құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Əскери қызмет бойынша шектеуƏскери қызмет бойынша шектеу жазаның негізгі түрі болып табылады. Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөліміне сəйкес: «келісім-шарт бойынша əскери қызмет өтеп жүрген, сотталған əскери қызметшілерге, сондай- ақ шақыру бойынша əскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда əскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша əскери қызмет өтеп жүрген, сотталған əскери қызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмыстарының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге əскери қызметі бойынша шектеу тағайындалады.» Сонымен, қылмыстық заңда осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар қарастырылған. Біріншіден, бұл жаза келісім-шарт бойынша əскери қызмет өтеп жүрген сотталған əскери қызметшілерге, екіншіден, шақыру бойынша əскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге, үшіншіден, бұл жаза көрсетілген адамдардың тек əскери қызметке қарсы (Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы) қылмыс жасағаны немесе Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмыстарының орнына қолданылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2 бөлігінде əскери қызметі бойынша шектеудің екі түрі көрсетілген: 1) осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның лауазымы көтерілмейді (батальон командирі полк командиріне, дивизия командирі армия командирі лауазымына); 2) осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның кезекті əскери атағы жоғарыламайды (мысалы, лейтенант аға лейтенантқа, аға лейтенант капитанға жоғарыламайды). Бұл жазаны өтеу мерзімі əскери атақ беру үшін еңбек сіңірген мерзімге есептелмейді. Қылмыстық кодекстің 44-бабында көрсетілмеген əскери қызмет бойынша шектеуге жол берілмейді. Осы жазаны өтеу мерзімі Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөлігінде үш айдан екі жылға дейінгі мерзім деп белгіленген. Əскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгіленген, бірақ 20 проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады (44-баптың 2-бөлігі). Бас бостандығын шектеуБас бостандығынан шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай, арнаулы мекемелерде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімде оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімдерге де тағайындалуы мүмкін (45- баптың 1-бөлігі). Сот бас бостандығын шектеу түрiнде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға белгілі бір міндеттер жүктейді. Ол міндеттер мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс iстейтiн жəне оқитын жерiн өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгiлi бiр жерлерге бармау, оқудан жəне жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерiнен кетпеу, басқа да жерлерге бармау мiндеттерiн орындауды жүктейдi. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуiне ықпал ететiн басқа да мiндеттердi орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтудi, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады (ҚК-нің 45-бабы 1-бөлігі). Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу кезеңiнде сот сотталған адамның мiнез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сотталған адамға бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жоя алады(ҚК-нің 45-бабы 4-бөлігі). Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке – дара ретінде тағайындалады. Бас бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген. Мысалы, 108 - баптағы денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, 101 - баптағы абайсызда кісі өлтіру, 102 - баптағы өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу, т.б. құрамдар. Бас бостандығынан шектеуге сотталғандар арнаулы мекемелерде – қоныс колонияларында Республика көлемінде өтейді. Жергілікті өкімет жəне басқару органдары осы жазаны өтеуге жіберілгендерді еңбекке орналастыруға міндетті. Бас бостандығынан шектеу мерзімі заңда 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзім деп белгіленген. Заң бойынша бас бостандығынан шектеу мына адамдарға қолданылмайды: - ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталғандығы бар адамдарға, əскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға (45-бап, 3-бөлігі). Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден əдейі жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл орайда бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күн үшін бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі (45-бап,2-бөлігі). |