құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Іс-əрекеттің қылмыс екендігін жоятын мəн-жайлардың түсінігі жəне түрлеріƏрбір азаматтың конституциялық борышы – қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға,қоғамға, мемлекетке қарсы юағытталған іс-əрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс –əрекетті тойаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық жəне басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай əрекетттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл əрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай əрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі – қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс – əрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мəжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кəсіби тəуекел; күштеу немесе психикалық мəжбүрлуе; бұйрықты немесе өкімді орындау əрекеттері жатады. Қажетті қорғануҚылмыстық заңға сəйкес барлық адамдардың кəсіби немесе өзге де арнаулы дайындығына жəне қызмет жағдайына қарамастан, бірдей дəрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан, тиесілі болып табылады (32-бап). Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, менгін, жер учаскесін жəне басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды делінген (32-баптың 1-бөлімі). Бұл жерде мемлекеттік, қоғамның мүдделеріне қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тəртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дəл ұқсағанымен, қылмыс болып саналмайды делініп отыр. Қажетті қорғану - əрбір адамның заңды жəне заңмен көтермеленетін əрекеті болып табылады. Əлеуметтік мəні бойынша қажетт қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, меншігін жəне т.б. игіліктерін қорғаудың тəсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға жəне меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пəрменді құралы болып табылады. Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мəні зор. Өйткені қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады. Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы əрекет деп саналады. Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы мен меншігі оның қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғауынан тысқары қалады. Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқықтық əрекетпен заң қорғайтын объектке қол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей əрекет болып саналады. Сол себепті мемлекет заңда белгіленген тəртіппен кейбір тəртіп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол береді. Қылмыстық заңға сəйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына қарамастан, қажетті қорғануды қолдануына құқылы. Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан қашып кету, жасырынып қалу, жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айқайлап көмекке шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршілеріне, таныстарына хабарлау сияқты əрекеттер жатады. Заң бойынша барлық азаматтар – кəсіби немесе өзге де дайындығын, қызмет жағдайына қарамастан, қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде мүмкін болмаған адамның қорғану құралдарын қолдануын қажетті қорғану жағдайында істелген əрекет деп қарау керек» делінген. Егер адам жасалған шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтіретін болса, бірақ істің мəн-жайына қарай мұны ұғына алатын жəне ұғынуға міндетті болса, ондай мұндай адамның əрекеті абайсызда зала келтіргені үшін жауапқа тартылып оның іс-əрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады. |