құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруБелгілі бір лауазым орнына ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір кəсіптік не өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41-бап). Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі əр түрлі жаза біріктірілген: белгілі бір лауазымды атқарудан жəне белгілі бір кəсіппен айналысу құқығынан айыру. Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мəніне қарай сотталған адамды одан əрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кəсіппен щұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы көлік құралдарын жүргізуші адамдадың жол қозғалысы жəне көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған адамдарға (223- бап), қызмет пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176- бап) қолданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мəніне қарай кінəлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы құқықтарды одан əрі жүзеге асыруға сеніп тапчыруға болмайтын реттерде қолданылады. Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кəсіптік қызметін пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет қою, мұндай тəсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қоғамдық жұмыстарға тартуӨзі басқару органдарының актілерімен қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті атқарушы немесе жергілікті өзін басқару органдары белгіленген жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуін айтады. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың сот ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды жəне сотталған адам оны негізгі жұмысынан жəне оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің тиісінше 45 жəне 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адам қоғамдық жұмысты өтеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығынан шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі. Əскери қызметшілерге, елу сегіз жастан асқан əйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге, жүкті əейлдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар əйелдерге, I немесе II топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды. |