Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница120 из 190
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   190

Абақтыда ұстау


Қылмыстық кодекстің 46-бабының 1-бөлігіне сəйкес абақтыда ұстау сотталған əскери қызметшіні тағайындалған жазаның барлық мерзімінде қоғамнан оқшаулау жағдайында ұстауды білдіреді.

Абақтыда ұстау өзінің мəні жөнінен қысқа мерзімдегі бас бостандығынан айыру болып табылады. Абақтыда ұстау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көрсетілген ретте ғана тағайындалады. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарында қамау балама негізгі жаза ретінде көрсетілген. Мысалы: 368-баптың 1-бөлігі бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мəжбүр ету; 369-баптың 1-бөлігі бастыққа қарсы

күш қолдану іс-əрекеттерін қолдану; 374-бап 1-бөлігі – дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тəсілмен əскери қызметтен жалтару; 375-бап 1- бөлігі жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу, т.б.

Абақтыда ұстау бір айдан үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Осы жазаны өтеудің нақты тəртібі қылмыстық атқару заңдарымен реттеледі. Сот үкімі бойынша абақтыда ұстау жазасы тағайындалғандар сотталғандық атақ алады.

Бас бостандығынан айыру


Бас бостандығынан айыру – дегеніміз сотталға адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады. Бас бостандығынан айыру жазаның ең ауыр түрінің бірі болып табылады. Бас бостандығынан айырылғанда сотталған адамның құқылық жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады , өз қалауы бойынша еңбек қызметін атқаруға шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады, т.б.

Бас бостандығынан айыру жазасын сот істелген қылмыстың қоғамға едəуір зияндылығы орын алғанда, жасалған қылмыстың мəнін, кінəлінің жеке басын ескере отырып, қылмыс істеген адамның бостандықта жүріп түзелуі мүмкін емес, оның түзелуі қоғамнан оқшаулап түзеуге ықпал ететін ерекше шараларды қолдану қажет деп тапса ғана қолданылады.

Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан 15 жылға, ал Қылмыстық кодекстің 49 – бабының 1 - бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру 10 жылдан аспауы тиіс.

Қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол 6 айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айырудың ең жоғарғы мерзімі Қылмыстық кодекстің 49- бабының 3-бөлігінде, 69- бабының 5-бөлігінде жəне 75 бабының 4 - бөлігінде көзделген жағдайларда

  • 25 жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша 30 жылдан артық болмауға тиіс.

Жаңа қылмыстық заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының шарттары: адамның аса ауыр қылмыс жасауы жəне бұл қылмыстар бір немесе бірнеше адамдардың өміріне қасақаналықпен қол сұғылуы, бірақ сот істің жеңілдететін ерекше мəн жайларын жеке кінəлінің жеке басының жағымды қасиеттерін ескере отырып өлім жазасын қолданбай-ақ , оның орнына кінəліге өмір бойына б ас бостандығынан айыру

əйелдерге, сондай – ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға жəне үкім шығарылу сəтіне 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

Қылмыстық кодекстің 48-бабының тараптарына сəйкес бас бостандығынан айырылмағандарға жаза өтеу тəртібі белгіленген.

1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   190


написать администратору сайта