құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Аса (мəжбүрлі) қажеттілікОсы кодекспен қорғалатын мəселелерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса жəне бұл орайда аса қажеттіліктің шегінен шығуға жол берілмген болса, қылмыс болып табылмайды (34-баптың 1-бөлімі). Төнген қауіптің сипаты мен дəрежесіне жəне қауіптің жойылған жағдайына сөзсіз сəйкес келмейтін зиян келтіру заңмен қорғалатын мүдделерге оларды сақтап қалғанна гөрі көбірек зиян келуі аса қажеттіліктің шегінен шығуы болып табылады. Мұндай шектен шыққан зияндылық үшін тек қасақаналылық əрееттер ғана жауапқа тартылады. Осы заңнан туатын қорытынды: аса қажеттілік деп, біріншіден, заң қорғайтын мүдделерді төнген қауіпті жоюға бағытталған əрекет, екіншіден, осы төнген қауіпті басқа амалдармен жоюға болмайтындай болса, үшіншіден, заңмен қорғалатын мүдделерді сақтап қалу үшін келтірілген зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден, бұл істелген əрекет аса қажетіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген əрекеттер қылмыс болып табылмайды. Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыруІс-əрекеттің қылмыстылығын жоятын бұл мəн-жай Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы заңмен Қылмыстық кодекске енгізілген. Қылмыстық кодекстің 34-1 бабының 1-бөлігіне сəйкес уəкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша осы органмен ынтымақтасып жұмыс істейтін адамның заңға сəйкес жедел-іздестіру кезінде жасаған əрекетімен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірген зияны, егер бұл əрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда онша мəнді болмаса жəне егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кінəлі адамдарды əшкерелеуді өзге тəсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып табылмайды. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына қатер, экологиялық апат, қоғамдық қасірет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерін төндіретін əрекет жасаған адамдарға қолданылмайды. Бұл шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйекте қабылданған «Оперативтік-іздестіру қызметі туралы» Заңының 3- тарауының 10-16 баптарын қатаң басшылыққа ала отырып жүзеге асырылуы қажет. |