құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Қылмыстық заңның түсінігіҚылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады. Қылмыстық заңны міндеттері – бейбітшілік жəне адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты,қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жəне қылмыстың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс-əрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін жəне өзге де ықпал ету шараларын белгілейді. Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінəлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты əрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға жəне лауазымды адамдарға іс-əрекетінде қылмыс белгісі бар кінəлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы жəне міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық жəне тəрбиелік мəні бар. Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы— істелген іс-əрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінəлі адамға тағайындау мүмкіндігі аркылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тəрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматарды заңды бұлжытпай орындауға тəрбиелеумен бірге, оларды қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуте баулу арқылы іске асырады. Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. |