Положения об аттестации персонала (1). Утверждаю директор Сарсенбаев Е. Ж. 2021 г. Положение об аттестации работников кгп на пхв Служба скорой медицинской помощи
Скачать 134.08 Kb.
|
| Санитарлық авиация бригадасымен 40 жастағы С. есімді науқас тасымалданып жатыр, геолог. Ауырудан алдын 2 ай бойы алшақ далада болған. Жедел ауырған. Қарау кезінде кішкене есеңгіреген, Глазго шкаласы бойынша 14 балл, сөйлеуі анық емес. Дене қызуы 41°С. Физикальді зерттеу кезінде өкпесінде өзгеріс анықталған жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. Пульс 130 рет/мин. Тілі қалың ақ жабынмен(«бор тәрізді») қапталған. Оң тізесінің терісінде қатты ауыратын 2–3 см көлемдегі жара бар, жара күңгірт жабынмен қапталған, айналасы қызғылттанып қабынып тұр. Жара жабынынан іріңді-серозды сұйықтық көрініп тұр. Оң жақ шат аймағында көлемі 4х4 см ауырсынатын түйін бар. Сіздің болжамды диагнозыңыз? |
| Жедел жәрдем бригадасының шақыртуы. Науқас Р., 49 жаста, пошта жұмыскері, конвертты ашқан соң бірнеше сағаттан кейін білектің ішкі жағында күйдіру және қышу сезімін, қызғылт дақ байқаған, бірнеше сағаттан соң бұл дақ мысты-қызыл түсті папулаға айналған. Келесі күні папула орнында іші қанды сұйықтыққа толған көпіршік пайда болған. Қарау кезінде(4 күн өткен соң): түбі қара-қоңыр жара, көлемі 2,5х3 см, жара шеттері көтеріңкі және серозды-геморрагиялық бөліністері бар. Ауырсынбайды. Негізгі зақымдалу аймағынан 10 см қашықтықта диаметрі 0,4 см ашық түсті папула бар. Оң жақ қолтық асты аймағында көлемі 2–2,5 см региональді лимфабезі пальпацияланады, ауырсынбайды. Сіздің болжамды диагнозыңыз? |
| Науқас П.Г., 18 жаста, тракторшы. Жұмыс кезінде сол табанының тесілген жарақатын алды. Жараны өзі йодпен өңдеп, танба салды. Жарақат алған соң бір апта бойы жұмысын жалғастыра берді. Кейін жалпы әлсіздік, жара маңындағы бұлшықеттердің тартылуын, жарадағы ауру сезімін, аузын ашқанда қиыншылықтар сезінді. Жедел жәрдем бригадасын шақырды. Қарау кезінде тері жабындыларының бозғылттанғаны, пальпация кезінде сол жақ тізе және табан бұлшықеттернің тартылуы байқалады. Аузын толық аша алмайды. Пульсі 100 рет/мин, ритмді. Қарау кезінде басқа патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Сіздің болжамды диагнозыңыз? |
| Науқас Д., студент, 21 жаста. Бірнеше күн алдын анасы баласында өзгерістер байқаған: тым ашуланшақ, мазасыз, ұйқысыздық. Қарау кезінде: мазасыз. Су ішу кезінде мазасыздығы күшейген, агрессия пайда болған, жұтыну кезінде ауру сезімі, ентікпе, құсу, ларингоспазм белгілері. Эпид.анамнезінен белгілі болғаны 3 апта бұрын далада ит тістеп алған. Қарау кезінде сол шынтағында жарадан қалған кішкене із тұр. Сіздің болжамды диагнозыңыз? |
| Жедел жәрдем бригадасының шақыртуы. Бала, 10 жаста, жазда ата-анасымен бірге Үндістанда демалған. Қайтып келген соң 2 күннен кейін ауырып қалған: дене қызуы аз уақытқа 37,60С дейін көтерілді. Шағымдары әлсіздікке, бас айналуына, қатты шөлдеуге, «фонтан» тәрізді құсуға. Қараған кезде: бала тежелген, бет әлпеті үшкірленген, көз айналасы көкшіл, кіріп кеткен, тілі құрғақ, жабынмен қапталған. Қол-аяғы салқын, терісі бозарған, іш аймағында жиналады, акроцианоз. Тынысы қатаң, сырылдар естілмейді. Қантамыр соғысы 140 рет/мин дейін, жүрек тондары тұйықталған, ентікпе. Іші тартылған, жұмсақ, ауырсынбайды, пальпация кезінде – жайылған үрілдеу. Үлкен дәреті сұйық, көп, сулы, қалқымалы үлпектері бар ақшыл түсті, тәулігіне 14 ретке дейін. Кіші дәреті азайған. Менингеальді белгілер теріс. Алдын ала диагноз қойыңыз: |
| Жедел жәрдем бригадасының бала-бақшаға шақыртуы. Бала 3 жаста, тәрбиешінің айтуы бойынша жедел ауырған: дене қызуы 37,5°С дейін көтеріліп, бастың шаш аймағында, денесінде және аяқ-қолдарында дақты-папулалы бөртпе пайда болған. Арқасында терісінің үлкен аймағы қызарған, тіндер инфильтрациясы, өткір ауыру сезімі. Қантамыр соғысы минутына 140 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Менингеальді симптомдар жоқ. Алдын ала диагноз қойыңыз: |
| 1,5 жасар балаға менингококктық инфекция диагнозы қойылды. Бактериялық (эндотоксиндік) шокта іс-шара жүргізіңіз: |
| Кәсіподаққа жедел жәрдем бригадасы 21 жастағы қант диабетінің инсулинге тәуелді түрімен ауыратын науқасқа шақырылды. Әріптестерінің айтуы бойынша науқас бірнеше минут бұрын аштық сезіміне, қалтырауға, тершеңдікке шағымданып, кейін есін жоғалтты. Терісі бозғылт,дымқыл. Бұлшықет гипертонусы. Көз қарашықтары кеңейген, жарыққа әсер етпейді. Тынысы қалыпты. Пульсі минутына 110 соққы. АҚ 120/90 мм.сын.бағ. Болжамды диагноз қойыңыз. |
| Жедел жәрдем бригадасына шақырту. Ер адам көшеде ес-түссіз, өте ауыр жағдайда. Қарау кезінде дене жарақаттары жоқ. Тері қабатының түсі айқын цианозды, қолының көктамыр бойында екпе іздері бар.Тынысы сирек, үстіртін. Жүрек тондары құныққын, ритмі дұрыс, ЖСЖ минутына 50 рет, АҚ 80/40 мм.сын.бағ. Болжамды диагноз қойыңыз. |
| Жедел жәрдем бригадасы 48 жастағы С. науқасқа шақырту бойынша келді. Туыстарының айтуы бойынша науқас 7 жылдан бері қант диабетімен ауырады және қант түсіретін дәрілерді қабылдайды. Соңғы күндері полиурия, полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық байқалған. Қарау кезінде ес-түссіз, Глазго шкаласы 7 балл, тынысы жиі (ацетон иісі жоқ). Терісі құрғақ, көз алмасы тонусы төмендеген. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондары құныққан,аритмиялық. Пульс – минутына 100 соққы, АҚ 90/70 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Портативті газдық анализатор көрсеткіші бойынша: гипергликемия 40 ммоль/л, плазманың есептік осмолярлығы 380 мОсм/л, гипернатриемия 150 ммоль/л, лактат деңгейі қалыпты. Зәрдің экспресс-тесті бойынша(тест-жолақ): глюкозурия, ацетон жоқ. Болжамды диагноз қойыңыз. |
| Жедел жәрдем бригадасы 52 жастағы Л. науқасқа шақырту бойынша келді. Туыстарының айтуы бойынша кенет есін жоғалтты, қант диабетімен ауырады және сол себепті тері астына инсулин қабылдайды, дозасы мен дәрінің аты белгісіз. Жағдайы ауыр, есінің деңгейі кома 1, Глазго шкаласы бойынша 7 балл, тері жабындысы бозғылт, гипергидроз. Өкпеде тынысы везикулярлы. Жүрек тондары құныққан, ритмі дұрыс, ЖСЖ минутына 90рет, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры қабырға доғасы шетімен. Жедел жағдайды анықтауда ауруханаға дейінгі қолжетімді диагностикалық шараны таңдаңыз: |
| Жедел жәрдем бригадасына үйге шақырту. Көршілердің айтуы бойынша науқас О. 20 жаста, қант диабетінің инсулинге тәуелді түрімен ауырады. Қарау кезінде есінің деңгейі Глазго шкаласы бойынша 7 балл, көз қарашықтары кеңейген. Көз алмасы тонустары жоғары. Дене температурасы қалыпты. Тері жабындысы бозғылт, дымқыл. Ацетон иісі жоқ. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары құныққан, ритмі дұрыс емес,ЖСЖ минутына 90 рет. АҚ-90/60 мм.сын.бағ. Глюкометрмен гликемия деңгейі анықталған -1,0 ммоль/л. Жедел шараларды анықтаңыз: |
| Жедел жәрдем бригадасымен подстанция жанынан ауыр коматозды жағдайдағы жас жігітті анықтады. Қарау кезінде: цианоз, гипотермия. Тынысы беткей, аритмді (Чейн-Стокс). Көптеген екпе іздері. Жүрек тондары құныққан, ритмді ЖСЖ минутына-50 рет. АҚ – 70/30 мм.сын.бағ .Жедел шараларды анықтаңыз: |
| Жедел жәрдем бригадасы шақырту бойынша келген кезде 44 жастағы ер кісінің ес-түссіз жатқанын анықтады. Науқастың өмір анамнезінен қандайда бір ақпарат жинау мүмкін болмады. Қарау кезінде: есі Глазго шкаласы бойынша – 5 балл. Қарашықтары бірдей, фотореакциясы төмендеген Жалпы милық және ошақты неврологиялық симптоматикасы жоқ. Тері қабаттары бозғылт, төменгі жақтың ісінулері. Нормотермия. Кеуденің алдыңғы тері қаббатында телеангиоэктазиялар. Пальмарлы эритема орны бар. Тынысы өздігінен,беткей, шулы, ТАЖ минутына- 26. Өкпе үстінен тыныстың әлсіреуі, бірең құрғақ сырылдар естіледі.Жүрек тондары құныққан,ритмді, ЖСЖ минутына-110рет,АҚ 100/70 мм.сын.бағ. Іші көлемде ұлғайған, пальпацияға жауап бермейді. Оптимальды көмекті көрсетіңіз: |
| Жедел жәрдем бригадасының шақыртуы, себеп: «Бала ессіз күйде». 10 жасар Р. есімді баланың туыстарының сөзіне қарағанда, бала инсулин тәуелді қант диабетімен ауырады, бір апта бойы әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, апатия байқалған. Дәрігердің тағайындауымен 30 ЕД протофан, 10 ЕД актрапид қабылдап жүрген. Дәлірек анамнез жинауға мүмкіндік болмады, науқас әлеуметтік қолайсыз отбасынан. Қарау кезінде есі Глазго шкаласы бойынша 7 балл. Терісі мен шырышты қабаттары құрғақ. Тері тургоры төмендеген. "Жұмсақ" көз алмасы. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсі аз толымды, минутына 100 рет, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Терең, шулы тыныс алады. Ауруғана дейіңгі кезеңдегі керекті көмек көлемін көрсетіңіз: |
| Жедел жәрдем бригадасының мектепке шақыртуы. 9 жасар бала 20 минут алдын ішіне аяқпен соққы алған. Баланың жалпы жағдайы ауыр. Есі орташа тежелген. Тері жабындысы бозғылт. Тынысы 44 рет минутына дейін жиілеген. Пульсі 140 рет минутына. АҚҚ - 70\20 мм.сын.бағ. Аускультативті ерекшеліктерсіз. Іші пальпация кезінде тырысқан, оң жақ қабырға астында бірден ауырсынады. Зәрі ашық түсті. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз: |
| Жедел жәрдем бригадасының үйге шақыртуы. Науқас С., 55 жаста, ауыр зат көтерген соң пайда болған, соңғы 3 сағатта жалғасып жатқан оң жақ шап аймағындағы қатты ауыру сезіміне шағымданады. ВАШ бойынша 6 балл. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, іші кеппеген, жұмсақ, оң жақ мықын-шап аймағында ауырсынады, іш пердесінің тітіркену симптомдары жоқ. Оң жақ шап аймағында бірден ауыратын тығыз эластикалық, көлемі 6х7х4 см, құрсақ қуысына кірмейтін ісік тәрізді түзіліс бар. Оның үстіндегі терісі өзгермеген. Анамнезінен: соңғы екі жыл ішінде осы ісік тәрізді түзілістің анда-санда пайда болатынын және өздігінен кететіні белгілі болды. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз: |
| Жедел жәрдем бригадасының цехқа шақыртуы. 28 жасар ер адам қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан ағаш кесетін аспапқа іш қуысының алдыңғы қабырғасын зақымдап алған. Есі орташа тежелген, тері жабындысы бозғылт, іштің алдыңғы қабырғасында көлемі 10х3 см жыртылған жара бар, жіңішке ішектің бөліктері шығып тұр. Пульсі 98 рет/мин. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз: |
| Жедел жәрдем бригадасының үйге шақыртуы. Науқас Т., 45 жаста, оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданады, осыдан 6 сағат бұрын ауру сезімі эпигастральді аймақта болған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесінде патология жоқ. ЖЖЖ 96 соққы минутына, АҚҚ – 130/80 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ. Іші кеппеген, пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында ауырады, денесін сол жаққа бұрғанда ауру сезімі күшейеді. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Бауыры қабырға доғасының шекарасында. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз: |
| Жедел жәрдем бригадасының үйге шақыртуы. Өт-тас ауруы бар 70 жасар науқас, майлы тамақ жегеннен соң, бірден іштің жоғары бөлігі ауырып бастады, ауру сезімі арқаға беріледі, көп рет өтпен құсу, гипертермия 37,5°С дейін. Өз бетінше но-шпа ішкен, ауру сезімі басылған. Бір тәуліктен соң тері жабындыларының сарғаюы пайда болды, ауру сезімі қайта басталды. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі мен склералары сарғайған. Пульсі 90 рет/мин. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тілі ылғалды, жабынмен қапталған. Іші кепкен, жұмсақ, эпигастрии аймағында ауырсынады. Перитонеальді симптомдар теріс. Алдын ала диагноз қойыңыз. |
| Жедел жәрдем бригадасының үйге шақыртуы. Науқас М., 40 жаста, оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданады, осыдан 8 сағат бұрын ауру сезімі эпигастральді аймақта болған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесінде патология жоқ. ЖЖЖ 98 соққы минутына, АҚҚ – 130/80 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ. Іші кеппеген, пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында ауырады, жел шығады, әлсіз перистальтика естіледі. Оң симптомдар: Ровзинг, Бартомье-Михельсон. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Бауыры қабырға доғасының шекарасында. Алдын ала диагноз қойыңыз: |
| Жедел жәрдем бригадасының үйге шақыртуы. Науқас О., 36 жаста, қарау кезінде анықталды: ауыр зат көтерген соң оң жақ шап аймағында ауру сезімі пайда болған, алдын орнына салынып жүрген шап жарығы орнына салынбай қалған, 3 сағат өткен соң, ауру сезімі басылмағандықтан жедел жәрдем шақырған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, іші кеппеген, оң жақ мықын-шап аймағында ауырсынады, ішперде тітіркену симптомы оң, жарық өздігінен салынды. Жедел жәрдем бригадасының тактикасын көрсетіңіз: |
| Жедел жәрдем бригадасының шақыртуы. Науқас С., 33 жаста, 3 сағат алдын эпигастральді аймақта бірден қатты ауыру сезімі болған. Анамнезінен белгілі болғаны, бірнеше жыл бойы кейде іші ауырады, әсіресе алкоголь қабылдаған және диетаны бұзған кездерде. Өздігінен ауырсынуды басатын дәрілер қабылдаған. Қарау кезінде: бет-әлпеті үшкірленген, тілі құрғақ, пульсінің 118 рет/мин дейін жиілеуі, аяғын ішіне қарай бүгіп алған. Іші «тақтай тәрізді», беткей пальпация кезінде бірден ауырсынады. Терең пальпация жүргізуге мүмкіндік бермейді, қолды итеріп тастайды. Алдын ала диагноз қойыңыз: |
| Жедел жәрдем бригадасы жол апаты салдарынан болған іштің тұйық жарақаты бар 54 жасар ер кісіні тасымалдап жатыр. Соққы іштің сол бөлігіне болған. Қарау кезінде: есі бар, тежелген, бозғылт, тахикардия байқалады, пульсі 118 рет/мин, гипотония (АҚҚ 80/40 мм.сын.бағ.), перкуторлы – көкбауыры үлкейген, пальпаторлы – іштің сол жақ бөлігінің ауырсынуы, ішперде тітіркену белгілері жоқ. Жедел қан кетудің емін неден бастаймыз? |
| Ауруханаға дейінгі кезеңде өкпе артериясының тромбоэмболиясына күдікті науқасқа тромболизистік терапия жүргізуге салыстырмалы қарама-қарсы көрсеткіш болып табылады: |
| Гемоторакс салдарынан жедел тыныс жеткіліксіздігі дамыған кезде, плевра қуысының пункциясын қай қабырғааралықтан жасайды: |
| Артерияның жаралануы кезінде қан тоқтатушы жгутты босату қалай жүргізіледі? |
| Укажите фатальную кровопотерю при крайне высоком темпе потери крови (ранение крупных артерий): |
| Гиповолемиялық шок кезінде жедел тыныс жеткіліксіздігінің дамуы байланысты? |
| Ауалық эмболия қауіптілігі туындайды? |