Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница104 из 190
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   190

Қылмыс санаттары


Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмысты санаттауға іс-əрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дəрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады. Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрнісі қалыптасқан. Ол біріншіден, іс-əрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дəрежесіне қарап қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден, қылмыстың объектісі бойынша санаттау. Осы белгі бойынша барлық қылмыстарды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бірнеше санатқа бөлініп, объектісінің маңыздылығына қарай бірінен соң бірі орын алған, мысалы адам өміріне қарсы, мемлекеттің егемендігіне, басқару тəртібіне, меншікке қарсы, əскери қылмыстар т. б. Үшіншіден, қоғамға қауіптілік дəрежесі бірдей қылмыстар, қоғамға қауіптілік сипаттарына қарай жай, күшейтілген (квалифицированные), артықшылық берілген (привелигированные) болып бөлшектенеді. Мысалы, кісі өлтіру, ауырлатпайтын жəне жеңілдетпейтін жағдайларда кісі өлтіру, жеңілдететін жағдайда жан күйзелу жағдайында кісі өлтіру жəне т.б. Қазақ КСР 1959-жылы

қабылданған Қылмыстық кодексінде қылмыс санаттары деген мəселе көрсетілмеген еді. Тек қана 1972-жылы 4-қарашада Қылмыстық кодексте 7-1 деген жаңа бап енгізіліп, бапта ауыр қылмыстың түсінігі ғана берілді.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты санаттау туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына жəне қоғамға қауіптілік дəрежесіне жəне кінəнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр жəне аса ауыр болып санаттарға бөлінген.

Қылмыстық кодекстің 10-бабына сəйкес жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған əрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға басбостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған əрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған əрекет ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған əрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

Қылмысты осылай етіп санаттарға бөлу қылмыстық құқық ғылымында қалыптасқан ғылым санаттарын қылмыстық кодекстің санкциясында белгіленген, қоғамға қауіптілік дəрежесіне қарай бөлу жөніндегі қазіргі заманғы талапқа сай келеді. Қылмыстық заңның жекелеген бабында көрсетілген санкция мөлшері қоғамға қауіптіліктің дəрежесін белгілейді жəне əртүрлі қылмыстардың қоғамға қауіптілік дəрежесімен салыстыруға мүмкіндік береді. Жаза мөлшерінің баптардың санкциясында нақты белгіленуінің өзі соттың өз білермендігімен қылмысты сол немесе басқа бір санатқа жатқызуына мүмкіндік бермейді. Қылмысты дəл бір санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша белгілердің түрі кінə нысандары болып табылады. Мысалы, ауыр жəне аса ауыр қылмыстарға тек қасақана ғана қылмыстар жатады. Ауырлығы орташа немесе онша ауыр емес қылмыстарға қасақана немесе абайсызда жасалатын қылмыстар жатады. Осы санаттарға сəйкес аса ауыр қылмыстарға қоғамға қауіптілік дəрежесі ерекше ауыр қасақана қылмыстар, мысалы, кісіні ауырлататын жағдайларда өлтіру, мемлекетке опасыздық жасау, бандитизм, шабуыл жасап тонау сияқты қылмыс түрлері жатады.

Ауыр қылмыстарға мысалы, контрабанда, денеге қасақана ауыр жарақат салу, ауырлататын жағдайды біле тұра кінəсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту қылмыстары жатады.

Ауырлығы орташа қылмыстарға қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар: абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, денеге қасақана орта дəрежеде жарақат салу жəне т.б. жатады.

Онша ауыр емес қылмыстарға бас бостандығынан айырмайтын жаза қолданылуы мүмкін. Оған қорлау, жала жабу, абайсыдза денеге ауыр немесе орта дəрежедегі жарақат түсіру сияқты қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар жатады. Қылмысты санаттарға бөлудің маңызы ерекше. Санаттарға бөлу белгісі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтейтін режимді белгілеу: шартты жазаны қолдану, немесе қолданбау (63-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту (64-бап), қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауда (59-бап), жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (70-бап), айыптау үкімінің ескіруі мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75-бап), рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық немесе жазадан босату (76-бап), сотталғандықты жою немесе алып тастау (77- бап) мəселелері шешіледі.

    1. 1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   190


написать администратору сайта