды және жамбас бөлігі жаншылып қалды. Жамбас аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданады. Бозғылт, тері жабындары терлеген, пульс жиілеген, толымдығы аз. Науқасты қандай қалыпта тасымалдау ЕҢ дұрыс болып табылады?



Электр жарақатын алған ер кісіні қарау кезінде ол кенеттен есінен танып қалған, тоникалық-клоникалық тырысулар пайда болған, терісі бозарған, ұйқы артериясында пульс жоқ, тыныс алмайды. Кардиомониторда ретсіз толқындар көрінеді. ЕҢ бірінші кезектегі шұғыл көмекті атаңыз?



Су тасқыны кезінде есін жоғалтқан ер кісі құтқарылды, терісі суық, көкшіл, магистральды тамырлардағы пульс әлсіреген, тынысы беткейлі, ауыз бен мұрыннан қызғылт түсті көпіршікті сұйықтар ағуда. Алғашқы кезектегі іс-шараны атаңыз?
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта