құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Қылмыстық заңның мезгілдегі күшіҚылмыстық кодекстің 4–бабына сəйкес іс - əрекеттің қылмыстылығы жəне жазаланушылығы сол іс-əрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамға қауіпті əрекет асырылған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс істелген уақыт деп саналады. Яғни, зардаптың қашан болғанына байланыссыз істелген іс - əрекеттің уақыты болып іс - əрекеттер жүзеге асырылған жыл, ай, күндер жəне сағаттар есепке алынады. Қазақстан Республикасында заңдардың жариялану жəне күшіне ену тəртібі туралы заңға сəйкес қабылданған заңдар «Егемен қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланғаннан кейін он күннен кейін (егер заңда оның күшіне енуінің басқа мерзімі көрсетілмесе) заңды күшіне енеді. Кейбір жағдайларда қылмыстық заң немесе оның жекелеген баптары жарияланған күннен бастап күшіне енуі мүмкін. Ол туралы заң мəтінінің өзінде аталып көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі заңына сəйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Осыған орай 1959 жылғы 22 шілдедегі «Қазақ КСР – інің қылмыстық кодексін бекіту туралы» Қазақ КСР заңымен белгіленген Қазақ КСР қылмыстық кодексінің, сондай – ақ 1959 жылғы 2 шілдеден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде Қазақ КСР–інің Қылмыстық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген барлық заңдардың 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылады деп бекітілген. Осы заңның 4-бабына сəйкес Қылмыстық кодекстің қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазалау ережелері 2000 жылдың 1 қаңтарынан, ал бас бостандығын шектеу, қамауға алу, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар туралы ережелері ҚР қылмыстық атқару кодексі күшіне енгізілгеннен кейін жазалаудың осы түрлерін орындау қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 2003 жылдан кешіктірілмей енеді деп белгіленген. Қылмыстың ұғымы жəне белгілері1997 жылы жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі əлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сəйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда «жазалау қатері мен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті əрекет (іс-əрекет немесе əрекетсіздік) қылмыс деп танылады» делінген (9-бап). Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінəлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс- əрекет істеуді құқыққа қайшылықпен атау қалыптасқан. 1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында əдейі көрсетілмеген іс-əрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға жəне осы мəселеде бейберекетсіздікке кетушілікке əкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген. Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-əрекеттерді істеуін қылмыстық кұқыққа қайшылық деп атаймыз. Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы занда көрсетілмеген іс- əрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-əрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін онын мəнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтын міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-əрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазанын белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-əрекеттін, қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс- əрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс- əрекеттермен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тəртіппен күші жойылған қылмыстық-құкылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-əрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды. Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мəнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-əрекеттер қылмыс болып табылатының түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-əрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын білдіреді. Қоғамға қауіптілік — қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының санасына жəне еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді жəне өзінің ішкі мəні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы болады. Зан, шығарушының міндеті сол кезенде, дəуірде, қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-əрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып табылады. Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы қылмыстық занда көзделген адам мен азаматтын кұкықтарына, бостандықтары мен занды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделеріне, қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамға қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың коғамға қауіптілігін сипаттайтын мəнді жақтарының бірі ғана. Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-əрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тəсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық, аймақтар) не тыйым салынған құстар мен андарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады (288-бап, 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кəсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (335-бап). Іс-əрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс- əрекеттер əрекет немесе əрекетсіздіктің істелген уақыттан бастап, өзінің қаңдай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға қауіпті болады. Басқалары қылмыстық занда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-əрекеттің қоғамға қауіпті жəне қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын зан шығарушы əр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы қылмыстық заңнын өзінде дəлме-дəл көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б. Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл знян келтіру (105-бап) болып бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың əр түрлі болып келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бəрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап), ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, «б» тармағы), т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет жəне мақсат сияқты оның белгілсріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істеді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-əрекетті пайдақорлық мақсатпен істесе хабарлау əрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір реттерде қоғамға қауіптілік іс-əрекетгі істеген адамның ерекшелігіне де байланысты анықталады. Қайсыбір іс-əрекеітер оны істеген адамның жəбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тəуелді адамға қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жəбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап). Кейде субъектінің ерекше жағдайы қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі). Қылмыстық кұқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық жəне сандық жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстын сипатын жəне қоғамға қауіптілік дəрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді. Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық, ал дəрежесін — сандық сипатгамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай коғамға қауіптілік экономикалық жəне зорлық қылмыстары, қасақана жəне абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердің тізбегі Қылмыстық кодекстін 2-бабында көрсетілген, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері топтық объектілерінін, маңыздылығына қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктін сипатының тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, моральдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға қауіпті жəне зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан əрі кінəнің нысаңдары арқылы анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда коғамға қауіптілік сипаты едəуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тəркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін тəркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады (96-бап, 2- бөлігі), ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1 -бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кінəнің нысандарын анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сипатын осылай белгілеуде маңызды роль атқарады. Қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сандық жағын анықтағанда көптеген факторларды еске алу керек. Мұндай реттерде келтірілген зардаптың ауырлығын (аса көп мөлшерде немесе едəуір мөлшерде) қылмыстық істің ерекшеліктеріне (аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс) қылмысты жеке немесе бірлесіп қатысып істеу, қылмыс істелгенде қандай əдістің қолданылғаны, кінəнің сипатын, қылмыстың субъектісінің ерекшелігіне, іс- əрекеттің істелу уақытына, жағдайына баса назар аудару керек. Мысалы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қасақана денсаулыққа орташа ауырлықтағы немесе жеңіл дəрежедегі зиян келтіруден қоғамға қауіптілік дəрежесі едəуір жоғары. Қарақшылықтың (179-2) ұрлықтан (175-бап) дəрежесі жағынан қоғамға қауіптілігі жоғары. өйткені шабуыл жасап, тонағанда бөтеннің мүлкін иемену мақсатымен қауіпті тəсіл шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына күш жұмсаумен ұштастырылады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дəрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша да анықталады. Мəні жөнінен екі қылмыстың қоғамға қауіптілік дəрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгіленген санкцияларды салыстыру керек. Ауырырақ жаза қарастырылған қылмыс түрінің қоғамға қауіптілік дəрежесі де жоғары болып келеді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дəрежесі бойынша қоғамға қауіптілік сипаты бірдей қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға болады. Қылмыстың тағы бір белгісі кінə болып табылады. Яғни бұл жерде заң қорғайтын объекттерге əрекет немесе əрекетсіздік арқылы кінəлі түрде қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы əңгіме болып отыр. Қылмыстық жауапқа жəне жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекетті қасақана немесе абайсыздықпен жасаған адам тартылады. Кінəсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінəнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналылық (тікелей немесе жанама), абайсыздық (менменділік немесе немқұрайдылық) болып түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған əрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-əрекетінің (əрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдына ала білсе жəне осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-əрекетінің (əрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптарыдң болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-бап). Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған əрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-əрекетінің (əрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс жəне божап біле алатын бола тұра өз іс-əрекетінің (əрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады(21-бап). Қылмыстың зардабы қаншалықта ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның іс-əрекетінде кінəнəің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды. Кінəсіз қылмыс та, жаза да жоқ. Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған əрекет немесе əрекетсіздік болып табылады. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыс заңда ғана көрсетілетіндігін жəне осы іс-əрекет үшін қылмыстық заңның санкциясындажазалау қатері қарастырылатынын көрсетеді. Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатып, оған қоғамдық ықпал ету шааларын қолданғанда, оның іс-əрекеті қылмыс қатарынан шығып қалмаайды. өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде стелген ірбір қылмыс үшін жаза тағайындалу мүмкін екендігін, сол себепті қылмыс заңға қайшы іс-əрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйм салады. Нақты өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай қалады. Кейде қылмыс ашылғанмен, сот ондай қылмысқа заңда белгіленген негіздермен жаза тағайындауды қолданбауыда мүмкін. Демек, қылмысты жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе тағайындамау іс-əрекеттің зардабының көрінісі болып табылады. |