Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница112 из 190
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   190

Қылмысқа қатысудың түсінігі


Жаңа қылмыстық занда қылмысқа бірлесіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер) жекелеген іс-əрекетін сипаттайтын белгілер жөне оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының аныктамасы берілген (ҚК-тің 27, 28, 29, 31-баптары).

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты осы нысанда істеудің кауіптілік дəрежесі жəне келтіретін залалы да зор. Бірнеше адам-ның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардың қатысушылардың өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын коғамдык қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру каупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-əрекеттің өзін жоюға, кайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін ете кеп мөлшерде талантаражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді бұзу, парақорлық, əйел зорлау, кісі өлтіру сияқгы жұмыстар бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады.

Қылымысқа қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында «Екі немесе оданда көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады», -делінген.

Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік обьективтік жəне субьективтік белгілері бар.Қылмысқа қатысудың обьективтік жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп адамдардың қатысуы болып табылады.Бұл жерде қатысушылардың бəрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы керек.Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып табылады, сол себептен ол қылмысқа қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмысты тікелей

орындаушы ретінде жауап береді. Ал, кəмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысы бірлесіп істейді. Обьективтік жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу деп – оны істеуге бірге қатысқан əрбір қатысушылардың əрекеті белгілі бір қылмысты іс-əрекетті істеуге жəне соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы қажет.Өзінің мəні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы əр түрлі болуы мүмкін.Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге біреуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған басшылық етуші (ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың, айдап салушылардың, көмектесушілердің əр түрдегі жəне əр түрлі дəрежедегі қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының əрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі жəне олардың барлығының осы қылмысты əрекетті істеумен себепті байланысы болуы шарт.Əрбір қатысушының əрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген қылмыстық қатысушыларының бірлескен қылмысты іс-əрекеттерінің салдары екендігін дəлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.

Қылмысқа қатысуда іс-əрекет пен қылмыстың зардабының өзра байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар.Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-əрекеттері ғана байланысты болады.Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады.Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субьективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.

Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана қатысуы ұйымдастырушының, көмектесушінің, азғырушының, орындаушының істейтін қылмысының мəнісінен хабардар болатындығы жəне олардың өз іс-əрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.

Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады.Абайсыздықпен істелетін қылымыстарда қылмысқа қатысушылық болмайды. Қылмысқа қатысуда барлық қатысушылар іс-əрекетті қасақана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды.
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   190


написать администратору сайта