құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіруҚылмыс істеген адамды ұстау – қылмыстылықпен күресудің негізгі элементтерінің бірі. Сондықтан қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу жəне оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса жəне бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнайы өкілеттілігі бар адамдармен бірге жəбірленушілер мен басқа да азаматардың құқықтары бар (33- бап). Бұл əркімнің қызметтік жəне азаматтық парызы. Қылмыскерді ұстау туралы қылмыстық құқықтық норма бұрынғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде көрсетілмеген еді. Азаматтардың қылмыскерді ұстауға байланысты əрекеттері қажетті қорғану ретінде бағаланады. Осындай арнаулы заң нормасы Украина, Өзбекстан Қылмыстық кодекстерінде бұрыннан бар болатын. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет қылмыс істеген адамды ұстағанда оған зиян келтіру қылмыс болып табылмацды деп көрсетілген. Орынды тəуекелҚылмыстық кодекстің 35-бабында əлеуметтік пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тəуекел кезінде заңмен қорғалатын құқықтық мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы Қылмыстық кодексте осы ұғым болмаған еді. Сондықтан бұл қылмыстық заңдағы жаңа ұғым болып табылады. Егер əрекеттер қазіргі кездегі жаңа ғылыми-техникалық білімдерге сəйкес келсе, ал қойылған мақсатқа тəуекелге байланыссыз əрекеттерсіз жетуге мүмкіндік болмаса, тəуекелді пайдаланған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық мүмкін шараларын қолданса, тəуекелге бел байлаған адамның əрекеттері заңды деп саналады. Егер ол адамдардың өміріне, денсаулығына көрінеу қатер төндіретін, экологиялық апатқа немесе өзге де зардаптарға апарып соқтыратын болса, тəуекел орынсыз деп саналады. Заңға сəйкес орынды тəуекелге байланысты əреекттер екі түрлі шартқа байланысты қылмыс болып табылмайды. Бұл шарттарды екі түрлі топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа тəуекел əрекеттерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал екінші топқа сол əрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады. Тəуекел əреекттерін қолдануға медицина, ғылым, техника, мəдениет, шаруышылық саласы қызметінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі негіз болады. |